Жаз қызықтары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаз қызықтары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп жасына дейінгі балаларға сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Жаз қызықтары

Сабақ түрі: тренинг

Көрнекілігі: доп


С А Б А Қ Б А Р Ы С Ы

І. «Сәлемдесу» рәсімі

Кәне, балалар, бәріміз ортаға шығайық. Біз кәзір бір-бірімізбен өзгеше сәлемдесу түрін үйренеміз. Назарларыңа «Бір-бірімізбен сәлемдесейік» ойыны ұсынылады.

«Бір-бірімізбен сәлемдесейік» ойыны

Мақсаты: қимыл-қозғалыс белсенділігін дамыту, бұлшық етке түсетін күштен арылту.

Барысы: Көңілді әуен ойнап тұрады, балалар бөлмеде кез-келген бағытта қозғалып жүреді. Әуен тоқтағанда балалар алдарынан шыққан балалармен сәлемдеседі. Сәлемдесу түрі: психолог бір рет шапалақтағанда – қол алысып сәлемдеседі, екі рет шапалақтағанда – иықпен, үш рет шапалақ ұрғанда – арқаларымен амандасады.

Психолог: Балалар, сендерге өзгеше сәлемдесу ұнады ма? Несімен ұнады? Неліктен ұнамады? Балалар ойлары тыңдалады.

Ал бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: Жаз қызықтары деп аталады.

Психолог: жазда қандай қызықтар болды? Не көрдіңдер? Жаз сендерді несімен қызықтырды? Не нәрсе естеріңде қалды? Келесі психологиялық жаттығу зейінді болуға үйретеді.

ІІ. Зейінділікті, есте сақтауды дамыту

«Бірге адымдайық» жаттығуы

Мақсаты: ес, зейін, тыныс алу ырғағын дамыту.

Барысы: Балалар шеңбер құрып тұрады. Тәрбиешінің нұсқауы бойынша келесі қозғалыстар орындалады: біз бір кемеде келе жатырмыз және барлық қимылдарды бірдей орындаймыз. Біз барлығымыз қалай тыныс алатынымызды тыңдап көрейік. Деміңізді ішке тартқанда барлығымыз бір қадам алдыға шығамыз, дем шығарғанда артқа басамыз. Ал енді демімізді ішке тартқанда екі қадам алдыға шығамыз, дем шығарғанда екі қадам артқа басамыз. Демімізді ішке тартқанда екі қадам алдыға шығамыз, дем шығарғанда үш қадам артқа басамыз. Ал енді біздің жүрегіміздің қалай соғатынын тыңдап көрейік: дүрс - бір қадам алдыға, дүрс - бір қадам артқа, дүрс - екі қадам алдыға, дүрс - екі қадам артқа.


ІІІ. Образды ойлауды пайдаланып, нәзік моториканы дамыту

Психолог: жаздың есте қалған ең қызықты сәттерін сурет арқылы бейнелеңдер. Бояу қарындаштарды да пайдалануға болады.

ІV. Рефлексия

  • Бүгінгі сабақта сендерге не ұнады?

  • Бір біріңе қандай жақсы тілек айтар едіңдер?


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.10.2018
925
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі