
Жауқазын
жырлар жинағы
Даришева Қалампыр
Жолдыбайқызы
Бесік жыры.
Айналайын ақ бөпем
Тыныш қана жат бөпем
Жылама, бөпем , жылама
Тербетейін жәй ғана.
Бесігіңе бөлейін
Әсем әнмен тербейін
Сазды әуенге құлақ сал
Тәтті ұйқыға бөлейін
Апатайым келгенше
Әжетайым жеткенше
Бауырларым қаумалап
Мектебінен шыққанша
Ақ бөпем менің ұйықтайды
Мазаларыңды алмайды.
Қарлығаш
Қарлығашқа, қарашы.
Нешеу екен?
Балаларым санашы
Зеңгір көкте,
Биікте
Қалықташы,
Қарлығашым!
Қанатың бір талмасын.
Серуенде
Серуен мезгілі болғанда
Асыр салып ойнаймыз
Ойыншықтарды бөлісіп
Қызықты ойын бастаймыз
Қоян
Ормандағы бар қоян
Ағы менен сұры да
Үлкені мен кішісі
Қорқағы мен батылы
Бірі міне қалмастан
Келген бе? Мынау шыршаға?
Қояндар би билеп,
Ән де салып береді
Аяз атадан жақсы
Сыйлықты мол алып қалады.
Сәбізде әрине қолға келіп тиеді.
Гүл
Аулада біздің
Гүлдің бар түрі
Ақ, сары, көгі
Қызыл менен
Жасылда
Түрлі-түстің бәрі
Жайқалады өсіп
«Жауқазындай»
Бақшада.
Балапан
Үлпілдек сары балапан
Анасынан аумайды
Шиқылдап жем сұрап
Зыр жүгіріп,
Бір орында тұрмайды.
Кәне балалар келіңдер
Балапанға жем беріңдер
Балапанды тойғызып
Суын да оның берейік
Үлкен тауық болғанша
Бағып оны күтейік.
Түлкі
Айлакер қу түлкі
Тағы да келдің бе?
Балаларды алдап
Тәттілерді қармап
Тағы басқа қажетіңді
Уысыңа түсіріп,
Қарныңды тойдырып
Алмақ ниетің
Ойыңда бар –ау сенің
Би
Қазақтың биі «Қамажай»
Би билейміз ұялмай
Мың бұралып майысып
Кәдімгі бишілерге ұқсаймыз
Шара менен Шұғыла
Апаларға еліктеп
Қазақтың нағыз бишісі
Боламыз бір күні
Әлі –ақ, бізді көресіз
Үлкен сахна төрінен.
Санамақ
Бір дегенім-Бекет
Екі дегенім-Есет
Үш дегенім-Ұлжан
Төрт дегенім-Телжан
Бес дегенім-Бекжан
Алты дегенім-Айқын
Жеті дегенім-Жарқын
Сегіз дегенім –Санат
Тоғыз дегенім-Таңат
Он дегенім-Оңат
Он бірді осы отырған
Бәрің іздеп тап.
Туған күн
Ең қуанышты
Ең сәтті
Әрі қызықты
Есте қалатын
Болады бір күн!
Әрине бәрің білесің
Бұл сенің туған күнің
Ақ жүректен шыққан
Ең асыл тілектер,
Ең әдемі сыйлық
Қызу құттықтаулар
Айтылады бұл күні
Тек қана саған!
Жаңылтпаш
Рабиға мен Разия
Раушан екті
Раушанды Рабиға
Разиямен бірге екті
Сегіз сиыр
Семіз сиыр
Сары семіз
Сегіз сиыр
Сәулет пен Шыңғыс
Шанаға мінді
Шыңғыс пен Сәулет
Шанаға бірге мінді
Жұмбақ
Қысық көз
Ұзын құлақты /қоян/
Дыбыс шықса қорқады
Қашуға дайын тұрады /қоян/
Мақал-мәтел
«Досы көп адам бақытты»
«Жақсы адам күндей,
Жаман адам түндей»
«Еңбек қуанышқа бөлейді»
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Жауқазын жырлар жинағы"
"Жауқазын жырлар жинағы"

Жауқазын
жырлар жинағы
Даришева Қалампыр
Жолдыбайқызы
Бесік жыры.
Айналайын ақ бөпем
Тыныш қана жат бөпем
Жылама, бөпем , жылама
Тербетейін жәй ғана.
Бесігіңе бөлейін
Әсем әнмен тербейін
Сазды әуенге құлақ сал
Тәтті ұйқыға бөлейін
Апатайым келгенше
Әжетайым жеткенше
Бауырларым қаумалап
Мектебінен шыққанша
Ақ бөпем менің ұйықтайды
Мазаларыңды алмайды.
Қарлығаш
Қарлығашқа, қарашы.
Нешеу екен?
Балаларым санашы
Зеңгір көкте,
Биікте
Қалықташы,
Қарлығашым!
Қанатың бір талмасын.
Серуенде
Серуен мезгілі болғанда
Асыр салып ойнаймыз
Ойыншықтарды бөлісіп
Қызықты ойын бастаймыз
Қоян
Ормандағы бар қоян
Ағы менен сұры да
Үлкені мен кішісі
Қорқағы мен батылы
Бірі міне қалмастан
Келген бе? Мынау шыршаға?
Қояндар би билеп,
Ән де салып береді
Аяз атадан жақсы
Сыйлықты мол алып қалады.
Сәбізде әрине қолға келіп тиеді.
Гүл
Аулада біздің
Гүлдің бар түрі
Ақ, сары, көгі
Қызыл менен
Жасылда
Түрлі-түстің бәрі
Жайқалады өсіп
«Жауқазындай»
Бақшада.
Балапан
Үлпілдек сары балапан
Анасынан аумайды
Шиқылдап жем сұрап
Зыр жүгіріп,
Бір орында тұрмайды.
Кәне балалар келіңдер
Балапанға жем беріңдер
Балапанды тойғызып
Суын да оның берейік
Үлкен тауық болғанша
Бағып оны күтейік.
Түлкі
Айлакер қу түлкі
Тағы да келдің бе?
Балаларды алдап
Тәттілерді қармап
Тағы басқа қажетіңді
Уысыңа түсіріп,
Қарныңды тойдырып
Алмақ ниетің
Ойыңда бар –ау сенің
Би
Қазақтың биі «Қамажай»
Би билейміз ұялмай
Мың бұралып майысып
Кәдімгі бишілерге ұқсаймыз
Шара менен Шұғыла
Апаларға еліктеп
Қазақтың нағыз бишісі
Боламыз бір күні
Әлі –ақ, бізді көресіз
Үлкен сахна төрінен.
Санамақ
Бір дегенім-Бекет
Екі дегенім-Есет
Үш дегенім-Ұлжан
Төрт дегенім-Телжан
Бес дегенім-Бекжан
Алты дегенім-Айқын
Жеті дегенім-Жарқын
Сегіз дегенім –Санат
Тоғыз дегенім-Таңат
Он дегенім-Оңат
Он бірді осы отырған
Бәрің іздеп тап.
Туған күн
Ең қуанышты
Ең сәтті
Әрі қызықты
Есте қалатын
Болады бір күн!
Әрине бәрің білесің
Бұл сенің туған күнің
Ақ жүректен шыққан
Ең асыл тілектер,
Ең әдемі сыйлық
Қызу құттықтаулар
Айтылады бұл күні
Тек қана саған!
Жаңылтпаш
Рабиға мен Разия
Раушан екті
Раушанды Рабиға
Разиямен бірге екті
Сегіз сиыр
Семіз сиыр
Сары семіз
Сегіз сиыр
Сәулет пен Шыңғыс
Шанаға мінді
Шыңғыс пен Сәулет
Шанаға бірге мінді
Жұмбақ
Қысық көз
Ұзын құлақты /қоян/
Дыбыс шықса қорқады
Қашуға дайын тұрады /қоян/
Мақал-мәтел
«Досы көп адам бақытты»
«Жақсы адам күндей,
Жаман адам түндей»
«Еңбек қуанышқа бөлейді»
шағым қалдыра аласыз













