Жаздың кезі көңілді

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаздың кезі көңілді

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаз мезгілінде болатын өзгерістерімен таныстыру.Табиғатты аялай білуге тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.


Күні: 22.05.2018ж

Білім беру саласы:«Коммуникация»

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Жаздың кезі көңілді

Мақсаты:

Білімділік: Сурет бойынша әңгіме құрастыра білуге үйрету;саусақ жаттығу-

ын жасату арқылы қолдарының ұсақ моторика-

сын жетілдіру

Дамытушылық: өлең жаттата отырып есте сақтау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелілік: туған жер табиғатын сүю білугем тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: ұнтаспа, суреттер, атрибуттар, жұмыс дәптері.

Сөздік жұмыс: жасыл түс көп еді – жаз мезгіліндегі ағаштардың жапырақтарының, шөптердің көптігін білдіреді.

Қос тілдік компонент: көл-озера, бекет- станция, саяхат – путешествие.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ – жауап

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің

қызметі

Балалардың

қызметі

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері: 
Біз әдепті баламыз

Айтқан тілді аламыз

Алды менен қонақпен

Амандасып аламыз.




Балалар шаттық шеңберіне тұрады.

Ұйымдастыру-іздестіру

Саяхатқа немен шығамыз,қандай көлік түрлерін білесіңдер?(Ұшақ, тік ұшақ,пойыз,кеме,қайық автобус)

–  Ендеше,  балалар біз  саяхатқа пойызбен шығамыз.

–  Ол үшін пойыздың паровозын жүргізетін машинис тағайындауымыз керек.

–  Кәне, сендердің араларыңда кімнің бойы ұзын? (Бойы ұзын бала машинистің орнына отырады)

Қатар-қатар тұрайық,

Пойызды біз құрайық.

Кәне, кімнің бойы ұзын,

Паровозы пойыздың.

Үнтаспадан пойыздың дыбысы мен жүрісі естіледі.

-Балалар, біз жолда қарап отырмай, терезеден көргенімізді айта отырайық.

Қарандаршы, табиғат қандай сұлу болып құлпырып кеткен.

Қазір қандай мезгіл? (жаз мезгілі)

Ендеше, «жаз» сөзіне дыбыстық талдау жасайық.

Ж – дауыссыз;

А –  дауысты;

З –  дауыссыз.

Өте жақсы, балалар.

Балалар, біздің пойыз ауылдың шетіндегі бекетке келіп тоқтады.

Балаларға көмек ретінде жаз мезгіліндегі ауыл бейнесінің суреті ілінеді.

-Кәне, не көріп тұрмыз? (Ауыл)

Балалар ауыл сөзіне дыбыстық талдау жасайықшы.

  • А –дауысты

  • У – дауыссыз

  • Ы – дауысты

  • Л – дауыссыз. Жарайсыңдар, балалар.

Пойыздың үні естіліп, балалар келесі бекетке келіп тоқтайды.

Бекет  «Көл жағасында» деп аталады.

Осы тақырыпқа байланысты әңгіме құрауларыңды сұраймын.

Балалар көз алдарына елестетіндерші, Балалар суға шомылып жүр.

Олар өте көңілді. Бірнеше бала жағада доп ойнап жүр.

Олар жеңіл киініп алған.

  • Балалар, «көл» сөзіне талдау жасайық.

  • К – дауыссыз

  • Ө – дауысты

  • Л – дауыссыз,

Пойыздың  дыбысы мен жүрісі естіліп, балалар саяхатын жалғастырыды.

Бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті:

Көл жағалай көп құстар

Ұшып-қонып жатады.

Қиқуланып әр тұстан

Сызылтып үн қатады.

Дөңгеленіп төбеден

Сәулесін күн төгеді.

Жарқын жаздың не деген

Жасыл түсі көп еді.


Сөздік жұмысы

Жасыл түс көп еді – жаз мезгіліндегі ағаштардың жапырақтарының,

шөптердің көптігін білдіреді.


Үнтаспадан пойыздың дауысы естіліп,құстардын дауысы қосылады да

балалар біз орманның ортасыннан өтіп барамыз.

Балалардан құстарды дауысынан танып, атауларын сұрайды.

  • Тоқ –тоқ, тоқ-тоқ. (Тоқылдақ)

  • Ку –ку, ку –ку (көкек)

  • Қарға –қарға. ( Қарға)


Орман сөзіне дыбыстық талдау жасайық.

О –дауысты

р – дауыссыз

м –дауыссыз

а – дауысты

н –дауыссыз

Дидактикалық ойын: «Орнын тап!»

Ойын шарты: дала құстары мен үй құстарын бөліп,

әрқайсысын өз орындарына орналастыру.


Дәптермен жұмыс: тапсырма бойынша дала құстары орманға,

үй құстарын аулаға орналастыру қажет.






Сұрақтарға жауап береді
























Талдау жасайды



































Қимыл қозғалыс жасайды















Құстың атауын атайды
















Ойынды қызыға ойнайды




Дәптермен жұмыс жасайды

Рефлексивті-түзетушілік


Саяхат кезіндегі балалар әрекетіне қысқаша талдау.

бағалап, мадақтау.




Сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:- дыбыстық талдау жасап, шығармашылық әңгіме құрауды.

Нені игеру керек: Саяхатқа шыққан көңілді екенін.

Нені біледі: - Ойын арқылы дала құстары мен үй құстарын ажырата алу дағдыларын.


 



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.06.2018
2336
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі