Материалдар / Жаһандану заманындағы ағылшын тілін дамыта оқыту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жаһандану заманындағы ағылшын тілін дамыта оқыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаһандану заманындағы ағылшын тілін дамыта оқыту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қаңтар 2021
399
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ӨТІНІМ


Қатысушының тегі, аты-жөні, лауазымы

Сапарова Галия Муратовна

Облыс, аудан, қала, село (ауыл) атауы

Түркістан облысы, Кентау қаласы

Білім беру мекеменің атауы

"Ы.Алтынсарин атындағы №1 қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ғылыми конференция атауы

«БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ»

Телефоны, ұялы, е-mail, 3х4 фотосы


87011773224

Galmadi_0103@mail.ru





























Жаһандану үдерісіндегі ағылшын тілі мен латын тілін

заманауи технологиялар арқылы оқыту


Сапарова Ғалия Мұратқызы


Кентау қаласы, "Ы.Алтынсарин атындағы №1 қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, оқытушы

Резюме

В этой научной работе рассматривается на сегодняшний день важная задача системы образования в нашей стране, переход на национальный модуль образования, которая является продвижением образования молодого поколения на международный уровень, а также рассматривается обучения молодежи английскому и латинскому алфавиту с использованием современных технологий.

Abstract

This scientific work considers the important task of the education system in our country, the transition to the national education module, which promotes the education of the younger generation to the international level, and also examines the teaching of English and Latin alphabet using modern technologies.

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясаты мен көрегендігінің арқасында тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиындықтар мен қайшылықтардан сүрінбей өтіп, бүгінгідей мамыражай күнге жеттік. Оған арқау болған елбасының жыл сайынғы Жолдауларындағы, бағдарламалық мақалаларындағы елімізді дамытуға негізделген басым бағыттар мен атқаруды қажет ететін міндеттер. Тұңғыш Елбасымыз мақаласында жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың негізгі міндеттері айқындалған еліміз тәуелсіздік алғаннан бері мақсатты жұмыстардың жүзеге асырылып жатқанын айтқан еді. Соның бірі қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру мәселесі көңілге өте қонымды. Елбасымыздың латын әліпбиіне 2025 жылы көшу туралы тапсырмасы - өзге мемлекеттердің тәжірибелерін, экономикалық тиімділігін саралаудан туған ой деуге болады. Күллі ғаламды шарпыған жаһандану үдерісі ағылшын тілі мен латын графикасының көк­жие­гін бұрынғыдан бетер кеңейтіп жіберді. Өйткені бүгінгі заманауи технологиялар мен инновациялық идеялардың басым көпшілігінің ағылшын тілді әлемнен бастау алып отырғаны жасырын емес.

Білім беру жүйесі қоғаммен бірге дамып , онымен бірге үнемі өзгеріп отырады. Ол ұлттың өзіндік ерекшеліктеріне қарай қалыптасып үнемі жетіліп, уақыт өткен сайын күрделене береді. Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті – білім берудің ұлттық модуліне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жетелеу. Осы бағытта мұғалімдер алдында оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына қолайлы жағдай туғызу қажеттілігі тұр.

Педагогикалық технология- қазіргі талапқа сай анықталып, іріктеліп, реттелген оқытудың жаңа мазмұн, әдіс-амалдарының дидактикалық талаптарының психологиялық-педагогикалық жиынтығы. Ал өзімнің ұстаздық іс-тәжірибемде педагогика ғылымының Докторы, профессор Қараев Жауынбай Амантұрлыұлының «Саралап-деңгейлеп оқыту технологиясын» жас ұрпақты оқыту барысында үнемі қолданып келемін.

Ж.Қараевтың педагогикалық технологиясы – оқытудың дифференциялауға негізделген, оқу үрдісіндегі мұғалім мен оқушының, оқу мазмұны мен түрдің, әдістер мен амалдардың, оқу мақсатының ықпалдасу заңдылығының жүйесі. Бұл технологияның ең басты ерекшелігі: алдымен мұғалім емес, білім алушының әсерлену жүйесін қалыптастырады.

Оның өзіндік ерекшеліктері мынада:

  • білім стандартына сай толық нәтиже береді;

  • мақсатты диагностикаға қарай ден қою және оқу нәтижесін шынайы дәл бағалауға қол жеткізеді:

  • дидактикалық үрдістің тұтастығы :

  • білім алушының оқу танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу үрдісі жобасының болуы:

Ж. Қараев технологиясының жемісі сол, ол білім алушыны күштеп оқудан аулақтатып, өз бетімен оқуына, ақпаратты өз бетімен өңдеуге, ешкімнің көмегінсіз өз бетінше ойланып шешім қабылдауға дағдыландырады. Әсіресе, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын сабақтарында білім алушы өз ойын тұжырымды жинақтап, шешен сөйлеуге қалыптасады. Деңгейлеп оқыту технологиясы тиімді нәтижелі болу үшін жеке тұлға ерекшеліктеріне, психологиялық даму ерекшеліктеріне, пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөліп отырамын.

Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасау арқылы білім алушының өзіндік жеке жолы, темпі, даму динамикасы, ынтасы,ойлауы, есте сақтауы, оқу сапасы арта түседі. Әр білім алушының ой-өрісі кеңейе түседі. білім алушыларды бағалау да ерекше, ол рейтингтік (көпұпайлы) жүйе бойынша жүзеге асады.

Ағылшын тілі сабағында «Kazakhstan» тақырыбында осы әдісті пайдаланып, латын әліпбиін қолдана отырып өткізілген сабағымды ұсынамын.

Taqırıp: “Kazakhstan”

Sabaqtıñ barısı.

I. Uıymdastırw kezeñi

II. Üy tapsırmasın suraw

III. Jaña sabaqtıñ maqsatımen tanıstırw

All people like to visit countries, to see different styles of life, different cultures, traditions and customs. While traveling we meet many people, make friends and tell them about our country, our Motherland. There is a proverb: East or West, Home is best. Do you understand the proverb? Give the Russian equivalent of it, please. Yes, you are quite right. What is our home, our Motherland? That’s right. It’s Kazakhstan. So, today we are going to speak about our Home, our country Kazakhstan.

Jaña sabaqtı tüsindirw. 1. Suraqtar.

What do you know about Kazakhstan? (the map of Kazakhstan)

а. What is the official name of our country? (the Republic of Kazakhstan or Kazakhstan)

b. Where is it situated? ( in Central Asia)

c. What river is the capital of RK situated? (the Esil )

2. Jaña sözdermen tanısw: the area, a desert, population, to occupy, ...

3. Mätindi oqıp, awdarw. Kazakhstan.

The Republic of Kazakhstan is situated in Central Asia. The area of the country is 2.717.000 square kilometers. Its population is 17 million people. The population lives mostly in cities and towns and large villages. Kazakhstan is the largest state in Central Asia. It borders on Russia in the north and west …..

Level 1

4. Säykestendiriñiz:

1. Kazakhstan consists of а) about 16 million people.

2. The Republic of Kazakhstan borders b) oil, gas, coal, chrome.….

5. Qazaqstan mätinine säykes keletin sözdi belgileñiz

Dombra , Almaty, London, a tulip, the Irtysh , about 16 million, the Thames,

6. Suraqtarğa jawap beriñiz

1. Where is Kazakhstan situated? A. In Central Asia

2. Where is Astana situated? B. In the north of the country….

7. Durıs jäne burıs söylemderdi tabıñız

1. Kazakhstan is situated in the central part of Europe.

2. Kazakhstan borders on Russia in the north and west.

3. Aktobe is situated in the east of the country…..

Level 2

8.  Tömendegi sözderdi paydalana otırıp, söylemdi tolıqtırıñız

1.      Kazakhstan is situated in --------------------. 
2. Our republic is ------------------- state. 
3. The President of Kazakhstan is -------------……..

Cultural, Asia, independent, Kazakh, capital, nineteen, Nazarbaev, Ertis

9. Burıs söylemdi tabıñız. 

1. Pavlodar is a capital of Kazakhstan. 
2. Pushkin was a great Kazakh poet. 
3. Aktau is a cultural center of Kazakhstan......

10. Söylemdi tolıqtırıñız. 
Irtysh …  Nazarbaev …  Abai …  TahtarAubakirov …  Astana … 
Almaty … 

Level 3

11. Mätinge tüsinik aytıñız

12. Maqal-mätelge qazaqşa balamasın berip, tüsindirip ötiñiz

My country, your country, Travel east or west.

If north is good and south is better, Which land is the best?

IV. Üy tapsırması. «My Motherland»

V. Qorıtındı

V

Biletinim

What I know?

-

Bilgenime säykes kelmeytini

Its different opinion

+

Men üşin jañalıq

Its new information for me

?

Tañqaldırdı

What I learned?

Осы өтілген шарада мына нәтижелерге жеттім:

1.Оқытудың мақсаты психологиялық тұрғыда орындалды.

2. Оқушылар жаңа ақпараттармен қамтамасыз етілді.

3.Оқыту процесінде барлық оқушылар толық белсенді араластырылды.

4. Пікір алмасу жүзеге асты. 5.Оқу мотивациясы жоғарылады.

6. Ойдың ұшқырлығы, үнемі жақсы шешімдер таба білу әрекеттері дамыды.

Сынып

қазан

қараша

желтоқсан

үлгерім

сапа

орта балы

үлгерім

сапа

орта балы

үлгерім

сапа

орта балы

8 «А»

100

72

3.8

100

80

3.9

100

84

4.0

Жалпы оқушылардың үлгерімдері

2019-2020 оқу жылы

Тұңғыш Елбасының қай тұрғыдан болмасын, асығыстыққа жол бермей, ұсынған қазақ/латын әліпбиі жобасынының қанатқақты нұсқасын күллі қоғамның талқысына салып отыр­ғаны бекер емес. Ендеше, еліміз­дің рухани жаңғыруының алтын арқауы – тіліміздің табиғи болмысын сақтап қалуға бағытталған және көз ілеспес жылдамдықпен жүйткіп келе жатқан өркениет көшінен еліміздің қалып қоймауын көздейтін тағдыршешті мәселенің түйінін тарқатуға белсенді атсалысайық

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Сабыров Т. Оқушылардың оқу белсеңділігін арттыру жолдары. А., Мектеп, 1978 ж.

3. Қараев Ж.А “Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесінің педагогикалық технологиясы’ 1994

4. Қазақстан мектебі №2, 2004

5. Мектептегі шет тілі №1, 2008

6. Ковдикова Ж. У «Деңгейлеп саралап оқыту педагогикалық технологиясына сәйкес өтетін сабақтардың үлгісі » Бастауыш мектеп №9 , 2003



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!