Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Жауапты мінез құлық ЖҚТБ/АҚТҚ-дан қорғану
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Бекітемін______________ күні:22.01.18 мерзімі:16.35
Тақырыбы: Жауапты мінез құлық ЖҚТБ/АҚТҚ-дан қорғану
Өтетін орны: Ф. Досымова атындағы №12 орта мектеп, №18 кабинет
Өту түрі: кездесу
Мақсаты:
-
Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі ЖҚТБ/АҚТҚ дертінің алдын алу,оның жұғу жолдарын, одан сақтану, қорғана білу туралы түсіндіру, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
-
Міндеттері:
-
АҚТҚ/ЖҚТБ туралы негізгі және жұқпалы ауру екендігі туралы мәліметтер беру;
-
ҚТҚ-ның жұғу және қорғану жолдарын игеруге тәрбиелеу, оқушылардың қорғану жөніндегі іс әрекеттерін қадағалау;
-
Оқушыларды АҚТҚ жұқпасымен және ЖҚТБ туралы бар білімдерін әрі қарай дамыта отырып, тәрбиелеу.
Көрнекіліктер мен құрал жабдықтар: Интербелсенді тақта, презентацтя,
бейнематериал, тақырыптық безендірулер.
Жүру барысы:
Кіріспе
Ұлт денсаулығы-біздің табысты болашағымыздың негізі. Құрметті ұстазадар мен оқушылар, биология-химия апталығы аясында өткелі отырған Жауапты мінез құлық ЖҚТБ/АҚТҚ-дан қорғану тақырыбындағы кездесуге қош келдіңіздер! Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өздеріңізге белгілі еліміздің дамыуының ұзақ мерзімді «Қазақстан-2030» стратегиясында халық денсаулығын сақтауды басты бағдар ретінде қарастырғанын білесіздер, яғни мемлекеттің бірінші кезектегі атқаратын шараларының бірі-халық денсаулығын нығайту.
Қонақтармен таныстыру.
Бүгінгі шара денсаулық сақтау саласының мандарының қатысуымен өтпек. СӨС-н қалыптастыру орталығының маманы Софья Мутановнаның және мектеп медбикелері Утекенова Ғалия Турекеновна, Нугурова Айнагуль Наримановна
қатысып отыр. Сондай-ақ мамандардың кеңесін тыңдап, білім-білік дағдыларын кеңейту мақсатында мектебіміздің 8 «а», 8 «б» сынып оқушылары жиналып отыр.
Алдымен Ғасыр індеті аталатын ауру несімен қауіпті? бейнематериалға зер салайық.
СПИД ғаламдық дерт екендігі сөзсіз. Онымен күресу мемлекеттік деңгейде жүруі тиіс екендігі айтпаса да түсінікті. Тәуелсіздік алған 26 жыл ішінде Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі аталмыш дертпен қаншалықты күресіп келеді? Қазіргі таңда елімізде АҚТҚ (ВИЧ) ауруын жұқтырғандардың саны қанша? Бұл сұрақтарға жауап алу үшін бізге 2006 жылға қайтып оралуға тура келеді. Себебі дәл осы жылы СПИД дерті Қазақстан атын әлемге шығарды десек артық айтпаймыз. Естеріңізде болса, 2006 жылы Шымкент қаласында дәрігерлердің салғырттығы салдарынан 150 бала АҚТҚ (ВИЧ) ауруын жұқтырған болатын. Зерттеу барысында АҚТҚ ауруын жұқтырған 10 баланың көз жұмғандығы және 150 баланың барлығы дертті ауруханада қан тапсыру кезінде жұқтырғандығы анықталған. Қазақстан бойынша, 2015 жылдың 11 айында АҚТҚ (ВИЧ) жұқтырған 2171 адам тіркелген. Олардың басым көпшілігі Шығыс Қазақстан, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстарында. СПИД жұқтырғандардың 66,9 пайызы 20-39 жас аралығындағы азаматтар. BBC News сайтында 2017 жылығы жарияланған дерек көздеріне сүйенсек, 2017 жылдың жарты жылдығында ел бойынша, АҚТҚ (ВИЧ) жұқтырғандардың саны 1430 адамды құраған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың дәл осы уақытымен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. СПИД жұқтырғандарының басым көпшілігі Алматы, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген. Қазіргі таңда Қазақстан бойынша, 19183 АҚТҚ (ВИЧ) жұқтырған адам тіркелген. Олардың 393-і 14 жасқа дейінгі балалар. Балалар арасында СПИД жұқтырғандардың басым көпшілігі Оңтүстік Қазақстан облысына тиесілі. Олардың жалпы саны 229 бала делінген. Бұл қаншалықты шындыққа жанасады және де маман ретінде аурудың таралуы, алдын алу жолдары туралы тарқатып айтып берсе
Білгеніңнен білмейтінің көп әлі... мамандармен сұхбат.
Алғашқы сөз СӨС-н қалыптастыру орталығының маманы Софья Мутановна өзіңізде.
Сұрақ бізден, жауап сізден сұрақ-жауап бөлімі.
Атырау облысы бойынша ауруға шалдыққандар саны?
Оның ішінде мектеп жасындағы балалар бар ма?
Қандай алдын алу шаралары жүргізіледі?
ЖИТС құрбандары (монолог).
Мұңды музыка орындалып тұр. Төбе құйқанды шымырлатып ышқына шыққан азалы да ащы әуен. Ағысы мен қағысы қатты аудын музыка аласұрып бебеулетіп өртеп әкетіп барады. Жарқ-жұрқ етіп жоғарыдан айқұш-ұйқыш, суы сорғалаған өткір сәуле астында бүйі тигендей болып дөнбекшеген біреу. Біресе ұшып тұрып, біресе қайта құлайды, құлайды да қайта тұрады. Есірік айғай, сандырақ. Жан төзгісіз ауыр азапқа түскен адам. Аласұра шыққан азалы әуен баяулап барып саябыр тапқанда,қайғы-мұң қасіретінен қажыған адам ыңырана орнынан көтерілді.
Жазира-10 «а» сынып оқушысы. Уа, жаратылыс! Адамзатқа өмір берген құдіреттің қайнар көзі! Сен естисің бе мені? Сүт сәулелі мынау бір өмірдің бар қызығын көре алмай, арманда кетіп бара жатқан, жұмыртқадай жұмыр басты пенденің зарын тыңдашы бір сәт! Ортада адам төзбестей ауыр тыныштық, жүзін мұң шалған адам сыртқа қарай сыр шашпай, іштей тілдесіп, өзімен-өзі отыр.
Ұйықтайын десем қорқамын.
Өзімнен өзім сыр таптым,
Өле алмай жүрген сырқатпын,
Шіріген картоп сияқты
Бұрышында қалған бір қаптың,
Өзімнен өзім тістенем,
Шарабым да тұр ішпеген.
Ғаламат қымбат жемісті
Инемен таза денеңді
Тесуге неге келістің?
Көк түтінмен уланып,
Ащы суды неге іштің?
Төсекке,асыл азамат,
Ауру меңдеп құлайсың.
Дәрігерлерді мазалап,
Не үшін енді жылайсың?
Сахнада мұңды әуен басталады. Тіршілікпен теперіш көрген жас бала егіліп жылап тұрады.
Нұрдаулет-11 «а» сынып оқушысы. Мен жағдайы жақсы отбасында дүниеге келдім.Әп деп өсе бастағаннан ештеңеден таршылық көрген жоқпын. Басқа балалар ішпегенді іштім, кимегенді кидім. Бір сөзбен айтқандай, өте ерке болып өстім. Әке-шешем барлық дегенімді жасады. Анда-санда әкем мен тентек болған кезде айғайлап ұрса бастаса анам: «Ойбай, жалғаз баладан нең бар?! Деп араға түсетін. Сонау балалық шағы есіне түскен жігіт жүзін қимастық сағыныш басып, біраз үнсіз қалды. Иә, ата-анамның еркелеткені мені одан әрі құтырта түсті. Жетінші сыныпқа жеткенше екі-үш мектепке ауысып үлгердім. Себебі неде дейсіз ғой? Тәртіпсіздігім үшін. Бір күні көрші үйге жаңа отбасы көшіп келді.Олардың да менімен тетелес ұлы бар екен. Сонымен «іздегенге сұраған» дегендей екеуміз жұбымыз жазылмайтын болды. Оның менен айрықшылығы «наша» деген пәленің дәмін ерте тапқан екен. Енді мен де шеге бастадым. Нашаның адам баласына әкелетін қасіретін ол кезде кім білген? Егерде білген болсам жолаймын ба?! Денесін сырқат сыздатқан жас жігіт жасаураған жанарын төмен түсіріп сөйлеп кетті. Арада 2-3 жыл өтті. Бұл кезде мен темекісіз,есірткесіз тұра алмайтын дәрежеге жеттім. Өзім секілді достарым да көбейді. Олар арқылы арғыш сұйық құйылған инеге де көңілім ауды. Не құдіреті барын,сол бір инені көрсем аузымнан суым шығып, есім кететін. Бұл кезде әкем көлік апатыныа қайтыс болды. Жалғыз анамның жиған-тергенін есірткінің айырбасына кетті. Мен сол құлдырағаннан құлдырай бердім.Бірде қатты ауырып ауруханаға түстім. Бірде қатты ауырып ауруханаға түстім. Дәрігерлер менің ЖИТС-пен ауыратынымды анықтапты. Төрт-бес жыл білмей жүріппін.
Таусылмақ дәм. Бітпек өмір-өзенім.
Менің дағы жетті кетер кезеңім.
Оны көптеген тарқамаған қайғымен,
Жүрегімнің мұңлы көзінен сеземін.
«Өлерім» деп күңіренем, күйзелем,
Мені есірткі найзасымен түйреген.
Өз әлімше арман көлінде жүзе алмай.
Қанатымнан жаралаған күйде мен.
Соңғы кезде өмір, тірлік, табиғат, жаратылыс туралы көп ойлайтын болдым. О, жаратылыс! Жарық дүние! Кеш мені! Шынында да адам өмірі ғажап екен ғой! Бір-ақ өмір! Осы бір-ақ рет берілген өміріңде қартайғанша жүріп, о дүниеге аттансаң арманың бар ма? Бұған кім кінәлі?
Балалық па, шалалық па,әлде еркелік пе?
Қазір ғой, ішім жидіп күйін кетеді, өкініштің улы запыраны бүкіл денемді қалтыратады. Бәрі кеш енді.
О, Жаратқан!
Жұмыртқадай жұмыр жер мен төңкерілген тайқазандай көк аспан!
Сендер естисіңдер ме, мына менің зарымды,
Айтыңдаршы, құтқаратын күш бар ма?, мына мендей бейбақты?
Мұңды әуен ойналады.
Жансая-10 «а» сынып оқушысы.
Бұл тірлікте не тындырдым, не көрдім,
Құрбанымын ЖИТС деген кеселдің.
Ақтамай-ақ кетіп барам арманын,
«Жалғыз бала» деп өсірген әкемнің.
Кім кінәлі, аялаған анам ба?
Тек қана кінәлімін, сол үшін.
Улы дерттің құрбаны мен болам да.
Жас жеткіншек!
Өдеріңе өлер кезде айтып кету борышым:
Ауырмаңдар бұл кеселмен,
Дәрігер де бере алмайды қол ұшын.
Құтқаратын күш жоқ,онда әлсіз тірі өліксің,
Жат әдет пен темекіге, есірткіге жоламаңдар сол үшін!
Мұңлы әуен қайта ойналады. Жан төзгісіз азапқа түскен жас бейбақ аласұра дөңбекшіп жерге құлайды. Бұл оның ақтық сөзі еді.
Қорытынды
«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп халқымыз бекер айтпаған. Жақсыны көріп, тыңдап, соған ұқсау керек. Жаманды көріп, зардабын түсініп, бойыңды аулақ ұстау білімділіктің, көрегендіктің белгісі. Өсер елдің баласына лайық салмақты, сабырлы, білімді, жат қылықтан аулақ, елдің ертеңгі азаматы болып өсе беріңіздер!
Марапаттау
«Жауапты мінез құлық ЖҚТБ/АҚТҚ-дан қорғану» кездесу қонақтарына «Алғыс хат» тапсыру.
Оқушы: ЖҚТБ деген тағы да бір жау шықты,
Жер астына жөнелтті небір албыртты.
Ажал себер аждаһадан аулақ бол,
Жастар неге сақтамайды саулықты?!
Оқушы: Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа,
Өмірде бақыттысың денің сауда.
«Денсаулық-терең бақыт» деген сөзді.
Құр айтпаған ғұлама данамыз да,
Сақта халқым, денсаулықты Алла берген,
Оң болсын десең егер тіршілігің,
Сақта халқым,денсаулығын аналардың,
Болсын десең дені сау ұрпақтарың.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өздеріңізге белгілі еліміздің дамуының ұзақ мерзімді «Қазақстан – 2030» стратегиясында халық денсаулығын сақтауды басты бағдар ретінде қарастырғанын білесіздер. Яғни, мемлекетттің бірінші кезектегі атқаратын шараларының бірі халық денсаулығын нығайту.
Адамның ақыл – ойын, денсаулығын, қабілетін дамыту мәселелеріне тікелей қатысы бар маңызды еңбектерінде шығыстың әйгілі ойшыл – ғалымы Әл – Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін», – деген екен. Олай болса, біздің болашағымыз неге байланысты?
АҚТҚ-ЖҚТБ дегеніміз не?
Бұл дерт, яғни жұқтырылған
иммунитет тапшылығы белгісі туралы ең алғаш рет адамдар 1982 жылы
естіді. 1983-1984 жылдары американ ғалымы Роберт Галло мен француз
ғалымы Люк Монтонье бір мезгілде бұл аурудың қоздырғышын анықтады.
1986 жылы бұл ауруға «Адам иммун-тапшылығының вирусы» деген ат
берді.
СПИД 1950 жылдары Африка аумағында белгі беріпті.Содан жылжып 1970
жылдары Америкаға да жеткен. «Құлақ естігенді, көз көреді»-деген.
Көп күттірген жоқ, Қазақстанда алғаш сырқат 1987 жылы анықталды.
Елімізде бүгінгі күнге дейін Ақтөбе облысында 200-ге жуық адам СПИД
вирусын жұқтырған. Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан,Алматы және Ақмола
облыстарында бұл көрсеткіш екі еселенген.
1987 жылы 23 сәуірде СПИД-пен күрес және оның алдын алу орталығы
құрылып, өз жұмысын жүргізе
бастады.
АҚТҚ – адамның қорғаныс
тапшылығының қоздырғышы – ағзаны әртүрлі жұқпалардан қорғайтын
қорғаныс жүйесін зақымдайды. АҚТҚ қорғаныс жүйесінің белгілі
жасушаларын зақымдайды.
ЖҚТБ – жұқтырған қорғаныс тапшылық белгілері. АҚТҚ-мен байланысты
туындайтын сырқат. ЖҚТБ – АҚТҚ жұқпасының соңғы сатысы. Бүгінгі
таңға дейін АҚТҚ және ЖҚТБ-дан толықтай айықтыратын дәрі-дәрмек
табылмай отыр. Қоздырғыш адам ағзасында өмір бойына қалады.
Өкінішке орай, кез келген адам АҚТҚ жұқпасын жұқтырып алуы мүмкін,
алайда жұқтыруға әкеліп соқтыру жолдары туралы шынайы ақпаратқа
сүйеніп ,тәуекелден бас тартсаң, АҚТҚ және ЖҚТБ-ның таралуының
алдын алуға болады.
АҚТҚ төмендегі жолдармен жұғады:
1. АҚТҚ-мен зақымданған донордың қанын құйғанда немесе мүшелері мен ұлпаларын салғанда.
2. Қан тамырларына есірткілерді енгізген кезде ине мен щприцтерді бірге қолданғанда.
3. Медициналық манипуляциялар кезінде залалсыздандырылмаған құралдарды пайдаланғанда.
4. Жыныстық қатынас
арқылы
АҚТҚ төменде көрсетілген жағдайда жұқпайды:
— Қол алысып, құшақтасқанда
— Ыдыс-аяқтан, тамақтан, дәретхана заттарынан
— Төсек жабдықтары мен киімнен
— Темір және қағаз ақшадан
— Су мен ауадан
— Ойыншықтардан, қолданыстағы заттардан
— Есік тұтқасы мен көліктегі ұстағыштан
— Жәндіктердің шағуынан
— Моншада, саунада, бассейінде
— Бой жазу, т.б.
Адамның АҚТҚ-мен зақымданғанын қалай білуге болады?
Адамның АҚТҚ-мен зақымданғандығын сыртқы келбетінен біле алмайсыз. АҚТҚ жұқпасын қанды зертханалық зерттеуге тапсыру арқылы ғана анықтауға болады. Ағзада қоздырғыштың бар екендігі қоздырғыштың табылуынан емес, оған қарсы ендірілген антидене пайда болғанда анықталады.Антиденелер – ағзаға қоздырғыш енгенде, оған қарсы пайда болатын арнайы ақуыздар.
Ауру қалай асқынады?
АҚТҚ жұқпасы – бұл баяу өтетін созылмалы ауру. Сондықтан
ауру белгілері бірден пайда болмай, 5-7 жыл ішінде
білінеді.
Аурудың алғашқы белгілері қандай?
Шаршағыштық, жалпы әлсіздік, бірнеше топ лимфа түйіндерінің ұлғаюы. Бұл ЖҚТБ-нің басталғандығын білдірмейді. Алайда, арнайы емделмесе, жұқпалы ауру әрі қарай дами түседі де, ЖҚТБ-ға әкелетін басқа да сырқаттар қосылады.
Ситуациялық жағдай:
-
Сіз қансырап жатқан адамға бірінші көмек көрсетуіңіз қажет. Сіз не істейсіз?
Көмек көрсететін адамға ұсыныс:
Жараны таза, қалың матамен қатты танып байлаңыз. Қанның сіздің көзіңізге, аузыңызға немесе зақымдалған теріңізге түспеуін қадағалаңыз. Қан аққан жерден жоғарырақ таңбаны тағу керек. Шұғыл түрде медицина қызметкерімен байланысыңыз. Дәрігерлік қызмет көрсеткеннен кейін қолдарыңызды сабынмен мұқият жуыңыз.
-
Топқа жаңадан студент келді. Біраз уақыт өте оның СПИД-пен ауыратынын естідіңіз? Ол баламен қарым-қатынастарыңыз қандай болады деп ойлайсыз? Ол балаға қандай кеңес берер едіңіз?
-
Сіз ақшадан қатты қысылған сәтте «Есірткіні сатсаң көп ақша береміз» десе не істер едің?
Кітапханашы: ЖҚТБ адамзат алдында тұрған күрделі және қиын мәселе. Ол тек медецина ғана емес,әлеуметтік мәселе.Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасында барша жастарды салауатты өмір салтына шақырады.Өзіміз өмір сүріп отырған ортада өмірімізге қауіпті наша,темекі сияқты зиянды улы нәрсеге әуес,құмар болмайық,қымбатты біздің болашақ,өміріміздің жалғасы.
«Бірінші байлық-денсаулық» дейді қазағымыз.Салауатты өмір салтын жандарыңа жан серік етіңдер!
Денсаулық – шексіз бақыт, халқым
менің
Сондықтан көңіл аудар
денсаулыққа
Қолда барда біл оның
қасиетін,
Күтіп, баптап, аяла әр
уақытта