400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

ЖАҺАНДАНУ ЗАМАНЫНДАҒЫ ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Жылдам өзгерістер заманы бүгінгі білім жүйесінің де, адамзаттың да дамуына тікелей әсер етіп отырған жағдай. Жаһандану үрдісі, ақпараттық ағынның толассыз, үздіксіз жүріп отыруы бүкіл жүйенің өзгеруіне ықпал ететіндігі белгілі. Ғалымдардың дерегіне сүйенсек, ХХ ғасырда алынған білім кейінгі 15-20 жылға еркін жетсе, ХХІ ғасырдың басында әрбір 2,5 жылда ескіріп отырыды. Былтырдан бастап 1,5 ай сайын ақпарат жаңартып отыру қажеттілігі туса, ал 2020 жылы жиған-терген іліміңіз әрбір 72 сағат сайын алмасатын көрінеді. Сондықтан да, біздің дәстүрлі оқытуда алған біліміміз, механикалық есте сақтау дағдымыз жаһандану заманында жарамсыз болып табалытынын түсініп отырған шығарсыздар. Сол себепті жылдам өзгерістер заманындағы жаңартылған білім беру жүйесі баланы жылдам ойлауға, дұрыс шешім қабылдауға, өз ойын еркін жеткізуге, алған білімін күнделікті өмірде дұрыс қолдана білу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЖАҺАНДАНУ ЗАМАНЫНДАҒЫ ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Жылдам өзгерістер заманы бүгінгі білім жүйесінің де, адамзаттың да дамуына тікелей әсер етіп отырған жағдай. Жаһандану үрдісі, ақпараттық ағынның толассыз, үздіксіз жүріп отыруы бүкіл жүйенің өзгеруіне ықпал ететіндігі белгілі.

Ғалымдардың дерегіне сүйенсек, ХХ ғасырда алынған білім кейінгі 15-20 жылға еркін жетсе, ХХІ ғасырдың басында әрбір 2,5 жылда ескіріп отырыды. Былтырдан бастап 1,5 ай сайын ақпарат жаңартып отыру қажеттілігі туса, ал 2020 жылы жиған-терген іліміңіз әрбір 72 сағат сайын алмасатын көрінеді.

Сондықтан да, біздің дәстүрлі оқытуда алған біліміміз, механикалық есте сақтау дағдымыз жаһандану заманында жарамсыз болып табалытынын түсініп отырған шығарсыздар. Сол себепті жылдам өзгерістер заманындағы жаңартылған білім беру жүйесі баланы жылдам ойлауға, дұрыс шешім қабылдауға, өз ойын еркін жеткізуге, алған білімін күнделікті өмірде дұрыс қолдана білу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Әлемдік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында Қазақстан Республикасы отандық білім берудің озық дәстүрлері мен стандарттарын сақтай отырып, әлемдік білім беру тәжірибесіне бағытталған стратегиялық бағдарламаны таңдады.

Осыған орай жаңартылған білім беру мазмұнын тәжірибеге тиімді енгізу мақсатында Жетісу аудандық білім бөлімінің басшысы Құсайынова Салтанат Амангелдіқызының заманауи бастамасымен ауданымыздағы 21 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің арасында /Шамшырақ/ шығармашылық қоғамдастығы 2017 жылы құрылып, аталған қоғамдастықтың жұмыс атқарып жатқанына биыл үшінші оқу жылы. Қоғамдастықтың негізгі мақсаты- жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін тәжірибеге тиімді енгізу, күтілетін нәтижеге қол жеткізу. Осыған орай ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, кез келген өмірлік жағдайда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсете білетін тұлғаның үйлесімді қалыптасуына және зияткерлік дамуына қолайлы білім беру ортасын тудыру – жаңартылған білім мазмұнын енгізудің нәтижесі болуы керек.

Қазіргі заман талаптарына сәйкес қазіргі мектеп «білімді тұлға», яғни білім, білік пен дағдылары қалыптасқан жеке тұлғаны дайындаумен ғана шектеле қоймай, «өмірдің өзгерістеріне дайын болатын», белсенді және шығармашыл ойлайтын, интеллектуалды және жан-жақты дамыған жеке тұлғаны дайындау тиіс.

Барлық дамыған елдер өзінің бірегей жоғары сапалы білім беру жүйесіне ие. Дамыған елдердің білім беру жүйесінде мынадай тенденциялар байқалып отыр: білім беру философиясы мен әдіснамасының жаңаруы; білім беру мазмұнын құру әдістерінің өзгеруі, білім беру жүйесінде жетілдірілген модельдердің жасалуы; білім беруді басқарудың тиімді жолдарының қарастырылуы; жаңа білім технологияларының енгізілуі; оқушылардың танымдық белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін дамытушы, сындарлы білім беру моделіне көшуі; терең және белсенді кәсіби бағдар берудің ерте жастан басталуы; ұрпаққа азаматтық-патриоттық, рухани-адамгершілік, көпмәдениеттілік, денсаулық сақтау және экологиялық тәрбие беру ролінің күшейтілуі, білім ұйымдарының оқушыны әлеуметтендірудегі рөлінің артуы.

Қазіргі таңда білім саласының басты мақсаты - құзіретті, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастырып, дамыту болып табылады.  Бүгінгі таңда елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Еліміздің әлемдік үрдістерге енуі  білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыру екені сөзсіз. Білім беру мазмұнын жаңарту өте қажетті мәселе.

Жаңартылған білім мазмұны белсенді оқыту арқылы әр түрлі әдіс-тәсілдердерді қолдана отырып оқушылардың барлығын сабаққа жұмылдыру, ынтасын, пәнге деген қызығушылығын ояту.

Әл-Фарабидің «Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді» деген сөзін ескере отырып алдағы уақыттағы жаңартылған білім беру бағдарлама бойынша жұмысты жүйелі, тиімді жүргізу арқылы оқушылардың тереңде жатқан ойын дамыта, оларды сөйлеуге, сыни тұрғыдан ойлауға, өмірде де тиімді пайдалана алатындай дәрежеде дәлелдеуге үйрету – баршамыздың басты мақсатымыз деп санаймын.

ХХІ ғасыр – білім ғасыры. Қашанда ел тұтқасын жан-жақты білімді ұрпақ ұстаған шақта ғана өркениет алға қарай дамымақ. Ол үшін қазіргі таңдағы жеке тұлға өзіндік дәлел нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, көңілді, белсенді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптастыру- қазіргі таңның өзекті мәселесі.

Жас ұрпақтың ұлттық дүниетанымын әлемдік мәдени құндылықтармен жетілдіріп отыруға, ұлттық құндылықтарды сақтай білуге, өркениетті дүниеде болып жатқан өзгерістерді ескере отырып, тарихи экономикалық ахуалын терең танытуға жете назар аударуымыз қажет.



БАЙКОЖАЕВА УЛТУГАН МУХАМЫРОВНА

№57 жалпы білім беретін мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
5 мамыр
353
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі