Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Жау тылындағы бала
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ЖАУ ТЫЛЫНДАҒЫ БАЛА
(Пролог, эпилогы бар екі бөлімді драма)
Қасым Қайсенов шығармасының желісі бойынша
Қатынасушылар
Анна Ивановна—совет офицерінің әйелі
Борис—оның баласы
Жамал—совет офицерінің әйелі
Серік—оның баласы
Жомарт Мергенбаев—Серіктің әкесі
Примак—партизан отрядының командирі
Тамара—сатқын әйел және бейтаныс әйел
Неміс офицері
Партизандар, Неміс солдаты, Бейтаныс еркек.
Оқиға Ұлы Отан соғысы жылдарында Украинада өтеді.
ПРОЛОГ
Осы заман. Көктемнің кезі. Вокзал басы екенін аңғарамыз. Поездың келуін күтіп үш адам тұр. Олар: отставкадағы генерал — Жомарт Мергенбаев, оның ұлы подполковник—Серік Мергенбаев және Жомарттың немересі, он бес жасар қыз — Анна Мергенбаева.
Қолында тамырын ораған шие ағашы.
Анна-қыз (Жомартқа). Ата, Анна апай сұлу әйел ме?
Жомарт. Қазір қайдам, қартайды ғой. Қыз кезінде Шотландияның қуыршағы секілді еді...
Серік (күліп). Әй, папам-ай, сізде өтірік айтады екенсіз-ау. Шотландияның қуыршағын қайдан көріп едіңіз...
Анна - қыз. Не нәрсеге де күмән келтіру папамның әдеті. Мамам алдына ас қойса: «Әй, осы шикі емес пе?» — деп шұқылап отырғаны. (Жомарттың мойнынан құшақтап.) Атамның көрмегені бар ма...
Жомарт (маңдайынан сүйіп). Иә, айналайын, менің көрмегенім жоқ. Ал, Швейцарияны Шотландиямен ауыстырып, қателескенім рас. Берлиннің дүкендерінен ақ сары әдемі қуыршақтарды көп көріп едім. Тіпті танкінің шынжыр табаны мыжып кете жаздаған қуыршақты құтқарам деп, оққа ұша жаздағанмын. Иә, одан беpi де 38 жыл өткен екен-ау... Зымыран уақыт-ай...
Анна - қыз (Серікке). Папа, Берлинді сен де көрдің бе? Қандай екен?
Серік. Батысын білмеймін, Шығыс Берлин өте әдемі қала.
Жомарт. Жеңістен соң қайтып көруге жазбады. Көп өзгерген шығар.
Бұлар тұрған жерге жақын орындыққа Бейтаныс әйел келіп отырады.
Бейтаныс әйел. Кешіріңіздер, поездің кешігу себебін білмейсіздер ме?
Серік. Жоқ дегенде, бір екі сағат кешігу кез келген поездің сырқаты емес пе. (Сағатқа қарап.) Енді бір 30—40 минутта келіп қалар. (Әкесіне.) Ардагерлермен кездесу кеші қалай өтті?
Жомарт. Өте жақсы ұйымдастырған. Айтар жоқ. Көңілімізді бір көтеріп тастады. (Күрсініп.) Менің қатарым да сиреп барады...
Пауза.
Серік. Анна апамыз бізді таныр ма екен?..
Жомарт. Ол да қартайып қалды... Дегенмен, Анна Ивановна зерек те зерделі әйел еді ғой. Жақсылығын жалғанда ұмытармыз ба.
Серік. Өзіміз танымай қалып жүрмесек...
Анна - қыз. Сіздерді білмеймін, өзім жазбай танимын. Міне, суреті. (Сумкасынан сурет алып көрсетеді.)
Серік (таңырқай). Қайдан алдың?
Анна - қыз. Я же переписываюсь с ней.
Жомарт. Өңі әлі жас.
Бейтаныс әйел. Поезі түскір әбден кешікті-ау. (Серікке.) Сағатың қанша болды, шырағым?
Серік. Сегіз жарым... Қайда барушы едіңіз, шешей?
Бейтаныс әйел. Украинаға.
Серік. Киевтің өзіне ме?
Бейтаныс әйел. Одан ары... Подольскіге дейін.
Анна - қыз. Біз де сол қалаға барамыз.
Жомарт. Жолымыз бір екен. Таныса отыралық. Осы қаладансыз ба?
Бейтаныс әйел. Жоқ. Сарқанттанмын. Соғысқа дейін Украинада тұрғанмын. Эвакуация кезінде осы Қазақстанға көшіп келгенбіз. Атаңа нәлет фашистер болмаса, жылы орын, жайлы мекенімізден қоныс аударар ма едік.
Серік. Бұл жақ ұнамаса, соғыс біткен соң қайта көшіп кептедіңіз бе?
Бейтаныс әйел. Үйреніп қалдық. Енді төрімнен көрім жуық қалғанда туған жерімді бір көріп қайтуға кетіп барамын.
Серік (қадала қарап). Мен сізді бір жерде көрген секілдімін. Әсіресе, көзіңіз таныс...
Бейтаныс әйел. Үйінен бірінші рет ұзап шыққан бейбақты қайдан көресің, шырағым? Басқа біреумен шатастырып тұрған шығарсың.
Серік. Мүмкін... Бірақ сөз жоқ, көрген адамымсыз.
Серік. Мүмкін... Бірақ сөз жоқ, көрген адамымсыз.
Анна - қыз. Ата, поезд келе жатыр.
Жұрттың қозғалысы. Паровоздың даусы естіледі.
БІРІНШІ БӨЛІМ
Бірінші көрініс
Вокзал. Жолаушылар поезын тосып майор Мергенбаев пен Анна
Ивановна тұр. Қолдарында гүл.
Жомарт. Анна Ивановна, сіз қайта бересіз-ау деймін. Поезд кешігетін түрі бар.
Анна Ивановна. О не дегеніңіз? (Күліп.) Жамалдың елден әкеле жатқан сәлем-сауқатын жалғыз өзіңіз жемексіз бе?
Жомарт. Егер Жамал олжалы оралса, қапшығымен түгелдей сізге арқалатып жіберермін.
Анна Ивановна. Ендеше, осыған уәделестік.
Пауза. Вокзалдағы қара табақ радиодан жеңіл музыка ойнайды.
Жомарт. Каменецк-Подольск қаласына бауыр басып қалыппыз. Танкисттердің өмірі көшпелі ғой, күні ертең басқа бөлімге ауыстырамыз десе, әсіресе Анатолий Андреевич пен сізді, қимайтын секілдіміз.
Анна Ивановна. Рас, біз де жақсы көріп кеттік сіздерді.
Жомарт. Иә, біз туыс адамдармыз. Осыдан 210 жыл бұрын ата-бабаларымыз ант берісіп, өз еркімен қосылып еді Россияға. Әне, біздің достығымызға екі ғасырдан асып кетті.
Пауза. Музыка толастаған жоқ.
Анна Ивановна (аспанға қарап). Бүгінгі түн қандай әдемі. Жұлдыздар жақыннан жымыңдап тұр.
Жомарт (толқып). Шынында да, осыншалық сұлу әрі тынышты түн мың жылдан бері болмағандай. Бейбітшілік дегеніміздің өзі жолаушыларды гүлмен қарсы алып, алыс сапарға шығарып салу екен-ау.
Анна Ивановна (күліп). Жомарт Мергенбаевич, байқайсыз ба, сіздің шашыңыз мынау түн секілді, қап - қара.
Жомарт. Рақмет комплиментіңізге. Ал, сіздің шашыңыз жап-жарық — күн секілді.
Осы кезде Борис келеді. Оның қолында да гүл.
Борис (ентігіп). Мама, мені жалғыз тастап қашып кеткенің қалай?
Анна Ивановна. Өй, сен қайдан жүрсің. Мен үйден шыққанда ұйықтап жатыр едің ғой. Ағаңа сәлем бер.
Борис (қолын ұсынып). Здраствуйте, дядя Жомарт. (Мамасына.) Сен Жамал апайды қайтқан өзің ғой.
Анна Ивановна (бетінен сүйіп). Баламысың деген... Папаң звондады ма?
Борис. Жоқ.
Поездың келе жатқанын хабарлайды. Олар вагонға қарай жүреді.
Анна Ивановна. Қай вагонда еді?
Жомарт. Төртінші. Ұлымды көрмегеніме де біраз уақыт өтіпті-ау. 1939 жылы елден аттанғанда бесінші класта оқитын. Енді, міне, жетіншіні тәмамдап, әкесіне қонаққа келе жатыр.
Борис. Дядя, Жомарт, Серік орысша біле ме?
Жомарт. Ол орыс мектебінде оқиды ғой.
Борис (қуанып). Ура! Менімен ойнайтын бала табылды.
Вокзалда дабыр-дұбыр көбейеді. Сахнаға Жамал мен Серік шығады. Жүктері бар.
Серік (тұра ұмтылып). Папа! Папатай!
Жомарт (құшақтап, сүйіп). Құлыным! Маңдайға басқан жалғыз ұлым! Атасының ермегі, Сағындырдың ғой әкеңді!
Серік. Сағынғаның шын болса, іздеп келер едің.
Жамал (күліп). Әкесі-ау, мені де бір айдан бері көрмеп едің, тіпті менсінетін түрің жоқ қой... Тоқал алғаннан саумысың?..
Жомарт (құшақтап). Кешір, Жамал.
Жамал (Аннаға бұрылып). Ой, ұят-ай, сізді байқамай қалыппыз ғой. Саламатсыз ба, Анна Ивановна.
Анна Ивановна. Есен-сау келдіңіз бе?!
Жамал. Қазақстан алыс қой. Он күн дегенде әрең жеттік.
Жомарт. Анна Ивановна, танысып қойыңыз, біздің ұл, Серік Мергенбаев деген мына кісі болады.
Анна Ивановна. Сүп-сүйкімді бала ғой өзі. Аумаған әкесі. Азамат ұлдарыңыз бар екен, құтты болсын.
Жомарт. Аумаған атасы деңіз.
Борис (жақындап). Менің атым — Борис.
Серік. Менің атым — Серік.
Анна Ивановна. Кешіріңіз, Жомарт Мергенбаевич, өзіңізден гөрі балаңыздың орысшаға тілі жатық екен.
Жомарт. Ол рас. Ал, не тұрыс, қалған әңгімені үйге барып жалғастырайық. Жамал, ау, Жамал, дорбаңда сәлем-сауқат бар ма еді? Түгелімен Анна Ивановнаға арқалатып жібер. Келісім солай.
Жамал. Алыңыз, бір айға жететін азық бар.
арсы алсаң, мен Серікті... Осы жолы баласын ала келеді деп
Жамал. Алыңыз, бір айға жететін азық бар.
Анна Ивановна. Рақмет. (Әзілдеп.) Ендеше, үйге жеткізіп тастаңдар...
Барлығы күліп, дабырласа сахнадан шығады.
Екінші көрініс
Шам жанғанда Жомарттың үйін көреміз. Дастарқан жасалып қойылған. Мұнтаздай таза. Жеңіл музыка.
Жомарт. Міне, біз де келіп жеттік. Өз үйім — өлең төсегім, деп қазақтар бекер айтпаған.
Жамал (таңдана). Жомартик, (мойнына асылып) қандай керемет жігітсің, не деген пысықсың... Адамның қадірін білу үшін, алысқа аттану керек екен-ау. Үйлену тойын жасайтындай-ақ әзірлеген екенсің дастарқанды...
Жомарт. Екеуіңнен нені аяйын...
Жамал. Туу, абыр-сабыр болып жүріп, қонақтарды ұмытыңқыраппыз-ау. Анна Ивановна, төрге шығыңыздар. Таң атқанша тойлайық... Айтпақшы, Анатолий Андреевич қайда?
Жомарт. Ол кісі бүгін кезекшілікте. Сені қарсы алатын болған соң, мені босатқан.
Жамал. Қап-ай, бірге болғанымыз жақсы еді...
Жомарт. Серік пен Жамал келе жатыр, деп бүкіл шекараны ашып тастаймыз ба?.. Сақтықта — қорлық жоқ.
Серік пен Борис шүйіркелесіп, домбыраны қызықтап тұрады. Барлығы дастарқанға жайғасады. Жамал дорбаны ақтарып, ауылдан әкелген құрт-ірімшіктерін шығара бастайды.
Жамал. Міне, елдің дәмі.
Жомарт (құртты иіскеп). Ауылдың, анамның иісі шығады. Жамалжан-ау, осының барлығын қалай ғана арқалап келдің? Мықтысың ғой өзің... Тіпті сүрлеген қазы бар.
Жамал (наздана). Өзім дегенде, өгіз қара күшім бар, деген емес пе? Тіпті жол ұзақ, дегеніме қарамай, апам арқалатып жібереді.
Жомарт (күрсініп). Иә, ел іші — алтын бесік деген сол... Ағымнан жарылсам, туған жерімді аса сағынып жүрмін.
Жамал. Ой, өзін жылайын деп тұрғаннан саумысың...
Жомарт. Келесі жылы бірге барамыз, Жамал. Міндетті түрде. Одан арыға шыдамаспын да. Кемпір - шалдан да ұят, жалғыз ұл қайырылмай кетті, деп ойлайды ғой...
Жамал. Ерігіп жүрген жоқсың ғой, атамдар түсінеді оны. Қызметін, солай.
Анна Ивановна. Екеуін қиялдап, бізді ұмытып кеттіңдер-ау...
Жамал (бетінен сүйіп). Кешір, Аннушка. Атам мен анамды сағындым деп кемсеңдеген...
Анна Ивановна. Түсінемін. Мен де деревнядағы әке-шешемді жылына бір рет көрмесем тұра алмаймын.
Жомарт. «Анаңды Мекеге үш рет жаяу арқалап барсаң да, қарызынан құтыла алмайсың»,— деген қазақтар. Тек осы сезім, осы махаббат анау ұлдардың бойына дарыса ғой. (Бокалдарға шампан құйып.) Ал, өзімді тамадалыққа сайлаймын.
Анна Ивановна. Қарсылық жоқ.
Жамал. Дауысқа саламыз.
Жомарт. Олай болса, балаларды да қосалық. Әйтпесе, адам саны жетпей тұр. Оу, Серік, Борис, бері келіңдер, мен бастық болайын деп жатырмын.
Анна Ивановна. Серік, сен кім боласың? Әке жолын қуатын шығарсың? Біздің Боря офицер боламын деп жасын күнде санайды.
Серік. Жоқ, Анна тәтей, мен әскери қызметті жек көремін.
Анна Ивановна (таңдана). Неге, қалқам-ау?
Серік. Офицер болғым келмейтін себебі — ешкіммен соғысқым келмейді. Атам секілді түйемді бағып, әнімді салып бейбіт қартайсам деймін.
Жамал (сөзін бөліп). Әкесі-ау, ұлың екеуің дискуссияны кейін жалғастырарсыңдар. Тамағымызды ішелік те, суып қалды .
Анна Ивановна (басынан сипап). Дегенмен, Серік, жарайсың. Өзінің көзқарасы бар баладан айналмайсыз ба.
Жамал. «Әкесі тұрып, ұлы сөйлегеннен, шешесі тұрып, қызы сөйлегеннен без» деп біздің халық бекер айтпаған. Ата тәрбиесін көрген бала бұлай сөйлемес болар.
Жомарт. Ал, жолдастар, мен тамада болсын дегендерің қол көтеріңдер. (Жамалдан басқасы, өзі де қол көтереді.) Жамалжан, жалғыз өзің қалып қойдың. Әуелгі тосты ортамыздағы қос ана, совет офицерлерінің адал жары — Анна Ивановна мен 'Жамал Мергенбай келіні үшін ішеміз.
Анна Ивановна. Әрі қатты, әрі қышқыл екен. Сыра ішкенде таптырмайтын закуска ғой мынау.
Жомарт. Құрт деген жарықтық жақсы ғой. Осы қалпында тимей сақтап қойсаң, тура жүз жылға бүлінбей шыдайды. (Телефон шылдырлайды. Трубканы Жомарт алады.) Майор Жомарт Мергенбаев тыңдап тұр... Ә-ә, өзіңсің бе?.. Рақмет-рақмет. Келді, келді... Ұлым да... Қарсы алдық. Біздің үйде... Тойлап жатырмыз. Тыныштық па... Қазір шақырайын... (Аннаға.) Сізді шақырады.
Анна Ивановна. Алло! Біз мұнда ішіп отырмыз... Иә... (Күліп.) Менің қолымнан не келеді, қазір-ақ шақыртып алар едім... Боря мен Серік достасып та үлгерді. Біраздан соң қайтамыз... Тамақ әзірлеп қоямын.
Осы кезде трубканы Жомарт алады.
Жомарт. Өзім сөйлесейін. Аллоу, біз сіздің кезекшілігіңіз аяқталғанша кірпік ілместен осы үйде күтеміз. Сондықтан Анна Ивановнаға түн ішінде тамақ әзірле деп әурелемей-ақ қойыңыз. Келістік пе? Жақсы. (Трубканы қояды.) Ал, қыздар, билейік.
Патефон ойнайды. Анна мен Жомарт билейді. Серік пен Борис оңаша шығып әңгімелеседі.
Борис. Серік, мен сені Сережа деп атасам қайтеді?
Серік (күліп). Ендеше, мен сені Боранбай деймін...
Борис. Сендер жақта бір тал ағаш жоқ, қуарған қу дала, құм, күндіз-түні ып-ыстық жел соғып тұрады, түйеден басқа жануар шыдай алмайды, деп естігенмін, рас па?
Серік. Нешінші класта оқисың?
Борис (таңдана). Сегізіншіні бітірдім.
Серік. География деген сабақ барын білесің бе?
Борис. Білемін.
Серік. Олай болса, Қазақстан жайлы, оның ауа - райы, жер жағдайы туралы мұғалімдерін түсіндірді ме?
Борис. Айтқан.
Серік. Ендеше, дұрыстап айтпаған екен. Мұғалімдерің нашар болған немесе сенің миың аз болған. Қазақстан жеріне бүкіл Европа сыйып кетеді. Жер шарында қандай ауа-райы бар — бізде соның барлығы табылады, жап-жасыл орманы, айдын шалқар көлі мен толқыған теңізі, тіпті бүкіл аң-құс, құрт-құмырсқаның қайсыбірі де өріп жүр...
Борис (қызыға). Серік, келесі жылғы каникулда Қазақстанға барамын.
Серік (маңғаздана). Мамаң мен папаң жылан шағып алады, қасқыр жеп қояды деп жібермей қойса қайтесің?
Борис. Қашып кетемін.
Серік. Географияны да нашар біледі екенсің, адасарсың...
Жамал. Әй, балалар, сендер жатсаңдар қайтеді. Сағат үштен асты.
Анна Ивановна. Ұйықтаңдар. Ертең де күн бар. Серік жолдан шаршап келді.
Серік. Он күн бойы ұйқыдан басым істі.
Борис. Ой, мама, біз енді ғана Қазақстанға жете беріп едік, сіздер жолдан қайтарып жібердіңіздер.
Жомарт. Мамаларың бәрібір тыныштық бермейді. Ұйықтайтын бөлмеге барсаңдаршы. (Көзін қысып.) Ар жағын өздерің білесіңдер ғой... Сахалинге барып қайтсаңдар да...
Серік. Ол да ақыл екен.
Жомарт. Өзім сөйлесейін. Аллоу, біз сіздің кезекшілігіңіз аяқталғанша кірпік ілместен осы үйде күтеміз. Сондықтан Анна Ивановнаға түн ішінде тамақ әзірле деп әурелемей-ақ қойыңыз. Келістік пе? Жақсы. (Трубканы қояды.) Ал, қыздар, билейік.
Патефон ойнайды. Анна мен Жомарт билейді. Серік пен Борис оңаша шығып әңгімелеседі.
Борис. Серік, мен сені Сережа деп атасам қайтеді?
Серік (күліп). Ендеше, мен сені Боранбай деймін...
Борис. Сендер жақта бір тал ағаш жоқ, қуарған қу дала, құм, күндіз-түні ып-ыстық жел соғып тұрады, түйеден басқа жануар шыдай алмайды, деп естігенмін, рас па?
Серік. Нешінші класта оқисың?
Борис (таңдана). Сегізіншіні бітірдім.
Серік. География деген сабақ барын білесің бе?
Борис. Білемін.
770 ₸ - Сатып алу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз
- Жүктелуде...
- Жүктелуде...
- Жүктелуде...
тақырыптармен дайындаймыз