Материалдар / Жазылым дағдысын меңгерту тәжірибемнен
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жазылым дағдысын меңгерту тәжірибемнен

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада жазылым дағдысын орындау әдістері берілген, автор тәжірибесімен бөлскен.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Маусым 2024
162
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Picture 1



Нурумова Мария,

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,

«Бейнеу гимназиясы» КММ,

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі




























Жазылым дағдысын меңгерту тәжірибемнен



Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана,

шәкірт жанына нұр ұялата алады. А.Байтұрсынұлы


Қазіргі уақытта еліміздің білім кеңістігінде болып жатқан реформалар Қазақстанның болашақ мектебінің мазмұны мен білім беру бағдарламаларын жаңа деңгейге көтеруге бағытталғандығы баршамызға мәлім. Бүгінгі таңда мектептер жаңа реформамен оқытуды бастап кетті. Білім алушыларға, ата-аналарға бағдарламаның жаңалықтарымен, тиімді жақтарымен таныстырып, енгізу, әрі қарай жұмыстар жасап, толыққанды меңгерту мұғалімдер алдындағы үлкен жауапкершілікті талап ететін міндеттер болып отыр. Енді бұл бағдарлама мазмұнын алдымен мұғалімдеріміз жетік білмей, іс алға баспайтыны белгілі. Бағдарлама өзгертіліп жазылғанымен білім алушыларға берілетін білім мазмұны өзгерген жоқ. Тек сол білімді оқыту мақсаттары, оқыту жолдары, білім алушы мен білім беруші арасындағы қарым-қатынас әдістемесіне жаңалықтар еніп, оқыту жолдары түрленіп жатыр.

Бүгінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі – білім алушыларға тілдік дағдыларды меңгерту. Жалпы білім беретін мектептің қазақ тілін оқыту бағдарламасында тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым және әдеби тілдік нормалар бойынша оқытуда мақсатқа жету үшін мұғалімдер үлкен күш жұмсап отыр. Осы дағдылардың ішінде тыңдап, айтып, талдап, оқыған нәрселерінің тоқ етер нүктесін қоятын, өнімді дағды болып жазылым есептеледі. Немесе білім алушы үйлесімді мәтін құрып шығару үшін жоғарыда аталған тыңдалым, айтылым, оқылым дағдыларын толық меңгеруі керек.

Мен де көп жылдарғы тәжірибемде өткізіп жүрген ресурстарымды жаңғыртып, әріптестеріме оқытуда көмегі тиер деген мақсатпен жаңартылған білім мазмұны бойынша орындалып жүрген әр түрлі жазылым дағдылары материалдары туралы сөз етпекпін. Қазіргі қолданылып жүрген дәстүрлі мәтіндердің шығармашылық бағытын жетілдіре отырып, оның түрлерін жаңарту, жаңғырту тіл дамыту жұмысының басты мақсаты болып отыр. Соңғы кезде қазақ тілін әдебиетпен байланыстыра оқытуға негізделген шығармашылық жазылымдардың бірнеше түрі қолданыста жүр. Оқушының алған білімін өмірде қолдана білуді негізге ала отырып жеке тұлғаны дамыту мақсатында біз бұрыннан білетін дәстүрлі мәтін түрлерін жаңа әдістермен орындалатын жазылым тапсырмаларына ыңғайлап, жинақтап, жазылым дағдыларын орындатып бастадық. Мен өз тәжірибемде орындатып жүрген жазылым түрлерін төмендегіше топтастырдым:

  1. Тыңдалым, оқылым аудиовизуалды материал мазмұнына шығармашылық жазылым. Оларға постер, кластер, орын ауыстырған әріптер, есімінен сөз құрастыру, сурет бойынша жазу, синонимін тауып жазу, жазбаша дөңгелек үстел, төрт сөйлем, сәйкестендіру және сол сөздерді жинақтап, байланыстырып қорытынды жазу, «Синквейн» әдісі бойынша жазу, «Ассоциация» әдісі бойынша жазу сияқты жұмыстарды жатқызуға болады. Осылардың бірер-жарымына тоқтала кетейін.

Орын ауыстырған әріптер. Бірінші бағанда әріптер беріледі, оқушы бос бағанға мағыналы сөз құрастырып жазу керек.

Мысалы:

Берілген әріптер

Құрастырылған сөздер

абнапал

балапан

ыторықныд

қорытынды

емелекмт

мемлекет

ытабос

отбасы

Есімінен сөз құрастыру. Әр оқушы өз есімін алып, есімінде бар әріптерден сөздер

құрастырады. Мысалы: Мария – ар, ия, мия, мая, рия. Қарлығаш – қар, ар, аш, ал, қал, шал, лақ, қаш, қыр, қышаша, ала, ара, аға, шаға, шала, шара, қара, қаша, қала, арық, ақыр, арыл, ашыл, қарлы, қаршыға, қарлыға.

Сурет бойынша жазу. Сурет беріледі. Оқушы еркін жазу жазады.

Синонимін тауып жазу. Бірінші бағанға сөздер жазылған, ал екінші бағаны бос үлестірмелер беріледі. Оқушы үлестірменің бос жағын толтыруы керек.

Берілген сөздер

Олардың синонимі

Ұстаз

Мұғалім, оқытушы.

Сынақ

Емтихан, тест.

Ниет

Ықылас, тілек.

Дауыл

Боран, құйын.

ауру

Сырқау, науқас, дерт, сырқос.

Жазбаша дөңгелек үстел. Дөңгелек үстелге тақырып беріледі, отырған топ бір парақ қағазға кезегімен өз ой-пікірін жазады. Әр жазушы алдыңғы айтылған пікірге өз көзқарасын жазады. Жазбаша дөңгелектің мақсаты: тақырыпты ашу және көңілдегі көрікті ойды қағаз бетіне сауатты жаза білу.

Мысалы: «Тіл - ұлттық қазына» тақырыбы.

1 - қатысушы: Тіл дегеніміз - қатынас құралы. Онсыз өмір сүру мүмкін емес.

2 – қатысушы: Адам болғасын оның тілі болады. Адамдардың өзінің белгілі бір шығу тегі, ұлты, руы болады. Ал сол ру, ұлттардың өздеріне түсінікті сөздері, яғни тілі болады.

3 – қатысушы: Тіл атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа беріліп, жалғасын тауып келеді. Ата бабаларымыздың көзінің қарашығындай сақтап келген тілі – біздің байлығымыз, барымыз, қазынамыз. Егер ол тілде сөйлеуді тоқтатып, жоғалтар болсақ, онда біздің өз тамырымызға балта шауып, байлығымыздан айырылғанымыз.

Осылайша әр қатысушы 1 сөйлемнен немесе 1 абзацтан тақырып ашылғанша жаза береді.

Ең көп қолданыстағы әдіс - «Төрт сөйлем» немесе «ПОПС», «Синквейн», «Ассоциация» әдістерімен жазу. Бұл тәсілдермен жұмыс жасауға білім алушылар біраз төселіп қалды.

Сәйкестендіру және сол сөздерді жинақтап, байланыстырып қорытынды жазу

Мысалыға 5-сынып оқушыларына берілген тақырып «Отбасы» болса, төмендегідей сәйкестендіру тапсырмасын құрастыруға болады:

Отан

тату

Әкем -

балық аулаймыз.

Атам мен әжем –

7 адам тұрады

Олардың жастары

спортпен айналысқанды ұнатамын

Анам -

жоғарғы сыныптарда оқиды

Біздің отбасымыз

50 жаста

Біз демалыс кездерінде

мұғалім

Біздің отбасымызда

5-сыныпта оқимын

Менің әкем

65-70 шамасында

ал анам

табиғатқа саяхатқа шығамыз

Мен

дәрігер

Мен

зейнеткерлер

Апаларым

отбасынан басталады

Біз үнемі

45 жаста

Отан отбасынан басталады. Біздің отбасымыз – тату. Біздің отбасымызда 7 адам тұрады. Атам мен әжем – зейнеткерлер. Олардың жастары 65-70 жас шамасында. Әкем – дәрігер. Анам – мұғалім. Менің әкем 50жаста, ал анам 45 жаста. Мен 5-сыныпта оқимын. Апаларым жоғарғы сын.ыптарда оқиды. Мен спортпен айналысқанды ұнатамын. Біз демалыс кездерінде табиғатқа саяхатқа шығамыз. Біз үнемі балық аулаймыз.

Бұлардан басқа Түсіндіруге арналған жазба, Біреудің көзін жеткізуге арналған жазба деген сияқты жазба түрлерін орындай берсе, білім алушының ойлау қабілеті дамып, тілі жатығып, әдеби норманы сақтап, жазылым дағдысын меңгереді. Жазылым дағдысының қиын екендігін бір ғана жазылым түрін мысалға алсақ түсінікті болады. Біреудің көзін жеткізуге арналған жазбаны төмендегідей талаптарына сай орындап көрейік.

Shape1

Біреудің көзін жеткізу үшін жазудың ерекшеліктері


  • Аллитерация ;

  • Факт;

  • Пікір;

  • Риторикалық сұрақ;

  • Эмоциялық-эквпрессиыті сөздер;

  • Статистика;

  • Жіктеу есімдіктері;

  • Бұйрық рай;

  • Иллюзия;

  • Жеке көзқарастар;

  • Күшейтпелі шырай;

  • Гипербола;

  • Салыстырмалы шырай;

  • Қайталау;

  • Анекдот.















Түс

Сіз өзіңізді үстіңізде ұзын ақ көйлек киіп аспанда қалықтап ұшып жүрмін деп жатсыз. (қайталау) Ол ол ма, аппақ қауырсынды екі қанатыңыз жайылып қалықтап жүрмін деп жатсыз. (қайталау) Жан-жағыңызда толы періштелер, олар сізді аспанға көтеріп төбелеріне қойып жатыр. Бір кезде олар сізді ұшырып жіберіп, жан-жаққа бытырап кетті, көзді ашып-жұмғанша сіз мұрттай ұшып құлап бара жатсыз, (қайталау) сіз бірден құладым деп ойладыңыз ба? (Эмоциялық-экспрессивті сөздер) Жоқ, сіз пейіштің ішіне қонып жатсыз. (қайталау)

Мұндайды ойлап пейіш екен деудің қажеті жоқ – бұл тек сіздің түсіңіз! Ақ қауырсынды қанат тек құстарда болатынын ұмытпаңыз. Абыржымаңыз, түсінде қанат байлап ұшып жүретін адамдар өмірде көп деп ойлайсыз ба? Қуаныңыз, керемет түс! Сіздің (жіктеу есімдігі) ұшып жүрген қанатыңыз - бақытыңыз, ал пейішке қонғаныңыз – өмірдегі арманыңыздың орындалғаны. Еліміздегі 18 миллион халықтың (статистика) ілуде біреуіне ғана мұндай түстер енеді. Өмірде арманына жете алмай бақытсыз жүргендер қаншама, ал сіздің өміріңіз бақыттырақ, (салыстырмалы шырай) болашағыңыз жарқынырақ (қайталау) болады. Тек алға үмітпен қарап, сабыр сақтаңыз. (бұйрық рай)

Міне, әр жазылым түрін орындаған сайын әр сөзіңе мән беріп, қай сөзді қай жерде орындау керек екендігін білім алушыға білдіруіміз керек. Білім алушы өз жазғанн сыни талдай білуі керек.

Сөзімді қорытындылай келе, жазылым дағдысының күрделілігін мысалдармен көрсетіп бердім деп ойлаймын. Жазу – оңай дағды емес, ол жай ойыңдағын ауызша айта салу емес. Ойыңды көрікті, сауатты жазып жеткізуге білім, еңбек керек. Жазу жеңілден күрделіге қарай жүріп, жай тапсырмалардан орташа, маңызды, мағыналы, күрделі, көп қырлы тапсырмалар жазуға ауысып отырады. Жазылым дағдысы өз деңгейіне жету үшін бастауышта балаға қалай қаламды дұрыс ұстауды үйреткендей, әр сөйлемді дұрыс құрастырудан басталып, абзац, мәтін, әңгіме, пікір, көзқарас, шығармашылық жұмыс – бәрі-бәрі өз талаптарына сай орындалуы керек. Сонда ғана сауатты ұрпақ тәрбиелеп шығамыз.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!