ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Жаттығулар жасап жаттығайық
(мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестерін дамытуға арналған жаттығулар жинағы)

Жинақтаған: Адильжанова Нұргүл Исмагулқызы
Жинаққа мектеп жасына дейінгі баланың әртүрлі танымдық процестерін, атап айтсақ, қабылдау қабілетін, есте сақтау, зейінді тұрақтандыруға, ойлауды, қиялды дамытуға арналған жаттығулар енді.
Бұл жинақ колледж студенттеріне, балабақша тәрбиешілеріне, психологтарына арналған.
Алғы сөз
Ойын — бала әрекетінің негізі бip түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі 6ip буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен, кез келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар-құрбыларымен бірлесіп ойнайды, ойын арқылы 6ip-6ipiмен өзара карым-қатынас жасайды. Ал мұның өзi оның дамуы үшін ерекше маңызы бар фактор екендігі түciнiктi. Ойын баланың түрлі қасиеттерін дамытатынын, мұнда да баланың қабілеті, белсенділігі 6ip сыдырғы байқалатынын А. С. Макаренко өте жақсы көрсетті «Үлкендер өмipi үшін жұмыс, қызмет етеу, әрекет ету қандай орын алатын болса,— деп жазды ол,— балалар өмірнде ойын да сондай үлкен маңызды. Ойында бала қандай болса, өскеннен кейін жұмыста көбінесе сондай болады. Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу бәрінен бұрын ойын арқылы болады».
Keйбip шетел психологтары ойынды көбінесе санасыз инстинктерге балайды. Мәселен, олардың бipi жануар төлі мен адам баласының ойынының арасындағы айырмашылықты жоққа шығарса (К. Гросс), екіншілері—
А.С. Макаренко ойын баланың артық энергиясын сыртқа шығаратын тәсіл дейді (Г. Спенсер), ал үшінші біреулері — ойынды жай рақат табудың 6ip көзі (К. Бюлер) деп қарайды
Ойынсыз толық ой дамуы жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дегеніміз орасан зор жарық терезе, осы терезе арқылы баланың рухани дүниесіне қоршаған орта туралы түсініктердің, ұғымдардың ширақ тасқыны келіп құйылады. Ойын бұл құштарлықтардың отын жағатын ұшқын.
Балабақшада сөздік ойындардың алатын орны ерекше, ойын сабақтың әр бөлігінде, әр мақсатта жекеленіп, дараланып қолданылады. Балаларды өз бетінше шығармашылықпен жұмыс жүргізуге үйретеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеп алу негізінде анықталады.
Қорыта келгенде, балабақшаның оқу үрдісінде ойынды пайдалану біріншіден, балаларға білімді берік меңгерту құралы болса, екіншіден, баланың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, көңіл -күйін көтеру блып табылады.
Сенсорлық даму. Бала заттардың түсін, пішінін, мөлшерін және олардың кеңістіктегі орналасуын айырып қана қоймай, оған ұсынылған заттардың түрін, пішінін дұрыс атай алады, заттарды мөлшеріне қарай сәйкестендіріп анықтай алады. Олар қарапайым пішіндерді бейнелеп, оларды берілген түске бояй алады. Сенсорлық дамуда мына ойын түрін өткізуге болады:
Әр түрлі көлемдегі сақиналардан мысықты құрастыру ойыны
Дидактикалық міндеті: Балаларды әр түрлі көлемдегі сақиналарды ажыратып, оларды көлемінің кішіреюіне қарай, түсін ажыратып, ретімен орналастыра білуге үйрету.
Тәрбиеші көлемі әр түрлі сақиналарды балаларға салыстырып көрсетеді. Олардың түсін ажыратады. Негізінен ол түстер: қызыл, көк, сары, қара, жасыл болады. Ал мысықтың басы ақ болады. Оның көзі мен мұртының түсіне де балалар ажырату керек. Енді ең үлкен сақинаны алады, ол көк түсті оның үстіне көлемі одан сәл кіші қызыл сақинаны қояды, одан көлемі кішірек сары сақиналы қойып, мысықтың мойны иілгенге дейін сақиналарды ретімен жинастырады. Әрі оның түсін айтады. Міне, осылай, іс-әрекеттің біртіндеп істелуі арқылы мысықты құрай отырып, оның денесінің әр түрлі көлемдегі сақиналардан тұратынын меңгереді. Егер көлемінің кішіреюіне байланысты сақиналар қойылмаса, мысықтың денесі дұрыс жиналмайды. Балалардың өз беттерімен жұмысы кезінде мысықтың денесі мен басын дұрыс жинап шығаруға назар аудару қажет. Әрі бала өзінің жинастырған затының түстерін, көлемінің үлкен, кіші екенін ажырата білуі керек.
Тіл. Мектепке барар алдында баланың сөздік қоры үлкен кісілермен кәдімгі өмірдің өзіне қатысты кез-келген мәселесі бойынша түсінісе алатындай дәрежеге жетеді. Алты жасар бала түсінікті тілмен – контексті тілмен, қатынас жасай алады, яғни не туралы айтылу керектігін жеткілікті түрде толық сипаттан бере алатын тіл деңгейінде, сондықтан да талқыланатын жағдай тікелей қабылдаусыз да толық түсінікті болады. Балалардың тілін дамыту үшін мына ойын қолданылды, мысалы:
Жаңбыр жауды
Сабақтың мақсаты. Серуен сәттерінде табиғат құбылыстарын түсіндіру арқылы балалардың танымдық білімін тереңдете түсумен қатар тілін дамыту, сезімін ояту, аспан, қолшатыр, күн, бұлт сөздерін түсіндіру.
Керекті құралдар. Жаңбыр нөсерлеп жауып тұрғанын бейнелейтін суреттер және қолшатыр немесе оның суреті.
Сабақтың барысы. Психолог балалармен бірге серуенге шыққанда «Айша апай мен балалар» деген әңгімені сурет көрсете отырып, балаларға айтып береді. «Бір күні Айша апай балалармен бірге серуенге шықты. Ауа райы бұлтты болған соң, Айша апай жауын жауып қалар деп, қолшатырын алды. Олар көңілді серуендеп жүрген кезде, жаңбыр жауа бастады. Айша апай мен бүлдіршіндер қолшатырларды төбелеріне ұстап, су болмай қайтты». Міне, осы қысқа әңгіме бойынша балаларға көптеген сұрақтар қойылады:
-
Балалар, жаңбыр жауғанда сендердей кішкентай бүлдіршіндер қайда тығылады?
-
Қолшатырдың астында.
-
Аспанда бұлт қаптаса не болады екен?
-
Жаңбыр жауады.
-
Дұрыс айтасыңдар. Ал жаңбыр қалай жауады?
-
Тамшылап.
-
Кәне, «аспан», «жаңбыр», «тамшы», «су» деген сөздерді бәріміз бірігіп қайталайықшы.
Балалар осы сөздерді түгел қосылып айтады. Психолог:
-
Айша апайларың ақылды екен. Өйткені күннің жауатынын алдын ала біліп, балаларды жауратып алмау үшін, тапқырлық танытты.
-
Балалар, енді «Жаңбыр мен күн» ойынын ойнаймыз.
Осы сәтте жылдам ырғақты ән әуені күйтабақтан беріледі. Балалар екі қолын құлағының үстіне қойып, қоян секілді секіреді және қолдарын жоғары көтеріп, еркін демалады. Осыдан кейін психолог «Балалар, жаңбыр жауды», -дейді. Балалар көңілді дауыспен шұрқыласып, психологқа қарай жүгіреді. Психолог бір-екі қолшатырды ашып, балаларды паналатады.
-
Балалар, серуенге қолшатыр алғанымыз дұрыс болды ма?
-
Иә, дұрыс болды.
-
Балалар, енді жаңбыр тоқтады, күн ашылды, қайтадан серуендейік. Осылай, ойын екі-үш рет қайталанады.
Нұсқау. Осылай балалардың танымын кеңейте отырып, жаңбыр кезінде ауладағы қалқаның астында ойынды түрлендіріп, табиғатпен байланыстырып, психологтың іскерлігіне, шеберлігіне қарай әр түрлі тәсілдерді іздестіруге болады.

Зейін тікелей қызығушылықпен байланысты, өйткені қызықты іске бала көңілі тез ауады. Ерік күшін талап ететін ырықты зейін әлі де болса нашар дамыған. Айналаны зерттеуге бағытталған баланың танымдық белсенділігі, оның зейінін зерттеу объектілерге қызығушылығы жоғалғанша аударады. Балаға зейінді тәрбиелеуде көмектесу қажет. Үлкендер сөз нұсқаулары арқылы баланың зейінін ұйымдастыра алады. Дегенмен де, балалар өз тәртіптерін еркін реттей алса да, ырықсыз зейін басым болады. Балаларға біркелкі жалықтыратын және тартымдылығы аз іс-әрекетпен айналысу өте қиын. Зейіннің бұл ерекшелігі сабақтарда ойын элементтерін енгізуге және іс-әрекет түрлерін жеткілікті ауыстырып отыруға негізгі себеп болып табылады. Мысал алатын болсақ, мына ойынды қолдануға болады:
Зейінді аудару қабілетін дамыту ойыны
Балаға әр түрлі сөздерді атаңыз: үстел, кереует, қарындаш, дәптер, кітап, тоғай, шанышқы және т.б. Ол келісім бойынша белгілі бір сөздерге қимылмен жауап беруі керек. Бала мұқият тыңдайды да, мысалы, жануарды білдіретін сөздерді естіген кезде алақанын соғады. Егер бадла шатасып кетсе, тапсырманы қайталаңыз.
Екінші сериясында келіскендей, өсімдіктерді білдіретін сөзді естіген кезде, балаға орнынан тұруды ұсыныңыз.
Үшінші сериясында бірінші және екінші тапсырманы біріктіруге болады, яни жануарды білдіретін сөздерді естіген кезде алақанын соғады, өсімдіктерді білдіретін сөзді естіген кезде, орнынан тұрады.
Осындай және осыған ұқсас жаттығулар зейінділікті, зейіннің бөлінгіштік және аудару жылдамдығын дамытады, ал сонымен бірге баланың ой-өрісін кеңе йтіп, танымдық белсенділігін арттырады.
Шапалақ
Балалар шеңберге тұрып қолдарын созады. Тәрбиеші 3 деген кезде, барлықтары бір уақытта қолдарымен шапалақ соғуға тиісті.
Балалар сендердің көңіл-күйлерің қандай?
Сендер көңіл – күйлеріміз жақсы дедіңдер. Енді осы жақсы көңіл – күйлеріңді көрсетіңіздерші.
-
Көңілді болғанда не істейміз?
-
Ренжігенде...
-
Қорыққанда...
-
Қуанғанда...
-
Таң қалғанда...
Шапалақты тыңда
Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші алақанын соққанда балалар бір аяқпен, екі рет шапалақтағанда қолдарын екі жаққа созып, үш рет шапалақтағанда жүруін жалғастырады.
Қанша дыбыс естідіңдер?
Жүргізуші бірнеше рет қарындашпен үстелді соғады. Ал, балалар естіген дыбыстарын саусқпен көрсетеді.
Мен жеңімпазбын
Орындықтарды ортаға қойып, музыка әуені ойнағанда балалар шеңбермен айналып жүгіреді. Орындықтар саны балалар санынан 1 санға кем болуы керек. Ең соңында қалған бала орындықтың үстіне шығып, мен жеңімпазбын деп айтуы керек.
Құлақ – мұрын
Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші: құлақ – деп мұрнын ұстайды. Ал балалар айтылған мүшені дұрыс көрсетулері тиіс. Жүргізуші балалардың зейіні мен қабылдауын тексеру мақсатында оларды шатастырып атайды.
Өз орныңды тап
Балалар қатармен тұрады. Әр баланың қолында әр түрлі сандар. Жүргізуші белгі берген уақытта балалар сандардың реті бойынша тұруға тиісті. Ойын бірнеше рет қайталанады. Балалардың орындарын шатастырып алмауы қадағаланады.
Дайын бол
Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші бір сөз айтады, ал балалар сол сөзді іс – қимылмен көрсетеді. Мысалы: қоян – секіреді, құс – ұшады т.с.с.
Зейінді бол
Балалар шеңберде тұрады. Жүргізуші әр түрлі қимыл – қозғалысты көрсетеді. Балалар қайталап тұрады. Жүргізуші ескерткен қозғалысты, мысалы: қос аяқпен секіру қозғалысын қайталамайды. Қайталаған бала ойыннан шығарылып, жеңімпаз жүргізуші болады.
Ес. Мектеп жасына дейінгі балаларда – естің қарқынды даму жасы болып есептеледі. Ес жетекші танымдық үрдіс болып саналады. Ес үрдісінсіз адам баласы мәдениеттің қандай саласы болмасын, қалағанынша меңгере де, жан-жақты жетіле де алмас еді. Шын мәнінде мектеп жасына дейінгі балаларының тілді меңгеруі соншалықты ол нағыз ана тілін иеленуші болады. Ес бала үшін маңызды оқиғаларды мен мәліметтерді жадында қалдырады және сақтайды. Мектеп жасына дейінгі балалық шақ адамның барлық қалған өміріне көп естелік қалдырады.

Есті дамыту ойыны «Мен қапқа салдым...»
Бұл ойынды балалармен ұзақ жолға шыққанда ойнауға болады.
Психолог ойынды бастайды да айтады: «Мен қапқа алмалар салдым». Келесі ойыншы айтылғанды қайталайды да, оған тағы бірдеңе қосады: «Мен қапқа алмалар және банандар салдым». Үшінші ойыншы барлық айтылғандарды қайталайды да, тағы өз жанынан бірдеңе қосады. Осылай жалғаса береді. Бір сөзден қосып отыруға болады немесе сөздерді алфавит бойынша таңдап алуға болады: «Әжейдің бағында өсіп тұр...». Ойын тәртібі тура осындай.
Бұл ойындарда кімнің жеңіп, кімнің жеңілетіні маңызды емес. Мұнда бала еске түсіру қабілетінің дамуына көңіл бөлу керек.
Сиқырлы саусақтар
-
Таң қалу (екі қолдың бас бармағын көтеру).
-
Өзіңді көрсету (бір саусқпен).
-
Сәлемдесу (қолды жоғары көтеру).
-
Қорқыту (сұқ саусақпен).
-
Жеңіс! (екі қолды жоғары көтеру).
Менің елім
-
Қай елде тұрасыңдар?
-
Қазақстанның қандай қалаларын білесіңдер?
-
Біздің қаламызда немесе ауылда қандай көшелер бар?
-
Сен қай көшеде тұрасың?
-
Ел, жер, Отан туралы қандай мақал – мәтел білесің?
Сөз моншақтар
Жүргізуші балаларға бір сөз айтады, ол сөздің басында қандай әріп есітілетінін сұрайды. Соңғы әріпке сәйкес келесі сөз ойлап оны бала жалғастырады. Осылайша «жіпке тізген моншақтай» сөз моншақтарын тізіп айтуға жаттығады. Қай бала көп сөзді есінде сақтап,көп сөз ойласа, сол бала жеңіске жетеді, ол жаңа сөзді өзі бастап ойынды жүргізеді.
Төрт құбылыс
Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші «су» - десе қолдарын алдына созады, «ауа» десе жоғары көтереді, «от» дегенде екіқолын айналдырады, «жер» дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса ойыннан шығарылады.
Көңілді шеңбер
Балалар шеңбер жасап отырады. Бір – біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі бергенде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған балаларға әр түрлі заттарды қыстырып қояды.(гүл, оамал, көзілдірік т.с.с.). Балалар көздерін ашқанда не өзгерді? – деп сұрайды. Ең зейінді балаға сыйлық беруге болады.
Орныңды тап
Балалар шеңберге тұрады. Әр бала өзінің жанындағы баланы есінде сақтап, қарап алуы керек. Жүргізушінің бірінші белгісі бойынша, бөлменің жан – жағына тарап кетеді (белгі: шапалақтау, барабанмен беріледі ). Екінші белгі бойынша шеңберге бастапқыда қай орында, кімнің қасында тұрғанын есінде сақтап, қайта шеңбер түзеді. Өз орынын таппаған балалар ойыннан шығарылады.
Ойыншықты сипатта
Жүргізуші балаларғақолындағы ойыншықты мұқият қарап алуға ұсынады (1 минут). Алынатын ойыншықтар түрлі – түсті және бөліктері бірнешеу болуы шарт. Ойыншықты жасырып, балалардан сол ойыншықты көргендегі түр – түсі, көлемі, пішіні, дене бөліктерін есінде сақтағанын сипаттап беруді талап етеді. Ойыншықты дәл, нақты сипаттап берген бала ойынды әрі қарай жалғастырады.
Сөзді есіңде сақта
Жүргізуші балаларға 7 қосарлы сөздерді оқиды. Балаларға мұқият тыңдау ұсынылады. Бірінші сөзді жүргізуші айтады, балалар келесі сөзді есінде сақтап қайталайды. Осылайша қалған сөздерді түгел айтып шығу керек.
-
көктем – жаңбыр
-
жаз – күн шықты
-
аспан – бұлт
-
жер – шөп
Ойлау тіл дамуы және ғылыми ұғымдарды меңгеру бірлігінде дамиды. Баланың сау психикасының ерекшелігі – танымдық белсенділігі. Ойлау – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс – қатынастарынын адам миында жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Баланың білуге құмарлығы үнемі айналадағы әлемді танып білуге бағытталған. Бала ойын барысында эксперимент жүргізеді, себеп-салдарлық байланысты және тәуелділікті анықтауға тырысады. Онда айналадағы өмір құбылыстары бойынша көптеген сұрақтар туындайды. Ақыл-ой жағынан бала қаншалықты пәрменді болса, ол сонша көп сұрақтар қояды және оның сұрақтары соншалықты алуан түрлі болады. Бала заттың бейнесін ғана емес, оның қимыл-қозғалыстары туралы да ойлайды. Бейнелі ойлау- алты жасар бала ойлауының негізгі түрі. Әрине ол жекелеген жағдайларда логикалық ойлауы да орындай алады, бірақ та бұл жаста көрнектілікке сүйенген оқыту басымдырақ болады.
Ойлауды дамыту және қалыптастыру ойыны

«Заттарды салыстыру» ойлау тәсілдерін дамыту жаттығулары.
Салыстыру үшін балаларға келесі сөз жұптары ұсынылады:
1.Шыбын және көбелек
2.Үй және үйшік
3.Үстел және орындық
4.Кітап және дәптер
5.Су және сүт
6.Балта және балға
7.Пианино және скрипка
8.Тентектік және төбелес
9.Қытықтау және сипау
10.Қала және ауыл
Бала салыстыратынын көз алдына елестетуі керек. Оған сұрақ қойыңыз: «Сен шыбынды көрдің бе? Ал көбелекті ше?». Осындай қысқа сұрақтардан кейін, балаға жұптың әр сөзін салыстыру ұсынылады. Тағы да сұрақ қойыңыз: «Шыбын мен көбелек ұқсайды ма, жоқ па? Олар несімен ұқсайды? Қандай айырмашылығы бар?». Баланың жауабына талдау жасаңыз.
Логикалық есеп
Балалар ауызша есепке жауап береді.
-
Айгүлдің алдында 3 зат тұр: шелек, доп, қуыршақ. Допты қозғамай қалай шетіне қоюға болады?
-
Үстел үстінде төрт алма тұр. Бір алманы алып ортасынан бөліп қайта қойды. Үстел үстінде неше алма болды?
-
Қоянға, түлкіге, аюға үш түрлі жалауша жасап берді – қызыл, сары, көк. Қояндағы жалауша қызыл емес, түлкідегі қызыл да, көк те емес. Кімнің жалаушасы қандай?
-
Бөлмеде 2 орындық тұр. Әр қабырғаның жанында бір-бір орындық болуы үшін сол орындықтырды қалай коюға болады?
Болған жағдайды бағалау
Балаға белгілі бір суреттегі жағдайды көрсетіп мазмұнын әңгімелеуге тапсырма береміз. Балалармен сол жағдайдың қойылымын көрсетуін сұраймыз. Осы жағдай туралы баланың пікірін сұрап дәлелдеп беруге үйретеміз. Іс-әрекеттің дұрыс-бұрыстығына өз ойын айту.
Көңілді сөз
Балалар шеңбермен отырады. Барлық отырғандар кезекпен өзінің қасында отырған адамға қарап көңіл көтеретін бір сөз айтады.
Сөзді айтқан уақытта сол баланың көзіне қарап айту керек. Мысалы: (сен бүгін әдемісің, сенің көйлегің қандай әдемі т.б.)
Өз іс-әрекеттерін бақылау
Қазір біз бір жаттығу орындаймыз. Мұнда біз отбасы мүшелерінің үйдегі іс-әрекеттерін көрсетеміз (біреуі әже болады, ол жүн шұлық тоқиды, анасы сәбіз турап жатыр, атасы газет оқып отыр, әкесі қолына балға мен балта ұстап орындықты жөндеп жатыр, қызы ойнап жүр т.б.)
Отбасы мүшелерінің үйде атқаратын іс-әрекеттері немесе жұмыстары бар. Әркім бір-біріне көмектесе отырып өз жұмыстарын істесе, отбасында татулық, тыныштық, береке, бірлік болады.
“Бірлік болса – тірлік болады” деген мақал тегін айтылмаған. Барлығы бірлесе отырып тірлік жасау керек екен.
Негізгі бөлім: Әр адамның отбасы бар. Мен өзімнің отбасымдағы адамдарды сызба сурет бойынша былай жасадым. Отбасы мүшелері ер Адам және әйел Адам болып екіге бөлінеді. Қазір сендер өз отбасындағы адамдарды сызба сурет бойынша белгілеп салып беріңдер. Салып берген соң мен сияқты әңгімелеп бересіңдер.
Матадағы менің орным
Жердегі жатқан мата үстіне балалар белгі берген уақытта тұрып қалуы тиіс. Матаның өлшемін мұғалім кішірейте отырып ойынды жалғастырады. Бірақ ойында балалар мата бетінен шығып кетпеулері керек.
Ойлан да аяқта
– лимон қышқыл, ал қант...(тәтті)
– егер үстел орындықтан биік болса, онда орындық...
– екі, бірден көп, ал бір...
– пышақ та, әйнек те...(өткір)
Ойлан да аяқта
– Ат шабады, ал қарлығаш...
– Ит үреді, ал қарға...
– Жылан жорғалайды, балық...
Қарама-қарсы сөзді ата
Балалар шеңберге тұрады. Жүргізуші доппен балалардың арасында тұрады. Жүргізуші балаларға кезекпен допты лақтырып, бір сөзді айтады. Балалар сол сөзге қарама – қарсы сөзді айтулары тиіс.
Қара –
Күн –
Аласа –
Қиял. Алты жасар бала өз қиялында алуан түрлі жағдайлар құра алады және баланың өзі сонда әр түрлі жағынан көреді. Ойын барысында қалыптаса отырып, қиял басқа да іс-әрекет түрлеріне өте алады. Тілі және қиялы жақсы дамыған бала қызықты сюжет ойлап шығарып айтып бере алады, тез арада жанынан ойлап шығара алады, өз шығармасына рахаттанып оған басқа адамдарды да қатыстыра алады: қиял бала өмірінде үлкен роль атқарады, анағұрлым жиі байқалады. Қиялдың үздіксіз жұмысы – баланың айналадағы әлемді танып білуінің және игеруінің маңызды жолы, бұл жеке тәжірибе аумағынан шығудың әдісі.

Қиялды дамыту және қалыптастыру ойыны «Пантомима»
Бұл ойын қиялды және шығармашылық қабілеттерді дамытуға арналған. Баланы дене қимылдарымен, ыммен, дыбыстармен қандай да бір затты немесе іс-әрекетті бейнелеуін сұраңыз.
Егер бірінші жолы орындай алмаса, қалай жасауға болатынын өзіңіз көрсетіңіз, «Ойлап тап» ойнаңыз: сіздің не бейнелегеніңізді бала ойлап табады, сосын керісінше – баланың не бейнелегенін сіз табуыңыз керек. Күлкілі нұсқаулар ойлап табуға тырысыңыз.
-
Менің көңіл-күйім
Суреттегі әр түрлі көңіл-күйдегі баланың бет-бейнесінің арасынан біреуін таңдап алу. Сол суретке сәйкес мысал келтіріп әңгімелеп беру керек.
-
Не істер едің?
Жүргізуші балалармен ертегі мазмұны бойынша және күнделікті кездесетін әр түрлі жағдайлар туралы әңгімелеседі. Әңгіме барысында кездескен қиындықтар мен кездейсоқ жағдайлардан шығудың жолдарын өздері ойланып табады. Мысалы: Мақта қызға ағаш жапырақ бермесе не істер едің? Бауырсақты түлкі жеп қоймаса не істер едің? Алдар көсе байды алдай алмаса не істер едің? Кішкентай бала сүрініп құлап қалса не істер едің? Сен орманға барғанда адасып қалсаң не істер едің, т.б.
-
Мен және менің болашағым
Жүргізуші баларға өздерінің болашағы жайында өскенде кім болатынын көз алдарына елестету үшін көзднрін жұмып, ойлануды ұсынады. Өзі баяу үнмен әр түрлі мамандықтардың болатындарын қысқаша баяндайды. Сондай-ақ ата-аналармен қарым-қатынасы туралы әңгімелеуге болады. Сен анаңмен хайуанаттар саябағына бардың. Әкеңмен көлге шомылуға бардың. Машинамен қыдырдың.
Қысқаша әңгіме аяқталған соң, балалар көздерін ашады. Өз ойларын қағаз бетіне түсіріп, суретін салып беру талап етіледі. Балалардың ой-қиялының дамуын суреттерден байқауға болады.
-
Сиқырлы сазды әуен
Баланың қиялын дамытуға әсер ететін сазды әуен ойналады. Балалар көздерін жұмып тыңдайды (2-3 минут). Музыка тоқтаған соң, көздерін ашып не көргендерін өз қиялдары бойынша әңгімелейді. Олардың сипаттаған немесе көрген қиялын қағаз бетіне түсіруде төмендегі әдіс-тәсілдердің біреуін таңдап алады.
– майшаммен сурет салу
– қылқаламмен
– түрлі түсті бормен
– саусақтармен, алақанмен
5. Менің көңіл күйім қандай
Балалар өз көңіл – күйлеріне сәйкес келетін суретті тауып атайды(көңілді – көңілсіз, ренжулі, қорқынышты, ...т.с.с.). Сол кездегі өздерінің көңіл – күйлерін баяндайды. Басқа суреттегі көңіл – күйге сәйкес болған жайды әңгімелеп береді.
6. Жаңа ертегі
Жүргізуші отырған балаларға ертегі кейіпкерлерін атайды, суреттерін көрсетеді. Мысалы: кемпір, шал, түлкі, арыстан, тышқан т.б. Аталған кейіпкерлерді біріктіре отырып жаңа ертегі мазмұнын құрастырып айтуды ұсынады. Балалар ертегі құрастырады. Ең қызықты ертегі ойлап тапқан бала жүргізуші болып ойын жалғастырады.
7. Сиқырлы дөңгелектер
Баланың қиялын дамытуға арнайы бірнеше дөңгелектер беріледі, олардан балалар жануарлардың бейнесін жасау ұсынылады. Мысалы: Құлақтары үшбұрыш, көзін қиғаш сызықтармен, тұмсығы мен мұртын сызып мысықтың бейнесін салады. Аю, құлақтарын жартылай дөңгелек, көздерін екі дөңгелек, тұмсығы мен аузын салу арқылы аюдың басын салады, оның сыртқы бөлігінен ирек сызықтарды айналдыра жүргізу арқылы арыстанның басының суретін салып, бала өз қиялы бойынша суретті толықтырады.
8. Қиял жалғасы
Тәрбиеші ойланып, балалардың назарын тақтаға аударады да өзі бірнеше сызықтарды бормен сызып қояды. (Толқын, сынық сызық, ирек т.б.) Менің қиялым бойынша осы сызықтардан алуан түрлі заттар жасауға болады. Қане, кім менің қиялымды жалғастырып өз ойларын толық сурет салып береді екен деп өз алдыларындағы парақ қағазға сызықты сызып суретке айналдырып, не салғаны жайында әңгімелеп беруді өтінеді. Балалар жұмысын бірге талдайды.
Кейінгі жылдардағы зерттеулер нәтижесі бойынша жас бала өте икемді және жеңіл оқытылады, ол бұрынғы есептегеннен гөрі әлдеқайда көбірек меңгере алады. Ал бұл мектеп жасына дейінгі оқыту мен тәрбиелеу бағдарламаның танымдық мазмұнын мағыналы байытуға бағыттар береді. Дегенмен баланың мүмкіндіктері шексіз емес, оның жасының психофизиологиялық ерекшеліктеріне байланысты олар шектеулі.
Атақты психолог Л.С.Выготский айтқан: «Қандай да бір оқыту үшін тиімді, яғни өте бір қолайлы мерзімдер болады. Олардан жоғары немесе төмен ауытқу, яғни тым ерте және тым кеш оқыту мерзімдері даму жағынан алғанда әрқашан зиянды болып саналады, баланың ақыл-ой даму барысына қолайсыз әсерін тигізеді».
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Кравцова Е.Е. Психологические проблемы готовности детей к обучению в школе. - М.,1991.
2. Мухина В.С.Детская психология.- СПб., 1992.
3. Овчарова Р.В. Практическая психология в начальной школе.- М.:ТЦ Сфера, 2002.
4. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании.- М., 1995.
5.Чейпи Дж. Готовность к школе: Как родители могут подготовить детей успешному обучению в школе / Пер.с англ. – М.: Педагогика –Пресс, 1992.
6.Словарь – справочник по психологической диагностики \ Л.Ф.Бурлачук, С.М.Морозова – Киев., 1989.
7. Р.С.Немов. Психология.Книга 3. Москва 2002
8. Н.И.Шевандрин.Основы психологической диагностики. Ч. 1.2.3. Москва 2003.Владос.
9.Бурлачук. Л.Ф. Психодиагностика личности. Киев,1989.
10.Бурлачук.Л.Ф.,Морозов.С.М. Словарь-справочник по психологической диагностике.Киев.,1989
11. Гильбух:Ю.З. Психодиагностика в школе М.,1989
12. Кулагин.Б.В. Основы профессиональной психодиагостики.л.,1984
13.Практикум по психодиагностике. Учебно-методическое пособие.. Балашов, 1992.
14. Психологическая диагностика:проблемы и исследования \ Под.ред .К.М. Гуревича., 1981.
15. Люшер М. Цвет вашего характера.- М., 1996.
16. Мельников В. М., Ямпольский Л. Т. Введение в экспериментальную психологию личности.- М, Просвещение, 1985.
17. Общая психодиагностика. / Под. ред. А. А. Бодалева, В. В. Столина.- МГУ, 1987.
18. Особенности психического развития детей 6-7 летнего возраста. / Под ред. Д. Б. Эльконина, А. Л. Вагнера. - М., 1988.
19. Анастази А., Урбина С. Психологическое тестирование. Спб.: Питер, 2001.
20. Годфруа Дж. Что такое психология. В 2-х томах, М.,2001.
21. Куликов Л.В. Психологическое исследование. Спб.: Наука, 1994
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жаттығу жасап жаттығайық

шағым қалдыра аласыз