Материалдар / Жасыл энергия

Жасыл энергия

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңда пайдалы қазбалардың қорының азайуы, экологиялық мәселелердің ушығуы, дүниежүзілік энергия тапшылығы және халықтың эканомикалық, әлеуметтік жағдайдың тұрақсыздығы үрдістері ұлғаю үстінде. Аталған мәселелердің алдын алу және болдырмаудың бірден-бір жолы ол «Жасыл экономика» және балама энергия көздерін айқындап, олардың қорларын тиімді пайдалану.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қараша 2021
366
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Түркітан облысы Қазығұрт ауданы №11 Колледж

Турсынбаев Бауыржан Тажикулович математика пәні оқытушысы


Қаэығүрт елді мекенінде жасыл энергия

  Энергетика - елдің экономикалық әлеуетін анықтайтын елеулі сала. Содан болар, биік мұржалардан будақтаған түтінге қарап, сол елдің әлеуетін байқайтын тәрізді едік. Бірақ, қазір бәрі керісінше. «Жел, Күн, су энергиясы - міне болашақ деген осы»,- дейді қатысушылар. «Жасыл экономика, жасыл энергия» ұранымен өткен ЭКСПО-2017 көрмесі жаңа энергетика дәуірінің бастауы болмақ.  Ғылым мен техниканың дамуына байланысты энергияға деген қажеттілік артып, экологиялық ортаның ластануы туындады. Қазіргі таңда әлемде жаңартылатын энергия көздерін қолдану басты тақырыпқа айналды. Жасыл энергия көздерін қолдану, жаңа заманауи құрылғыларды пайдалана білу – қазіргі таңда еліміз үшін кезек күттірмейтін маселелердің бірі. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында әлемде барлық дамыған елдер баламалы және «жасыл» энергетикалық технологияларға инвестицияны ұлғайтып отырғанын айтып, 2050 жылға қарай оларды қолдану барлық тұтынылатын энергияның 50 пайызына дейін өндіруге мүмкіндік беретініне тоқталған болатын. Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің «Болашақтың энергиясы» атты тақырыппен өткені де Қазақстанға «жасыл даму» бағытында үлкен жауапкершілік артатыны белгілі. Осы салада еңбектену, тиімді энергияны пайдалану, теория мен істі бірлестіру, ғылым үшін үлес қосу – колледж оқытушылары мен студенттердің басты ұстанымы.
Қазіргі кезде қоғам «жасыл» экономика сөзінің мәнісін әр түрлі түсінеді. Бірі бұл елдің табиғатын жақсартатын экономиканың жаңа салалары деп түсінеді. Екіншілері, бұл сөзді табиғатқа көмектесуге және пайда келтіруге бағытталған жаңа технологиялар ретіндегі экожүйенің өзіндік түрі деп есептейді. Үшіншілері, бұл мақсаты экологиялық таза өнімдерді құру болып табылатын дамудың жаңа кезеңіне ауысу деп есептейді.

«Жасыл» экономика бірінші кезекте, қазіргі уақытта сарқылуға ұшыраған (пайдалы қазбалар – мұнай, газ) ресурстарды үнемді тұтынуға және сарқылмайтын ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған.

«Жасыл» экономика және балама энергия көздерінің халыққа тигізер пайдасы –орасан. Қазіргі кезде Дүние жүзі шаруашылығы жер қыртысының пайдалы қазбаларын көп тұтынуда, соның салдарынан пайдалы қазбалардың қоры жылдан-жылға азаю үстінде. Осындай келеңсіз құбылыстар төмендегі жағдайға әкеліп соғады.

Дүние жүзі халықтары өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында орасан зор энергия тұтынуда, соның салдарынан қазіргі таңда энергия тапшылығы байқалуда. Осы мәселенің алдын алу, энергия тапшылығын жою үшін балама энергия көздерін пайдалану өте маңызды. Балама энергия көздері бірінші кезекте, қазіргі уақытта сарқылуға ұшыраған (пайдалы қазбалар – мұнай, газ, көмір) ресурстарды үнемді тұтынуға және сарқылмайтын ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған.

Қазіргі таңда пайдалы қазбалардың қорының азайуы, экологиялық мәселелердің ушығуы, дүниежүзілік энергия тапшылығы және халықтың эканомикалық, әлеуметтік жағдайдың тұрақсыздығы үрдістері ұлғаю үстінде. Аталған мәселелердің алдын алу және болдырмаудың бірден-бір жолы ол «Жасыл экономика» және балама энергия көздерін айқындап, олардың қорларын тиімді пайдалану.

Осы экономиканы жүзеге асыру мақсатында заңнамаларымызға енгізілген өзгерістер жаңар­тылатын энергия көздерін пайдаланушы энергия өндіруші компанияларды қолдауға, экологиялық таза көлік құралдары өндірісін ынталандыруға, сонымен қатар, су ресурстарының бөлінісі арқылы қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға, қоршаған ортаны қорғау саласындағы проблемалы салаларды жетілдіруге және реттеуге бағытталған. Бұл, сәйкесінше, эко­но­миканың түрлі салаларының да­муы­на оң әсерін тигізеді.

Біздің мемлекетімімз «жасыл» экономикаға ауысу саласындағы саясатты белсенді жүргізіп жатқанда, біз осы үдерістің бөлігі ретінде қазірден бастап «таза» болашақты құруға қадамдар жасай аламыз. Дегенмен біздің көпшілігіміз олардың үлесі ештеңе білдірмейді, бұл табиғатты қорғауға жатпайды деп санаймыз. Біздің әрқайсымыз қоршаған ортаны қорғау ісіне өз үлесін қоса аламыз. Және сенің үлесің теңіздегі тамшы болады деп ойлау қажет емес. Күн сайын біз әлемді тазартып, жақсарта аламыз.

Жасыл экономика – экономикалық ғылымда экономиканы табиғи ортаның тәуелді бір бөлігі ретінде сипаттайды. Сонымен бірге жасыл экономика халықтың жоғары тұрмыс деңгейі мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланумен сипатталатын экономика болып табылады.

Мен өзім жазғы еңбек демалысымда Астана қаласына барып ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін аралап, жасыл энергия туралы көптеген мәліметтер алдым.Алған ақпарат,мәліметтерді ой елегізінен өткізіп өзім жасайтын Қазығұрт елді мекенінде баламалы жасыл энергия көздерін қолданса деген ой келді.Қазығұрт елді мекенінде тұрып, еңбек еткендіктен бұл ауылдың географиялық жер қыраттары маған жақсы таныс еді. Оқу жылы басталысымен өзім жетекшілік ететін 73-топтан Рүстемұлы Абдулла мен Байтемиров Олжас атты оқушыларды жаныма алып, жасыл энергия көздерін орналастыратын жерлерді анықтап, макетін жасауға кірісіп кеттік. Қазығұрт елді мекені Келес өзенінің жағасында, Шымкент-Ташкент магистралды жолдың бойында орналасқан.Қазығұрт елді мекенінің айналасы жоталы желді болып келеді. Қазығұрттың жанынан Өгем суынан бастау алған Сарыағаш ауданына дейын Үлкен-Кескен каналы қатты ағыспен ағып өтеді. Алдымен Қазығұрт ауылының макетін жасадық. Жоталы жерлерге жел электр генераторларын және күн көзінен қуат алатын электр станцияларын орналастырдық. Үлкен –Кескен каналының қиялай қатты ағатын жерлеріне су электр станцияларын орналастырдық. Біз жасаған жоба іске асырылған жағдайда Қазығұрт ауылы энергияға деген сыртқы тәуелділіктенқұтылып,.аудан бюджетіне орасан зор пайдасын тигізген болар еді.

Қорыта келе, «жасыл» экономика — бұл табиғи қорларды тиімді пайдалану есебінен қоғамның әл-ауқатын сақтауға бағытталған, сондай-ақ соңғы пайдалану өнімдерін өндірістік циклге қайтаруды қамтамасыз ететін экономика. Жасыл экономиканың негізінде – таза немесе «жасыл» технологиялар жатыр.

 Жалпы, осы экономиканы жүзеге асыру мақсатында заңнамаларымызға енгізілген өзгерістер жаңар­тылатын энергия көздерін пайдаланушы энергия өндіруші компанияларды қолдауға, экологиялық таза көлік құралдары өндірісін ынталандыруға, сонымен қатар, су ресурстарының бөлінісі арқылы қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға, қоршаған ортаны қорғау саласындағы проблемалы салаларды жетілдіруге және реттеуге бағытталған. Бұл, сәйкесінше, эко­но­миканың түрлі салаларының да­муы­на оң әсерін тигізеді.

Дүние жүзі халықтары өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында орасан зор энергия тұтынуда, соның салдарынан қазіргі таңда энергия тапшылығы байқалуда. Осы мәселенің алдын алу, энергия тапшылығын жою үшін балама энергия көздерін пайдалану өте маңызды.


Пайдаланған әдебиеттер:


  1. Б.Абаған. «Жасыл экономика жолында» \\Егемен Қазақстан № 39 (28263) 6- қазан 2016 – 6 б

  2. Н.Назарбекова. «XXI ғасырдың қайтарымды балама қуат көздерін игеру-кезек күттірмейтін іс »\\География және табиғат  №4 2014ж

  3. Ж.Жағыпарұлы «Ел әлеуетін әлемге әйгілейтін көрме» \\Егемен Қазақстан № 135 (28613) 17-шілде 2015 – 5 б.

  4. Ж.Сәдуақас. «Өнертапқыштар мен инноваторлар жетістігі \\Егемен Қазақстан» № 135 (28613) 17-шілде 2015 – 5 б.

  5. Мазбаев О.Б., Увалиев Т.О., «Дүниежүзінің табиғат ресурстары географиясы», Алматы, 2013 – 265-267

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ