"Жауапкершілік- сақтық жаршысы"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жауапкершілік- сақтық жаршысы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Адалдық пен сенімнің адами қарым қатынастағы мәнін түсіндіру арқылы, оқушыларды адал еңбекке, адал кәсіпке тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Үйірме: Жас эрудит

Күні: 19.12.2023 жыл

Үйірме сағатының тақырыбы: «Адалдық-ардың ісі»

Мақсаты: Адалдық пен сенімнің адами қарым қатынастағы мәнін түсіндіру арқылы, оқушыларды адал еңбекке, адал кәсіпке тәрбиелеу.

Үйірме сағатының нәтижесі:

Адалдықты өмірлік ұстаным ретінде қабылдайды - Адамдар арасындағы арым-қатынаста сенім білдіру, және сенімді ақтау, абыройын сақтау сияқты ізгі қасиеттердің маңыздылығын біледі - Өмірде адал кәсіп ету, адал еңбекпен нан табу адал адамға тән қасиет екенін біледі.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ –жауап, топтық жұмыстар, мәтінмен жұмыс,пікір алысу,

Үйірме сағатында қолданатын ресурстар А3 қағаз, фломастер, адал еңбек тақырыбындағы суреттер, топқа бөлуге арналған қима қағаздар.

АКТ –ның қолданылуы видеоматериал, интернет ресурстары

Қолданылған әдебиеттер:

1.«Өз ісіңдей еңбек ет» (https://www.zharar.com/kz/story/14704-enbek.html

2. «Адалдықтың өтемі» ертегі. https://youtu.be/f2J53Jv2j8

3. Сынып жетекшілеріне тәрбие жұмысын ұйымдастыруға арналған әдістемелік ұсыным. Алматы, 2019

Үйірме сағатының барысы

Ресурстар

Үйірме сағатының басы

І Ұйымдастыру

Шаттық шеңбері

Топқа бөлу

«Адалдық», «Әділдік» «Сенім» деген жасырылған қима қағаздағы сөздерді таңдау арқылы үш топқа бөлу. Әр топ өздерінің топтарының атына түсініктеме береді. Топтарға берілген атаулар арқылы сабақтың тақырыбын болжау. Яғни «Адалдық», «Әділдік» «Сенім» атауларынан бүгінгі сабағымыздың не туралы екенін болжау. Топ атаулары жазылған қима қағаздар.

-Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар? Оқушылардың пікірін тыңдап, сабақтың тақырыбы «Адалдық-ардың ісі» екенін хабарлау.

Сабақтың ортасы

Ой түрткі

  1. Оқушылар таратып берген мәтінді оқып танысады.

«Өз ісіңдей еңбек ет» Бір кәрі құрылысшының зейнетке шығатын уақыты таяп қалады. Бастығына бұдан былай жұмысқа шықпайтынын, үйде бала-шағасына немерелеріне бас көз боп отыратынын айтады. Бастығы өте тәжірибелі құрылысшының зейнете шығып бара жатқанына қынжылады. Ол жұмысшысынан соңғы рет бір үй салып беруін өтінеді. Кәрі ұста бұл ұсынысты қабыл етіп, жұмысқа кірісіп кетеді. Бірақ істеп жатқан ісінде көңілі жоқ екені, амал жоғынан істеп жатқаны көрініп тұрады. Үйді сапасыз материалдар қолданып, қисық-қыңырына қарамай, қалай болса солай салып береді. Үй біткен соң бастығы үйді тексеру үшін келіп, қарап шығады. Шығарда үйдің кілтін ұстаға беріп: -Міне кілтті алыңыз! Үй сіздікі, қаншама жылғы еңбектеріңізден соң, меннен сізге сыйлық болсын!- дейді. Әлгі ұста түсінбей, абдырап қалады. Өз ісіне қатты ұялады. Әттең, осы салған үй өзінікі болатынын білгенде, үй осылай болар ма еді https://www.zharar.com/kz/story/14704-enbek.html

Ой талқы

- Осы мәтіндегі адамдардың қарым қатынасы жайлы не айтар едіңдер?

- Басшысы жұмысшысына сенім артты ма?

- Құрылысшы өз абыройын сақтай алды ма?

- Неліктен құрылысшы өз абыройын сақтай алмады?


2. «Адалдықтың өтемі» ертегі көру

Адал еңбек тақырыбындағы суреттермен жұмыс

Шығармашылық жұмыстар

Мәтін жазылған парақтар

Интернет ресурсы https://youtu.be /f2J53Jv2j8


Топтық жұмыс

1-топ «Адалдық» тақырыбына постер жасау

2-топ «Сенім» тақырыбына постер жасау

3-топ. Кейіпкерге хат жазу

Топтық жұмыстарды қорғайды




ІІІ Қорытынды

Ой түйін

- Бүгінгі үйірме сағатынан ойларыңа не түйдіңдер?

Сәйкестендіру

Мына екі мақалдың мағынасы жаңа өздерің оқып, білген мәтінмен ертегінің қайсысына сәйкес келеді?

Екі топтан екі бала шығып тапсырманы орындап берсін.


«Өз ісіңдей еңбек ет»

1) Адал кәсіп те құдайға құлшылық еткенмен бірдей

«Адалдықтың өтемі»

2) Саудаң әділ болмаса нарық бұзылады


Осы мақалдардың мағынасын кім түсіндіре алады?

(оқушылардың пікірін тыңдау, толықтыру)


Үйірме сағатының соңы

Рефлексия

-Бүгінгі сабақта ненің мәнін түсіндіңдер?

-Қандай қасиеттерді өздеріңе жинақтайсыңдар?

-Нені өмірлік ұстаным ретінде қабылдайсыңдар?

Осы сұрақтарға жауап беру үшін алдарыңдағы кері байланыс парақшасын бояп, немесе белгі қойып өткізуге болады.

Бір-екі баланың пікірін тыңдау.

Қорытынды сөз

Пайда ойлама, ар ойла - деп Абай атамыз айтқандай ең бірінші адалдықты ту етейік. Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас, Қардың суы секілді тез суалар – деген сөзді де Абай атамыз айтып кеткен екен. Еңбекпен тапқан нан ғана адам бойына сіңеді. Өз нанымызды тек адал еңбекпен табуға үйренейік. Адалдық біздің өмірлік ұстанымымыз болсын!

Үйге тапсырма: Адалдық туралы мақал- мәтелдер жаттап келу, шағын эссе жазу

Үйірме сағатынан0 кейінгі ой

«Адалдық», «Еңбекпен тапқан тиын», «Намыс пен намыссыздық» ертегісін талқылау арқылы оқушыларға ақшаны тек адал еңбекпен табудың, адалдықтың, кісіге сенім артудың мәнін ашуға тырысу. Оқушылар бұл тақырыпты жақсы қабылдады. Өздерінің терең түсінгендерін шығармашылық жұмыстары арқылы, кері байланыс арқылы көрсете алды.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2025
67
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі