Жасөспірімдердің телефонға тәуелділігі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жасөспірімдердің телефонға тәуелділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жасөспірімдердің телефонға тәуелділігі бүгінгі қоғамның ортақ мәселесі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ТЕЛЕФОНҒА ТӘУЕЛДІЛІГІ





А
ВТОР: БАЛАУСА ЕСЕНГЕЛЬДИ, 1-КУРС СТУДЕНТІ









Қазіргі таңда телефон адам өмірінің ең маңызды бөлшегіне айналды. Біз оны байланыс үшін ғана емес, жұмыс, оқу, ойын-сауық, ақпарат іздеу және шығармашылық үшін де қолданамыз. Алайда бұл ыңғайлы құрал әсіресе жасөспірімдер арасында шектен тыс қолданысқа ұшырап, тәуелділікке айналып бара жатқаны жасырын емес.



Қазіргі таңда деректерге сүйенсек, әрбір жасөспірім күніне орта есеппен 6-8 сағат уақытын телефонның экранына қараумен өткізеді. Олардың басым бөлігі әлеуметтік желілерде отырады, бейнежазбалар қарайды немесе ойын ойнайды. Мұндай өмір салты баланың физикалық, психологиялық және әлеуметтік дамуына кері әсерін тигізеді.



Интернет кеңістігі шексіз: көңіл көтеретін бейнелер, әзіл-қалжыңдар, достардың жаңалықтары, ойындар мен жарқын суреттер бәрі адамның назарын өзіне тартады.



Мысалы, менің сіңілім Айбану 4 сыныпта оқиды.Ол бос уақытында телефонсыз бір сәт отыра алмайды. Сабақтан кейін бір-екі бейне көремін дейді де, байқамай бірнеше сағат өтеді. Кейде түн ортасына дейін TikTok немесе Instagram-да отырады. “Телефонсыз өмір қызықсыз сияқты” дейді ол. Осындай жағдай тек сіңілімнін басында емес, көптеген жасөспірімдерде кездеседі.



Мұндай тәуелділік оқу үлгеріміне тікелей әсер етеді. Оқушылар сабаққа зейін қоя алмайды, есте сақтау қабілеті төмендейді. Телефон экранына ұзақ қарау көздің көруін нашарлатып, ұйқының бұзылуына әкеледі. Түнде жарық экранға қарау мидың тынығуына кедергі келтіреді.



Сонымен қатар, телефонға тәуелділік отбасылық және әлеуметтік қатынастарға да кері әсерін тигізеді. Бұрын балалар ата-анасымен әңгімелесіп, достарымен серуендейтін болса, қазір әрқайсысы өз құрылғысымен айналысады. Бір дастарханда отырса да, бір-бірімен сөйлесудің орнына, экранға үңіліп кетеді. Бұл шынайы қарым-қатынастың әлсіреуінің көрінісі.



Мектептерде де бұл тақырыпты ашық талқылау қажет. Телефоннан толық бас тарту мүмкін емес, бірақ саналы қолдануды үйрету басты мақсат.



Қорыта айтқанда, жасөспірімдердің телефонға тәуелділігі бүгінгі қоғамның ортақ мәселесі. Бұл тек бір отбасының немесе бір мектептің емес, бүкіл ұрпақтың болашағына әсер ететін фактор. Сол себепті әр ата-ана, әр мұғалім және әр жас өз өміріне жауапкершілікпен қарап, технологияны ақылмен қолдануға үйренуі тиіс.



Нағыз бақыт тірі қарым-қатынаста, шынайы күлкі мен шын әңгімеде. Сондықтан телефонды емес, өмірді таңдаңыз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.10.2025
18
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі