Тақырыбы: «Жасыл шырша жанында»
Мақсаты: Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру. Мерекелік көңіл – күй ортасын ұйымдастыру. Образдық бейнелерді сомдауға үйрету, хормен және жеке ән айту. Шеберліктерін арттыру. Би қимылдарын қызығушылықпен ырғақты сақтай орындауға төселдіру.
Көрнекіліктер: Шырша, шарлар, плакаттар,
|
Оқу қызметі |
Тәрбиешінің қызметі |
Балалардың қызметі |
|
Мотивациялық - қызығушылық |
Жүргізуші: Құрметті балалар, ата – аналар, қонақтар Жаңа жыл мерекесіне арналған «Жасыл шырша жанында» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Жаңа жылда жол болсын! Әрбір үйде той болсын! Берекелі жыл болсын! Ақ дастархан мол болсын! Келе жатқан жаңа жылдарыңыз құтты болсын! 1-бала: Аяз ата келе ме? Бізге сыйлық бере ме? 2-бала: Әрине ата келеді, Бізге көп сыйлық береді. Жүргізуші: Балалар бәріміз бірге Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық. Балалар: Аяз ата, Ақшақар! (үш рет) Осы кезде музыка әуенімен билей басып түлкі келеді. Түлкі: Мен түлкімін, түлкімін Тұнып тұрған күлкімін. Бұлғаң, бұлғаң құйрығым Текке өтпейді бір күнім. Аяз ата мұнда келмейді Сендерге сыйлық бермейді. Балалар: Қалайша? Түлкі: Аяз аталарың адасып кетіпті, сендерді таба алмай үйіне қайтып кетіпті. Жүргізуші: Бұл қалай болды? Думанымыз Аяз атасыз қалай өтпек? Түлкі: Жарайды, мен кетейін (Би билеп кетеді) Жүргізуші: Балалар уайымдамаңдар, Аяз атамыз келеді, бізге сыйлық береді. Бұл түлкінің кезекті бір қулығы болар. Мұның артында бір шикілік бар сияқты. Сықырлаған қардың дыбысы естіледі. Жүргізушы тың – тыңдап: Балалар, Аяз атамыз келе жатқанға ұқсайды. Қардың сықырын естідіңдер ме? Жүргізуші: Енді қарап тұрмайдық бәріміз бірге дауыстап Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық. Балалар: Аяз ата, Ақшақар! (үш рет) Әуен ойналады. Залға аяз ата мен Ақшақар кіреді. Балалар қошеметтеп қарсы алады. Аяз ата: Амансың ба, ұлдарым, Амансың ба қыздарым. Қандай әсем жүздерің Қандай мөлдір көздерің. Керемет бір ән тыңдап Келіп тұр-ау демалғым. Ақшақар шырша шамын жағады. Ән: «Шыршаға бардық» Аяз ата: Ой айналайындарым – ай, сендерге келуін келдім, бірақ қапшық толы сыйлығым ұшты күйлі жоқ болып кетті.Осында келе жатып,жоғалтып алдым. Енді не істесем екен. Осы кезде ит түлкіні алдына салып,қапшық толы сыйлықты алып келеді. Жаңа жыл өз сөзін айтады. Аяз ата: Ә, есіме түсті, қу түлкі жолда бағана өлген болып жатып қапшығымды қымқырған екенсің гой. Түлкінің мұнысы дұрыс па, балалар? Түлкі: Қулық – сұмдықты жоямын. Өмірге ден қоямын Аяз атам мені кешірсе, Сыйлығына тоямын. Аяз ата: Онда, айыбыңды өтеп, өнеріңді көрсет. Түлкі: Достарым менің келіңдер, Бірге билеп көріңдер. «Аңдар биі» орындалады. Аяз ата: Бәрекелді, жарайсыңдар. Билерің керемет екен. |
Гүлім Балалар хормен айтады. Қайсар Айсезім Балалар Аяз атамен Ақша қарды шақырады. -Иә естіп тұрмыз. Қуант бізді таңырқат шамдарыңды жарқырат (3 рет) -Жоқ дұрыс емес |
|
Ұйымдастырушылық - ісденістік |
Жүргізуші: Ал, балалар, тұрмайық. Аяз атаға арнап тақпақтарымызды айтайық. Тақпақтар: Аппақ тонға оранып Базарлықты мол алып Келді алыс сапардан Аяз ата оралып Қалып едік сағынып Күтіп алдық жабылып. Аяз ата: Сағынғаныңнан айналдым! Азамат бол. Аққырауға малынған Ақша қардай сақалы Көптен күтіп сағынған Көрдік аяз атаны. Базарлықты баршаға Әкеліпті ол тағы Қарасын деп тамсана Безендірдік шыршаны. Тақпақтарды жаттадық Би биледік көрсін деп Аяз ата қуанып Бізге риза болсын деп. Аяз ата: Қасымда бар Ақшақар Ол да ренжіп қалмасын. Бүлдіршіндер балалар Би билеп, бірге ойнасын! Би: «Снежинка» орындалады. Ойын: «Аяз атаның қолғабы». Жүргізуші қолғапты балаларға береді, балалар бір – біріне беріп тұрады. Аяз ата ұстағысы келіп жүреді, соңында ұстап алады. Аяз ата: Ал, балалар сендер менімен ойнағыларың келді ме? Ендеше мен сендерді қатырып жіберемін, мұзға айналдырамын! Ойын «Қатырамын». 1.Кәне қолдарың қайда, Әдемі билетіңдер Ал енді қатырамын Қолдарыңды тығыңдар! 2. Кәне аяқтарың қайда, Әдемі билетіңдер Ал енді қатырамын Аяқтарыңды тығыңдар! 3.Кәне құлақтарың қайда, Әдемі билетіңдер Ал енді қатырамын Құлақтарыңды тығыңдар! 4.Кәне беттерің қайда, Әдемі билетіңдер Ал енді қатырамын Беттеріңді тығыңдар! Аяз ата: Ой балалар шаршап қалдым. Жүргізуші: Аяз ата отырыңыз демалыңыз балалардың әнін тыңдаңыз. Ән: «Шырша жыры» орындалады Ән: «Шыршаға бардық» орындалады. Жаңа жыл ит келеді балалармен амандасады. Мен сендермен жыл он екі ай бірге боламын. |
Қайсар орындайды. Қайсар Айсезім Гүлім Айдос |
|
Рефлекциялық - түзетушілік |
Аяз ата: Жарайсыңдар балалар! Мен бүгін бір қуантым, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтеріңдер . Барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер. Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар! (Қолдарын бұлғап шығып кетеді). Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Жасыл шырша жанында» атты мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата – аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп, тамашалағандарыңызға рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбасыларыңызға тек бақыт пен Қуаныш әкелсін!!! |
Сау болыңыздар! Рахмет сіздерге! Балаларды сыйлықтарын алды. |
Күтілетін нәтижесі:
Біледі: Жаңа жылдық тақпақ, әндерді айтуды.
Түсінеді: Сұрақтарға толық жауап беру арқылы, сөйлеу мәдениетін игереді.
Меңгереді: Жаңа жылдық ойын ойнауды.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Жасыл шырша жанында" атты тәрбие сағаты

шағым қалдыра аласыз