Материалдар / «ЖАСТАРДЫ ПАТРИОТТЫҚ РУХТА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ МАҢЫЗЫ»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«ЖАСТАРДЫ ПАТРИОТТЫҚ РУХТА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ МАҢЫЗЫ»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі жастар – еліміздің ертеңгі болашағы. Сол ұрпақты саналы да білімді етіп тәрбиелеу – төл міндетіміз. Соның бірі – патриоттық тәрбие мәселесі. Бұл адамзат тарихында ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Желтоқсан 2021
345
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы

«Қ. Мүсірепов атындағы №20» жалпы орта мектебі

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Нысанбаев Бахытжан Раушанович



«ЖАСТАРДЫ  ПАТРИОТТЫҚ РУХТА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ МАҢЫЗЫ»


Бүгінгі жастар – еліміздің ертеңгі болашағы. Сол ұрпақты саналы да білімді етіп тәрбиелеу – төл міндетіміз. Соның бірі – патриоттық тәрбие мәселесі. Бұл адамзат тарихында ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат [1]. Қазақ халқының салт-дәстүрін, ұлттық менталитеттін, тарихын білмейтін жастарымыз көп. Бүгінгі күнде патриоттық сана-сезімнің әлсіреуі, адамдардың өз елі мен оның жетістіктері үшін ұлттық мақтаныш сезімнің өзгеруі. Қазіргі жастардың патриоттық рухы жоқтығы.

Жас ұрпақты Отанына, халқына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, олардың бойына сіңіріп қалыптастыру халық тәрбиесінде жетекші орын алады. Патриоттық тәрбие беру арқылы оқушының саналы сезімін көзқарасын қалыптастырады. Оқу орнында патриоттық тәрбиенің тереңдеуі Отанымыздың саналы да белсенді күрескерлерін  тәрбиелеуге, оларды еліміздің игілігіне жанқиярлықпен еңбек етуге, Республикамыздың мүддесін қорғауға жаңа мүмкіндіктер туғызады.  Жастардың Отанды қорғауға даярлау,  жас азаматтардың патриоттық тәрбиесінің танымдары мен мінездерін қалыптастыру күрделі және сан түрлі процесс. Оқушының дүние танымын,  білімін,  көзқарасын қалыптастыруда мектеп шешуші рөл атқарады. Аға ұрпақтың лайықты мұрагері болу үшін жастарға халқымыздың Отан мүддесі жолында жасаған ерлік істерінің ұлылығын жете түсіндіре отыруымыз қажет. Сол арқылы әр жас жігіт, бойжеткен қыз еліміздің келешегі жолында табанды күрескер болуы керек екенін түсінуі тиіс. Ер жүрек адамды,  табанды күрескерді тәрбиелеудің негізі мектепте басталады. 

Қазіргі уақытта қоғамның дамуына байланысты оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу және дамыту міндеттері барған сайын күрделеніп бара жатыр. Басты міндеттің бірі: орта мектепті бітірген оқушы өмірге белсене араласа отырып, ғылымның шапшаң дамуына ілесуі, ашылған жаңалықтарды өздігінше оқып меңгеру, оларды өзі қызмет ететін салаларына қатыстыларын іс жүзіне асыра білуі, өмірде қолдана алуы. Сонымен қатар оқушылар мектеп қабырғасында жүріп –ақ әлемдік құрылым қалыптасуының негізгі ғылыми ұстанымдарын, ойлаудың әдіс-тәсілдерін, Отан деген сүйіспеншілік,  патриотизм, танымның заңдылықтарын игеруі тиіс. Осыған орай патриоттық тәрбие мәселесі адамзат тарихының өн бойындағы ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат болғандықтан,  мектеп оқушыларының бойындағы Отанға деген  сүйіспеншілігін, яғни патриоттық санасын дарытуда. Сондай – ақ бұл ұғымның маңызын ашып көрсету жас буындарды тәрбиелеуде  бүгінгі күннің кезек күттірмейтін қажеттігінен туындап отыр. Патриотизмге тәрбиелеудің үлкен ортасы – мектеп екені белгілі. Ондағы жоспарлы тақырыптық сабақтармен қатар, пәндік олимпиадалар, ғылыми жобалар патриотизмге тәрбиелеудің бір бағыты болып отыр [2].     

Қазақстандық патриотизмнің арқауы қазақ мемлекетіне деген сүйіспеншілік, ұлтына сенімі, нанымы, саяси көзқарасы, т.б. қарамастан, әрбір қазақстандық өзі өмір сүріп, күн көріп отырған мемлекетін - «Отаным» деп тануы, оның негізін салып отырған қазақ ұлтына сыйластық, оның заңдарында бас ию, рәміздеріне құрмет, жетістігіне сүйсініп, мақтану, кемшіліктерін болдырмаудың жолын қарастыру Қазақстандық патриотизмнің белгілері болуы керек деген ой келіп туады.

Патриоттық тәрбие тұлға қалыптасуының құрамдас бөлігі болып табылады, ол жастардың алған білімдерінің негізінде азаматтық  борыш  ұстанымымен, жекебастық мүдделері қоғамдық ұстанымдармен астасып жататын тіршілік әрекеті үлгісіне даярлығын қамтамасыз етуі тиіс. Демек, қазақ патриотизмі – рухы биік жеке тұлғаны қалыптастырудағы ата – бабаларымыздың қаһармандық батырлық, отансүйгіштік  тәлім – тәрбие  беру идеалдарының жиынтығы деп айтуымызға болады. Осы анықтама негізінде, біз « Қазақстандық патриотизм – Қазақстанды Отаным деп сезініп, басқа этностардың қазақ халқына құрметпен қарауын,  әр этностың құқықтық еркіндігін қуаттай отырып, туған жерін және оны қорғауға дайын болу » - деп дәйектейміз [3]. 

Қазірде қазақ халқының дәстүрлері негізінде жүзеге асырылатын патриоттық тәрбие әлеуметтендіру процесін тұлғаға дәл осы Отанға, Атамекенге қызмет ету арқылы, өз тарихы үшін, өз Отанының әлеуметтік дүниенің ғылымына, мәдениетіне, рухани құндылықтарына қосатын үлесі үшін мақтаныш сезімі арқылы өз қабілеттерін мейлінше терең ашуға мүмкіндік беретін деңгейге жеткізеді.

Ғылыми әдебиеттерде «патриотизм» ұғымы Отанға сүйіспеншілік, оған шынайы берілгендік, оның өткені мен бүгінгісі үшін мақтанышы, Отан мүделерін  қорғауға ұмтылу, өз Отанына, өз халқына берілгендік, туған еліне, оның тіліне, салт – дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілікпен сипатталады.  Шынайы патриот адам өз елін дамып жақсартуға ат салысатын , өз ұлтына оның мәдениетіне, тіліне, дәстүрлеріне деген сүйіспеншілік пен жанашырлық танытатын, ең алдымен, өз отасын, туған – туыстарын қадірлейтін,  ауыл-аймақ, ел-жұртын, руластарын, өз халқын қадірлейтін адам [4].        

Ұрпағын өз халқының патриоты етіп тәрбиелеу - қай халықтың болса да тәрбиелеу жүйесінің негізгі талаптарынын бірі. Ал біздің халқымызда бұл талап әрдайым жоғары болған.  Ата - бабаларымыз кең далада өмір сүрген де, сондықтан оларға «Атамекен, туған жер» ұғымы - әрдайым қастерлі де қасиетті ұғым. Бұл қасиеттер ұрпақ бойына оқумен, біліммен, үйренумен, талпынумен бітеді. Патриоттық рухата өсуін қамтамасыз ету жан – жақты қарастырылған. Онда жастардың саяси белсенділігін арттырып, қоғам өміріне араласуына жағдай жасайтын түрлі шаралар көзделген.

Еліміздің Президентті Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстанның Отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбилеу – мұғалімнің аса маңызды,аса жауапты да қадірменді парызы» - деген еді.

Елбасымыздың жолдауында «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз» [5].    «Қазақстандық патриотизм» арқылы Отан, туған жер, ел, атамекен, мемлекет, туған өлке, халқы туралы түсініктер оқу – тәрбие үрдісінде, сабақтан тыс іс – шараларда Отансүйгіштік сезімді дамыту, ұлттық салт – дәстүрді сақтау, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, ана тілін қадірлеу сияқты сезімдерді оқушылар бойында қалыптастыру жүзеге асырылады. Бұл ұғымның педагогикалық жүгіне келер болсақ, ол болашақ Қазақстан азаматтарын тәрбиелеумен тығыз байланысты.

Сонымен қорыта айтарымыз, Қазақстандық патриотизм - бүкіл Қазақстандықтарға тән. Себебі ортақ Отан, ортақ тарих, ортақ салт - дәстүр, ортақ қазақтың тілі. Басқа ұлт өкілдері қазақтың тілін білуі тиіс. Отан – от басынан басталады десек, туған облысымыздың, қаламыздың көрнекі жері, тарихы,  атаулы оқиғаларын, айтулы адамдардың өмір жолдарын білгізудің мәні зор. Азаматтардың биік отаншылдық сезімі бүгінге ғана емес, ертеңге керек, болашаққа да керек. Жалпы патриоттық сезімінің оянуы мен қалыптасу процесін белгілі бір асқақ сөзімдерден, мақтаныш - сүйініштен бөле - жара қарауға болмайды. Ол өз елінің өткен тарихын мақтаныш тұту, жерінің байлығына сүйсіну, атадан балаға жалғасып,  жақсы үрдісін тапқан ұлттық тілді құрметтеу керек деген сөз. Әрине,  бұл өздігінен бола салатын нәрсе емес, ол да нақты тәрбиенің жемісі. Білім мен білікті  талап  етеді. Тек тұлға ғана өзінің Отанға деген қатынасын ішкі, қастерлі сезім ретінде пайымдауға қабілетті. Сол себепті, патриотизм де тұлғаның биік даму деңгейін сипаттайтын аса маңызды рухани игілік ретінде түсініледі. Жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу – бұл тұлғаның, елдің, оның мәдениетінің бірегейлігі, әлеуметтің, халықтың әлеуметтік психологиясының ерекшеліктері толымды көрініс табатын қоғамдық өмірді ұйымдастырудың мәні мен мақсаттарын пайымдау арқылы жүйелі дамуы. Патриотизм міндетті түрде тұлғаның жоғары әлеуметтік белсенділігін  көрсетеді, өйткені, оның өзі еңбекте табыстарға жету үшін, қоғамға, ел жұртқа, халыққа қызмет ету үшін биік серпін болып табылады.


Пайдаланылған  әдебиеттер тізімі


1. Астемес Г. Болашақ мұғалімдердің патриотизмі ауадай қажет. Қазақстан  мектебі. - Алматы, 2011. - №3. – Б.24-26.

2. Жұмағұлов Б.Т. Патриотизм және азаматтық  ұстаным  // Егемен Қазақстан. – Алматы, 2011. - № 260 – 263 (2661), 21 маусым. – Б.2-4.

3. Дүйсенбаев А.Қ. Тәрбиенің қайнар көзі // Қазақстан мұғалімі. - 2013. - № 15-16 (3405), 30 тамыз. – Б.2-5.

4. Мұхаметханұлы.Н. Ізденіс: тарих және заман: мақалалар. – Алматы: «Мерей», 2014. – Б.248- 250.

5. Назарбаев Н. Қазақстан – 2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. – Астана: Елорда, 2008.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!