400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаһандық құзыреттілік. Зайырлы мемлекет және дін.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаһандық құзыреттілік. Зайырлы мемлекет және дін.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақ тақырыбы: Зайырлы мемлекет және дін.

Мектеп:


Сынып: 9 сынып

Осы сабақ негізделген оқу мақсаттары

Оқушылар зайырлы мемлекет ұғымына талдау жасайды және зайырлы мемлекет пен діннің арақатынасы, зайырлылық түсінігі мен оның белгілері туралы қорытынды шығарады.

Сабақтың мақсаттары




Барлығы:

  • Зайырлы мемлекет пен діннің арақатынасын ажыратады, зайырлылық ұстанымының дінге қатысты қағидаттарын айтып бере алады.

  • Зайырлы мемлекет пен оның белгілері туралы біледі;

Көпшілігі:

  • Зайырлы мемлекет пен діннің арақатынасын ажыратады, сұрақтарға жауап бере алады;

  • Зайырлылық ұғымын біледі және түсіндіріп бере алады;

Кейбірі:

  1. Тақырыпқа сәйкес сұрақтар құрастырады;

  2. Зайырлылық белгілерін анықтап, атап бере алады.

Тілдікмақсаттар

Пәндік лексика мен терминология:

«Конфессия», «Зайырлы этика».

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы

1.Зайырлы мемлекет пен діннің арақатынасы қандай?

2.ҚР Конституциясында зайырлылық қалай сипатталады?

3.Зайырлы этика деген не?

4.Неліктен мемлекеттің діндерге бейтарап қарауы зайырлылық ұстанымдарының негізін құрайды?

Алдыңғы оқу

Зайырлылық және зайырлы мемлекет: ұғымы, мәні, сипаты.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар


Оқушының әрекеті

Ресурстары

І.Ұйымдастыру

- Сәлемдесу, түгендеу;

«Сағат» ойыны арқылы топқа бөлу.

Сіздің жұмыс жасауыңызға қолайлы уақыт? Оқушы өз есімі жазылған стикерді өзіне қолайлы уақыт тұсына қою арқылы топқа бөлінеді.

Стикер, сағат

ІІ. Үй жұмысы

«Кезбе тілші» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау(Бір оқушыға тілші болатыны алдын ала ескертіліп, сұрақтар дайындап келуі тапсырылады). Сұрақ топқа немесе жеке қойылуы мүмкін.

Сұрақ:

  1. Зайырлылық дегенді қалай түсіндіңіздер?

  2. Алаш қайраткерлері бұл сөзді өз заңнамаларында қандай мағынада қабылдаған?

  3. Зайырлылық ұстанымы дегенді қалай түсіндіңіздер?

  4. Теократиялық мемлекеттік жүйе дегенді қалай түсіндіңіз?



«Конверт сұрақ» әдісі арқылы топтар бір-біріне 2 сұрақтан сұрақ құрастырып, хат жолдайды.






Тілші сұрақтарына сұқаттасу арқылы жауап береді.















Оқушылар сұрақтарды топта талқылап, бір-біріне жауап береді, өзара бағалау жүреді.

Микрафон



















Конверт, А4

ІІІ. Жаңа сабақ

Жаңа сабақтың тақырыбын ашып алу үшін Қазақстан картасын, суреттер көрсетемін. Жетелеуші сұрақтар(Қазақстан қандай мемлекет?...) қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашамын.

Сабақтың тақырыбы хабарланады.



«Өкіл әдісі»

Әр топқа бір-бір сұрақтан беріледі:

  1. Зайырлы мемлекет және дін.

  2. Зайырлылық және зайырлы мемлекет: түсінігі және мағынасы.

  3. Зайырлы мемлекет және оның белгілері.

  4. Зайырлы этика.


Табыс критерийі:

  1. Сұрақтың жауабы толық болуы керек;

  2. Барлық оқушы талқылауға қатысуы керек;

  3. Постерда түйінді тұжырым ұсына алу керек;

Постер сауатты, әрі көркем безендірілуі тиіс.

Топтар сурет арқылы анықтама береді(тәуелсіз, демократиялы,құқықтық, зайырлы).




Оқушылар өздеріне берілген тақырыптарды талдайды және тақырыпты ашады. Түйген ойларынан постер дайындайды, әр топтан бір оқушы өкіл сайланып келесі топқа мәтінді түсіндіруге барады, мәтін талданғаннан кейін елшілер өз отандарына қайтады. Бағдаршам арқылы бірін-бірі бағалайды.

Интерактивті тақта







Оқулық: Зайырлылық және дінтану негіздері, Астана: «Арман-ПВ», 2016 (Д.Т.Кенжетаев, Ә.Ә.Сайлыбаев, Ө.О. Тұяқбаев)

А4, маркер

ІV. Бекіту және пысықтау

«Жылдам кездесу» әдісі:

Оқушылар екі қатарға бір - біріне қарама - қарсы тұрып, сағат тілі бағытымен жылжып отырып, бір – біріне сұрақ қояды.


V. Кері байланыс

«+ , -, қызық»

Кері байланыс парағын толтырады.

Кері байланыс парағы


VI. Үйге тапсырма

§ 2. «Қазақстан – зайырлы мемлекет» тақырыбына шағын шығарма жазып келу.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
18.04.2024
502
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі