400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұсынылған мақалада жастар арасындағы құқықтық мәдениет ұғымының маңызы айқындалып, оны қалыптастырудың алғышарттары ұсынылған. Автор құқвқтық мәдениет түсінігіне анықтама бере отырып, оның қоғамдағы тұрақтылық пен реттілікті қалыптастыратын құрал екендігін түйіндейді. Мақалада, жастар арасындағы құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселесіне шешімдер ұсынылып, ол шешімдерді жүзеге асырудцң нақты мысалдары көрсетілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру

*Сурет Жасанды Интеллект арқылы генерацияланған


Құқықтық мәдениет - азаматтардың өмір сүру барысында, яғни оқу орны, жұмысы, қоғамдық істерге қатысуы барысында пайда болатын құқықтық қағидалар, құндылықтар мен ережелер жиынтығын қамтиды. Құқықтық мәдениет - қоғамдағы тұрақтылық пен реттілікті қалыптастыратын құрал. Қазіргі таңда, өскелең ұрпақ пен жастар - қазақ қоғамының айнасы іспеттес. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кеден, қаржы және экология кафедрасының аға оқытушысы, құқықтану магистрі Д. А. Бакировтың ҚазҰУ Хабаршысы журналында жарияланған “Заманауи жастардың құқықтық мәдениеті қалыптасуының менталдық ерекшеліктері” атты мақаласында жастар арасында құқықтық белсенділік пен құқықтың сананың жеткілікті емес деңгейде екенін атап көрсеткен. Осынау тұста, жастар арасындағы құқықтық мәдениетті қалыптастыру ұлт болашағының кемел болуының кепілі. Ендеше, жастар арасындағы құқықтық мәдениетті қалай қалыптастырамыз?

Біріншіден, жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру шараларын мектеп қабырғасынан бастаған абзалырақ. Мектеп оқушылары арасында, дәлірек айтқанда 9, 10 және 11 сынып оқушыларына құқықтық мәдениеттің негізгі ережелерін таныстыру іс-шараларын өткізу арқылы олардың құқықтық көзқарастарын қалыптастыруға болады. Мәселен, оқушылар арасында “Мектеп оқушыларының әлеуметтік желідегі құқығы” атты тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастыру арқылы, оқушылардың әлеуметтік желідегі киберқауіпсіздігін күшейту, әлеуметтік желіде орын алатын буллинг пен сталкинг секілді қылмыстардың алдын алуға болады. Сонымен қатар, оқушылармен бірге заң жүзінде қандай әрекеттерге рұқсат берілгенін немесе тыйым салынғанын талқылау арқылы, құқықтық мәдениетті қалыптастырудың алғышарттарын жасау маңызды. Мысалы, 2024 жылғы 13 қыркүйекте құқықтық сағат форматында бірнеше өңірді, соның ішінде Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарын қамтыған ауқымды жалпыға бірдей оқыту өткізілді. Құқықтық сағаттың негізгі мақсатты аудиториясы 10-11 сыныптардың 14000-нан астам оқушылары, университеттер мен колледж студенттері болды. Яғни, осы іспеттес іс-шаралардың саны мен сапасын арттыру қажет.

Екіншіден, колледж бен жоғары оқу орындарындағы студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру үшін азаматтық позиция, академиялық орта, еңбек, цифрлық құқық және жауапкершілік тақырыптарында ашық пікір-таластар мен дебат ұйымдастыру арқылы олардың құқықтық құндылықтарын айқындауға болады. Мысалы, қазіргі таңда көпсанды студенттер оқудан тыс уақытта жұмыс істейді. Алайда, олар заң жүзінде қаншалықты дұрыс әрекет жасауда? Олардың құқықтары қаншалықты деңгейде қорғалады? Осы сұрақтарға жауап ретінде университет әкімшілігі дебат немесе рөлдік ойындар ұйымдастыру арқылы студенттерді ҚР-ның Еңбек Кодексімен таныстыра алады. Бұл, кейінірек олардың еңбек жолында қиындықтарға тап болмау, алаяқтарға алданбау, жұмысшы ретінде өз құқықтарын білу сияқты құқықтық білімдерін толықтырады. Бұл тұста, 2025 жылдың желтоқсан айында Сәрсен Аманжолов атындағы атындағы Шығыс Қазақстан университетінде жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды іс-шара – «Студенттер заң үшін» атты форум өтті. Осындай форматтағы іс-шаралар еліміздің барлық университеттерінде белсенді өткізілсе нұр үстіне нұр болушы еді.

Үшіншіден, мемлекет тарапынан, жастардың көп шоғырланатын саябақ, сауда орталықтары және тағы да басқа қоғамдық орындарда әлеумғттік сауалнамалар жүргізу арқылы жастардың құқықтық мәдениеті қаншалықты деңгейде қалыптасқанын анықтауға болады. Жастарға: “Сіз өзіңіздің негізгі азаматтық құқықтарыңызды білесіз бе?”, “Егер сіздің құқығыңызға қайшы әрекеттер жасалып жатса, кімнен көмек сұрау керек екенін білесіз бе?”, “Сіздің ойыңызша, жастардың құқықтық мәдениетін қалай қалыптастыруға болады?”,-деген сияқты сұрақтар қою арқылы олардың пікірін біліп қана қоймай, ойдарына азық болар дүниемен бөлісуге болады.

Жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру - қоғамның үздіксіз дамуы үшін маңызы бар үрдіс. Жастар - жеке басы және өзі өмір сүріп жатқан ортасындағы азаматтардың құқықтық жауапкершіліктері мен құндылықтарын ұғына отырып, жауапкершілігі мол, тәртіпті және кемел тұлға болып қалыптасады.


Әдебиеттер тізімі:

  1. Бакиров, Д., Жуламaнова, Д., & Қошкинбаева, А. (2025). Қазіргі жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырудағы ментальдық ерекшеліктері. Journal of Actual Problems of Jurisprudence, 114(2), 4–16. https://doi.org/10.26577/JAPJ202511421

  2. Құқықтық ағарту. GOV.KZ – Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының бірыңғай ақпараттық жүйесі. Мемлекеттік қызмет көрсетуші портал. URL: https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman/activities/1029?utm_source=chatgpt.com (қолданылған: 06.02.2026).

  3. Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті. «Заң мен тәртіп». VKU.edu.kz, 22 окт. 2025, https://vku.edu.kz/заң-мен-тәртіп-аманжолов-университет-2/.




Дауленхан Аружан, ҚазҰУ-дың 3 курс студенті

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 ақпан
22
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі