Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Жасушалардың негізгі компоненттерін анықтау»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Биология пәнінен «Жасушалардың негізгі компоненттерін анықтау» тақырыбындағы ашық сабақ
-
Ұйымдастыру кезеңі (5 мин)
-
Үй тапсырмасын тексеру (20 мин)
Тақырыбы: Микроскоптардың үлкейту және айқындау мүмкіндіктері арасындағы айырмашылықтар
Жоспар:
1.Микроскоптың құрылысы
2.Электронды және жарық микроскопы
1-тапсырма: 3 топқа микроскоптың суреті таратылады. Студенттер құрылысын анықтайды.
2-тапсырма: Электронды микроскоп пен жарық микроскопының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын сипаттаңыз.
-
Жаңа сабақ. Жасушалардың негізгі компоненттерін анықтау (20 мин)
Жоспар:
1. Жасуша компоненттерін анықтау
2. Жасуша компоненттерінің қызметтерін талдау
-
Бекіту. (30 мин)
Презентация бойынша түрлі тапсырмалар: Биологиялық диктант, Ойлан тап, Кім жылдам?, Сәйкестендіру, Аукцион ойыны.
-
Бағалау және рефлексия (10 мин)
-
Үйге тапсырма беру (3 мин)
-
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі (2 мин)
Пәні: Биология
Сабақтың тақырыбы: Жасушалардың негізгі компоненттерін анықтау
Уақыты: 90 мин
Мақсаты (оқу нәтижелері): Жасушалардың негізгі органоидтерін анықтау;
Міндеттері (бағалау критерийлері): Жасушалардың негізгі компоненттерінің құрылысын талдау;
Күтілетін нәтижелер: Жасушалардың негізгі компоненттерінің қызметтерін біледі;
Сабақ әдістері: Түсіндіру,баяндау, ой қозғау, ой дамыту,сұрақ – жауап, интеллектуалды ойын.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақ көрнекілігі: Оқу құралдары, интерактивті тақта, бейнематериал, презентация.
Пән аралық байланыс: Биохимия, Цитология
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (5 мин)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (20 мин)
Тақырыбы: Микроскоптардың үлкейту және айқындау мүмкіндіктері арасындағы айырмашылықтар
Жоспар:
1.Микроскоптың құрылысы
2.Электронды және жарық микроскопы
1-тапсырма: 3 топқа микроскоптың суреті таратылады. Студенттер құрылысын анықтайды.
2-тапсырма: Электронды микроскоп пен жарық микроскопының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын сипаттаңыз.
Микроскоп түрі |
Ұқсастықтары |
Айырмашылықтары |
Электронды микроскоп |
|
|
Жарық микроскопы |
|
|
ІІІ. Жаңа сабақ (20 мин) Жасушалардың негізгі компоненттерін анықтау (Youtube желісінен видеоматериал)
Сабақ тақырыбы: Жасушалардың негізгі компоненттерін анықтау
Сабақ жоспары:
1. Жасуша компоненттерін анықтау
2. Жасуша компоненттерінің қызметтерін талдау
Жасуша компоненттерін анықтау. Кәдімгі эукариот жасушасының үш бөліктен: қабықша, цитоплазма мен ядродан тұратыны белгілі. Прокариот жасушаларында ядро болмайды, ол қабықша мен цитоплазмадан тұрады. Демек, барлық жасуша үшін қабықша мен цитоплазма міндетті болып табылады. Цитоплазмада жасушаның барлық құрылымы-органоидтері болады.Осы жерде тіршілікті қамтамасыз ететін үдерістер кешені жүреді. Тек вирустардың тіршілігі жасушасыз формада өтеді.
«Жасуша» терминін ғылымға 1665 жылы ағылшын жаратылыстанушысы Р.Гук (1635 – 1703) енгізген. Тіршілікті жасуша тұрғысынан зерттеу – қазіргі заманғы биологиялық зерттеулердің негізі.
Жасушаны қоршаған ортадан шектейтін қабықша жасушаның сыртқы мембранасы немесе плазмалық мембрана немесе плазмолемма деп аталады.Жануарлар жасушасы үшін жасуша мембранасы тән. Өсімдік, саңырауқұлақ және бактерия жасушаларында жасуша қабырғасы болады.Бұл – жасуша мембранасының сыртында болатын қатты құрылым.Жасуша қабырғасы жауып тұратын жасушалар жиырылып, пішінін өзгерте алмайды.Бұл саңырауқұлақтар мен өсімдіктердің қозғалу қабілетінің болмауының бір себебі.Өсімдіктерде жасуша қабырғасының заты - целлюлоза, ал саңырауқұлақтарда – хитин, бактерияларда - муреин болып табылады.Жасуша қабырғасы жасушаға қаттылық қасиет береді, тірек және қорғаныш қызметін атқарады. Бактериялар, кейбір балдырлар және төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың жасушаларында жасуша қабырғасының сыртында шырышты қабықша (капсула) болады.
Жасуша органоидтарының құрылысы және қызметтері. Жасуша. Жасуша- тірі организмдердің (вирустардан басқа) құрылымының еңқарапайым бөлігі, құрылысы мен тіршілігінің негізі; жеке тіршілік етеалатын қарапайым тірі жүйе. Жасуша өз алдына жеке организм ретінде (бактерияда, қарапайымдарда,кейбір балдырлар мен саңырауқұлақтарда) немесе көпжасушалы жануарлар, өсімдіктер және саңырауқұлақтардың тіндері мен ұлпаларының құрамында кездеседі. Тек вирустардың тіршілігі жасушасыз формада өтеді. «Жасуша» терминін ғылымға 1665 жылы ағылшын жаратылыстанушысы Р.Гук (1635–1703) енгізген. Тіршілікті жасуша тұрғысынан зерттеу – қазіргі заманғы биологиялық зерттеулердің негізі. Жасуша құрамына кіретін органоидтар: рибосома, митохондрия, эндоплазмалық тор,Гольджи кешені, лизосома, клеткалық мембрана ядро цитоплазма.
Жасуша компоненттерінің қызметтерін талдау. Жасуша қабырғасы - цитоплазмалық мембрананың сыртында орналасқан және құрылымдық, қорғаныс және тасымалдау функцияларын орындайтын жасуша қабығының бөлігі. Көптеген бактерияларда, архейлерде, саңырауқұлақтарда және өсімдіктерде кездеседі. Жануарлар мен көптеген қарапайымдыларда жасуша қабырғасы болмайды.
Ядро (nucleus) жануарлар мен өсімдіктер жасушаларының ең маңызды құрам бөлігі.Ядро тұқым қуалаушылық (генетика) ақпараттың сақталуы және осыған байланысты жасуша цитоплазмасындағы белоктар мен ферменттердің түзілуін қамтамасыз етеді. Ядроны алғаш рет тауықтың жұмыртқа жасушасынан байқаған 1825ж. Чех ғалымы Я.Пуркине (1787–1869) болды. Ядроны өсімдіктер жасушасынан ағылшын ботанигі Р.Броун (1831–33),ал жануарлар жасушасынан Т.Шванн (1838–39) анықтады. Ядро кариолеммадан (ядро қабықшасы), хромосомалардан, ядрошықтан және кариоплазмадан (ядро сөлі, шырыны). Кариолемма ядроны жасуша цитоплазмасынан бөліп тұрады. Ол сыртқы және ішкі жарғақшалардан және олардың аралығындағы жарғақаралық (перинуклеарлы) кеңістіктен тұрады. Кариолеммада көптеген ұсақ тесіктер болады. Олардың саны жасушадағы түзіліс процестерінің белсенділігіне байланысты. Түзіліс процесі күшейген сайын, тесіктер саны да көбейеді. Ядро қабықшасы тесіктері арқылы жасуша цитоплазмасы мен ядро аралығында зат алмасу процесі (белоктар, көмірсулар, майлар, нуклеин қышқылдары, су, әр түрлі иондар) үздіксіз жүріп отырады. Кариолемма тесіктері арқылы ядро цитоплазмалық тормен, одан әрі жасушаны қоршаған ортамен байланысады. Ядроның біркелкі қоймалжың сұйық бөлігі кариоплазма деп аталады. Оның құрамына су, белок, көмірсулар, нуклеопротеидтер, витаминдер, ферменттер, минералды тұздар иондары кіреді. Кариоплазма митоз кезінде цитоплазмамен қосылып кетеді. Ол ядроның құрам бөліктерін байланыстырып тұрады. Ядро құрамындағы қара-көк түске боялған, дөңгелек келген денешікті ядрошық деп атайды. Оның мөлшері 1–5 мкм, оның негізін жуандығы 60–80 нм жіпше торы құрайды. Ядрошықтың саны 1–2, кейде одан да көп болуы мүмкін. Ядрошық нуклеопротеидтен (РНҚ және белок) құралған. Онда рибосомалық РНҚ (р-РНҚ) және рибосомалар түзіледі.
Цитоплазма (гр. kytos—жасуша және гр.плазма қалыптасқан)—жасуша жарғақшасы мен ядро арасын толтырып тұратын қоймалжың сұйықтық. Клетка цитоплазмасының сырты плазмолеммамен қапталған.
Плазмолемма — Цитоплазманың ақуызды-билипидті қабықшасы, оның орт.қалыңд. 6—10 нм, құрамында ферменттер болады. Ол жасуша мен оны қоршаған орта арасындағы зат алмасу процесін. Тірі ағзалардың құрамына кіретін қамтамасыз етеді. Цитоплазманың жасушаларды екі топқа бөлуге болады: негізгі ядро қабаты болмайтыны прокариоттар құрамы гиалоплазмадан, органеллларда оларға көк жасыл балдырлар және н және қосындылардан тұрады. бактериялар жатады, ядро қабаты жақсы жетілгені эукариоттар, бұған өсімдіктер мен жануарлар жасушалары жатады.
Гиалоплазма - цитоплазманың нағыз ішкі ортасын түзетін, оның негізгі плазмасы. Онда ақуыз молекулалары кешендерінің түзілуі мен ыдырау процестері үздіксіз жүріп жатады. Гиалоплазма (гр. hyalinos — мөлдір, шыны тәрізді; гр. plasmos — плазма) — жануарлар және өсімдік жасушалары цитоплазмасының органеллалар (тұрақты кездесетін құрылымдар - жасушаның тым ұсақ мүшелері) мен қосындылар (тұрақсыз құрылымдар) орналасатын біркелкі қоймалжың заты, жасуша цитоплазмасының негізгі заты. Гиалоплазма жасушаның ішкі ортасын құрайды. Гиалоплазманың құрамына негізінен глобулалы протеиндер кіреді. Олар жалпы жасуша протеиндерінің 20-25%құрайды. Гиалоплазмада қант, азоттық негіздер, амин қышқылдары, липидтер т.б. қосылыстар метаболизмінің ферменттері болады. Гиалоплазмадағы бос рибосомалар мен полисомаларда жасушаның өз керегіне пайдаланылатын протеиндер түзіледі.Рибосома (лат. rіbes — ағыс және грек. some — дене) ақуыз синтезін жүзеге асыратын жасуша-ішілік органоид.
Рибосомалар екі орташа: үлкен және кіші өлшем бірлігінен тұрады. Нәруыздар биосинтезін (нәруызда аминқышқылдарды қосады) іске асырады. Рибосома тірі организмдердің барлығынан дерлік табылған. Әр жасушада шамамен 1000-нан 10000-ға дейін Рибосомалар болады. Шамамен диам. 20 нм-дей. Рибосомалар екі класқа бөлінеді: 70S және 80S (S-седиментация коэфф., Сведберг бірлігі). 70S Рибосома ядросы жоқ прокариоттар жасушаларында, ал 80S Р-лар эукариоттардың цитоплазмасында болады. Химиялық құрамы жағынан Р-лар РНІ-нан және ақуыздардан тұратын нуклеопротеид болып саналады. 70SBold textРибосомасының 60 — 65%-ы РНҚ және 35 — 40%-ы ақуыздан, ал 80S Рибосомасының 50%-ы РНҚ-дан, 50%-ы ақуыздан құралады. Құрылымы жағынан Рибосомалар үлкен және кіші суббөліктерден тұрады.Рибосомалар цитоплазмада топтасы (5-70тен) орналасып, полисомалар(полирибосома) түзеді. Рибонуклеопротеидтен құралған ( пен РНҚ) рибосомалар жасуша цитоплазмасында базофилді боялады, олардың құрамында ферменттер де кездеседі. Олар жасуша цитоплазмасындағы Mg иондарының концентрациясына байланысты диссоциацияланып (молек. ыдырауы) және реассоциацияланып (молекулалардың қайта бірігуі) отырады. Рибосомалар жасушада ақуыз синтезіне қатысатын құраушыларды ұстап тұру, оларды бір-бірімен байланыстыру қызметін атқарады.
Митохондрия. Митохондриялар (грекше митос — жіп және хондрион — түйіршік) — жіпше және түйіршік тәрізді органоид. Ол автотрофты және гетеротрофты организмдердің цитоплазмасында кездеседі. Митохондрияларды ең бірінші 1850 жылы P.А.Келликер жәндіктердің бұлшық еттерінен байкады, оған «сарқосома» деген термин берді (Бұлшық еттегі митохондрияларды осы кезге дейін осылай атап жүр). Альтман (1890 жылы) арнаулы бояулар арқылы митохондриялардың анық көрінетінін дәлелдеп, оларды «биобластылар» деп атады. Бенде 1898 жылы Бұл органоидка митохондриялар деген ат берді. Михаэлис тірі жасушалардың митохондрияларын жасыл янус бояуымен бояп, оларды ң жасушадағы тотығу процестерімен байланысы бар екенін атап көрсетті. Митохондрияда синтезделген АТФ молекуласы еркін жылжып цитоплазмаға, одан ядроға және әр түрлі органоидтарға өтіп, биохимиялық реакцияларға жұмсалады. Митохондриялық ДНҚ ішкі жарғақшаны құрайтын кейбір ақуызды синтездейді. Ол ақуыз,май, нуклеин қышқылдарынан бас қа зат алмасуға белсенді қатысатын ферменттерден және А,С дәрумендерінен тұрады. Жаңа митохондриялар бұрынғы митохондриялардың бөлінуі арқылы пайда болады.
Эндоплазмалық тор (эндоплазматическая сеть); (reti-culum endoplasmaticum, лат. reticulum — тор, лат. endoplasmaticum — эндоплазмалық) — ұзынша келген қуысты түтікшелер мен өзекшелерден тұратын, қабырғасы биологиялық жарғақтармен шектелген жасуша цитоплазмасының органелласы. Эндоплазмалық тор (цитоплазмалық тор): дәншелі (гранулалы) және дәншесіз (агранулалы) эндоплазмалық тор болып екіге бөлінеді.
Гранулалы эндоплазмалық тор жарғақтарының қабырғаларында рибосомалар орналасады, ал агранулалы эндоплазмалық тор қабырғаларында рибосомалар болмайды. Эндоплазмалық тор жасуша цитоплазмасында жеке не топтаса орналасады. Бауыр гепатоциттерінде және кейбір нейроциттерде агранулалы эндоплазмалық тор жеке аймақтарға жинақталып жатады. Гранулалы эндоплазмалық торда ас қорыту ферменттері, жарғақтық интегральды протеиндер түзіледі.
Агранулалы эндоплазмалық торда полисахаридтер (гликогеннің түзілуі мен ыдырауы), жасуша жарғағы құрамына кіретін липидтер мен стероидты гормондардың түзілу процестері жүреді. Бұнымен қатар, органелла әртүрлі иондар мен қоректік заттарды тасымалдайды, зиянды заттарды бейтараптандырып, сыртқа шығарады (гепатоциттерде), ядро қабықшасы — кариолемманы плазмолеммамен байланыстырады.
Гольджи аппараты –– жасуша биосинтезінің өнімдерін түзілу және тасымалдау қызметін атқаратын мүшесі. Гольджи аппараты бөліктері жалпақ пішінді іші қуыс бірінін үстіне бірі қаланып орналасқан. 1898 жылы итальян ғалымы Гольджи жануарлар жасушаларынан тапқандықтан бұл органоид осы ғалымның есімімен аталды. Өсімдіктер мен қарапайымдылар жасушаларындағы Гольджи жиынтығының пішіні әр түрлі болады. Көп жағдайда орақ немесе таяқша пішінде жеке денешіктер түрінде кездеседі. Оның жарғақтары жасуша цитоплазмасының барлығына таралмайды. Олар ядроға жақын орналасады және қуыс цистерна түзеді. Қуыс цистернадан біртіндеп жарғақшалық көпіршіктер диктисомалар баулықсызданады. Гольджи жиынтығында рибосомалар болмайды,сондықтан да ол ешқашан нәруыз синтездемейді. Алайда онда көмірсулар мен липидтердің синтезі және жаңару процесі болады. Заттардың жасушаішілік тасымалдануы қосалқы қызмет атқарады. Гольджи жиынтығы ең алдымен синтезделген заттарды жарғақшалық көпіршіктерге орналастырады. Көпіршіктерге жасушалардан шығарылуы тиісті зат алмасудың зиянды қалдықтарының да түсуі мүмкін. Көпіршіктер басқа ағза бөліктеріне қажетті заттарды көпіршіктерге орналастырады. Мысалы,мұның гормондар мен азықтық ферменттер болуы да мүмкін. Гольджи жиынтығынан баулықтанған көпіршіктердің экзоцитозы кезінде көпіршіктегілерді жасушадан шығарып,сыртқы жарғақшаларды қалпына келтіреді. Бұл органоид лизосомалар жарғақшаларын да қалыптастырады.
Лизосома (гр. 'λύσις' – еру және sōma – дене) – жануарлар мен саңырауқұлақ жасушасының органелласы, жасуша ішінде ас қорыту қызметін атқаратын және гидролиттік ферменттердің қор ретінде жиналатын орны. Оның диам. 0,2 – 0,7 мкм. Лизосома — торшалар органоиды. Олардың құрамына гидролиттік ферменттер тобы қышқыл фосфатаза, нуклеаза, протеазалар, гликозидазалар т. б. (барлығы 20-дан астам) кіреді. Лизосома торшаның өзінің (аутолиз) және оның ішіне кірген заттардың ыдырауына қатынасады. Лизосома құрамына кіретін ферменттер торша және белоктарының жетілуіне (процессинг) қатынасады. Клеткалық мембрана.
Клеткалық мембрана - жасушаның және жасуша ішіндегі бөлшектердің (ядро, митохондрии, хлоропластар, пластидтер) бетінде орналасқан молекулалық мөлшердегі (қалыңдығы 5 — 10 нм), ақуызды-липидтік құрылымды жұқа қабықша.
Биологиялық мембрана — аса күрделі құрылымды зат. концентрациясын, олардың тасымалын, оның құрамында ферменттік белоктар, ерекше және алмасуын реттейді. Клетканың рецепторлар, электрондарды тасымалдаушы, энергияны протоплазмасын қоршап тұрған өңдеуші құрылымдар сонымен қатар гликопротеиндер мен биологиялық мембрана жасушалық гликолипидтер болады. Клеткалық нәруыздардың көпшілігі мембрананы тесіп өтіп орналасса, ал кейбірі оған жартылай ғана еніп немесе жанасып жатады. Мембраналық липидті молекулалардан тұрады. белоктар түрлі қызмет (мысалы, гликопротеиндер антиген Биологиялық мембрананың құрылымы рөлін) атқарады. Кейбір химиялық реакциялар (мысалы, мен ерекшелігі туралы нақты ғылыми хлоропластарда жүретін фотосинтездің жарық реакциялары мәліметтер 20 ғасырдың басында немесе митохондриидағы тотыға фосфорлану процесі) белгілі болды. биологиялық мембрананың өзінде жүреді.
ІV. Бекіту (30 мин)
Презентация бойынша түрлі тапсырмалар: Биологиялық диктант, Ойлан тап, Кім жылдам?, Сәйкестендіру, Аукцион ойыны.
1. Биологиялық диктант
«+» - дұрыс, «-» - қате
1.Жасуша - барлық тірі организмдердің ең кіші өлшем бірлігі. +