Материалдар / Жауын шашынға не жатады?
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жауын шашынға не жатады?

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыға керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қаңтар 2020
646
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1










Жиынтық бағалауға арналған
әдістемелік ұсыныстар

Әдебиеттік оқу

2-сынып



























Page 2

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 2-сынып білім алушыларына «Әдебиеттік оқу» пәні
бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде
құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың
(2-4-сыныптары) «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру
мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім
алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға
мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге
арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ,
жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар)
сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификацияда тапсырма үлгілері мен
балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық
бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сынып мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім
беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік
үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.


Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді
ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.













2


Page 3

Мазмұны
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ............. 4
«Өзім туралы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау .................................................................... 4
«Менің отбасым және достарым» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ..................................... 7
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы .................................................... 10
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ........... 16
«Менің мектебім» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ............................................................ 16
«Менің туған өлкем» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ....................................................... 18
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы .................................................... 21
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ........... 27
«Дені саудың – жаны сау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау .............................. 27
«Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау ................ 29
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы .................................................... 32
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ........... 38
«Қоршаған орта» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау ............................................ 38
«Саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау ........................................................... 40
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы .................................................... 43






3


Page 4

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Өзім туралы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің
түрлері

Тыңдалым және айтылым
Оқу мақсаты 2.1.2.1 Шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша
немесе өз сөзімен мазмұндау/ үзіндісін мазмұндау/
сахналау
2.1.5.1 Өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана
отырып жеткізу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің мазмұнын жоспар бойынша айтады
• Өз ойын айту үшін тірек сөздерді қолданады

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият тыңда.

Досжан қолына шелек алып, құдыққа қарай беттеді. Құдық басында кісі көп екен.
Жетпістегі Қалтай қария бүкшеңдеп су тартып жатыр. Бір-екі бала анадайда состиып
қарап тұр. Досжан оларға алара бір қарады. Ол қарияның шелегін сұрап алды. Атын
суғарып берді. Бағила әжейдің шелегін суға толтырып, үйіне дейін апарып берді.
Қариялар Досжанға алғыс айтып, батасын берді.

Берілген жоспарға сүйеніп, мазмұнда.
Жоспар:
1. Құдық басында
2. Досжанның көмегі

2. Берілген сөз тіркестерінің қай кейіпкерге қатысты екенін анықтап, кестеге жаз.

Сөз тіркестері: состиып тұр, алара қарады, ентігіп қалыпты.

Досжан
Қалтай қария
Балалар


3. Досжан қандай бала деп ойлайсың? Неліктен?

4


Page 5

Бағалау
критерийі
Тапсырма

Дескриптор Балл
Білім алушы
Мәтіннің мазмұнын
жоспар бойынша
айтады
1

оқиға желісін сақтай отырып, мәтінді
жоспарға сай жүйелі мазмұндайды;
1
лексикалық нормаларды (сөздерді
қайталамау, диалект сөздерді қолданбау,
сөздерді мағынасына қарай қолдану)
сақтайды;
1

грамматикалық нормаларды (жалғаулар,
сөйлемнің құрылымы ) сақтайды;
1

Өз ойын жеткізу
үшін тірек сөздерді
қолданады
2 кейіпкерлерге қатысты сөз тіркестерін
анықтайды (кем дегенде екеуін);
1
3 кейіпкерге қатысты дәлелді пікір айтады. 1
Барлығы 5





Page 6


«Өзім туралы» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты- жөні _________________________________________________


Бағалау
критерийі
Тапсырма


Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Мәтіннің мазмұнын
жоспар бойынша айтады

1 Мәтінді жоспар бойынша
мазмұндауда қиналады
Мәтінді жоспар бойынша
мазмұндауда/ лексикалық /грамматикалық нормаларды сақтап сөйлеуде қателіктер
жібереді

Мәтінді берілген жоспар
бойынша дұрыс мазмұндайды.
Өз ойын жеткізу
үшін тірек сөздерді қолданады

2, 3 Мәтіннің кейіпкерлеріне
қатысты сөз тіркестерін
анықтауда және кейіпкерге қатысты пікір айтуда қиналады

Мәтіннің кейіпкерлеріне қатысты
сөз тіркестерін анықтауда
қателеседі/ кейіпкерге қатысты пікір айтуда қиналады
Мәтіннің кейіпкерлеріне
қатысты сөз тіркестерін дұрыс
анықтайды және кейіпкерге
қатысты дәлелді пікір айтады








Page 7

«Менің отбасым және достарым» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Сөйлеу әрекетінің
түрлері
Оқылым
Жазылым

Оқу мақсаты 2.2.3.1 Мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі
ойын анықтау
2.2.6.1 Кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы
мен іс-әрекетін бағалау
2.3.1.1 Мұғалім көмегімен оқылған шығарманы бөліктерге
бөліп, жоспар құру

Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды
• Кейіпкердің іс-әрекетіне қатысты ойын айтады
• Мәтінге жоспар құрады

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут

Тапсырма
1. Мəтінді оқы.
Ораз бен Асқар есік алдында ойнап жүр. Екеуі допты әрі-бері тепті. Біраздан кейін
ашық тұрған қораның есігін қақпа етіп алды. Енді допты соған дәлдеп ұрды.
Қатты тебілген доп қораның ішіне кіріп кетті. Ораз добын іздей бастады. Қараңғыда
допты әрең тауып алды. Сыртқа шыға бергенде бұрышта тұрған шелекті қағып кетті.
Ішіндегі сүт төгіліп қалды.
Ораз не істерін білмей тұрып қалды.
- Қорықпа, сүтті мысық төгіп кетіпті дейміз, - деді Асқар.
- Жоқ. Мен өтірік айтпаймын. Байқаусызда төгіп алдым деймін, - деді Ораз.

1) Мəтінге ат қой _________________________________________
2) Мəтіндегі негізгі ойға сəйкес келетін мақалды анықта.
А) Балалы үйдің ұрлығы жатпас.
В) Күлме досыңа, келер басыңа.
С) Ойыннан өрт шығады.
D) Қолмен істегенді мойныңмен көтер.

2. Саған қай кейіпкердің іс-әрекеті ұнамады? Неліктен? Сөйлемді толықтырып жаз.
Маған____________________________________________________,
себебі ________________________________________________________________ .

3. Берілген сұрақтарға сүйене отырып, мәтінге жоспар құр.

Мәтіннің бөліктері Сұрақтар Жоспар
Басы Оқиға неден басталды? 1.
Ортасы Ары қарай не болды? 2.
Соңы Оқиға немен аяқталды? 3.



Page 8

Бағалау критерийі Тапсырма

Дескриптор Балл
Білім алушы
Мәтіннің тақырыбы
мен негізгі ойын
анықтайды
1 мәтінге тақырып қояды; 1
мәтіннің негізгі ойына сәйкес мақалды
анықтайды;
1
Кейіпкердің іс-
әрекетіне қатысты ойын айтады
2 кейіпкердің іс-әрекетіне қатысты
көзқарасын білдіреді;
1
өз ойына дәлел келтіреді; 1
Мәтінге жоспар
құрады

3 мәтіннің құрылымдық бөліктерін
анықтайды;
1
мәтінге жоспар құрады. 1
Барлығы 6
8


Page 9

«Менің отбасым және достарым» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата- аналарға ақпарат
ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні _________________________________


Бағалау критерийі

Тапсырма

Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Мәтіннің тақырыбы
мен негізгі ойын
анықтайды


1
Мәтіннің тақырыбы мен
негізгі ойын анықтауда қиналады

Мәтіннің тақырыбын / негізгі
ойын анықтауда қателеседі

Мәтіннің тақырыбы мен
негізгі ойын дұрыс анықтайды
Кейіпкердің іс-
әрекетіне қатысты ойын айтады


2
Кейіпкердің іс-әрекетін
бағалауда және ойын
дәлелдеуде қиналады
Кейіпкердің іс-әрекетіне
қатысты пікір айтуда / ойын дәлелдеуде қателіктер жібереді


Кейіпкерлердің іс-әрекеті
туралы дәлелді пікір айтады
Мәтінге жоспар
құрады


3
Мәтінге жоспар құруда
қиналады

Мәтінді құрылымдық бөліктерге
бөлуде/мәтінге жоспар құруда
қателеседі


Мәтін бойынша жоспар
құрады



Page 10

1-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы

1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу
бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін
тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға
бағытталған.
Спецификация 2-сыныпта «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша тоқсандық жиынтық
бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.

2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар

«Әдебиеттік оқу» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын
жаңарту аясында), бастауыш білім беру (2-4 сыныптар).

3. 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу

3.1 Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 15
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.

2.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар,
қысқа немесе толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа көп таңдауы бар сұрақтар, қысқа және толық жауапты қажет ететін
сұрақтарды қамтитын 3тапсырмадан тұрады.
Көп таңдауы бар сұрақтарда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын
таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушы сөздер немесе қысқа сөйлемдер
түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және
жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
Бірінші тапсырма тыңдалым және айтылым дағдысын, екінші тапсырма оқылым
дағдысын, үшіншісі жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.


Page 11

№ Сөйлеу әрекетінің
түрлері
Ортақ тақырып Оқу мақсаты Тапсырманың сипаттамасы Тапсырма
саны
Жалпы
балл
1 Тыңдалым және
айтылым
Өзім туралы


Менің отбасым
және достарым 2.1.2.1 Шығарманың
мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндау/ үзіндісін
мазмұндау/сахналау
Білім алушы жабық түрдегі көп
таңдауы бар және ашық түрдегі толық жауаптарды қажет ететін
тапсырманы орындайды

1 5
2 Оқылым 2.2.1.2 Шығарманы іштей
оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу.

2.2.3.1 Мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен
негізгі ойын анықтау
Білім алушы ашық түрдегі қысқа
жауапты қажет ететін
тапсырманы орындайды
1 5
3 Жазылым 2.3.2.1 Мұғалім көмегімен
үлгі бойынша шағын ертегілер/ жұмбақтар жазу
немесе дайын ұйқастарды қатыстырып
шумақтар/санамақтар
құрастыру
Білім алушы ашық түрдегі қысқа
жауапты қажет ететін
тапсырманы орындайды
1 5

11


Page 12


4. Тапсырмалар үлгі лері және балл қою кестесі
«Әдебиеттік оқу» пәнінен
1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

Тыңдалым және айтылым

1. Мәтінді мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында.

Қатқан нан
Арманның әкесі наубайшы болып істейді. Ол он жыл бойы үздіксіз нан пісіріп
келеді. Таңертең ерте, күн шықпастан тұрып жұмысына кетеді. Түс кезінде дүкендерге жаңа
ғана пештен шыққан ыстық нан жеткізіледі. Мектеп асханасына да сондай нан әкелінеді.
Бүгін Арманның әкесі ауырып қалды. Он жыл ішінде ол алғаш рет жұмысына барған
жоқ. Оның төсегінің жанында шешесі отыр.
- Арман, оқушылар бүгін жаңа піскен нан жемейді... – деді анасы жай ғана.
Түсте балалар асханаға келді. Үстел үстінде кешеден қалған нан тіліктері қойылған.
- Бүгін неге қатқан нан берілген? – деп сұрады балалар.
- Менің әкем ауырып қалды, сондықтан бүгін қатқан нан жейміз, – деді Арман.
Балалар қатқан нанның қиқымын еденге түсірмеуге тырысып, сақтықпен алып жеп
отыр.

1) Мәтінде нақты жауабы бар сұрақты анықта:
А) Арманның шешесі қандай адам?
В) Жаңа піскен нанды асханаға кім әкеледі?
С) Арманның әкесі неліктен ауырып қалды?
D) Арманның әкесі кім болып жұмыс істейді?

2) Мәтінге сәйкес ақпаратты тап:
А) Үстел үстіне ыстық нан қойылған.
В) Балалар қатқан нанды жемей отыр.
С) Бүгін Арманның әкесі ауырып қалды.
D) Арманның әкесі жұмыстан көп қалады.

3) Жұптық жұмыс. Берілген жоспарға сүйеніп, жұптасыңа мәтіннің бір бөлігінің
мазмұнын айтып бер.
Жоспар:
1) Арманның әкесі
2) Қатқан нан тіліктері
[5]

Балл қою кестесі
Тапсырма

Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 D) 1
С) 1
12


Page 13

Білім алушының ықтимал жауабы:
Арманның әкесі - наубайшы. Оның
пісірген ыстық нанын мектептің
асханасына да әкеледі. Бүгін ол кісі
ауырып қалды. Мектептің асханасына
ыстық нан әкелінбеді. Түсте
оқушылар асханаға келді. Олар
үстелдегі қатып қалған нан тіліктерін
көрді. Оның себебін сұрады.
- Менің әкем ауырып қалды,
сондықтан бүгін қатқан нан жейміз, –
деді Арман.
Балалар қатқан нанды жерге түсіріп
алмауға тырысып жеді.
1

Оқиғаның желісін сақтай
отырып, мәтінді жоспарға
сай жүйелі мазмұндайды.
1 Лексикалық нормаларды
(сөздерді қайталамау,
диалект сөздерді қолданбау,
сөздерді мағынасына қарай
қолдану) сақтайды.
1 Грамматикалық нормаларды
(жалғаулар, сөйлемнің
құрылымы) сақтайды.
Барлығы 5
Оқылым

2. Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
Ерік пен Серік – ағайынды балалар. Олар ауылда тұрады. Екеуі ауыл шетіндегі
тоғайға барып ойнайды. Тоғайда әнші торғайлар көп. Олар құстардың сайрағанын тыңдап,
қызықтайды.
Бір жолы Серік шөп арасынан құстың жұмыртқасын көріп қалды. Оны тақиясына
салып, үйіне әкелді. Әкесі оған:
- Балам-ау, бұл бозторғайдың жұмыртқасы ғой. Оны неге әкелдің? Бозторғай – пайдалы
құс. Олар дән жемейді. Егінге түскен зиянды құрт-құмырсқаларды жейді, - деді.
Балалар өз қателігін түсінді. Ертеңіне жұмыртқаны орнына апарып қойды.

1) Мәтіннен сұрақтарға жауап беретін сөйлемді тауып, қоршап сыз .
• Балалар қайда тұрады?
• Тоғайда нелер көп?
• Бозторғай қандай құс?
2) Мәтінге ат қой ____________________________________

3) Мәтін арқылы автордың не айтқысы келді деп ойлайсың? _____________________
_____________________________________________________________________

[5]










13


Page 14

Балл қою кестесі

Тапсырма

Жауап Балл Қосымша ақпарат
2



3
Білім алушының
сөйлемнің астын
сызғаны, дәптерге
көшіріп жазғаны да
қабылданады.
Тоғайда/ Бозторғайдың жұмыртқасы/
Балалардың кателігі/ Құстардың
пайдасы.
1 Мәтіннің мазмұнына
қатысты берілген
барлық дұрыс
жауаптар қабылданады.
Табиғатты қорғау керек./ Құстардың
ұясына, жұмыртқасына тимеу керек.
1
Барлығы 5

Жазылым
3. Берілген тірек сөздерді тиісті орнына қойып, өлеңді толықтырып жаз .

Тірек сөздер:




Достар бірге жүреміз,
Бірге ойнаймыз, ______________________.
Бірге балық __________________________,
Міне, біздер қандаймыз!

Орман, көлге, шыңға біз,
Саяхатқа _____________________ .
Тату-тәтті ____________________ ,
Бөлінбейді іргеміз,
Әрқашанда __________ !
[5]
Балл қою кестесі
Тапсырма № Жауап Балл Қосымша ақпарат
3 Бірге ойнаймыз, (күлеміз) 1

Бірге балық (аулаймыз) 1
Саяхатқа (шығамыз) 1
Тату-тәтті (жүреміз) 1
Әрқашанда (біргеміз) 1
Барлығы 5
шығамыз біргеміз аулаймыз жүреміз күлеміз
14


Page 15

5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға
мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер,
плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау
оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға
жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен
таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынш а жиынтық бағалау
басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау
барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар
(спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына
мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне
көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен
сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім
алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға
көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге
тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі
хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын
тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.

6. Модерация және балл қою

Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация
үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін
балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.




15


Page 16

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Менің мектебім» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің
түрлері
Тыңдалым және айтылым
Оқу мақсаты 2.1.3.1 Шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы
бөліміне) сүйеніп оқиғаның соңын болжау
2.1.5.1 Өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана
отырып жеткізу
Бағалау критерийі Білім алушы
•Мәтіннің тақырыбы мен үзінді сі бойынша оқиғаның
соңын болжайды
•Өз ойын түсіндіру үшін тірек сөздерді қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1.Берілген үзіндіні мұқият тыңда. Ары қарай не болуы мүмкін? Жалғастырып айт.
Кітапханада
Біздің мектептің екінші қабатында кітапхана бар. Кітапханада әр түрлі кітаптар көп.
Біз сыныбымызбен кітапханаға келдік. Бізді кітапханашы Айжан апай қарсы алды...
2.Сұрақтарға сүйене отырып, өз мектебіңдегі кітапхана туралы әңгімелеп бер.
Сипаттау сөздерін қолдан.
•Сенің мектебіңде кітапхана бар ма?
•Ол қандай?
•Ол жерге не үшін барасың?
•Қандай кітаптар оқығанды жақсы көресің?
Бағалау критерийі Тапсырма

Дескриптор Балл
Білім алушы
Мәтіннің тақырыбы мен
үзіндісі бойынша
оқиғаның соңын
болжайды
1 оқиғаның соңын болжап айтады; 1
оқиғаның логикалық жүйесін сақтайды; 1
тақырыпқа сәйкес мәтін құрастырады; 1
Өз ойын түсіндіру үшін
тірек сөздерді
қолданады
2 сұрақтардың негізінде тақырыпқа
қатысты ойын айтады;
1
сөйлеу барысында сипаттау сөздерін
қолданады;
1
лексикалық және грамматикалық
нормаларды сақтап сөйлейді.
1
Барлығы 6
16


Page 17

«Менің мектебім» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата- аналарға ақпарат ұсынуға арналған
рубрика
Білім алушының аты- жөні _________________________________________________
Бағалау
критерийі
Тапсырма

Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Мәтіннің тақырыбы мен
үзіндісі бойынша
оқиғаның соңын
болжайды
1 Берілген үзіндіге сүйеніп,
оқиғаның соңын болжауда
қиналады
Үзіндіде берілген оқиғаның
соңын болжап, жалғастырып айтуда қателеседі
Берілген үзіндісі бойынша
оқиғаның соңын бол жай
отырып, жалғастырып
айтады
Өз ойын түсіндіру үшін
тірек сөздерді қолданады
2 Сұрақтардың негізінде
тақырыпқа қатысты ой қорытып айтуда қиналады
Тақырыпқа қатысты сипаттау
сөздерін қолдануда/лексикалық/
грамматикалық нормаларды сақтап сөйлеуде қателіктер жібереді
Лексикалық және
грамматикалық нормаларды сақтай отырып, берілген
тақырыпқа қатысты ойын айтады
17


Page 18

«Менің туған өлкем» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің
түрлері
Оқылым
Жазылым
Оқу мақсаты 2.2.2.1 Мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау
сұрақтарын қою және оның жауабын шығармадан таба
білу
2.3.4.1 Мұғалімнің көмегімен орфографиялық,
пунктуациялық, стилистикалық қателерді табу және
түзету
Бағалау критерийі Білім алушы
•Мәтін бойынша қарапайым және нақтылау сұрақтарын
қояды
•Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді
•М
анықтайды және түзетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1.Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
Алматының әсемдігіне сөз жетпейді. Қала Алатаудың баурайында орналасқан.
Қаланың орталығында Үлкен Алматы, Кіші Алматы өзендері бар. Көшелері оқтай түзу. Зәулім үйлер, театрлар мен жоғарғы оқу орындары көп. Алматы – ғылым мен мәдениеттің
орталығы. Халқымыздың мақтанышы болып саналатын «Медеу» мұз айдыны да Алматыда.
Алматыда дүниежүзіне әйгілі апорт алмасы өседі.
1)Жа уабын мәтіннен тап және астын сыз.
•Алматы қаласы қайда орналасқан?
•Қалада қандай өзендер бар?
2)Сұрақтың жауабын белгілеп көрсет: ,

3)Мәтін бойынша «иә» немесе «жоқ» деп жауап беретіндей сұрақ құрастырып жаз.
__________________________________________________________________
Иә () Жоқ (×)
Дүниежүзіне әйгілі апорт алмасы Алматыда өсе ме?
18


Page 19

2.Мәтінде жіберілген қателерді тап. Мәтінді қатесіз көшіріп жаз.
Бағалау критерийі Тапсырма

Дескриптор Балл
Мәтін бойынша қарапайым
және нақтылау сұрақтарын
қояды.
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.
1 мәтіннен бірінші сұрақтың
жауабын тауып, көрсетеді;
1
мәтіннен екінші сұрақтың
жауабын тауып, көрсетеді;
1
нақтылау сұрағының жауабын
анықтайды;
1
мәтін бойынша нақтылау сұрағын
құрастырады;
1
Мәтінде жіберілген
қателерді анықтайды және
түзетеді
2 мәтінде жіберілген бірінші қатені
тауып, түзетеді (бас әріппен
жазылатын сөздер);
1
мәтінде жіберілген екінші қатені
тауып, түзетеді (тасымал).
1
Барлығы 6
Мен қазір астанада тұрамын.
Өзім алыстағы бал -ықшы
ауылында туып өстім. Мен туған
жерімді сағынып жүрмін.

19
Б
ілім алушы


Page 20

«Менің туған өлкем » ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты- жөні: _________________________________
Бағалау критерийі Тапсырма

Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Мәтін бойынша қарапайым
және нақтылау сұрақтарын
қояды.

Мәтін бойынша сұрақтарға
жауап береді
1 Мәтіннің мазмұны бойынша
сұрақ қоюда және жауап беруде
қиналады
Мәтіннің мазмұны бойынша
сұрақ қоюда / сұрақтарға
жауап беруде қателіктер
жібереді
Мәтіннің мазмұны
бойынша сұрақтарды дұрыс
қояды және жауап береді
Мәтінде жіберілген
қателерді анықтайды және
түзетеді
2 Мәтінде жіберілген
орфографиялық қателерді
анықтауда және түзетіп жазуда қиналады
Мәтіндегі жіберілген
бірінші/екінші қатені анықтап,
түзетуде қателеседі
Мәтінде жіберілген
орфографиялық қателерді
тауып, түзетіп жазады
20


Page 21

2-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу
бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін
тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға
бағытталған.
Спецификация 2-сыныпта «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша тоқсандық жиынтық
бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
2.Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Әдебиеттік оқу» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын
жаңарту аясында), Бастауыш білім беру (2-4 сыныптар).
3.2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 15
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.
3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар,
қысқа немесе толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа көп таңдауы бар сұрақтарды, қысқа және толық жауапты қажет ететін
сұрақтарды қамтитын 4 тапсырмадан тұрады.
Көп таңдауы бар сұрақтарда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын
таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушы сөздер немесе қысқа сөйлемдер
түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және
жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/ сұрақтардан тұруы мүмкін.
Алғашқы екі тапсырма тыңдалым және айтылым дағдысын, үшіншісі оқылым
дағдысын, төртіншісі жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.
21


Page 22

№ Сөйлеу
әрекетінің
түрлері
Ортақ
тақырып
Оқу мақсаты Тапсырманың
сипаттамасы
Тапсырма
саны
Жалпы
балл
1 Тыңдалым және
айтылым
Менің мектебім
Менің туған
өлкем
2.1.3.1 Шығарманың тақырыбы
мен үзіндісіне (бастапқы
бөліміне) сүйеніп оқиғаның
соңын болжау
2.1.5.1 Өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып
жеткізу
Білім алушы ашық түрдегі толық
жауапты қажет ететін
тапсырманы орындайды
2 5
2 Оқылым 2.2.4.1 Мақал-мәтел, жұмбақ,
ертегі, тұрмыс-салт жырлары,
әңгіме, өлеңнің жанрлық
ерекшеліктерін анықтау.
2.2.1.2 Шығарманы іштей оқып,
ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу.
2.2.6.1 Кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы
мен іс- әрекетін бағалау
Білім алушы жабық түрдегі көп
таңдауы бар және ашық түрдегі
қысқа жауаптарды қажет ететін
тапсырмаларды орындайды
1 5
Жазылым 2.3.2.1 Мұғалім көмегімен үлгі
бойынша шағын ертегілер/ жұмбақтар жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып шумақтар мен санамақтар
құрастыру
Білім алушы ашық түрдегі қысқа
жауапты қажет ететін
тапсырманы орындайды
1 5
22


Page 23

4. Тапсырма үлгіл ері және балл қою кестесі
«Әдебиеттік оқу» пәнінен
2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым және айтылым
1.Мәтінді мұқият тыңда. Ары қарай не болуы мүмкін? Әңгімеле.
Бейбіт бақша ішінде жерді қопарып ойнап жүр еді. Қасынан өтіп бара жатқан бір
қария:
- Әй, балам, Жерді неге қорлайсың? Ол сенің анаң ғой, - деді.
Қарияның сөзіне таң қалған Бейбіт:
- Менің анам үйде, аты Зейнеп, - деді.
- Балам, онда сол Зейнеп анаңнан сұра, түсіндіреді, - деп кете берді қария.
Бейбіт ештеңе түсінбей қалды. Ол ....
2.Сұрақтарға жауап бер.
•Анасы Бейбітке не айтады деп ойлайсың?
•Жерді қорлау дегенді қалай түсінесің?
•Адамдар жерді неліктен анаға теңейді?
•Мәтіннен өзіңе қандай сабақ алдың?
[5]
Балл қою кестесі
Тапсырма

Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 Білім алушының ықтимал жауабы:
Бейбіт үйіне жүгіріп келді. Ол
анасынан сұрады. Анасы қарияның
сөзін түсіндіріп берді. Бейбіт енді
жерді қазып ойнамайтын болды.
1 Сұрақтың мазмұнына
сәйкес болатын басқа да жауаптар қабылданады.
Мазмұнын сақтай отырып, мәтіннің соңын болжап айтады – 1 балл;
Тақырыпқа сәйкес мәтін құрастырады – 1 балл;
Сұрақтарға дұрыс жауап береді – 1 балл;
Сөйлеу барысында грамматикалық нормаларды сақтайды –
1 балл;
Сөйлеу барысында лексикалық нормаларды сақтайды – 1 балл
қойылады.
2 Білім алушының ықтимал жауабы:
Иә, қария дұрыс айтады. Жерді біздің анамыз деуге болады. Жерді бостан
босқа қорлауға болмайды.
1
Білім алушының ықтимал жауабы:
Жерді бостан босқа қазу/ топырақты
шашу/ топырақты ластау
1
Білім алушының ықтимал жауабы:
Жер де ана сияқты адамдарға барын
береді. Адамдарға қамқорлық жасайды
1
Білім алушының ықтимал жауабы:
Топырақтың пайдасы көп. Оны бостан босқа шашуға, ластауға болмайды.
Жерді қорламау керек.
1
Барлығы 5
23


Page 24

Оқылым
3.Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
Ерлік жасаған екеу
Бақыт пен Қазбек есік алдында әңгімелесіп отыр еді. Бір кезде түтіннің иісін сезді.
Орындарынан тұрып жан-жағына қарады. Қазбек көрші үйдің ескі қорасы өртене
бастағанын байқады. Екеуі солай қарай жүгірді.
Өртке кінәлі кішкентай балалар болып шықты. Екі бала өртті сөндіруге кірісті.
Үлкендер Бақыт пен Қазбектің ісіне риза болды.
1)Мәтін қай жанрда жазылған? Белгіле ( )
2)Мәтінге қатысты 3 дұрыс ақпаратты анықтап, белгіле (
).




3)Мәтіннен кейіпкерлердің жасаған ерлігін сипаттайтын сөйлемді тауып, көшіріп
жаз. ________________________________________________________________
[5]
Балл қою кестесі
Тапсырма

Жауап Балл Қосымша ақпарат
3 Әңгіме 1
Үлкендер балалардың ісіне риза болды. 1
Көрші үйдің қорасы өртене бастады. 1
Өрттің шығуына кішкентай балалар
кінәлі.
1
Екі бала өртті сөндіруге кірісті. 1
Барлығы 5
ертегі өлең әңгіме жұмбақ
Үлкендер балалардың ісіне риза болды.
Көрші үйдің ескі қорасы өртене бастады.
Өрттің шығуына Бақыт пен Қазбек кінәлі.
Өрттің шығуына кішкентай балалар кінәлі.
24


Page 25

Жазылым
4.Сызықшаның орнына тиісті сөздерді қойып, өлеңді толықтырып жаз .
Керекті сөздер:








[5]
Балл қою кестесі
Тапсырма

Жауап Балл Қосымша ақпарат
4 Оқу-білім саған (пайда) 1
Сияменен бояп (қойма) 1
Қолыңды жу, тырнағыңды (ал) 1
Болсын таза бет (орамал) 1
Мұнтаздай боп мектепке (бар) 1
Барлығы 5
5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға
мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған
нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық
бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
пайда ал орамал қойма бар
Бөбектерім, оқы, ойна!
Оқу-білім саған __________________________________,
Кітабыңның шетін жыртып,
Сияменен бояп __________________________________.
Қолыңды жу, тырнағыңды ________________________,
Болсын таза бет __________________________________,
Мұнтаздай боп мектепке __________________________ .
25


Page 26

Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау
барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар
(спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына
мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне
көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен
сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім
алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім
алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға
немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі
хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын
тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация
үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұ мыс
үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
26


Page 27

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Дені саудың – жаны сау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің
түрлері
Тыңдалым және айтылым
Оқу мақсаты 2.1.1.1 Шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға
жауап беру
2.1.3.1 Шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы
бөліміне) сүйеніп оқиғаның соңын болжау
Бағалау критерийі Білім алушы
•Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап
береді
•Берілген тақырып пен үзінді ге сүйеніп, оқиғаның
соңын болжайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 20-минут
Тапсырма
1.Берілген үзіндіні мұқият тыңда.
Самат ұйқысынан кеш оянды. Таңертеңгі асын апыл-ғұпыл ішті де, мектепке жинала
бастады. Баласының бұл ісін көрген анасы:
- Денсаулығыңды бұзасың ғой. Отырып, дұрыс тамақтансаң қайтер еді? - деді.
- Тамақтанудың денсаулыққа қандай қатысы бар? – деп, Самат анасына таңдана
қарады.
Сұрақтарға жауап бер.
•Самат неліктен асықты?
•Анасы не деді?
•Самат анасына қандай сұрақ қойды?
•Қай кейіпкердің ойымен келісесің? Неліктен?
2.Анасы Саматқа қалай жауап береді деп ойлайсың? Оқиға қалай аяқталуы
мүмкін? Осы сұрақтарды басшылыққа алып, әңгімені ары қарай жалғастыр.
Бағалау критерийі Тапсырма

Дескриптор Балл
Білім алушы
Мәтіннің мазмұны
бойынша сұрақтарға жауап береді
1 мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға
жауап береді;
1
кейіпкерлердің ойына қатысты дәлелді
пікір айтады;
1
Берілген тақырып пен
үзіндіге сүйеніп, оқиғаның соңын болжайды
2 мәтіндегі оқиғаның соңын болжап
айтады;
1
оқиғаны тақырыпқа сай жалғастырады; 1
оқиғаның логикалық жүйесін сақтайды. 1
Барлығы 5
27


Page 28

«Дені саудың – жаны сау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата- аналарға ақпарат ұсынуға
арналған рубрика
Білім алушының аты- жөні___________________________________________________________
Бағалау критерийі Тапсырма

Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Мәтіннің мазмұны
бойынша қойылған
сұрақтарға жауап береді
1
Мәтіннің мазмұны бойынша
сұрақтарға жауап беруде
қиналады
Мәтіннің мазмұны бойынша
сұрақтарға жауап беруде/
кейіпкерлердің ойына қатысты пікір айтуда қателеседі
Мәтіннің мазмұны бойынша
сұрақтарға жауап береді және өз көзқарасын айтады
Берілген тақырып пен
үзіндіге сүйеніп, оқиғаның соңын болжайды
2
Тақырыбы мен үзіндісі
бойынша оқиғаның соңын
болжауда қиналады
Берілген тақырып пен үзінді
бойынша оқиғаның соңын болжауда/оқиғаның логикасын
сақтай отырып жалғастыруда
қателіктер жібереді
Берілген тақырып пен үзінді
бойынша оқиғаның соңын болжайды және оқиғаны өз сөзімен жалғастырып айтады
28


Page 29

«Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің
түрлері
Оқылым
Жазылым
Оқу мақсаты 2.2.9.1 Cұраққа жауапты анықтамалық кітаптардан/
жинақтардан/ сөздіктерден табу және ақпаратты берілген
үлгі кестеге салу
2.3.3.1 Шығармашылық жұмысын мұғалімнің көмегімен
сурет/ калиграмма/ аппликация/ фотосуреттер арқылы
ұсыну
Бағалау критерийі Білім алушы
•Әр түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты
анықтайды
•Ақпаратты кестеге түсіреді
•Тақырып бойынша шығармашылық жұмыс жасайдыОйлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1.Әр түрлі дереккөздерден Наурыз туралы ақпарат жинақтап, кестені толтыр.
«Наурыз» сөзі қандай
мағына береді?
Наурыз қандай мереке? Адамдар бұл мерекені
қалай өткізеді?
2.«Наурыз мерекесі» тақырыбында сурет сал. Суретке қатысты 1-2 сөйлем жаз.
29


Page 30

Бағалау критерийі Тапсырма

Дескриптор Балл
Білім алушы
Әр түрлі
дереккөздерден
қажетті ақпаратты
анықтайды.
Ақпаратты кестеге
түсіреді
1
бірінші сұраққа қатысты ақпаратты
анықтайды және кестеге жазады;
1
екінші сұраққа қатысты ақпаратты
анықтайды және кестеге жазады;
1
үшінші сұраққа қатысты ақпаратты
анықтайды және кестеге жазады;
1
Тақырып бойынша
шығармашылық жұмыс жасайды
2 тақырыпқа сәйкес сурет салады; 1
суретті тақырыпқа қатысты сөйлеммен
толықтырады.
1
Барлығы 5
30


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!