Жасөспірім.Заң.Қауіпсіздік

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жасөспірім.Заң.Қауіпсіздік

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп тәлімгерлеріне көмек. Құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесу
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жамбыл жалпы орта білім беретін мектеп-балабақша кешені» КММ















Shape1




КЕЗДЕСУ КЕШІ














Ұйымдастырған: Г.Мұхатова










2018-2019 оқу жылы

Тақырыбы: Жасөспірім. Заң.Қауіпсіздік . Полиция қызметкерлерімен кездесу

Мақсаты: Оқушылардың адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту,әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, құқықтық тәрбие беру.

Көрнекілігі: Заң, тәртіп туралы нақыл сөздер, кітап көрмесі, ҚР Конституциясы.

Барысы:

Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және шақырылған қонақтар! Бүгінгі «Жасөспірім. Заң.Қауіпсіздік» тақырыбында оздырылғалы отырған кездесу кешімізге қош келдіңіздер.

Бүгінгі кешке шақырылып отырған қонақтарымызбен таныс болыңыздар:

Қаратөбе аудандық ішкі істер бөлімінің жасөспірімдер ісі жөніндегі полиция инспекторы, полиция капитаны Жанаргүл Гарифуллиева,

Учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Нұрхат Талғатұлы келіп қатысып отыр.

Бүгінгі кездесу кешіміз:

«Құқықбұзушылыққа жол жоқ!» постер қорғау

«Ойды аяқта!» (Мақалдың жалғасын табу) Көрермен

«Сыр-сұхбат» бөлімдерінен тұрады.

Қылмыс жасағаны үшін жазаға тартқаннан гөрі оның алдын алған әлдеқайда жақсы. Алдын алу жұмысының нәтижелі болуы алғаш жасалған теріс қадамның дер кезінде анықталуынан ғана емес, сонымен бірге кәмелетке толмағандардың жеке тұлғалық ескеруге де байланысты.Мектеп жасындағы балалардың құқықтық санасының төмендігі олардың қылмысты көп жасауына, заң талаптарына өз талаптарын қарсы қоюына әкеліп соғады. Сондықтан оқушылар қылмысының алдын алып, құқықтық тәрбие беру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Құқықтық тәрбие – кәмелетке толмағандар арасында заң ұғымдарын насихаттай отырып, жасөспірімдерді қажетті заңдылық біліммен қамтамасыз етуді мақсат етеді. Жастарды заңның негізгі прициптерін біліп қана қоймай оны меңгере білуге де үйрету қажет.

Халқымызда «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды» деген тамаша мақал бар. Ақылды болу айналаңдағы адамдарды сыйлай, қадірлей білу деген сөз.Құқықтық тілмен айытқанда бұл- заңды білу, яғни заңды білген адам өзгелерге құрметпен қарайды.

Оқушылар барлығымыз ортаға шеңбер жасап тұрайық!

Тренинг «Сен қайдасың?» деп аталады.

  • Сәлем достым! (қол беріп амандасу)

  • Қалың қалай? (иықтарын қағады)

  • Қайда болдың? (Екі құлақтарынан ұстайды)

  • Мен сені сағындым (құшақтайды)

  • Сені көргеніме қуаныштымын (Қол шапалақтайды)

Жүргізуші: Қазір сіздерге қағаздар үлестіріледі. Бұл қағаздарда патриоттық әндердің сөздері жазылған. Осы сөздерді дұрыс орнына қою арқылы топтасасыңдар және сол әннің бір шумағы мен қайырмасын айтуларыңыз керек.

Оқушылар төрт топқа бөліндік. Енді сіздерге берілген тақырыпқа сай өздеріңіздің осы күнге дейін алған білімдеріңді осы постерге түсіресіңдер.

Тақырыптар:

Оқушының құқығы мен міндеттері

Компютер, интернет және ұялы телефонның зияны.

Құқықбұзушылыққа жол жоқ! Көрініс көрсету

Қылмыскер бала қайдан шығады? Тақырыптарында постер қорғау

Оқушыларымыз болғанша біздің қонақтарымызға да тапсырмаларымыз бар.

«Адасқан әріптер» Сөзді дұрыс құрастыру (Сөздер беріледі)

Ал көрермендер сіздермен ойын ойнаймыз. Мен мақал- мәтел айтамын сіздер жалғасын табуларыңыз керек.

1. Ұрлық түбі - ... (қорлық)

2. Біреуге ор қазба - ...(өзің түсесің)

3.Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын)

4.Ұры бір түнде - бай,

Бір күнде - ...(кедей)

5. Өтіріктің құйрығы - ...(бір – ақ тұтам)

6.Тура биде ...(туыс жоқ)

7.Туғанды биде ...(иман жоқ)

8.Қонақ келсе – құт,

Қарақшы келсе - ...(жұт)

9.Қолыңмен істегеніңді - ...(мойныңмен көтер)

10. Еңбек түбі - ...(зейнет)

11.Ұры түн асқанша,

Бөрі қыр ....(асқанша)

12.Арамдық қып ішкен ас,

Ішіңе барып болар ...(тас)

Жақсы рахмет. Енді біздің қонақтарымызға берілген тапсырмаға назар аударайық. Дайын болсаңыздар сіздер сөздерді оқисыздар, біз экраннан тексереміз.

Сөздер: Заң, құқық, тәртіп, полицей, Қазақстан, мемлекет, құқықбұзушылық, демократия, конституция, парламент, конвенция, декларация

Рахмет көп-көп.

Құрметті оқушылар! Сендер тәуелсіз елде ер жеткен ұланысыздар.Ал еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жасөспірімдерге күш көрсетуге, кемсітіп, жазалауға ешкімнің құқы жоқ!

Ендеше «Жасөспірімдер арасындағы қылмыс» тақырыбында түсірілген видеороликке назар аударайық.

Оқушыларымыз болса, әр топ өздерінің жасаған постерларын қорғап шықсын.


Барлығыңызға көп-көп рахмет. Бүгінгі біздің қонақтарымызға қояр сауалдарыңыз болса, сұрақтарыңызды қоюларыңызға болады.

Біздің оқушыларымызға айтар ойларыңыз, тілектеріңіз болса, сөз кезегін қонақтарымызға береміз.

Тағы бір видеоролигіміз бар назарларыңызға ұсынамыз.

Жастары жалын жүректі,өршіл,намысшыл,биік рухты болса ол елдің еңсесі биік болады.Еліміздің келешек тағдыры,Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда.Туған елдерінде өркениетті мемлекетіміздің терезесі тең, керегесін кең ететіндер сендерсіңдер Ол үшін терең әрі жан-жақты білімді, өз міндеттерің мен құқықтарыңды білу-сендердің міндеттерің. Батырдың қорғаны қалқан болса, біздің қорғанымыз-Ата Заңымыз. Бауыржан Момышұлы «Азамат жолы-ар жолы» деп айтқандай, ешкімнің ала жібін аттамай, өз құқығымызды да өзгенің құқығын да бұзбай тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды ақылды ұл-қызы болып өсулеріңе тілектеспіз. Кешімізге уақыт бөліп, өз пікірлерін білдірген ішкі істер бөлімінің қызметкерлері мен аұстаздарға алғысымызды білдіреміз. Осымен кешімізді жабық деп жариялаймыз.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.12.2018
1089
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі