«Жастар тәрбиесіндегі ең ықпалды БАҚ құралы теледидар бола ала ма?»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Жастар тәрбиесіндегі ең ықпалды БАҚ құралы теледидар бола ала ма?»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бақ туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өнер жолы-қызық әрі ауыр жол.Осыған қарамастан,өз басым өнер десе ішкен асымды жерге қоятын адаммын.Өнер жолына қызығушылық танытқаным болар,өнер адамынан сұхбат алуды жөн көрдім.

Ұлан:

-Қайырлы күн,Айша ханым!Өзіңізді толық таңыстырсаңыз?

Айша:

-Мен Смағұлова Айша Ардаққызы.Қарағанды қаласының тумасымын!Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласында АИ театрына қызмет етудемін.2016-2020ж аралықта Қазақ Ұлттық Өнер Университетінде“Музыкалық,драма театр актері”мамандығын бітіргенмін.

Ұлан:

-Танысқаныма өте қатты қуаныштымын!Жалпы осы өнер жолы ауыр жол.

Кино саласының қызығы мен шыжығы қатар жүреді ғой.Түсірілім кезіндегі қызықты есте қалған сәттер болды ма?

Айша:

-Шыныменде қыз бала үшін өнер жолы қиын, себебі жеке өмірге мүлдем уақыт жоқ.Әсіресе өнерді қатты сүйсең. Ия,жақында бір қысқаметірлі киноға түскен болатынмын, ол жердегі рөлдің ауырпалығы көп болды! 

Әсіресе даладағы сахналар.Маған Алматының суық жаңбыр, бұршақтың астында, көйлекпен жалаңаяқ жүгіруге тура керек болды, оның үстіне терезе сындыратын сахнасында жерге түскен шынының үстінде аунадық, отырдық! Түсірілім біткенде аузым, мұрным, тізелерімнің ішінде толған кішкентай шыныларды шығарып отырдым.

Ұлан:

-Сізді Қазақстан телеарнасында болған

Бізбен бірге”атты телесериалында көрген болатынмын.Жалпы осы телесериал жайлы толығырақ айтып берсеңіз?

Айша:

-Ия,Қазақстан арнасында “Бізбен бірге” сериялында түскен болатынмын! Келін-Айгерім рөлі болды!

Сериялда, мен шыныменде көп нәрсені білген жоқпын..Ауылда тұрдық, мен үшін ауылда тұру қиын болды.Себебі, өмір бойы қалада өскен болатынмын әрі келіндік өмір жайлы білетінім де аз еді.

Ұлан:

-Нұрсұлтан қаласында орналасқан Айгүл Иманбаеваның

A.I.academy”жайлы не айтасыз? Сіз осы академияда қандай жұмыс жасаудасыз?Бұл академиядан не үйренуге болады?

Айша:

-Мен “Актер шеберлігі”,“Сахна тілі”пәнінен сабақ беремін.Бұл академия, Қазақстанда балаларға 6-17 жасқа дейін арналған, алғашқы Профессионалдық орталық деп айта аламын! Бұл кружокпен салыстыруға мүлдем келмейді!

Мында балаларды жаң- жақты өнер саласына, және өмірге дайындаймыз!

Өмірге деген сөз- балаларға рухани тәрбие береміз! Кітап оқытамыз, Айына бір рет дастархан басында тәрбие сағатын өткіземіз!

Яғни бізге бастысы- әртіс болғаны емес, адам болғаны өте маңызды.

Ұлан:

-Балалармен жұмыс жасау сізге қаншалықты ұнайды?

Айша:

-Балалармен жұмыс жасау қиын! Бірақ, балаларынның әрбір жетістігіне шексіз қуанады екенсің!

Менің 1 шәкіртім 10- да дубляж саласына қадам басты!

3-уі Тележүргізушілікке қадам басып кетті!

Және “Егіз-Лебізде” қойылымдардың бәрінде 6-10 жас аралығындағы өзімнің шәкірттерім.

Алдында “Ақиқат пен Аңыз” концерт спектакльде, өзімнің шәкіртім, басты рөлді мінсіз алып шықты!

Ұлан:

-Керемет,шәкірттеріңіз биік белестерден көрініп жатса,неткен бақыт десеңізші!Болашақ өнер иелеріне айтар ақыл-кеңесіңіз бар ма?

Айша:

-Ең бастысы жүрек тазалығы!

Ұлан:

-Білімді әрі жан-жақты болу үшін не істеу керек?

Айша:

-Үнемі ізденісте болу керек, тек өнер ғана емес, қай жақта болсаңда, қай салады, үнемі ізденіп жүру керек!

Ұлан:

-Айша ханым,алтын уақытыңызды бөліп,сұрақтарыма еркін жауап бергеніңізге алғысым шексіз.Өзіме де, өзгеге де пайдалы ақпарат ала алдық деп ойлаймын.Қазақстанның еңбек сіңірер әртісі болуыңызға тілектеспін.Сізге сәттілік тілеймін,биік белестреден көріне беріңіз.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.06.2021
698
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі