жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
жастар жұрегі үнемі қозғалыста
Құрметті дөңгелек үстелге қатысушылар!
Бүгінгі күні, Елімізде, сыбайлас жемқорлықпен күресу - біздің ұлттық саясатымыздың басты бағыты болып қалыптасуда. Осы тұрғыда мемлекет тарапынан бір қатар шаралар қолдануда, оның бір белгісі ретінде Елбасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейте түсуге байланысты 2009 жылдың 22 сәуіріндегі Жарлығын атап өту қажет.
Республикада сыбайлас жемқорлықпен күресті тек мемлекет және құқық қорғау органдары жүргізбей, оған қоғамдық ұйымдардың да белсене араласуының куәгері болып жатырмыз.
Оған «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының қызметі дәлел болып табылады.
2010 жылдың 1 жартыжылдығында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының қолдануына жүргізілген тексерумен 520 заң бұзушылық анықталған.
Облыстың құқық қорғау органдарымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына жол бергені үшін барлығы 163 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Тоқтала кететін жайт, құқық бұзушылықтардың негізгі бөлігі білім және денсаулық сақтау бөлімі.Тек 2010 жылдың 6 айында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін түрлі жауапкершілікке білім және денсаулық сақтау бөлімінде 79 лауазымды тұлға жауапқа тартылған, оның 26-сы басшылар.
Бүгінгі дөңгелек үстеліміздің басты мақсаты өздеріңізге мәлім -жемқорлықпен күрестің тиімділігін арттыру және оған себеп болып жатқан проблемалар мен оларды жою мәселелері.
Біздің пайымдауымызша, сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шауып, алдағы уақытта болдырмау үшін, күресті күшейте жатып, бұқара халықтың бұл әлеуметтік дертке деген санасын дұрыс бағытта өзгерту мақсатында, оның құқықтық сауаттылығын арттыру қажет.
Жасыратыны жоқ, бүгінгі күні қарапайым адамның өзі мемлекеттік қызметкерді жемқорлыққа итермелеп тұратын жайттар жиі кездесуде, оған дәлел Қылмыстық Кодексінің 312 баппен, яғни пара беру, тіркелген қылмыс санының көбейуі.
Бұл дегеніміз азаматтардың құқықтық санасының төменгі көрсеткіші, өйткені олар мәселені заңды жолмен емес, пара беру арқылы шешу оңай, әрі тиімді жол деп санайды.
Сондықтан, кәзіргі таңда ең бастысы жемқорлықпен күрестің тиімді жолдардың бірі, ол азаматтардың бұған деген санасын дұрыс бағытта қалыптастырып, оның кез келген көріністеріне қоғамда төзбейтіндей ахуал тұғызу қажет.
Бұл індеттің алдын алу үшін, ұжымда, отбасыда тіпті болмаса оқу орындарында жемқорлықтың қаншалықты зиян екендігін және ғаламдық тұрғыдан бұдан мемлекет пен еліміз шексіз зардап шегетіндігін әр-дайым жеткізіп отыруымыз қажет.
Бұның себебі қолданыстағы заңнамалар жеткілікті мағынада түсінік бермей нәтижесінде мемлекеттік қызметкерлермен өз бетінше бұрмаланып дұрыс қолданбай, жемкорлық сипатындағы құқық бұзушылықтарға әкеліп соғатыны айқын.
Сонымен бірге, азаматтардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жолын кесу мен оны ашуға жәрдемдесуге бағытталған қызметін көтермелеу тетіктерін қамтитын, азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетін ынталандыру жөнінде шараларды қолға алу керек.
Екінші бір мәселе, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының және Ел басының үстіміздегі жылдың 22 сәуірдегі Жарлығында белгіленгендей әр мемлекеттік тұлға және мемлекеттік органның басшысы біріншіден өз қатарындағы сыбайлас жемқорлық сипатын көру кезінде тез арада шара қолдану.
Мемлекеттік қызметшінің өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының немесе құқық қорғау органдарының назарына оған белгілі болған сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылық жәйттері туралы жеткізуін оның міндеті болуы керек екендігін назарларыңызға салғым келеді.
Осы салада анықталған заң бұзушылықтарға жүргізген талдау көрсеткендей, жылдан жылға анықталып келе жатқан сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтардың басым көпшілігі бұрынғыдай мемлекеттік сатып алу, қаржыны жұмсау, лицензиялар беру, жер бөлу заңдылықтарының аясында және әкімшілік рәсімдері көзделген қызметтерінде орын алуда.
Сыбайлас жемқорлықтың жергілікті атқарушы органдардың қызметінде, атап айтқанда әртүрлі деңгейдегі әкімдіктер мен мемлекеттік органдарда орын алуы ерекше назар бөлуді қажет етеді.Бұндай жағдайдың туындауы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың 23,3% жоғарыда аталған органдардың лауазымды тұлғаларымен жасалғанымен байланысты.
Мәселен, «Жол картасы» бағдарламасы бойынша бөлінген қаражатты жұмсау барысында жалғандық жасаған аудан әкімінің аппаратының жетекші маманына қатысты айыптаушы үкім қабылданған.
Көрсетілген заңсыздықтар лауазымды тұлғалардың тарапынан, өз міндетін орындау кезінде, жеке басының не болмаса өзге біреудің шаруасын ойлап оңайшылықпен заң бұзып, жасаған іс-әрекетін оңды деп есептеп, бұның болашақ салдарын және терең астарын ойламауынан орын алатындығы анық.
Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың басшылары өзінің қарамағындағы қызметкерлері сыбайлас жемқорлық жағдай тұғызатын құқық бұзушылық жасасада, жауапкершіліктерін шешпей қою жағдайлары орын алуда.
Алайда, олар Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес, лауазымды тұлғалар жемқорлық құқық бұзушылықпен күреспеуі үшін жауапкершілігі көзделгенін ұмытқан сияқты.
Бұндай жағдайлар, қылмыстарды тергеу барысында да орын алуда, мәселен, мемлекеттік қызметшілер пара алу кезінде қылмысты қудалау органдарымен ұсталса, ол тұлғаны жұмыс беруші, оқиғаның болар алдындағы мерзіммен жұмыстан босату фактілері жиі кездеседі.
Сондықтан, осындай мемлекеттік органдардың басшыларының да мәселесін шешу қажет деп санаймын.
Өздеріңіз білетіндей осы салада анықталып жатқан заң бұзушылықтардың басым көпшілігі мемлекеттік сатып алу заңының аясында болғандықтан, бұл мәселеге тосқауыл қою үшін мемлекеттік сатып алу процессін Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген Ережеге сәйкес электрондық сатып алу процессіне көшу дұрыс деп ойламын.
Халыққа қызмет көрсету орталықтарын да жетілдіру қажет, себебі құжаттарды өткізу барысында азаматпен орталықтың қызметкері тікелей байланыста болып, оған құжаттарды өткізеді.Ол қызметті тез көрсету барысында пара беру мен алудың да орын алатынын білеміз.
Бұндай келеңсіз жағдайларды болдырмау үшін, Орталық қызметтерінің жұмысын жетілдурі үшін, барлық құжаттарды электрондық тасымалдау бойынша, яғни «Электрондық азамат» жүйесін құрып, Орталық қызметкерімен тікелей байланыссыз жасау қажет.
Сонымен қатар сіздерді Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңының 7 бабында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетін адамдарға тиіспеушілік кепілдіктерімен таныстырып өтейін:
1.Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өзге де түрде жәрдемдесетін адам мемлекеттің қорғауында болады.
2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетін адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады және соттың сұратуы бойынша заңда белгіленген тәртіппен ғана табыс етіледі.Бұл ақпаратты жария ету заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
3.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуші органдар қажет болған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетін адамдардың жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
4.Осы баптың ережелері көрінеу жалған ақпарат хабарлаған осы Заңға сәйкес жауап беруге тиіс адамдарға қолданылмайды.
Құрметті дөңгелек үстелге қатысушылар!
Сыбайлас жемқорлықты жоюға тек құқық қорғау органдары ғана емес, барлық мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдар және біз де Қазақстан Республикасының сенім артар жастары күш салысуымыз қажет, сонда ғана бұл күрестің тиімділігі болады деп санаймын.
Зейін қойып, тыңдағандарыңызға рахмет!
Жастар жүрегі үнемі қозғалыста
Бүгінгі күні жеке тұлғаны Қазақстандық патриотизм мен отансүйгіштік рухта тәрбиелеу барысы барлық ұйымдарда көкейкесті мәселе болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу – мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы” – деген сөзіне үңілсек, онда Қазақстан мемлекетінің егемен ел болып қалыптасып, дербес мемлекет болуы және өркендеп гүлденуі ұлттық біртектілікті сақтаудан басталады.
Оның басты құндылықтары – ана тілі, ұлттық рух, діни наным сенімдермен тығыз байланысты. Қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагері.
Президенттің Жолдауында ең мықты 50 елдің қатарына кіру туралы керемет ой айтылды. Бұл – ұлттың ортақ ұраны.
Қазақстанды Отаным деп таныған әр азаматтың осыған өз әлінше үлес қосуы – бұның басты шарттарының бірі. Жастарға патриоттық тәрбие берудің бағдарлы идеяларын Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан – 2030 ” атты еңбегінің “Қазақстан мұраты” деп аталатын бөлімінде: “…біздің балаларымыз бен немерелеріміз… бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады” – деп, үлкен үміт артты.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңында “Білім беру жүйесінің міндеттері: …азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу” десе, ал орта білімді дамыту тұжырымдамасында “…тәрбиелік жұмыстарды қазақстандық патриотизм, азаматтық, ізгілікті интернационализм негізінде құру” – керек екендігі көрсетілген.
Егемендік алған бастапқы күндерден-ақ патриотизм ұғымы, оның мазмұны төңірегінде пікірталас жүріп келеді. Одан “ұлттық патриотизм”, “қазақстандық патриотизм” деген екі ұғымның туындағаны белгілі. Бірақ өсіп келе жатқан жас буындарды отансүйгіштікке тәрбиелеуде бұл екі ұғымның қайсысын ұстанған жөн, олардың мазмұндық құрылымы қандай ой-тұжырымдар жүйесінен тұрады, бұдан былайғы кезде мектеп оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеуде бұрыннан қалыптасқан әдіс-тәсілдердің формалары мен мазмұнын қолдануға бола ма деген сияқты көптеген мәселелер толық зерделенбей отыр.
Қазақ халқының тарихына көз жіберсек, сонау Күлтегін, Білгеқаған, Тоныкөктен бастап жерін, елін, тілін, ділін қорғаудағы өшпес ерліктерге толы. Бесік жырынан басталатын ерлікке баулу дәстүрлері түркі халқына тән негізгі ырымдар. Халқымыздың бойындағы отансүйгіштік құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған заңдылық тұрғысынан да қарауға болады. Бұған дәлел көне түркі заманынан бастау алған патриоттық құндылық Күлтегін жазбаларында былай деп суреттеледі: “Елтеріс қағанның алғырлығы, еліне деген сүйіспеншілігі Күлтегіннің қанына ана сүтімен сіңді” – деген көне жазу қазақ халқының бойындағы ұлттық патриотизм сезімдері бүгін ғана пайда болған жоқ, ол ежелден-ақ туындап, дамып келе жатқан қасиет деуге болатындығын көрсетеді. Күлтегін жазбасында тағы да мынадай жыр жолдарын кездестіруге болады:
Кедей халықты бай қылдым,
Аз халықты көп қылдым…
Түркі иелігінен
айырылған халықты
Ата-баба мекеніне орнатты…
– делінген.
Жазбадан патриотизмнің – халықты көбейтіп, байыту үшін еңбек ету, ата-баба мекеніне ие болып отыру жолында жан аямау, діл бірлігін қорғау екендігін аңғарамыз. Жоңғар сияқты алып империямен алысуға, Ресей патшалығының зеңбірегіне жалаң қылышпен қарсы шабуға жетелеген де осы Отанына деген сүйіспеншіліктің, патриотизмнің қуатты күші.
Туған жерге деген ыстық сезім, атамекенге деген құрмет пен қадір қасиет тұтуды Ұлы дала ойшылдары Қорқыт Ата, әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқари, т.б. айтқан болатын.
Ықылым заманнан бізге жеткен “Қорқыт Ата кітабында” тәлімдік мәні күшті, қанатты сөздер мен ұстаздық ұлағаттар көптеп кездеседі. Мысалы: “Қолына өткір қылыш алып, соны жұмсай білмеген қорқаққа қылыш сермеп, күшіңді сарп етпе. Батыр туған жігіттің садағының оғы да қылыштай кесіп түседі. Атаның атын былғаған ақылсыз баланың әке омыртқасынан жаралып, ана құрсағында шырланып тумағаны жақсы. Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді. Өтірік өрге баспайды, өтірікші болғаннан жарық көріп, өмір сүрмеген көп артық” – деген екен. Бұл өсиет сөздерден ақыл-парасат, өтірік айтпау, атаның атын былғамау туралы ойлар мен шығарманың өн бойынан ұлы даланың байтақтығын, әдемілігін көреміз, бұл әр түріктің бойында осы далада туғаны үшін мақтаныш сезімін тудырса керек.
Әл-Фараби өзінің “Азаматтық саясат”, “Поэзия өнері туралы”, “Бақытқа жол сілтеу”, “Риторика”, “Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері” атты трактаттарында этикалық, эстетикалық мәселелермен бірге көркемдік, сұлулық, мейірбандық, білім категорияларының бетін ашып, олардың негізгісін дәлелдеп берген.
Ақын-жыраулар халыққа өнегелі сөздерімен ықпал етіп, оларды іргелі ел, берекелі жұрт болуға шақырды. Жыраулар жаугершілік заманда хандар мен бектердің ақылгөй кеңесшісі болып, жорықтарға бірге аттанды, ру тайпаларға басшылық етті, сұрапыл қанды майдан көріністерін жырға қосты, ерлікті мадақтады, шейіт болған батырларды жоқтап, ел қайғысын бөлісті.
Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі халықтың береке бірлігін, Отанға адалдығын сақтау, намысты қолдан бермеу, өз Отанын жаудан аянбай қорғау – ат жалын тартып мінуге жарайтын қазақ баласының қасиетті борышы екендігін Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар жырау, Шал ақынның өлең-жырларынан көре аламыз.
Бұқар жырау:
Ер жігітке жарасар
Қолына алған найзасы,
Би жігітке жарасар
Халқына тиген пайдасы – деген екен.
Ал Ақтамберді жырау болса:
Жауға шықтым ту байлап,
Шепті бұздым айғайлап.
Дұшпаннан көрген қорлыққа,
Жалынды жүрек қан қайнап
Ел-жұртыңды қорғайлап,
Өлімге жүрміз бас байлап – деген жыр жолдарымен халықты батырлыққа, батылдыққа шақырған.
Қазақтың айбынды ақындарының бірі Махамбет Өтемісұлы қазақ шаруаларын бостандық үшін күреске шақырып, қара халықты бақытқа жеткізуді армандап өткен. Ол өзінің үзеңгілес серігі Исатай мен халықтың ерлігін, олардың адамгершілік қасиеттерін жыр етті.
Өз халқына, ұлтына деген патриоттық сезімді қазақ ағартушылары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев шығармаларынан да көруге болады.
Қазақ тарихын зерделеу барысында олардың табиғаты, әлеуметтік жағдайына, тұрмыс-тіршілігіне байланысты патриот халық екенін айқын аңғаруға болады. Бұны қазақтың тұңғыш ғалымдарының бірі Ш.Уәлиханов жақсы зерттеген және өзінің патриоттық сезімін: “Менің патриоттық сезімім ірбіт сандығындай (матрешка сияқты бір сандықтың ішінде бір сандық, оның ішінде тағы бір сандық) мен ең алдымен өз отбасымды, туған-туыстарымды қадірлеймін, одан соң ауыл-аймақ, ел-жұртым, руластарымды, одан соң халқымды, одан соң Сібір орыстары, Ресей жұртын қадірлеймін”, – деген екен. Бұл тұжырымнан патриотизм отбасынан бастау алып әулет, тумаластарға деген сүйіспеншіліктен барып халыққа деген махаббат және сол кездегі алдыңғы қатарлы елдердің бірі Ресейді атап көрсетуі де патриотизмнің халықаралық мәдени қатынастардың да негізі екенін көрсетеді.
Қазақта ең алғаш қазақ балалары үшін халық мұрасына, салт-дәстүріне, ерлік, адамгершілік тәрбиесіне негіздей отырып, оқулық жазған Ы.Алтынсарин болды. Ол көшпенді елдің баласына ғылым-білім, өнер үйретуді армандады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген