400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаяу жүргінші өтпелері сынып сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаяу жүргінші өтпелері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты

Тәрбие сағаты

Жаяу жүргінші өтпелері

Күні


Сынып жетекші:


Сынып: 5 А

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаты:

  1. оқушыларды жолда жүру ережелерімен таныстыру, көшеде дұрыс жүруін ескерту, қоғамдық орындарда өздерін алып жүруге үйрету, жол белгілерін, олардың топтарын ажырата білуге үйрету.

  2. оқушылардың ой-өрісін, сана-сезімін, өзін-өзі ұстауын, көшеде дұрыс жүруіп тұруын, жол белгілері бойынша қиылыстан, бұрылыстан өтерде жол ережелерін есте сақтай білу қасиеттерін дамыту.

  3. жол белгілерін жатқа білуге, сақ болуға, мәдениетті сөйлей білуге, өзара достыққа, әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Ресімдеу

Презентация, бейнеролик, суреттер

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд, суреттер, бейнеролик

Үлестірмелі материалдар

Кластерлер

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


  • - Сәлеметсіңдер ме балалар! Бүгінгі тәрбие сағатымызды бастайық.

  • Қазіргі таңда адам өмірінде көліктің пайдасы мен маңызы зор. Ертеде көліктің орнына қазақтар ат пен түйені, үнділіктер пілді, өзбектер есекті, тау халықтары өгізді пайдаланған. Қазірде қала ішінде автобусқа, алыс жаққа баратын болсаңдар пойыз, ұшақ тәрізді көлік түрлеріне мінесіңдер. Ол үшін жолда жүру тәртібі мен қауіпсіздік ережелерін білу керек.

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.

презентация








Сабақ басы (13 мин)







ІІ. Психологиялық дайындық

«Амандасу» бағдаршам түстері бойынша: оқушылар алдарына берілген бағдаршам суретінің әр түсіне екі оқушының атын жазады, содан кейін сол түске сай амандасады.

Қызыл түс – қолыңды бұлғап амандас

Сары түс – қолын алып амандас

Жасыл түс- құшақтасып амандас

Жасыл, қызыл, сары жетондар арқылы топқа бөлінеді.

  1. «Жол сақшылары»

  2. «Жаяу жүргінші»

  3. «Жол белгілері»







Оқушылар сергіту сәтіне берілген тапсырманы орындайды

презентация

 



Ортасы (20 мин)


 Көліксіз жүріп-тұру мүмкін емес. Біз демократиялық құқықтық мемлекетте өмір сүретіндіктен әр адам құқықтарын білу керек. Қарапайым көшені алсақ, оның өзі бір заңдылықтарға бағынады.

Жол белгілері – көлік қозғалысын реттеу және көлік жүргізуші мен жаяу жүрушіге маңайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше мен жол бойына қойылатын арнайы белгілер.

Бағдаршам қалай пайда болды?
Алғашқы бағдаршам темір жол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. Ал оны көше қозғалысына ыңғайлап, қайта жасаған ағылшын инжинер - механигі Д. Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты. Апарат ортасына газды шам орнатылды. Өкінішке орай, газ жарылып кезекте тұрған полицей қаза болды. Содан бағдаршам жарты ғасыр бойы ұмыт болды. Тек 1914 жылы Американың Кливлену қаласында сосын Нью - Йорк қалаларында қайтадан пайда болды. Бұл жолы екі түсті қызыл, жасы л электр бағдаршам болды. Ал 1918 жылдан бастап үш түс қолданыста болды.Кеңес одағы бойынша алғаш рет бағдаршам Мәскеу қаласында 1924 жылдан Кузнецкі көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысынан орын алды. Қазіргі заманның талабына сай жаңа технологияның дамуына байланысты реттеушіні бағдаршам алмастыруда.


Сабақ барысы


1) «Сұрақ-жауап» (әр топқа сұрақтар қойылады)

2) «Жол ережелері» («Жалғасын тап» деген ойын)

3) «Кім тапқыр?» (жұмбақтарды шешу)

4) «Кім жылдам?» (әр топқа тапсырма беріледі)

5) Ситуациялық сұрақтар (көрініс)

1. «Сұрақ-жауап»

  1. Бағдаршам деген не? (Жол бойының қозғалысын реттейтін құрал)

  2. Қай түс жанғанда машиналар жүреді? (жасыл)

  3. Көлік күтетін жерді қалай атайды? (аялдама)

  4. Көшеде жаяу жүрген адамдарды кімдер дейді? (жүргіншілер)

  5. Автобус тоқтайтын жерді не деп атайды? (аялдама)

  6. Бағдаршамның «Қызыл» көзі не дейді? («Тоқта» дейді)

  7. Велосипедті көшеде неше жастан тебуге болады? (14 жастан)

  8. Бағдаршамда неше көз бар? (Үш көз бар: қызыл, сары, жасыл)

  9. Жаяу адамдардың өтетін жолындағы сызық. (ақжолақ)

  10. «Жолаушылар» деген кім? (көлікке мінетін адамдар)

  11. Бағдаршам жоқ көшеден қалай өтеміз? (әуелі сол жаққа, көшенің ортасына келгенде оң жаққа қараймыз)

  12. Жиек жол (тротуар) деген не? (Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол)


Жол ережелері»

 Бұл кезең «Жалғасын тап» деген ойын түрінде өтеді.

1. Жүріп келе жатқан көліктің алдынан өтіп кетемін деуші болма.Ол тоқтағанша, не өтіп кеткенше тоса тұр.

2. Аялдамада тұрған автобустың арт жағынан айналып өт. Сонда сен оның соңынан келе жатқан машинаны дер кезінде көре аласың.

3. Жолдан өткенде әңгімені доғарып, барлық зейінді жол қауіпсіздігіне аудару керек.

4. Көшенің шетіне өту үшін арнайы өткелден өту керек. Ал қалалық жерлерде аспалы көпірлермен, жол асты жолымен жүреді.

5. Транспорттың артына жабысуға болмайды, құлап, апатқа ұшырауын мүмкін.

6. Көшеде келе жатып, қақпадан шығып келе жатқан көлікті көрсең күте тұр.


3. «Кім тапқыр?» 

Екі аяқты, бір ізді

Үстіне мені мінгізді.

Мінгізгенмен ол менің

Аяғымды жүргізді. (велосипед)

Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді күзеткен,

Ысқырығы күшті адам. (полиция қызметкері)

Қозғамасаң – құлайды,

Сүйемесең – сұлайды.

Құйымшақта ері бар,

Бұл не деген жануар? (велосипед)

Көзін ашып жұмады,

Бағыт сілтеп тұрады. (бағдаршам)

Көше бойлап аяндайды,

Адам тасып аялайды (автобус)

Арқаным бар тым ұзын,
Ала-алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін.  (Жол)


4. «Кім жылдам?» деп аталады, әр топқа бірдей үлестірме қағаздар беріледі, тақтада тұрған жол белгілерінің суреттеріне сәйкестендіріп жабыстырасыздар.


Сергіту сәті.

Кел, достарым,ойнайық,

Ойнайық та, ойлайық

Босқа бекер тұрмайық,

«Қызыл, сары, жасыл» ойынын ойнайық!

Ойын «Қызыл, сары, жасыл»

Бағдаршамның қызыл түсін көрсету Оқушылар орындарынан тұрады

Тоқта!

Бағдаршамның сары түсін көрсету Оқушылар екі жаққа кезек – кезек қарап дайындалады Дайындал!

Бағдаршамның жасыл түсін көрсету Аяқтарын топ-топ басады.










Оқушылар берілген ақпараттарды оқиды






























Берілген сұрақтарға жауап береді






















Оқушылар берілген сөйлемдерді дұрыс ақпаратпен жалғастырады


















Жұмбақтардың жауаптарын табады
















Топпен үлестірмелі қағазға жол белгілерін сәйкестендіріп жабыстырады






Сергіту сәтіне арналған тапсырманы орындайды

Презентация














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
50 ұстаз жүктеп алған
9 наурыз
2255
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі