Жаңа
сабақ
Мaғынaны тaну. Саралау.
Дереккөздер. Диалог және қолдау көрсету. Мұғaлiм жaңa тaқырыпты ашу
мaқcaтындa оқушылардың назарын қара жәшікке аударады. Қара
жәшіктегі затты анықтау үшін оқушыларға жұмбақ
жасыру. Сөзжұмбақ. (Шешу
арқылы жаңа тақырыптың атын табамыз)
(2
мин)
Материяның өте ұсақ
бөлшегімін
Мені жай көзбен көре
алмайсың.
Алайда өсімдік, адам,
жануарлардың Денелерін мен құраймын.Тапшы, мен
кіммін? Жауабы : Жасуша
2 Жаңа материалды
түсіндіру кезеңі
Жасуша (клетка,
cellula) – дененің ең кішкене құрылыс бірлігі .Жасушаны зерттейтін
ғылымды цитология деп атайды (грекше «цитос» — жасуша, «логос»
—
ғылым). Цитология
ғылымы бір жасушалы, көпжасушалы ағзалар жасушасының құрылысын,
құрамын және қызметін зерттейді. Алғашқы микроскопты XVII ғасырда
ағылшын физигі Роберт Гук (1635—1703 ж.)жасаған. Ол
микроскоппен
1662 жылдан
бастап түрлі объектілерді: тығын шұрықтарын (пораларын), кымыздық,
қамыс және басқалардың ішкі қуыстарын көрді. Гуктің микроскопы
қаралатын затты жүз еседен астам ғана үлкейтіп көрсететін
болған. Роберт Гук өсімдіктерді микроскоп арқылы қарап отырып,
олардың ұлпаларынан ара ұясы тәрізденген құрылысты тапқан.Ол осы
ұяларды грексөзімен «целлюлоза» — «жасуша» деп
атады.
Жасуша цитоплазма
мен ядродан тұрады.
Ядро (nucleus) –
жасушаның негізгі бөлігі. Ол көбіне жасушаның орталығында
орналасады. Ядро бір немесе бірнешеу болуы мүмкін. Көбіне жасуша
бір ядролы
болады. Ядроның
да пішіні әр түрлі: домалақ, сопақ, таяқша т.б. болуы
мүмкін.Ядроның пішіні оның тіршілік әрекетіне байланысты өзгереді.
Ядрода дизоксирибонуклеин қышқылы бар. Дизоксирибонуклеин
қышқылында нәсілден
нәсілге өтетін
хабаршы “ген” сақталады.
Ядро қабығы
ядроны цитоплазмадан бөліп
тұрады.
Цитоплазма –
жасушаның негізгі бөлігі. Оның құрамында гиалоплазма және
органеллалар мен кіріспелер болады. Оның құрылысында тұрақты
органеллалар болады. Органеллолар ядро мен цитоплазманың байланысын
қамтамасыз етеді, жасушаның қалыпты қызметіне жағдай туғызады.
Жасушаның
органеллаларына
митохондриялар,
эндоплазмалық тор, Гольджи аппараты, жасуша
орталығы,
лизосомдар
жатады. Олар жасушада әр түрлі қызмет
атқарады.
Эндоплазмалық тор
ақуыздың синтезделуіне қатынасады, ал митохондриялар протеиндер мен
ферменттерге бай. Олар негізінен жасушаның энергия көзі болып
саналады. Жасуша орталығы – домалақ дене. Оның ішінде екі қатты
дене – центирололар
болады.
Гольджи аппаратын
1898 жылы жүйке
жасушаларынан
тапөан итальяндық
ғалым Камило Гольджи құрметіне атаған. Ол барлық жасушада
кездеседі. Оның жасушадағы қызметі толық
анықталмаған.
Жасушаның
цитоплазмасында органеллалармен бірге ақуыз, май, көмірсу, нуклеин
қышқылы, ферменттер, бейорганикалық заттар, су, липидтер болады.
Цитоплазмада 5%-тен 8 %-ге жуық ақуыз, 1-5% көмірсу, 5-9% май
болады. Су жасушаның 75-85% салмағын алады. Бейорганикалық заттар –
калий, магний тұздары,
нуклеин
қышқылдары. Ақуыз
жасушадағы су мен тұздар, сонымен бірге оның осмотик қысымын,
электрлік зарядын қамтамасыз етеді. Нуклеин қышқылы
ақуыздың
биосинтезіне
қатынасады. Биосинтездің негізінде дененің дамуы, өсу механизмі,
нәсілден нәсілге өтетін белгілер қалыпты жағдайда
сақталады.
(5
мин)
3. Бейнеролик
көрсету (3
мин)
4.«Миға шабуыл»
әдісі
1.Ұлғайтқыш
құралдардың қандай түрлері
бар?
2.Микроскопқа
қажетті құрал жабдықтар?
3.Микроскоппен жұмыс
істеу тәртібі

2.Оқушыларға қосымша конверт
беріледі.Әр оқушы мұғалім ұсынған жасуша микропрепаратын дайындау
кезеңдері бар карточканы дұрыс реттілікте орналастырады.
Микропрепарат әзірлеу
реттілігі

Микропрепарат әзірлеу
(5мин)
Жұмыстың
барысы: Пияздан шамамен 1 шаршы см
бөлігін кесіп алу. Пинцеттің көмегімен ішкі жағынан жұқа өңін сылып
алып, оны заттық шынының ортасына тамызылған судың үстіне
орналастыру. Үстіне бір тамшы йод тамызып, оны жұқа жабын шынымен
жабу. Заттық шыныны микроскоптың заттық үстелшесіне орналастырып,
екі жағынан бекіту. Дайын пияз өңінің микропрепаратын микроскоптан
қарау.
Микроскоппен жұмыс
істегенде мынадай ережелер есте болуы
керек:
-
Микроскопты бір
орынға орнықтырып қойғанна кейін жұмыс істеп біткенше екінші орынға
жылжытуға болмайды,жылжытса обьект көрінбей
қалады;
-
алдымен айнамен
жарық түсіріледі егер микроскопта обьектив екеу болса (бірі кіші
,екіншісі –үлкен )алдымен кіші обьективпен қарайды
;
-
Микроскопты
бірқалыпты температурада сақтайды ,қалай болса ,солай қоя салса
,шаң басып әйнектері күңгірттеніп
бұзылады;
-
Жұмсақ құрғақ
шүберекпен окуляр мен обективтің сыртқы линзаларын сүртіп тазалайды
;
-
Микроскоп өте
күрделі құрал болғандықтан оны химиялық реактивтермен қоюға
болмайды
(2мин)
Сергіту
сәті
5. «Сандар сөйлейді
»әдісі
Үш топқа жылдар
жасырылады,оқушылар сол жылдарда қандай жаңалық ашылды соны айтады.
(3 мин)
6. «
Learning
Apps» программасы арқылы тапсырма
беріледі Сәйкестендіру
(5мин)
7. Сабақты бекіту
мақсатында екі топқа плакат,ал 1 топқа
ермексаз таратылып беріледі
«Жасуша
моделін» әзірлейді. Модельдегі әр компоненттің
қызметін көрсетеді. Оқушылар мұғалім ұсынған дұрыс жауаптардың
көмегімен өзара бағалау жүргізеді. (5
мин)
|