400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жастар латынды қолдайды.

Материал туралы қысқаша түсінік
Латын әліпбиі туралы мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қостанайқаласыәкімдігініңбілімбөлімінің

М. Хәкімжановаатындағы № 20 ортамектебі» ММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Алгожина Толкын Шагировна


Жастар латынды қолдайды.


Бүгінгі күнгі бұқаралық ақпарат құралдары мен зиялы қауым өкілдері арасында кеңінен талқыланып жатқан мәселелердің бірі – қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру үрдісі. Себебі жазу – белгілі бір әріптердің жиынтығы ғана емес, ұлттың өзіндік болмысын танытатын таңбалар жүйесі, сол ұлттың тарихы, мәдениетінің таңбаланған жәдігері. Әр халықтың рухани, мәдени өсуін, ғылымы мен білімінің, барлық саладағы даму деңгейін көрсететін маңызы зор әлеуметтік-мәдени құбылыс. Жазу арқылы өткен мен бүгінгі және болашақ өміріміз жалғастық табады. Ол – ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ететін алтын көпір. Ал, жазудың өзгертілуі сол халықтың қоғамдық өмірінің барлық саласына, рухани әлемі мен мәдени деңгейіне, тіпті, әлеуметтік психологиясына әсер етеді.Бұқаралық ақпарат деректеріне сүйенсек, бүгінде әлемнің 70% елдері латын жазуы арқылы білімді игеріп, ғылыми зерттеулермен танысуда . Бұл дегеніміз – білім, ғылым, саясат пен техника, мәдениет пен өнер, спорт т.б. қатысты жазбаша ақпараттың барлығы дерлік латын графикасымен беріледі, қоғамдық өмірдегі жаңалықтардың басым бөлігі осы графиканың негізінде таралады дегенді білідерді. Демек, латын әліпбиінің біздің отанымыздың әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу талабының орындалуы жолында маңызды роль атқаратыны сөзсіз.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласында:«Біріншіден,қазақ тілін біртіндеп латын әдебиетіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек» деп айтқан.Елбасы жолымен толық келісіп,қолдаймын.Біз 2050 жылдан бастап әліпбиімізді толық латын қарпіне көшуге кірісуіміз керек.Бұл-ұлт болып шешуге тиіс мәселе.Еліміздің болашағы үшін осындай шешімді қабылдауға тиістіміз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге,болашақта жастарымызды ағылшын тілінде емін-еркін сөйлеуге,жетік меңгеруге көмектеседі.Ең бастысы қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғыздырады.Жалпы мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде қазіргі таңда елбасымыздың латын әліпбиіне көшу саясатын қолдаймын.Себебі,біріншіден,латын әліпбиіне көшудегі негізгі ұтымдылық тіл ауыспау,таңбаның ауысуы.Екіншіден,қарапайым тілмен жеткізсем сөзді қалай естісек,жазылуын да солай жазамыз.Көптеген ғалымдардың пікірін ескеретін болсам,латын әліпбиіне көшу соншалықты қиын болмайды.Қазіргі кезеңде білім саласындағы жаңа реформаның жүзеге асырылуы да, жаңартылған білім беру жүйесі осы латын тілімен байланысты болып келеді.Білім саласында әліпби өз үлесін қосады деген ойдамын.Оған дәлел,бастауыш буыннан бастап үш тілдік оқыту бастау алды.Зерттеу жүргізген тіл мамандарына сүйіне отырып,латын әліпбиіне көшу өте зор көмек көрсетеді.Елімізді де,тілімізді де халықаралық дәрежеге жеткізеді.

Ағартушы педагог Ахмет Байтұрсынов: «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын бір нәрсенің ең қуаттысы-тілі » деген екен.Кезінде Алаш қайраткерлері де латын әліпбиін қолдаған.

Сондықтан тілімізді жоғалтып алмай,одан әрі асқақтату үшін көшу жөн.Түркі елі 1928 жылдан бері латын әліпбиіндеӘзірбайжан,Өзбекстан елдері де сол тұрғыда.Неліктен біз Қазақ елі түркі тілдес халықтарымызға қосылып, орыстың кирилицсінен құтылмасқа деген ой туады менде.Бұл мәселе кезіндегі Ресей отаршылдығын толығымен жоюға бірден бір себеп.Кирилица әліпбиінен құтылып,тәуелсіз ел ретінде саясатты шешім қабылдағанымыз үшін Елбасымызға мың алғыс!

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»- деп ата-бабам айтып кеткен.Сондықтан қазірден бастап ел болып,қолдау көрсетіп,шешім қабылдағанымыз абзал.Болашақта нық қадаммен елде де,тілде де береке болатынына толық сенімдімін. Әйтседе оның барлығы біздің әрқайсысымыздың қолымызда.

«Жастар латынды қолдайды» деген шығармаға мен толықтай өз пікірімді жаздым .Айтарлықтай еңбек етіп,еліме көмегім тимей жатса да,қолыма қалам ұстап өз пікірімді білдірдім.

Қорытындылай келе жастар латын әліпбиін қолдайды.Барлығымыз еліміздің дамуына үлес қосайық!

Ел тағдыры қазіргі жастарда деп осындай нақыл,дәйек сөзбен аяқтағанды жөн көрдім.




Пайдаланған әдебиеттер:


1.Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» 12.04.2017жыл

2. Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы - El.kz.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 ақпан
335
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі