Материалдар / Жаз-2024 лагерь бағдарламасы

Жаз-2024 лагерь бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Лагерь бағдарламасы, мақсат, міндеттері, күн тәртібі
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады













«Жаз – 2024» бағдарламасы



































КІРІСПЕ

Жаз айлары - мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Жыл бойы сабақ барысындағы тоқсан арасындағы берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды. Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана – сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі.
Бастауыш және орта буын сыныптарының балалары үшін бұл уақыт тән – тұрпаттың табиғатпен ерекше үндестік тауып, дүниетаным аясы кеңитін, көзқарас қалыптасып, үйренуге ықыласы артатын жылдың тамаша мезгілі.
Жаз мезгіліндегі бұл уақыт балалардың негізгі сабақтан, үйреншікті тіршілік қарекетінен босап, өзін қызығушылығымен айналысуына,шығармашылықпен жұмыс жасау қабілетін арттыруға мүмкіндік береді.Бұл шараларды балалардың күндіз келіп демалатын жазғы сауықтыру лагері іске асырады.





















БАҒДАРЛАМА ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ



Денсаулығы жақсы,орнықты,адамгершілігі мол адам ғана белсенді өмір сүріп, түрлі қиындықтарды жеңіп,қызметінде жақсы табыстарға жетеді.

Сол себептен ата-аналар мен педагогтарды денсаулығы мықты , шығармашылық қабілеті зор бала тәрбиелеу мәселесі көп алаңдатады.

Балалардың шығармашылықпен жұмыс атқаруларына ,олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға педагогикалық ұжым үлкен мән береді.






























БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТ-МІНДЕТТЕРІ


Бағдарлама мақсаты:

Педагогикалық ұжымның , ата-аналар қоғамдастығының, оқушылардың, мектептен тыс ұйымдардың тығыз байланыста болуы, қарым-қатынас жасауы;оқушылардың жазғы демалысын дұрыс ұйымдастыру үшін қажетті әдістемелік ,ұйымдастыру,ақпараттық қамтылу жағдайын жасау.

Жас буынға туған өлкенің тарихын үйрету, Отанды сүюге тәрбиелеу.

Бұл-ұлттық бірегейлігімізді сақтауға,әрі Ұлы даланың ұлағатын ұрпаққа дарытуға бағытталған нақты іс-шаралар арқылы жүзеге аспақ.

Міндеттері:

Әлеуметтік тәжірибе жинақтауға баланың араласып,қатыстырылуы,бірге қызмет істеуі,шығармашылық жұмыспен бірге айналысуы;

Жас ерекшеліктері әр түрлі топтармен қарым-қатынас жасау түрлерін дамыту;

Балалардың демалысын дұрыс ұйымдастыру аясында табиғатты аялауға, қорғауға баулу;

Шығармашылықпен жұмыс істейтін балаларды анықтап,қабілетін дамыту, жеке жұмыс жасауға,бірлесіп жұмыс атқаруға баулу;

Топпен жұмыс жасауға үйрету,балалардың жазғы сауықтыру лагерін басқаруға қатыстырылуы;

Өмір қауіпсіздігі ережелерін меңгертуге,түрлі аурулардың алдын алуға, балалар денсаулығын күшейтуге, баланың денсаулығын шынықтыруға байланысты түрлі сауықтыру іс-шараларының жүйесін құру;

Салауатты өмір сүруге бейімдеу;


















Принциптері:

«Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің бағдарламасы төмендегідей принциптерге негізделген:

1.Қарым-қатынасты ізгілендіру принципі: адамды құрметтеу,сеніммен қарау, табысқа қол жеткізуіне қолқабыс жасау.Бала,ата-ана,лагерь қызметкерлері -мен адамгершілікпен байланыс жасай отырып,педагогикалық процестің барлық негізгі құрамдас бөлігі-компоненттерін психологиялық тұрғыдан түсіну.

2.Бірге жұмыс жасау барысында балалардың жас ерекшеліктері мен атқарылған жұмыстың сәйкес болу принципі: ересек адамдардың баламен бірге жұмыс атқаруының тәрбиелік маңызы зор болмақ және қолдау көрсетілген балада шығармашылықпен жұмыс атқарамын деген сенім пайда болады.

3.Жазғы сауықтыру лагерінде тәрбиелеудің түрлі әдісін,тәсілін,мазмұнын таңдау принципі төмендегі жұмыстардың атқарылуын талап етеді:

  • Балалардың жеке психологиялық ерекшеліктеріне қарай оларды тәрбиелеудің түрлі әдісін,тәсілін,мазмұнын табу және жүзеге асыру принципі;

  • Баланың бір шығармашылық жұмысы түрінен екінші жұмысқа көшу мүмкіндігінің болуы(1күнде) ;

  • Күн тақырыбына байланысты барлық іс-шаралардың бір-бірімен тығыз байланысты болуы,жүйелілігі,мазмұн сәйкестігі;

  • Барлық атқарылатын іс-шараларға балалардың белсенді түрде қатыстырылуы;

4.Баланың дара қасиетін ашу шығармашылық принципі:шығармашылықпен жұмыс жасауы арқылы тұлға даралығының ашылуы-тұлғаны сипаттау мінездемесі, қолға алған жұмысын толық іске асыруы.










ЖАЗ МЕЗГІЛІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫ САУЫҚТЫРУ ЖӘНЕ БОС УАҚЫТТАРЫН ДҰРЫС ҰЙЫМДАСТЫРУ ТҮРЛЕРІ

Дене шынықтыру, спортпен айналысу сияқты сауықтыру шаралары лагерьдің жұмыс мазмұнының әдіс-тәсілінің бір артықшылығы болып табылады.Бұл шаралар баланың дұрыс дамып – жетілуіне, өсуіне, денсаулығының мықты болуына бағытталған.(дұрыс тамақтануы,медициналық көмектің дер кезінде көрсетілуі, таза ауада серуендеуі, сауықтыру, дене шынықтыру, мәдени іс-шаралардың өткізілуі, саяхат жасау, жорыққа шығу, түрлі ойын- сауық құру, қызығушылықтары бойынша бірлестікте жұмыс жасау: үйірме, секция, топ, шығармашылық шеберхана)

Балалардың сауықтыру лагерінде демалу уақыты сағ.9.00 мен 15.00 аралығы.

Тәрбиешілер балалардың өмірі мен денсаулықтарына жауап береді, күн тәртібіне, санитарлық нормалардың, техника қауіпсіздігінің сақталуына, сауықтыру-тәрбиелеу жұмысын, балалардың бос уақытын дұрыс,пайдалы, мағыналы ұйымдастыруға жауапты.Сол сияқты өзін -өзі басқару ұйымдары -ның жұмысын, топтар жұмысын талдап, саралау жасайды. Арнаулы кадрлар

(педагог-психолог, кітапханашы, дене тәрбиесі пән мұғалімдері, әлеуметтік педагог) қызметтегі міндеттеріне байланысты арнайы педагогикалық жұмыс

атқарады, өзін -өзі басқару ұйымдарының жұмысын ширатып, тәжірибесімен бөліседі,қолдау көрсетіп, жұмысты алға жылжытуға т.б.іс-шараларға қатысулары мүмкін.Қосымша білім беруде педагогтар үйірме жұмысына, баланың талап-талантын шыңдап жетілдіруге, балалардың толық жұмыспен айналысуына, жұмыстың нәтижелі болуына жауап береді, көпшілікпен атқарылатын іс-шараларға қатыстырылады.

Ұжымның педагогикалық ұстанымы: Педагогикалық кәсіби шеберлік принципі; Баланы тұлға ретінде құрметтеу принципі; Бірлесіп жұмыс атқару, бірге шығармашылықпен айналысу, ынтымақтастықта болу принципі. Балалар интеллектін дамытуда дара ісіндегі бастамасын, шығармашылығын қолдау принципі; Балалар ұйымының өзін-өзі басқару принципі; Балалардың мектептегі тіршілік әрекетін ұйымдастыруда жалпы адами және ұлттық мәдени құндылықтардың үйлесу принципі; Әрбір баламен жеке жұмыс жасау және ұжымның шығармашылықпен жұмыс атқару принципі; Даулы мәселелерді дұрыс шешу, оң шешімін қабылдау.







  • Лагердегі заңдылықтар:

  • Уақытты тиімді пайдалану.

  • Үнемділік заңы.

  • Табиғатты қорғау.

  • Бірін-бірі құрметтеу.

  • Салауатты өмір салтын сақтау.

  • Ынтымақтастықта болу.

  • Басқа адамның пікірі мен еңбегін құрметтеу.

  • Пікір еркіндігі.

  • Тәрбиеленушілер құқығы:

  • Жеке тұлғаны құрметтеу.

  • Ұжымдық және жекелеме шығармашылықпен айналысу.

  • Танымдылық-ізденістік жұмыстармен айналысу

  • Айналысатын іс-әрекетін таңдау.

  • Ақпараттар алу құқығы.

  • Өз бастамасын ұсыну.



















Shape1

Күн тәртібі





  • 8.30-9.00. Балаларды қабылдау.

  • 9.00-9.30. Саптық жиын.Таңертеңгілік жаттығу.

  • 9.30-10.00. Таңғы ас.

  • 10.00-12.00. Танымдық іс-шаралар.Спорттық белсенді ойындар.

  • 12.00-13.00. Үйірмелік жұмыстар.(кітапхана,

  • 13.00-14.00. Түскі ас.

  • 14.00-15.00. Отырып ойналатын ойындар.Өтілген күнді қорытындылау. Рефлексия.































Әкімшіліктің лауазымдық міндеттері:


1.Мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагерін ашу туралы бұйрығын шығару(бұйрықта лагерь мерзімі,күнтізбесі,уақыты,режимін көрсету)

2. І,ІІ кезеңдерге лагерь басшысын тағайындау(мұғалімнің аты-жөні)

3.Мектеп жанындағы жазғы сауықтыру дагері оқушыларының тізімін бекіту (аты-жөні,сыныбы)

4.Тәрбиешілер,медициналық қызметкер, музыка мұғалімін анықтап, лауазымдық міндеттерін бекіту.
































Лагерь басшысының міндеттері:


  • 1.Мектепішілік лагерьдің жұмыс жоспарын құру.

  • 2.Күн тәртібін құру.

  • 3.Лагерьге қатысты бұйрықтарды дайындау:

  • А) лагерьге жауаптылардың бұйрығы

  • Б)оқушылардың денсаулығы мен өмір қауіпсіздігі туралы бұйрық

  • В)лагерьдің ашылуы туралы бұйрық

  • Г)экскурсияға шығу туралы бұйрық

  • 4.Оқушылардың тамақтану табелін жүргізу.

  • 5.Лагерь кезеңіне байланысты жұмыс істейтін қызметкерлердің санитарлық кітапшаларының дайын болуын қадағалау.




























Тәрбиешілердің міндеттері:


  • 1.Күнделікті жоспарланған іс-шараға дайындық жұмыстарын жүргізу.

  • 2.Топ (отряд) күнделігін жүргізу.

  • 3.Оқушылармен өтілетін іс-шаралар кезінде оқушылардың өмірінің қауіпсіздігіне жауап беру.

  • 4. Оқушылармен дене жаттығулары мен сергіту сәттерін ұйымдастыру.

  • 5. Оқушылардың шығармашылық, танымдық қабілеттерін арттыру мақсатында ойындар,сайыстар ұйымдастыру,өткізу.

















ЖИ арқылы жасау
18 Мамыр 2024
1240
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі