Материалдар / "Жасыл шырша жаңында " сценарий
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Жасыл шырша жаңында " сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жылға арналған сценарий
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Сәуір 2019
634
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жасыл шырша жанында

1-4 сыныптар


Дауыс: -Армысыздар,ханымдар мен мырзалар! Көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар,мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!

Сайқымазақ сахнадан шығады:

-Сәлеметсіздерме, балалар,ата-аналар!

Жаңа-жыл мерекесіне қош келдіңіздер.

Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Ал,не тұрыс, жаңа жылды бастайық!

Ой, балалар, мына шырша неге көңілсіз,сендер неге көңілсізсіңдер?

Мен қазір сендердің көңілдеріңді қалай көтеретінің білемін! Өзімнің достарымды ертіп келемін.

(Сайқымазақ кішкентай санта клаустар достарын, Аяз атаны, Ақшақарды және Сабитқызы Фатиманы «Джингл белс» әнімен ертіп келеді.

1-жүргізуші: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Босқа қарап тұрмаңыздар.

Жаңа жыл басталды,

Көргендер де арманда,

Көрмеген де арманда.

Құтты болсын жаңа жылың халайық.Шын ниетпен, көңілмен қарсы алайық.

2-жүргізуші: Армысыздар құрметті ата-ана, қымбатты ұстаздар,оқушылар,қонақтар! Сіздерді жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз.Міне сол күн, сол мереке биыл да келіп жетті.

1-жүргізуші: Шырша тойы құтты болсын ағайын,

Жыр тойында би билеп, ән салайық.

Күлкінің керуеніне біз де ілесіп

Езу жимай бір жарасып қалайық.

2-жүргізуші: Жаңа жыл мерекесімен құттықтау сөз мектеп директоры Ахметова Айнур Аязбековнаға беріледі.

1-жүргізуші: Қуаныш, бүгін мереке

Тойланып жатыр ортада.

Әдемі,әсем киінген

Балалар, гүлдей жайнайды!

2-жүргізуші: Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып,

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.

1-жүргізуші: Келді Аяз атамыз,

Қасында Ақша қары бар.

Қызыққа әбден батамыз,

Қарсы аламыз баршамыз.

2-жүргізуші:Ал енді балалар, бүгінгі кешіміздің қадірлі қонағы Аяз ата мен Ақшақарға сөз берейік.

1-жүргізуші: Қош келдіңіз, Аяз ата!

2-жүргізуші: Амансың ба, Ақша қар!

Аяз ата:Сәлем бар адамдарға,

Ардақты ұл-қыздарға,

Бүлдіршін балаларға!

Шарықтап асқақ әні,

Болсын той маскарады.

Өздерің сияқты балалардың шат-күлкілі думан тойын,аралап

келемін. Міне сендерге де жеттім.

Ақша қар: Амансыздар ма, балалар, ұстаздар, ата - аналар! Өздеріңді сағынып келдік. Жаңа жылдарың құтты болсын! 
Жылқы жылы табыс жылы, береке, бірлік әкелсін. Тарихи жыл болсын.

1-жүргізуші: Ал енді, балалар Аяз атамен бірге шыршаны айналып

« Шырша жыры » әнін айтамыз. (Хоровод)

Аяз ата: Аспанымыз ашық болсын,

Дөңгеленіп тұрайық.

Ойын-сауық құрайық,

Ән шашуы шашылсын.

Жаңа жылға ылайық.

Сыңғырлашы сырнайым

Жаңа жылды жырлайын.

Шашбауыл қыз сырғалы.

Ақша қарды тыңдайық.

Ақша қар: Ал, канеки,балалар,

Ән мен жырға басайық.

Той думанды жалғайық,

Жарқыраған шырағы шыршамыз да нұрланды.

Бақытты жас балалар айтады шат жыр-әнді.

Жаңа жылда сайланып,

Шыршамызды айналып.

Би билейік, ән салып,

Баршамыз да жар салып,

Орындалсын армандарын,ойларың.

Қызықтарға ұлассыншы тойларын.

Нұр жүзіңді мұң шалмасын,достарым.

2-жүргізуші: Балалар, аяз атаға арнап бір би билейік. "Балапандар" биі.

1-жүргізуші: Аяз ата, балалардың сізге арнаған ән-шашуы бар.

Мектепалды даярлық тобының орындауында "Шырша әнің" қабыл алыңыздар.

2 – жүргізуші: Жаңа жылда жаңа белден асамыз,

Жаңа жылға жырмен шашу шашамыз.

Бейбітшілік ұранымен, жеңіспен,

Жаңа жылда тағы да алға басамыз.

Келесі кезекті тамаша бір биге берейік.

3-сынып қыздарын «Жаңа жылдық» бимен ортаға шақырамыз.

1 - жүргізуші: Ал, қанеки балалар,

Ән мен жырға басайық.

Той думанды жалғайық,

Жарқыраған шырағы шыршамыз да нұрланды,

Бақытты жас балалар айтады шат жыр –әнді.

Мәулетхан Маралдың орындауында «Жаңа жыл» әні

2- жүргізуші: Мың бұралған ақ қайыңдай

Қыздар шықсын ортаға.

Ал, ендеше қол соғайық

Қошеметпен қолқала.

4-сынып қыздарының орындауында «Макарена» биі

1-жүргізуші: Қол ұстасып бәріміз,

Шырша айналып ән салсақ

Мерекенің думаны,

Арта бермек асқақтап.

Келіңдер, шыршамызды айналып, ән салайық.

Балалар, барлығымыз бірігіп аяз атаға арнап бір ән сыйлайық.

Хоровод: "В лесу родилась елочка"

2 - жүргізуші: Аяз ата, балалардың сізге арнаған ән, биі шашуы көп. Осы кештің ең кішкентай бүлдіршіндерінің тақпақтарын тыңдаңыз.

Мектепалды даярлық тобының тақпақтары.

1 - жүргізуші: Жаңа жылда сайланып,

Шыршамызды айналып.

Би билейік, ән салып,

Баршамыз да жар салып.

1-сынып оқушыларының орындауында « Ламбада » биі.

2 - жүргізуші: Өлең де әзір, ән әзір,

Ойын да әзір, бәрі әзір

Кел Жаңа жыл біздерге,

Кел Жаңа жыл, Жаңа жыл!

Талдыбай Мөлдірдің орындауында «Жаңа жыл» әні

1 - жүргізуші: Балалар, аяз атаға арнап бір би билейік «Буги-буги» биі.

2-жүргізуші: Ардақты ұл-қыздарға,

Бүлдіршін балаларға!

Шарықтап асқақ әні,

Болсын той маскарады.

3-сынып ұлдарын «Елгежейлер» биімен ортаға шақырамыз.

1 – жүргізуші: Құрметтісің қымбат қонақ жыл тойы

Саған деген сый – сияпат басқаша

Сені күтіп ән саламыз түн бойы

Би билейміз, шырқалар ән тоқтамас.

2-сыныптың орындауында «Пираджио» биі

2-жүргізуші: Балалар Аяз атамен шыршаны айналып ән айтайық.

Хоровод: "Маленькая елочка"

1-жүргізуші: Ар бол, Жаңа жыл!
Бар бол, Жаңа жыл.
Қадамың құтты болсын, Жаңа жыл.
Бейбітшілік жылы бол, Жаңа жыл.
Құт - береке жылы бол, Жаңа жыл.

4 сынып оқушыларын "Жаңа жылдық шашу" биімен ортаға шақырамыз.

2-жүргізуші: Әкелді жыл ырыс-құт,

Әлемде той,тыныштық.

Ән салайық жаңаша,

Жаңа жылым тамаша.

2-сыныптың орындауында «Жаңа жылға шашу» биімен ортаға шақырамыз

1-жүргізуші: Ал, Аяз ата, Ақшақар! Асығып тұрған секілдісіздер. Әрине, әлі де барар жер, басар тауларыңыз көп болғандықтан, сіздерді көп бөгемейік.

Аяз ата: Жаңа жылдарыңмен, достар! Шанамызға мінейік Ақшақарым. Бұл мекеннің балалары өнерлі, білімді екен, барған жерде айтып жүремін. Алда барар ауыл бар, Жаңа жыл қуаныш әкелсін барша елге.

Ақшақар: Ия, ата. Бүгінгі кеш иелері маған да қатты ұнады. Құрметті балалар, ата-аналар жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Көріскенше сау болыңыздар!

Барлығы: «Қош бол, Аяз ата, Ақшақар!» 2 рет.

2 – жүргізуші: Құрметтісің қымбат қонақ жыл тойы

Саған деген сый – сияпат басқаша

Сені күтіп ән саламыз түн бойы

Би билейміз, шырқалар ән тоқтамас.

1 – жүргізуші: Жаңа жылда алдағы

Көңіл өсіп кеңейсін.

Ортақ ойы арманы,

Жақсы дәстүр көбейсін.

2 – жүргізуші: Міне, қымбатты балалар! Бірлесіп, достасып өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді. Достық, бірлік бәрін де жеңеді. Аспанымыз әрқашанда ашық болсын, көк туымыз желбірей берсін!

1-жүргізуші:Ал, қанеки ,жараңдар,

Мына жаққа қараңдар.

Сыйлық алып бұл тойдан,

Қуанып үйге тараңдар.


2 - жүргізуші: Міне, Қымбатты балалар, бірлесіп, достасып өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді. Достық, бірлік бәріне де жеңеді. Аспанымыз бұлт торламасын, аспанымыздағы күніміз сөнбесін!
Барлық жандар бір тілекке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл
Құтты болсын Жаңа Бақыт достарым!...

Шырша жанында би кеші.















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!