400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жасыл дәріхана

Материал туралы қысқаша түсінік
дәрілік шөптер туралы түсінік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектепалды даярлық сыныбының ұйымдастырылған оқу қызметінің

Технологиялық карта


Білім саласы: Әлеумет.

Білім бөлімі: Экология негіздері.

Тақырыбы: Жасыл дәріхана.

Мақсаты: Жасыл дәріхана және оның қажеттігі жөнінде түсінік беру.

Емдік қасиеті бар өсімдіктермен таныстыру, оларды қажетті мөлшерде ғана жинап, өзге өсімдіктерге зиян келтірмеу жағын ескеруге үйрету.

Табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер: суреттер

Сөздік жұмыс: итмұрын, жолжелкен, түймедағы, және т.б.

Билингвалдық компоненті: дәріхана-аптека

Түймедақ-ромашка

Итмұрын-щиповник

Іс-әрекет бөлімдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру.

Сезімді ояту

Жылулық шеңберін ұйымдастыру.

Қолдарындағы әдемі жүрек ойыншықты бір-біріне беріп тұрып, тілектер айтады.

Жылы сөздер арқылы амандасады.

Ізденістер. Ұйымдастыру

М.Жаманбалиновтың «Итмұрын тергенде» өлеңін мәнерлеп оқып беру.

Балалармен жасыл дәріханаға серуен ұйымдастыру. Дәрілік өсімдіктермен таныстыру. Неге «дәрілік» өсімдіктер деп аталатынын түсіндіру.

Балаларды дәрілік өсімдіктерден жасалған көрмеге шақырып, қай өсімдікті қандай ауруға пайдаланатыны туралы түсіндіру.

Мысалы: Түймедағы гүлін тамақты шайқауға пайдаланады.


Дәрілік өсімдіктерді белгілі бір мерзімде жинау керек екендігі және оны жинау кезінде басқа өсімдіктерге зиян келтірмей белгілі мөлшерде ғана жинау керектігін түсіндіру. Балаларды дәрілік өсімдіктерге қамқор болуға тәрбиелеу.

Сергіту жаттығуын өткізу.

Кәне, кәне, тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Тұрсақ енді шеңберге,

Алақанды ұрайық.

Бишілерше бұрылып,

Дөңгелене тұрайық.


Әліппе-дәптермен жұмыс. Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Дәрілік өсімдіктердің тағы басқа қандай түрлерін білесіңдер?

  2. Өздерің тұратын жерде өсетін дәрілік түрін атаңдар.

  3. Жолжелкеннің қандай пайдасы бар?

  4. Суреттегі өсімдіктерді боя.

Дид/ойын: «Бөлме өсімдіктері мен дәрілік өсімдіктерді ажырат»

Мақсаты: бөлмеде өсетін өсімдіктер мен дәрілік өсімдіктерді бір-бірінен ажырата білу, қандай мақсатта өсірілетінін анықтау.

Балалар өлеңді мұқият зейін қойып тыңдайды. Дәрілік өсімдіктерді зер сала қарап көреді, түсінеді.




Көрмедегі дәрілік өсімдіктерді көріп біледі.





Дәрілік өсімдіктердің жинау мерзімін біледі.






Өлең жолдарын қайталап, дене жаттығуларын жасайды.






Тапсырмаларды дұрыс орындау үшін әрекет жасайды.







Ойынға барлық балалар белсене қатысады, дәрілік өсімдіктер мен бөлме өсімдіктерін ажыратады.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау

Оқу іс-әрекетті бекіту үшін қойылатын сұрақтар:

Тамақ ауырғанда қандай шөптер пайдалану керек?

Дәрілік өсімдіктерді қалай жинайды екен?

Балалар сұрақтарға дұрыс жауап беруге тырысады.


Күтілетін нәтиже: дәрілік өсімдіктердің пайдасы мен зиянын ажырата алу.


Білуі тиіс: емдік қасиеттері бар өсімдіктердің пайдасын білу.


Түсінігі: бөлме өсімдіктері мен дәрілік өсімдіктердің айырмашылығын түсіну.


Көрсете білуі: берілген сұрақтарға жауап беру.












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 наурыз
94
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі