Материалдар / Жаттығулар жинағы деңгейлік тапсырмалар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жаттығулар жинағы деңгейлік тапсырмалар

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдердің пайдалануына арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қазан 2018
1927
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Қазақ тілі пәніне арналған деңгейлік

тапсырмалар


5-сынып оқулығына қосымша әдістемелік құрал




















Петропавл

Shape1 2018ж


ББК 74.268.12 каз

С 92




Құрастырған: Бекматова Ботагөз Ескендірқызы №7 орта мектебі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі




С92 «Қазақ тілі пәніне арналған деңгейлік тапсырмалар» 5-сынып оқулығына

қосымша әдістемелік құрал Петропавл қ. СҚ ПҚБА ҚДИ., 2011-72б.





Әдістемелік құралда оқушылардың қабілетіне, біліміне қарай топтарға жіктеп оқытатын деңгейлік тапсырмалар ұсынылған. Бұл құрал жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған.






Пікір жазған:

Ж.С. Құлыбекова М.Қозыбаев атындағы СҚМУ филология кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты


Н.Қ. Смағұлова М.Қозыбаев атындағы СҚМУ филология кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты









Солтүстік Қазақстан ПКБА ҚДИ баспагерлік-редакциялық кеңесінің ұсынысы бойынша шығарылады.




Алғы сөз

Оқушының ойына, сезіміне сан алуан әдіс-тәсілдер арқылы әсер етіп, білімін жетілдіріп, жеке тұлғаның өзіндік идеясын, көзқарасын, сенімділігін, жауапкершілігін біртіндеп дамыту- бүгінгі күннің талабы. Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін жаңа технологияландыру арқылы жүргізу міндетін қойып отыр. Соған байланысты қазіргі кезеңде әрбір мұғалім ізденіс үстінде. Мектептің педагогикалық құрылымының негізгі құндылығы оқушы десек, оған жеке тұлға ретінде қарау міндетіміз. Жаңа технологияларды жүзеге асыруда мұғалімнің белсенділігі, шығармашылық ізденісі, кәсіби деңгейінің жоғарылығы маңызды орын алмақ.Деңгейлік тапсырмалар оқушының тілін, ой-өрісін дамытып, сөздік қорын молайтуға мүмкіндік береді. Деңгейлік тапсырмалар әркімді мүмкіндігіне сай оқытып, әр түрлі топтағы оқушылардың ерекшелігі бойынша оқуға бейімдейді. Оқушылар әр түрлі деңгей бойынша берілген тапсырмаларды сатылай отырып үлкен қызығушылықпен орындайды. Жұмыстарының нәтижесін мұғалімнің көмегімен айқындайды. Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың жас ерекшелігі мен ақыл-ой деңгейі бойынша беріледі.

Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы әр оқушының қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқытуды көздейді. Жоғары деңгейдегі бала өз қабілетін бекіте түссе, төменгі деңгейдегі сенімсіздіктен арылып, алға ұмтылатын белсенділігі артады. Тапсырмалардың жеңілден ауырға қарай, білгеннен білмегенге қарай жүзеге асыруда оқушының жауабы ұпай санымен есептеледі.Оқушының шығармашылық сатыға жету жолдары тек мұғалім арқылы емес, өзінің іс-әрекеті, ұмтылуы арқылы жүзеге асады. Рейтинг жүйесімен мониторинг жинақтап, оқушылардың білімі бағаланады.Оқушының жұмысын әділ бағалау сабаққа деген белсенділікті арттырады.Деңгейлеп оқыту арқылы оқушылардың бағыт-бағдарын анықтап, олардың дамуына және өзін-өзі тәрбиелей алатын жеке тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасайды.





Ана тілінің қызметі


І деңгей тапсырмасы


1.Сұрақтарға жауап жаз.

  1. Ана тілі дегеніміз---------------------------------------------------------------------

  2. Тілдің қызметі-------------------------------------------------------------------------

  3. Қазақ тілі қандай тіл? -----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

  4. Мен қай тілді бірінші үйреніп, терең білуім керек?-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------


ІІ деңгей тапсырмасы


Тіл туралы айтылған мақалдарды аяқта.

  1. Өнер алды- ...

  2. Шебердің қолы ...

Шешеннің тілі ...

  1. Тіл... жарады,

Тас жармаса, ... жарады.

  1. Тіл ... өткір.

  2. Бал тамған тілден,

... тамар.

Керек сөздер: у, қызыл тіл, қылыштан, тас, бас, ортақ.


ІІІ деңгей тапсырмасы


1. Мына ана тіліміз туралы айтылған ұлы пікірлерді қалай түсінесің?

1) «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде»

Н.Ә.Назарбаев


2) «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-

бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту»

Ғ.Мүсірепов


Эссе

Тілсіз ұлт болмайды

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Мәтін


І деңгей тапсырмасы

1.Мына мәтінді оқып мазмұнда және тақырыбын қой.


Жер-адамзаттың сарқылмас ырысы мен дәулеті.Жер-бабаларымыздың бізге қалдырған мұрасы. Жер тағдыры-ел тағдыры. Қазақ жерінің иесі- болашақ ұрпақ. Жер-бүгінгі тынысымыз, ертеңгі ырысымыз. Жер-ана-жомарт ана тер төккенге.

2. Сұрақтарға жауап жаз.

1) Мәтін дегеніміз не?----------------------------

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

2) Мәтіннің қандай түрлері бар?------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

3) Қалаған тақырыбыңа мәтін құра.

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

ІІ деңгей тапсырмасы


Тиін мен қасқыр

( мысал)

Тиін бұтақтан-бұтаққа қарғып жүріп, ұйықтап жатқан қасқырдың үстіне құлайды. Қасқыр қарғып тұрып, оны жегісі келеді.Тиін жалынып:

  • Мені жеме, жібер,-дейді.

  • Жарайды жіберейін, бірақ сен маған айт,неліктен сендер әр уақытта шат болып, қуанып жүресіңдер?

  • Мені жіберіңіз, сонан соң айтайын, әйтпесе жүрегім дірілдеп, сөйлей алатын емеспін,-дейді. Қасқыр тиінді жібереді.Тиін ағаш басына шығып алып:

  • Сен қасқыр, ешкімге жақсылық жасамайсың, жамандық ойлап, өзгелерді ренжітіп жүресің. Сондықтан әрқашан көңілсіз жүресің.

Біз жақсылық жасаймыз, сол үшін әр уақытта шат, көңілді жүреміз,-депті.

Тапсырмалар:

  1. Мәтіндегі қай кейіпкер ұнады?--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

  2. Мәтін қандай тақырыпқа жазылған? ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

  3. Мәтіннің түрін (ғылыми мәтін, көркем әдебиет мәтіні немесе ауызекі сөйлеу мәтіні т.б.) анықта.---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------


ІІІ деңгей тапсырмасы


Туған жерім тамаша

О , алақай, туған жер!

Жақсы-ау бақша, бауларың!

Көзге ыстық көрінер,

Сенің асқар тауларың.

Туған жердің жырларын

Қызғалдақтай терейік,

Кең өлкенің қырларын

Жүр, аралап келейік!

Жүр, аралап келейік!

М.Әлімбай


Эссе

Менің туған жерім

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------


Лексика

Shape2

Лексика (грек сөзі «сөздік қор»)



Тіл білімінің сөз және оның мағынасын зерттейтін саласы








Лексика мына тақырыптарды зерттейді:

  1. жалпы қолданыстағы сөздер;

  2. қолдану аясы шектеулі сөздер;

  3. көркем әдебиетте жиі қолданылатын қанатты сөздер;

  4. сөз мағыналары;


Олардың жіктелуін төмендегі кестеден көруге болады:


Жалпы қолданыстағы сөздер

Қолдану аясы шектеулі сөздер

Қанатты сөздер

Сөздің лексикалық мағыналары

Күнделікті өмірде қолданылатын сөздер: есік,ата-ана, бар,кел, отыз бес, жақсы, жаман т.б.



  1. архаизм

  2. историзм

  3. неологизм

  4. диалект сөз

  5. термин сөз

  6. кәсіби сөз

  7. табу сөз

  8. кірме сөз

  9. эвфемизм

  10. дисфемизм


  1. тұрақты сөз тіркесі

  2. идиомалық тіркес

  3. мақал-мәтел

  4. афоризм

1.сөздің тура мағынасы

2. сөздің ауыспалы мағынасы

3. сөздің көп мағыналығы

4.омоним

5.антоним

6.синоним


І деңгей тапсырмасы

1.Сөз тіркесінің құрамындағы сөздерді тура және ауыспалы мағынаны білдіруіне қарай топтап жаз.

А.Жақсы сөз, жақсы адам, жақсы бала, жақсы ат

В.Терең сай, терең білім, терең құдық, терең сезім

С.Долы мінез, долы күш, долы жел, долы адам

Д.Әкемнің көзі, қазынаның көзі, терезенің көзі, бұлақтың көзі

Е.Ыстық күн, ыстық сезім, ыстық нан, көзіме ыстық


Тура мағыналы сөздер

Ауыспалы мағыналы сөздер







ІІ деңгей тапсырмасы

  1. Мына сөздердің тура және ауыспалы мағыналарын тауып, басқа сөздермен байланыстырып, сөйлем құра.

Ақ,ат,сау, жаз, кілт, жан, терең, бөлме, аш, тамыр, бас, күрес, жан.


  1. Қарамен жазылған сөздердің қандай мағына беріп тұрғанын айт.

Жақсы адам- елдің ырысы,

Жақсы жер- жанның тынысы

Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті.

Мал қонысын іздейді,

Ер туысын іздейді.

ІІІ деңгей тапсырмасы

1.Қарамен жазылған сөздердің қайсысы тура мағынада, қайсысы

ауыспалы мағынада қолданылғанын ажырат.

Таң сарғайып келеді. Шығыстан жұмсақ салқын жел соғып тұр. Жау жағы бас көтеріп, жолдан шыға Серікбайлар жатқан жылғаға қарай беттеді. Қаптаған жау беті тағы да қайтарылды. Жоқ, бұл ойды мен өсірген емеспін.


2.Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндір.

1. Әдепті бала ата-анасын мақтатар.

Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

  1. Отан үшін күрес-

Ерге тиген үлес.

3. Ана тілің-қазынаң.

4. Тіл-көңілдің кілті.

5. Балапан ұяда не көрсе,

Ұшқанда соны алады.

Омоним


Shape3

Омонимдер біркелкі дыбысталып айтылатын, бірақ мағынасы басқа-басқа сөздердің тобын білдіреді.









І деңгей тапсырмасы

1.Мына омоним сөздердің мағынасын ашып, сөйлем ойлап жаз.

Үлгі:

От- Отынға от қойдым. Қойлар от жерге келіп тоқтады. Малдар көк шөпте оттай бастады.

Жаз---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Ат-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Ақ-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Сор---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

  1. Жұмбақтардың шешуін тап.

  1. Бетін адам ашады,

Білім нұрын шашады. ( -------------)

  1. Жаңылмастан жетеуі,

Кезек қызмет етеді. (--------------)

  1. Гауһары жерге түссе, жарқ етеді. (------------)

  2. Жұдырықтай қызыл шар-

Тілді үйірген шырын бал. (-----------)

Шешуі: кітап, алма, аптаның жеті күні, найзағай


ІІ деңгей тапсырмасы

1.Берілген мәтіннен омоним болатын сөздердің астын сыз.

Жазда Жанат және Жанар жылғаның жағасында жарысып жүгіріп жүргенде, Жанаттың жарасын жаңғақ жырды. Жанат жылады.Жанардың жанары мөлдіреп, Жанатты жұбатты. Жанаттың жұбанғанына Жанардың жаны жайланды. Жақсы жолдастар жарасып, жарыса жөнелді.


2.Мына сөздердің мағынасын жаз.

Жақ, ер, көш, жүз, бас, күрес,қол,бөле.

Үлгі: Жақ- дене мүшесі, сүйек.

Жақ- етістік, отты жағу.


ІІІ деңгей тапсырмасы


1.Мына мақал-мәтелдердің мағынасын айт.

1) Әкең-асыл қазынаң,

Аға-іні-асқар тауың.

Ал, досың- әрі асқар тауың, әрі асыл қазынаң.

2) Жақсы өз басынан көреді,

Жаман жолдасынан көреді.

3) Сау дене, азат ақыл, адал көңіл-

Үшеуімен бақытты болады өмір.


2. Қарамен жазылған сөздердің мағынасын ашып, өз ойыңды жазбаша түсіндір.

Ереуіл атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай

Ерлердің ісі бітер ме?...

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Синоним

Мағыналары бір-біріне жақын, бірақ әр түрлі дыбысталып айтылатын сөздер тобы синонимдер деп аталады.

Shape4


І деңгей тапсырмасы

  1. Төмендегі синоним сөздерді мағынасына қарай топтап жаз.

Ауру. Алыс. Ажар. Науқас.Дәу. Кесел. Келбет.Үлкен. Ауқат. Қашық. Тамақ. Шалғай.

  1. Берілген сөздерден синонимдік қатарлар жаса.

Орын, ауыр, әдемі, жаман, бала, үй.


ІІ деңгей тапсырмасы

1.Мына сөздерді қандай сөздермен ауыстырып айтуға болады?

Жайдары-

Көрікті-

Жомарт-

Көлемді-

Биік-

Шебер-

Білімді-

Жуас-

  1. «Ағайын тату болса, ат көп,

Абысын тату болса, ас көп»,-деген мақал бойынша:

  1. ағайын, абысын сөздердің мағыналарын табу;

  2. тату,көп сөзінің синонимін табу;

  3. ат, ас сөздері қолданылуына қарай басқа қандай мағыналар беретінін мысалмен сипаттау;


ІІІ деңгей тапсырмасы

1.Сөйлемдердегі қарамен жазылған сөздер қандай мағынада тұрғанын айырыңдаршы!

Қап,мына баланың ісін-ай! Орта қап қара қиды Қаражан көтеріп әкелді. Шыңғыс Шоқанның ит қапқан қолын қараса, жеңінің ішінен қан сорғалап тұр.

Қатты жерге қақ тұрар,

Қайратты ерге бақ тұрар.

Біздің колхозда бақ көп. Қаражанды қақ бастан қамшымен ұрды.Жанардың әжесі алмадан қақ жасады. Қақ сүйекті балтамен қақ жарды.

Жапырақ кетті, жаз кетті,

Күз болған соң кетті күй.

Жазуды қатесіз жаз. Дем алып бойыңды жаз.Аттың жалының ұйысқанын жаз.Плакатты жазып ұста.

Құлақтан кіріп, бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.


Shape5

Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздер антонимдер деп аталады.

Антоним










І деңгей тапсырмасы

1.Төмендегі антоним сөздерді үлгі бойынша жұп-жұбымен жаз.

Үлгі: аласа-биік, төмен-жоғары

Ұл. Суық. Жаман. Ақ. Күн. Қыз.Жақсы. Қара.Жылы. Түн. Түзу. Тату. Қатты. Ұзын. Араз. Жұмсақ. Қысқа. Жас. Көп. Кәрі. Аз. Қисық.


2.Мына сөйлемдердің ішінен омоним, синоним сөздерді тап.

Бет көрсе, жүз ұялады. Мен тез кетуім керек. Жылдам сөйлеген кісі минутына үш жүз сөз айтады. Қатты састым, тұра қаштым жалма-жан. Сабақ бір айға созылды. Апам қалада айға жуық тұрды.


ІІ деңгей тапсырмасы

1.Мақал-мәтелдерді оқып, антоним сөздерді теріп көшір.

1) Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

2) Баланың ұяты-әкеге,

Қыздың ұяты-шешеге.

3) Жаманға шөп батады,

Жақсыға сөз батады.

4)Көз қорқақ, қол батыр.

5) Істеу қиын, сынау оңай.


2.Мәтінді көшіріп жазып, антоним сөздердің астын сыз.

Шаруа жазда жазылар, қыста қысылар. Алыс-жақын қазақтың бәрі қаңғып жүр. Ащы мен тұщыны татқан білер. Бұл ауылға кәрі-жас бәрі жиналыпты. Баланың ыстық-суығына төзе білген ғана түсінеді.

ІІІ деңгей тапсырмасы

1.Өлеңді мәнерлеп оқып, антоним сөздердің мағынасын анықта.

Жарқ-жұрқ етіп екеуі айқасады,

Жеке батыр шыққандай қан майданға.

Біреуі- көк, біреуі-жер тағысы,

Адам үшін батысып қызыл қанға.

Қар- аппақ, бүркіт-қара, түлкі-қызыл,

Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға.

(Абай)

2.Берілген сөздерге қарсы мәндес сөздерді тауып жаз.




К

Е

Ң








К

Ө

Н

Е







Ж

А

Қ

С

Ы







Б

А

Т

Ы

Р








  1. «Менің туған елім» тақырыбына шағын әңгіме құрастыр. Құрамында омоним, синоним, антоним сөздер болсын.




















Тұрақты тіркестер


Shape6

Тұрақты тіркестер-екі немесе бірнеше сөздің тіркесуі арқылы бір ғана мағына білдіретін сөз тіркестері.












І деңгей тапсырмасы

  1. Сұрақтарға жауап жаз.

  1. Тұрақты тіркес неше мағына береді?---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

  2. Тұрақты тіркесті басқа сөзбен ауыстыруға бола ма?--------------------------------------------------------------------------------------------------------------

  3. Тұрақты тіркестің синонимдік баламасына мысал келтіріп жаз----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

  4. Тұрақты тіркестің антониміне мысал келтір----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

  1. Мына тұрақты тіркестердің мағынасын жаз.

Сөз байласу-

Зәресі ұшу-

Төбе шашы тік тұру-

Құлақ салу-

Жаны ашу-

Бел байлау-

Ішкен асын жерге қою-

Тілі ащы-


ІІ деңгей тапсырмасы

  1. Төмендегі сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем ойлап жаз.

Қабырғаңмен кеңес, қой аузынан шөп алмайтын, жігері құм болды, жүрек жалғап алу, төбе шашы тік тұрды, су жүрек, жүрек жұтқан, кірпік ілмеу.


2.Мына мақалдардың жалғасын тауып жаз.

1) Қолы қимылдағанның...

2) Көп жасаған білмейді,...

3) Кәріге құрмет - ...

4) Біреуге ор қазба, ...

5) Жақсы қыз ...

Жақсы жігіт ...

ІІІ деңгей тапсырмасы

  1. Берілген мақалдардың баламасын ( мағыналас сөзін) тап.

  1. Түйе бойына сеніп, жылдан құр қалыпты.

  2. Көрмес-түйені де көрмес.

  3. Кімнің тарысы піссе- соның тауығы.

( жағымпаз, аңғармаушылық, сенгіштік)

2.Сурет бойынша шағын әңгіме жаз, ішінде тұрақты сөз тіркестері болсын.














Ойлап көріңдер!

Төменгі тұрақты сөз тіркестерінің қайсысы қайсысына қарама-қарсы мағынада қолданылатынын ойлап көріңдер.


1-сыңары

2-сыңары


Жақсы көру

Жаны ашу

Қолы босау

Бетінен алу

Бетінен оты шығу

Жүрегі мұздау

Құлақ аспау

Серттен таю

Көңілі тасу

Ат ізін құрғатпау

Бойын алдыру

Қолға алу

Көңілін қалдыру

Екі алып биге шығу

Іші жылу

Бетімен жіберу

Жек көру

Көңілін табу

Бүйрегі бүлк етпеу

Көңілі басылу

Құрамай қабу

Ат ізін салмау

Қолы тимеу

Беті шімірікпеу

Алдынан көлденең өтпеу

Құлақ қою

Сертте тұру

Бойын жию

Мақал-мәтелдер

Shape7

Мақал тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіріп, белгілі бір тұжырым жасайды







І деңгей тапсырмасы

1.Сұрақтарға жауап жаз.

1) Қандай мақалдарды білесіңдер?---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

2) Өнер-білім туралы мақалдар:------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

3) Үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие туралы мақалдар:------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

2.Мына мақал-мәтелдердің жалғасын жаз.

Еңбек түбі- ...

Көптің түбі-...

Еңбек етсең ...

Отан- оттан да ...

Отансыз адам,

Ормансыз ...

Өз елім- ...

Ел іші- ...

ІІ деңгей тапсырмасы

1.Мына мақалдардың мағынасын ашып, антонимдердің астын сыз.

Жаман айтқан шынға нанбайды, күліп айтқан өтірікке нанады. Білім арзан, білу қымбат. Басы таудай аяғы қылдай. Шын ғалымнан надан туар.Ер жігіттің қадірін ағайын білмес, жат білер. Ерте шықсаң, алдыңнан күн шығады, кеш шықсаң, алдыңнан түн шығады. Жауға жаныңды берсең де, сырыңды берме.


2. Ненің түбі не?


Еңбек түбі не?

Көптің түбі не?

Кәсіп түбі не?

Бейнет түбі не?

Ынтымақ түбі не?

Тірлік түбі не?

Ұрлық түбі не?

Уайым түбі не?

Тәуекел түбі не?

Жортуыл түбі не?


ІІІ деңгей тапсырмасы

  1. Әзіл аралас сұрақтар


  1. Сиырдың сүті қай жерінде?

  2. Қандай бала сүйкімді?

  3. Жаман ауру не?

  4. Адамныңқай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр?

  5. Қандай кілт аспанда болады?

  6. Күн жаумай су болатын кім?

  7. Тауық түс көре ме екен?

  8. Ер неше рет өледі? Қорқақ неше рет өледі?

  9. Қыз ненің гүлі? Өлең ненің гүлі?

10)Ауыз бен қолды қандай жерде тыю керек?


  1. Мына мақал-мәтелдердің мағынасын жаз.


Мақалдар

Не жайында?


Еңбек- адамның екінші анасы

Білімсіз күнің жоқ

Өнерлі өрге жүзер

Ер-ел қорғаны

Отансыз адам-ормансыз бұлбұл

Досы көпті жау алмайды

Әдептілік, ар-ұят- адамдықтың белгісі

Бірлік болмай, тірлік болмас

Жақсы адам- елдің ырысы




  1. Мақал-мәтелдер және емле

Жақшадағы сөздердің қайсысы жазылады?

Айтпас жерде аузыңды ...

Қышынбас жерде қолыңды ...

(ти, тый)

Үндемеген ит ... (хабар, қабар)

Неден ... болса, содан қатер.

Жақсы тауып сөйлейді,

Жаман ... сөйлейді (қауып, қауіп)

Сөздік қор

Жалғыз дән

Қарт кісі жолаушылап келе жатып, кешке қарай жолда өсіп тұрған жалғыз масақ бидайға кездеседі. Оны үгіп, бар дәнін алақанына салып,қауызын желге ұшырып жібереді.Сол кезде бір дән қарттың алақанынан домалап жерге түсіп кетеді.Әр шөптің түбін ақтарып, қарт оны көп іздейді.Сөйтіп отырғанда күн батады.Қарт ол дәнді ертең келіп, жарықта тауып алайын деп таяғын шаншып кетеді.

Ертеңінде таңертең кешегі жерге келеді.Шаншып кеткен таяғының маңы гүлдеп тұр екен.Жалқы дән қалың бидай болып тербеліп тұр. Жалғыз дәнді далада қалдырмауға тырысып, қамқорлық жасағаны үшін табиғат- ана адамға осылай разылық білдірсе керек.

Ә.Нұршайықов

Тапсырмалар:

1. Мәтіннен сөздік қорға енетін сөздердің астын сыз.

2. Жалқы, қарт, кісі, қамқорлық, табиғат-ана сөздері мағыналық

жағынан лексиканың қай тобына жатады?


Shape9 Shape8 Көнерген сөздер




Shape11 Shape10

Архаизм

Историзм




Жаттығу жұмысы

Мысалдар

Историзм

Архаизм

Неологизм

Тасаттық




Ханзада




Үнпарақ




Асадал




Әдістеме




Желім




Алаш




Ұшақ




Қор




Бастаңғы




Болыс




Жасуша




Қызыл әскер




Мәжіліс




Сауыт




Ауылнай






Shape12 Кәсіби сөздер мен термин сөздер



Shape13

Кәсіби сөздер- белгілі бір кәсіп пен шаруашылыққа байланысты айтылатын сөздер.

Термин сөздер- белгілі бір ғылымға байланысты айтылатын сөздер











Терминдермен таныс бол!

  1. Қандай терминге жатады?

Автограф, акт, аллегория, альманах, анекдот, ассонанс, баллада, идеч, портрет, литота, баяндау, әсірелеу,идея, ирония, поэзия, либретто, проза, трагедия, сюжет, сатира, монолог, эпитет, романтизм, пролог, эпос, екпін, езулік дыбыс, кейінді ықпал, үндестік заңы, үнді дыбыстар, эпиграф.

  1. Ғылым түрлеріне сәйкес терминдерді бөліп жаз.

Коммунизм, периметр,жанасу,сыбаға, салмақ,экватор, патриот, эквивалент, демеулік, тепе-теңдік, ойпат, қысым, витамин,тотық, түбір, абитуриент,қалдық, материк,булану, сатылы бағыныңқы, радиус, жылдамдық, ансамбль, компас, валенттілік, есімше, автономия, айырым, диффузия, арал,анықтауыш, молекула, металлоид, магнит өрісі, шеңбер, атом,төбе, жұрнақ т.б.



  1. Әрқайсысына алты мысал жаз.

  1. Ауыл шаруашылығы кәсібімен байланысты алты сөз.

  2. Мал бағу кәсібімен байланысты алты сөз.

  3. Аңшылық кәсібімен байланысты алты сөз

  1. Жаттығу жұмысы

Мысалдар

Архаизм

Историзм

Неологизм

Кірме сөздер

Терминдер

Кәсіби сөздер

Диалект сөздер

Пән








Сөз








Ұжымшар








Теңеу








Көпшік








Атыз,шиіт








Түбір асты








Үнпарақ








Мағлұмат








Сәукеле








Космос








Емтихан








Телеграф










Лексика тарауы бойынша алынған білімдерін тексеру ликтанты

Екі дос

Орман ішінде екі дос келе жатады да, оларға қарсы аю шығады.Олардың біреуі қаша жөнеліп,ағашқа шығып, тығылып қалады, ал екіншісі жолда қалады.Не істерін білмей ол жерге етпетінен жата қалады.Демі шықпай жатқан адамға аю келіп, иіскей бастайды, содан кейін өлі екен деп әрі жүре береді.Аю кете салысымен, досы ағаштан түсіп, күледі де:

-Не болды, аю құлағыңа не сыбырлады?-деп сұрайды.

-Қауіп-қатер төнгенде досын тастап, қашып кеткен адамдар жаман болады,-дейді.

Грамматикалық тапсырма:

1.Қарамен жазылған сөздердің синонимін жаз.

2. Дос –

Жаман-

Сөздерінің антонимін жаз.

3.Осы әңгімені қандай мақалмен түйіндер едің?

Әдет-ғұрып энциклопедиясы

Ат үстінде көп сөйлеуге болмайды.

Біреуді алдап әдеттенбе.

Қыдырымпаз болма, уақытты босқа өткізбе.

Төсек-орныңды өзің жина, үйден әрқашан ертерек шық.

Киімді жасыңа қарай киген жөн.

Киімің қарапайым, ықшам, таза, үтіктелген болсын.

Сұраншақ болма.

Қасыңдағы кісіге сүйкенбей отыр.

Біреудің киімін киюге әуес болма.

Тамақты сораптамай іш.

Тамақ ішіп отырып газет,кітап, журнал оқыма.

Әр уақытта денеңді тік ұста, бүкіреймей жүр.

Үлкеннің алдын кеспе, жол бер.

Лексика тарауы бойынша тест сұрақтары

1.Сөз мағынасын зерттейтін тіл білімінің саласы қалай аталады?

А.Синтаксис.

В.Морфология

С.Лексика

Д.Фонетика

Е.Грамматика

2. Ауыспалы мағыналы сөзді көрсет.

А.Терең су.

В.Өнерлі адам.

С.Таяз түсінік

Д. Әнші қыз

Е Өнерлі бал

3. Сөздің тура мағынасын көрсет.

А.Сөз ерді.

В.Сөз сүйектен өтеді.

С.Сөз-құбылыс атауы.

Д.Сөзге ауес болма.

Е.Сөзіңді дұрыс айт

4.Тұрақты сөз тіркесін ажырат.

А.Үлкен зейнет.

В.Жақсы тәрбие.

С.Қоян жүрек.

Д.Хат жазу.

Е.Ашық жер.

5.Мақалды тап.

А.Бала шаба жөнелді.

В.Көкшетау.

С.Білімді бол.

Д.Ақылды бала-арлы бала.

Е. Еліңді сүй

6.Антонимді ажырат.

А.Қызыл,ақ.

В.Ақ-қара

С.Келді-отырды

Д.Шапты-жүгірді

Е.Қызыл-көк.

7.Омоним сөздер қатысқан сөйлемді табыңыз.

А.Ел үмітін ер ақтар

В.Көк алманы алма

С.Қарақұс-жыртқыш құс.

Д.Көңілі бұлақтай таза

Е.Сулы жер-нулы жер.

8.Дұрыс жазылған сөз.

А.Жыуу

В.Жуу

С.Жыуыу

Д.Жууыу

Е.Жуыу

9.Омоним болатын сөз қайсы?

А.Жиырма бес

В.Әлдене

С.Алайда

Д.Жансыз

Е.Өзіміз

10.Тура мағыналы сөзді көрсетіңіз.

А.Көзім тартты.

В.Малға көз сал

С.Көз жерім жер

Д.Көзді сақта

Е.Көз ілгем жоқ.

11. «Жалығу» сөзінің синонимін табыңыз.

А.Зерігу,құмар болу

В.Еріну,көшіру

С.Зерігу,іш пысу.

Д.Жалтару,қорғану

Е.Ығыр болу, көңілі қалу.

12.Синоним сөзді көрсетіңіз.

А.Менен,жетеу

В.Сөк,түс,көз

С.Әдемі,сұлу,көрікті

Д.Сырмақ,шекпен,алаша

Е.Қыс-жаз, күз-көктем

13.Антоним сөздерді көрсетіңіз.

А.Жазған,оқы,бар.

В.Тақ,қақ,ара

С.Кең,тар,биік,төмен

Д.Ажар,пішін

Е.Қызыл,жасыл,жақсы.

14.Қайсысы неологизм бола алады?

А.Несие

В. Гарантия

С. Процент

Д.Фонд

Е.Импорт

15.Көнерген сөзді тап

А. Саяжай

В.Жағажай

С.Саябақ

Д.Барымта

Е. Сәулет

16.Қай тіркес тура мағынада қолданылған?

А.Көз сүзу

В.Тізе бүгу

С.Шашын алу

Д.Іші пысу

Е.Мұрны қанамау

17.Тұрақты тіркесті тап.

А. Қолы ауыру

В. Қолы бармау

С.Қолы күю

Д.Қолы ысу Е.Қолы мұздау

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!