Жасөспірімдердің тұлғааралық қатынасын түзете-дамытуға
арналған психологиялық жаттығулар.
Мақсаты: Жасөспірімдердің достық
қарым-қатынасын нығайту.
”Сен маған ұнайсың”.
жаттығуы
Мақсаты: Бұл тамаша жаттығу балалар
арасындағы жақсы қатынастың дамуына ықпал жасайды. Кейбір балалар
өз эмоцияларын еркін көрсете алады, ал бұл кейбіреулер үшін үлкен
мәселе. Бұл ойында барлық қатысушылар осы маңызды дағдыны дамытудың
шынайы мүмкіндігін алады. “Өрмекші торы” сыныптағы өзара қатынастың
ахуалын жақсартады.
Қажетті
құрал: түрлі-түсті жіп
орамы.
Нұсқау: Барлықтарың ортақ шеңберге
отыруларыңды өтінемін. Мен сіздерге өте қызық бір ойынға қатысуды
ұсынғым келіп отыр. Біз қазір бір-бірімізді біріктіретін үлкен бір
түрлі-түсті өрмекшінің торын құрамыз. Сонымен қатар, әрқайсымыз өз
сыныбымыздағы жолдастарымызға деген мейірімді ойлар мен сезімді
көрсете аламыз. Қазір мен сіздерге ойынның жүргізілу тәртібін
айтамын.
Жіп
орамының ұшын бірнеше рет алақанда ораймыз да орамды балалардың
біріне көрсетесіздер. Сіздер менің не істегенімді көріп тұрсыздар,
мен “өрмекші торында” келесі болатын оқушыны таңдадым. Орамды
біреуге бергеннен соң: “Қанат, (Ғалым, Берік) сіз, маған ұнайсыз,
себебі,…” деп ойыңды жалғастырасың мысалы, мен былай айтамын:
“Қанат! Сіз маған ұнайсың, себебі, сабақ басталмас бұрын сіз маған
сыныптың есігін аштыңыз”. Оған айтылып жатқан сөздерді тыңдап
болған соң, Қанат өрмекшінің торы тартылып тұруы үшін, өз алақанын
жіппен орайды. Содан соң орамды кімге берерін Қанат ойлап, шешуі
керек. Орам келесі қатысушыға келгенде, Қанат ойыншыға былай дейді:
“Ұлжан, сіз маған ұнайсыз, себебі сіз маған кеше математикадан қиын
тапсырманы шешуге көмектестіңіз”. Бұл адам сізді немен қуантқалы
отыр немесе сіз не үшін алғыс білдіргіңіз келетіні туралы айта
аласыз. Осылайша біздің ойынымыз әрі қарай жалғасады. Орамды беріп
жатқанда сізге не айтқанын жақсылап есте
сақтаңыз.
Ойын барысында барлық
балалар орамды алып шығуын мұқият қадағалаңыз. Егерде кейбір
балаларда алғашқыда “сіз маған ұнайсыз, себебі …” деген дәйек сөзді
айту қиындық тудырса, оны “маған … ұнайды” деген сөздермен
ауыстыруға мүмкіндік беруге болады.
Бірте-бірте “өрмекшінің
торы” өсіп, толықтырылады, соңғы орамды алған бала, оны кері
бағытта жинай бастайды. Онда әрбір бала жіп орамын жинай отырып,
баланың есімі мен қандай сөз айтқанын қайталап, балаға орамды
қайтып береді.
Жаттығуды
талдау.
Басқа балаларға жағымды
нәрселерді айту сізге оңай ма?
Осы ойынға дейін сізге
жағымды нәрсені кім айтты?
Біздің сынып жеткілікті
тату ма?
Бұл ойында бір нәрсе
сізді таң қалдырды ма?
“Жақсы дос”.
ойыны
Мақсаты: Сыныптағы өзара достық
қарым-қатынасты дамыту. “Жақсы дос” ойыны бұл маңызды тәрбиелік
тапсырма.
Қажетті құрал: әрбір балаға-қағаз, қалам,
фломастер.
Нұсқау: Өзіңіздің жақсы досыңыз туралы
ойлаңыз, бұл шын мәнінде дос болып жүрген адамыңыз болуы мүмкін.
Егер сіздің шынайы досың болмаса, онда сіз жай ғана елестетуіңізге
болады. Кіммен енді достасқыңыз келетіні жайында ойланыңыз. Сіз ол
адам туралы не айта аласыз? Сіздер бірігіп не істей аласыздар?
Сіздің досыңыз қандай? Сізге оның қандай қасиеті қатты ұнайды?
Сіздердің достықтарыңыз әрі қарай нығаюы үшін не
істемексіздер?
Осы
сұрақтар бойынша ойланып көріңіз, оған жауапты қағазға жаза аласыз,
суретін салсаңыз да болады. (15 минут уақыт
беріледі)
Ал, енді
төрт адамнан топқа бөлініңіздер, егер қаласаңыздар өз
суреттеріңізді және шығармаларыңызды бір-бірлеріңізге көрсетуге
болады. Бұл жаттығуды орындап жатқанда не туралы ойлағандарыңызды
айта аласыздар. Сіздердің төрттіктеріңіздегі балалардың не
айтатынын мұқият тыңдаңыздар (10 минут уақыт
беріледі)
Жаттығуды талдау: Адам досты қалай
табады?
Неліктен
өмірде жақсы достар қажет?
Біздің
сыныпта сіздің досыңыз бар ма?
«Мен таптым»
жаттығуы
Қатысушылар дөңгелене
отырып, кезекпен бірден жетіге дейін санайды. Жеті санын айтатын
адам «Жеті» деудің орнына, орнынан тұрып, «Мен таптым» деп айтуы
керек. Кім жаңылысса, сол ойыннан шығады.
“Достың өмірбаяны”
жаттығуы
Мақсаты: егер адам өзінің достарының
өміріне шынайы белсенділік пен қызығушылық танытатын болса, достық
қатынасы дамып, тереңдей түседі. Бұл ойын балаларды оның достарының
өмірі жайында ойлануға ниетттендіреді.
Қажетті құралдар: әрбір балаға арналған
анкета. Барлық сынып оқушыларының атттары немесе тегі бар жолақтар
жинағы.
Анкета бойынша соған түскен адамның
өмірбаянын жаз. Ол жайында көбірек сұрастырып
біл.
Міндетті
түрде өмірбаянға қос:
ол
баланың аты-жөні;
жасы;
туылған
күні;
мекен-жайы;
оның сырт келбетін
суреттеу;
оның отбасы мүшелерінің
есімдері;
ол не істегенді
ұнатады?;
ата-аналары жұмыс
істейді ме, істесе кімдер?
Оның өмірін не
әсемдейді?
Сіздің өз қолыңызбен ол
адамға жасаған портретіңіз.
Нұсқау: мен сіздерге жаңа өте
қызықты ойын ұсынғым келеді. Сіздер өз достарыңыздың өмірбаянын
жазуларыңыз керек. Өмірбаянның не екенін білесіздер
ме?
Ол не
екендігі жайында балалармен сөйлесіңіз, мүмкін болса, мысал ретінде
біреудің өмірбаянын айтыңыз. Біздің сыныптың барлық қатысушылардың
есімдері бар, жолақтарды мен дайындап қойдым. Жеребені тартып,
өзіңіздің есіміңіз түскен түспегенін тексеріңіз, егер түскен
жағдайда, біреумен жолақ ауыстыруға тура келеді, сіздің жолағыңызда
есімі жазылған адамның өмірбаянын құрастырыңыз. Онда сіздерге
көмектесу үшін мен анкета дайындап қойдым. Оның сұрақтарына жауап
беруіңіз керек. Анкетаның барлық тарауларын мұқият оқып
шығыңдар.
Мен
таңдалған адаммен сөйлесуге 10 минут уақыт беремін, содан соң,
сіздерге қойылатын сұрақтарға жауап беру үшін тағы да 10 минут
беремін. Ал, енді сіздер өздеріңіздің сыныптастарыңыздың өмірбаянын
жаза аласыңдар (30-45 минут).
Жазылған
өмірбаяндарды ауызшы оқып беруін сұраймыз.
Жаттығуды талдау. Сіз суреттеген адам
туралы жаңа нәрсе білдіңіз бе?
Сіздердің
араларыңда ортақ нәрсе не, немен
ерекшелендіңіздер?
Өзге
адамның жазған сізге өмірбаяны ұнады ма?
Қазіргі
сәттегі сізің өмірлік мақсаттарыңыз қандай?