Жасыл шырша жарқыра!
Ерте.ерте ертеде орманда аңдар тату-тәтті өмір сүріпті.Жаңа –жыл мерекесіне Машаны қонаққа шақырыпты.(Маша кіреді)
Орманға келген Маша жан-жағына таңдана қарап достарын іздепті.
(шырша артынан түлкі қар лақтырады, Маша аңдарды шырша артынан шығарып, бірге билейді)
Би: «Шырша мен аңдар»
Шырша:Маша қош келдің, біз сені көргенімізге өте қуаныштымыз.
Маша:Достарым өте тамаша биледіңдер. Енді орнымызға отырайық. Балалар бүгін Жаңа жыл мерекесі, ендеше бәріміз бірге Аяз ата мен Ақшақарды ортамызға шақырайық.
Маша:
Келші,келші ,кел бізге
Біздің Аяз атамыз.
Көп болсын мерекелер
Көп қызыққа батамыз.
Қане балалар қол шапалақтап Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алайық.
(Әуенмен Аяз атамен Ақшақар кіреді.)
Аяз ата:
Амансың ба ұлдарым,
Амансың ба қыздарым.++
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың.
Асулармен алысқан,
Асау жылмен жарысқан.
Аталарың сендерге,
Шаршап келді-ау алыстан.
Ақшақар: Амансыңдарма достарым.Мен Ақшақармын. Біз Аяз ата екеуіміз сендерді жаңа-жыл мерексімен құттықтау үшін келдік.
Шырша:Қош келдің Аяз ата, Ақшақар
Қарсы аламыз төрлетіңіз
Ән салыңыз бізбен бірге
Ойын ойнап қуаныңыз
Маша:
Аяз ата сіздің келгеніңізге қуаныштымыз, біздің достарымыз сізді өте қатты сағынып қалды,өнерлерін тамашалаңыз.
Ән: «Аяз ата»
Аяз ата:Жарайсыңдар балалар, мен туралы айтқан әндеріңе көп-көп рахмет.Ой мына шыршамыздың шамдары жағылмаптығой.Қане ендеше барлығымыз бірге жағайық.
1.2.3 шырша шамы жан
1.2.3 шырша шамы жан
1.2.3 шырша шамы жан
Шырша:Қандай әдемі шырша шамдары жарқырап тұр.Сізге көп-көп рахмет Аяз ата.
Ақшақар:
Балалар Жаңа жыл мерекесіне біз сендерге өте қызықты ойын алып келдік.Қане ендеше ойын ойнайық.
Ойын: «Қарларды жинаймыз»
Маша:Жарайсыңдар балалар өте тамаша ойнадыңдар.Ал, енді Аяз ата мен Ақшақарымызға тақпақтарымызды айтып берейік.
Тақпақтар:
Маша: Қандай әдемі шыршамыз. Қараймыз баршамыз. Самсаған ойыншықтар Көз қырын салсаңыз. Ендеше шыршамызға арналған әнімізді айтайық.
Ән: «Қандай әсем шыршамыз»
Шырша:
Аяз ата сіз біздің балаларға риза шығарсыз ән айтты, би биледі, ойын ойнады.
Аяз ата: Дұрыс, дұрыс бүлдіршіндер мен сендерге мынадай сыйлықтар алып келдім. Ал енді Ақшақар біздің де басқа балаларға баратын кезіміз келді ғой деймін.
Келе жатқан Жаңа жыл мерекесі құтты болсын!
Бәріміздің деніміз мықты болсын!
Ақшақар:
Жылдан- жылға мерекеге келейік біз,
Балалардың өнерін көрейік біз!
Сау болыңдар балалар!
Маша: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа орап алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн,
Қанаттанып кең алқапқа тарайды.
Жаңа жыл құтты болсын
Шырша:Құрметті қонақтар, балалар осымен «Жасыл шырша жарқыра» атты ертеңгілігіміз соңына жетті.
«Өскемен қалалық әкімділігінің №9 «Арман» балабақша-
бөбекжайы» КМҚК
Тақырыбы: «Жасыл шырша жарқыра!»
«Еркетай»- 1 -ші сәбилер тобы
Топ тәрбиешілері: Нұрсапарова Ж.Қ.
Нургалиева Ш.Қ
2017 ж
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жасыл шырша жарқыра!
Жасыл шырша жарқыра!
Жасыл шырша жарқыра!
Ерте.ерте ертеде орманда аңдар тату-тәтті өмір сүріпті.Жаңа –жыл мерекесіне Машаны қонаққа шақырыпты.(Маша кіреді)
Орманға келген Маша жан-жағына таңдана қарап достарын іздепті.
(шырша артынан түлкі қар лақтырады, Маша аңдарды шырша артынан шығарып, бірге билейді)
Би: «Шырша мен аңдар»
Шырша:Маша қош келдің, біз сені көргенімізге өте қуаныштымыз.
Маша:Достарым өте тамаша биледіңдер. Енді орнымызға отырайық. Балалар бүгін Жаңа жыл мерекесі, ендеше бәріміз бірге Аяз ата мен Ақшақарды ортамызға шақырайық.
Маша:
Келші,келші ,кел бізге
Біздің Аяз атамыз.
Көп болсын мерекелер
Көп қызыққа батамыз.
Қане балалар қол шапалақтап Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алайық.
(Әуенмен Аяз атамен Ақшақар кіреді.)
Аяз ата:
Амансың ба ұлдарым,
Амансың ба қыздарым.++
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың.
Асулармен алысқан,
Асау жылмен жарысқан.
Аталарың сендерге,
Шаршап келді-ау алыстан.
Ақшақар: Амансыңдарма достарым.Мен Ақшақармын. Біз Аяз ата екеуіміз сендерді жаңа-жыл мерексімен құттықтау үшін келдік.
Шырша:Қош келдің Аяз ата, Ақшақар
Қарсы аламыз төрлетіңіз
Ән салыңыз бізбен бірге
Ойын ойнап қуаныңыз
Маша:
Аяз ата сіздің келгеніңізге қуаныштымыз, біздің достарымыз сізді өте қатты сағынып қалды,өнерлерін тамашалаңыз.
Ән: «Аяз ата»
Аяз ата:Жарайсыңдар балалар, мен туралы айтқан әндеріңе көп-көп рахмет.Ой мына шыршамыздың шамдары жағылмаптығой.Қане ендеше барлығымыз бірге жағайық.
1.2.3 шырша шамы жан
1.2.3 шырша шамы жан
1.2.3 шырша шамы жан
Шырша:Қандай әдемі шырша шамдары жарқырап тұр.Сізге көп-көп рахмет Аяз ата.
Ақшақар:
Балалар Жаңа жыл мерекесіне біз сендерге өте қызықты ойын алып келдік.Қане ендеше ойын ойнайық.
Ойын: «Қарларды жинаймыз»
Маша:Жарайсыңдар балалар өте тамаша ойнадыңдар.Ал, енді Аяз ата мен Ақшақарымызға тақпақтарымызды айтып берейік.
Тақпақтар:
Маша: Қандай әдемі шыршамыз. Қараймыз баршамыз. Самсаған ойыншықтар Көз қырын салсаңыз. Ендеше шыршамызға арналған әнімізді айтайық.
Ән: «Қандай әсем шыршамыз»
Шырша:
Аяз ата сіз біздің балаларға риза шығарсыз ән айтты, би биледі, ойын ойнады.
Аяз ата: Дұрыс, дұрыс бүлдіршіндер мен сендерге мынадай сыйлықтар алып келдім. Ал енді Ақшақар біздің де басқа балаларға баратын кезіміз келді ғой деймін.
Келе жатқан Жаңа жыл мерекесі құтты болсын!
Бәріміздің деніміз мықты болсын!
Ақшақар:
Жылдан- жылға мерекеге келейік біз,
Балалардың өнерін көрейік біз!
Сау болыңдар балалар!
Маша: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа орап алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн,
Қанаттанып кең алқапқа тарайды.
Жаңа жыл құтты болсын
Шырша:Құрметті қонақтар, балалар осымен «Жасыл шырша жарқыра» атты ертеңгілігіміз соңына жетті.
«Өскемен қалалық әкімділігінің №9 «Арман» балабақша-
бөбекжайы» КМҚК
Тақырыбы: «Жасыл шырша жарқыра!»
«Еркетай»- 1 -ші сәбилер тобы
Топ тәрбиешілері: Нұрсапарова Ж.Қ.
Нургалиева Ш.Қ
2017 ж
шағым қалдыра аласыз













