Материалдар / Жасыл -яғни үнемді

Жасыл -яғни үнемді

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қазан 2018
473
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: « Жасыл – яғни үнемді» .Сабақтың мақсаты: 1) бастауыш сынып оқушыларының табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану туралы білімдерін өзектендіру, энергияны тиімді тұтыну және энергияны үнемдеу, ауызсу көздерін ұтымды пайдалану туралы түсінік қалыптастыру;2) топ ішінде жұмыс істеу дағдыларын, ынтымақтасу және бірегей пікір қалыптастыру дағдыларын дамыту;3) планетаның барлық табиғи ресурстарын үнемді және саналы пайдалануды тәрбиелеу.Сабақтың міндеттері: - балалардың экологиялық сана сезімін тәрбиелеуге жәрдемдесу;- экологиялық тұрақты әрі қауіпті өмір стилінің дағдыларын тәрбиелеуге жәрдемдесу;- энергияны пайдаланупроблемаларына, энергия мен энергия ресурстарын үнемдеуге, қоршаған ортаны қорғауға назар аударту;- ресурстар мен энергияны үнемдеуге ынталандыру;- оқушыларды энергия мен ресурстарды үнемдеу бойынша пайдалы қызметке қатыстыру;- мектепте алынған білімдерін іс жүзінде қолдануға қызығушылық тудырту.Сабақ түрі: құрамдасСабақтағы әдіс-тәсілдер : медитация, автор орындығы, әңгімелесу, блиц-турнир, жарысу, ой-талқы, мәнді-мағыналы сұрақтар, мини-диспут, дидактикалық ойындар.Сабақтың жабдықтары: презентацияны Microsoft PowerPoint бағдарламасында көрсетуге арналғанпроектор мен экран, компьютер, ноутбук немесе интерактив тақта, принтер (түрлі-түсті болғаны дұрыс), тарату материалын басып шығаруға арналған А4 парақтары; көрнекті құралдар (алма, пышақ, су толтырылған үш литрлік банка, іші бос стақан, тамызғыш, 3 түрлі-түсті пакет (тоқсары, сары, көк).САБАҚ БАРЫСЫ:
  • Ұйымдастыру кезеңі.
Балаларды психологиялық дайындау.1. Ынталандыру:Берілген әріптерден сөз құрыңдар: а, с, ж, л, ы.2.Психологиялық тренинг.1.«Медитация» стратегиясы. Балалар, бастарыңды төмен түсіріп, көздеріңді жұмыңдар. Адамдар мекендемеген планетадасыңдар деп елестетіңдер. Кенет сендердің жүздеріңде күлкі ойнады. Неліктен күлкі ойнады? Сендер не көрдіңдер? Көңілдеріңді не көтерді? 2. Балалар автор орындығында отырып, өздерінің елестеткен бейнелері туралы айтып береді.Б) қызығушылық тудырту.1. «Жасыл» сөзі орысша қалай болады? (зеленый). Ал ағылшын тілінде қалай болады? (green).2. Осы сөзбен сөз тіркестерін құрыңдар (жасыл өскін, жасыл (көк) шөп, жасыл планета және т.б.)II. Шақыру кезеңі.- Жылдың қай мезгілінде табиғат көктей бастайды? (көктем)- Көктемде қандай құбылыстар пайда болады? (табиғат оянып, жаңа өмірін бастайды)- Жасыл сөзі нені білдіреді деп ойлайсыңдар? (жаңа өмір)- «Жасыл» сөзімен байланысты қандай сөздер естеріңе түседі (мұғалім «өмір» сөзіне сәйкес келетін сөздерді таңдап, қайталайды)№ 6 слайд- Енді біз «Жасыл – яғни үнемді» деген сабақ тақырыбына да жеттік.- Топтарға бөлу(мұғалім сыныптың сандық және сапалық құрамына қарай балаларды 2-4 топқа бөледі).III. Түсініп алу кезеңі.– Ауызсу туралы не білесіңдер? - «Алма» ойынмен модельдеу: планетадамыздағы су мен құрлықтың ара салмағын көрнекі түрде көрсету.Мұғалім қолына алма алып, «Осы алма – бұл біздің Жеріміз». Құрлық бетінің төрттен үш бөлігін су алады (осы сөздерді айта отырып, мұғалім алманы төртке бөліп, үш бөлігін алып тастайды). Жер бетінің төрттен бір бөлігі – құрлық.- Балалар ғаламшардағы су қорының көлемі туралы қорытынды шығарады.- «Жер бетінде қанша су қалды» атты масштабталған тәжірибеМұғалім балаларға су толтырылған үш литрлік банканы көрсетеді. Банкадағы су Жер бетіндегі бүкіл суды – тұщы су мен тұзды суды білдіреді деп түсіндіру қажет. Мұғалім балалардан планетадамыздағы тұщы және тұзды суы бар барлық су объектілерін атап өтуін сұрайды.1. Литрлік банкаға көк түсті бояумен немесе гуашьпен боялған су толтырамыз. Ол бүкіл жер бетіндегі су қорын білдіретін болады. 2. Литрлік банкадан тамызғыштың жартысына (1 мл) су толтырып, оны ауаға сығып шашамыз, бұл атмосферадағы су.3. Тамызғышты екі рет суға толтырып, оны стақанға құямыз – бұл өзендер мен көлдердегі тұщы су.4. Литрлік банкадан басқа ыдысқа 973 мл су құйып, оған тұз қосамыз – бұл теңіздер мен тұзды көлдердегі тұзды су.5. 21 мл (4 шәй қасық) судымұз жасауға арналған ыдысқа құямыз – судың осындай мөлшері (біздің масштабқа сәйкес) жер бетінде мұз күйінде бар.6. Литрлік банкада қалған суды топыраққа құямыз. Бұл жер қыртысының ішіндегі су.7. Талқылау. Қай ыдыста адамға жарамды су бар? (өзен, көл мен топырақтағы суды білдіретін стақандағы су пайдалануға жарамды).

- Блиц-турнир: балалар мұғалімнің сұрағына жарысып жауап береді және су ресурстарын, атап айтқанда ауызсуды үнемдеу қажеттілігі туралы қорытынды шығарады.- Жер бетінің қанша бөлігін су алады? (3/4)- Адамның қанша бөлігі судан тұрады? (3/5)- Тұщы су дегеніміз не? (тамаққа қолдануға болатын су)- Тұзды су дегеніміз не? (адам мен жануарлар үшін зиянды)- Тұщы су қайда бар? (өзендер, көлдер, батпақтар,мұздықтар)- Тұзды су қайда бар? (теңіздер мен мұхиттар)- Жер бетінде қандай су көп? (тұзды су)- Тұщы су қалай тазартылады? (зауыттарда, тазарту жүйелері арқылы)- Тұщы су бітпеу үшін не істеу керек? (крандарды жауып отыру, сумен ойнамау, ауызсуды мақсатына қарай ғана пайдалану, яғни үнемдеу - үнемдеу сөзін тақтаға жазу керек)Б) Жаттығу- «Болады, болмайды» ойыны: балалар дұрыс немесе бұрыс пайымдамаларды таңдап, қозғалу ережелеріне сәйкес қажетті қимылдарды жасайды (дұрыс пайымдама болса – алақандарын соғады, бұрыс болса – аяқтарын тыпырлатады).1. Тоққа қосылған электр фенімен ойнауға бола ма (аяқтарын тыпырлатады).2. Тоққа қосылған үтікке ылғал қолмен тиюге бола ма (аяқтарын тыпырлатады).3. Бөлмеден шыққанда жарықты сөндіруге бола ма (алақандарын соғады).4. Қосылып тұрған теледидарға жақын отыруға бола ма (аяқтарын тыпырлатады).5. Ұйықтаған кезде компьютерді қосылған күйінде қалдыруға бола ма (аяқтарын тыпырлатады).6. Керек болмаған кезде үтікті тоқтан ажыратуға бола ма (алақандарын соғады).

«Энергия»- Ой-талқы: 1 минуттың ішінде роликтен естілген немесе роликте көрсетілген сөздерді жазып алу.Әрбір командадан бір оқушы шығып, команда жазып берген барлық сөздерді оқып шығады, кейінгі команда әлі айтылмаған сөздерді ғана оқып береді. Ең көп сөзді жазып алған команда жеңімпаз болады.- Мәнді-мағыналы сұрақтар:- Әрбір команда 2 минуттың ішінде біздің жаңа ғана қараған бейнематериал бойынша сұрақтарды дайындауы қажет.Командалар бір-біріне сұрақ қойып, энергия мен энергия ресурстарын пайдалану және үнемдеу проблемасына назар аудару қажеттілігі туралы қорытынды шығарады. Ең көп дұрыс жауап берген команда жеңімпаз болады.- Бізге тоқ не үшін қажет? (құралдарды пайдалану үшін)- Тоқты қайдан алады? (зауыттарда, электр станцияларында)- Ондай зауыттар қандай зиян келтіреді? (табиғатты ластайды)- «Табиғатты ластау» дегеніміз не? (бұл табиғаттың ластанып жойылуы)- Тоқты тағы қалай алуға болады? (күннен, желден, судан)- Тоқ алудың қай әдісі ең жақсы? (екіншісі)- Бұл әдіс қалай аталады (жасыл энергетика)Біз енді тағы да жасыл сөзіне тоқталдық (сөзді тақтаға үнемдеу сөзінің алдына жазу керек).А) Қорытынды шығару- Тақтаға жазылған сөздермен қандай сөз тіркесін құрастыруға болады?№ 8 слайд- «Жасыл экономика» деген сөздерді қалай түсінесіз? (балалар жауаптарын берген соң мұғалім ЭКСПО-2017 көрмесімен байланысты ақпаратты қолданып, терминологияға түсініктеме беруі қажет)

Б) №3 бейнеролик «Қоқысты бөліп жинау»- «Кім тезірек болады?» атты жарыс» (әрбір команда пакет түсіне сәйкес келетін қоқысты жинауы тиіс, мұғалім командаларға түрлі түсті пакеттерді үлестіріп береді, алайда қай пакетке не салу керек екенін түсіндірмейді: 1-команда – қызғылт сары пакет – батарейкалар мен лампочкалар, 2-команда – сары пакет - пластик, 3-команда – көк пакет – қағаз).

- Мини-диспут: балалар өз таңдауының дұрыстығын дәлелдеп, бір-бірінің сұрақтарына жауап береді. Диспутты өткізу барысында балалар екі негізгі сұрақтың жауабын табады: Экологиялық із дегеніміз не? Және экологиялық мәдениет дегеніміз не?- Сабақтың басына оралу: «Медитация» стратегиясы. Балалар, бастарыңды төмен түсіріп, көздеріңді жұмыңдар. Енді сендер біздің планетамыздасыңдар деп елестетіңдер, бірақ осы арада 100 жыл өтті. Кенет сендердің жүздеріңде күлкі ойнады. Неліктен күлкі ойнады? Сендер не көрдіңдер? Көңілдеріңді не көтерді?

5. Үй тапсырмасы.№ 10 слайдПокетмодты бояп шық.- Балалар, ресурстарды үйде қалай үнемдеу керектігі туралы ақ-қара покетмодты жаднама мен түрлі түсті қарандаштардың көмегімен толтырындар.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ