Жазық фигуралардың модельдері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жазық фигуралардың модельдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Жазық фигура модельдерін жасау және олардан композиция құрастыра білу дағдыларын қалыптастыру; оқушылардың логикалық және көрнекілік арқылы образды ойлауын, жазық фи-гуралардың модельдерін жасату арқылы зейіндері мен ұсақ моторикаларын дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы:

Жазық фигуралардың модельдері (2)

Мектеп:

Күні : 19.10.18 жыл


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

жазық фигуралардың модельдерінен және бөліктерінен композиция құрастырады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

Жазық фигура модельдерін жасау және олардан композиция құрастыра білу дағдыларын қалыптастыру; оқушылардың логикалық және көрнекілік арқылы образды ойлауын, жазық фи-гуралардың модельдерін жасату арқылы зейіндері мен ұсақ моторикаларын дамыту.

Тірек сөздер

түрлі түсті жұмсақ немесе қатты қағаз;

желім;

әрбір оқушыға берілетін қайшы;

әрбір жазық фигураның пішініне сәйкес кеңістік геометриялық фигуралар топтамасы.

Сабақтың мақсаты:









Дескриптор

Оқушылар сабақта түрлі түсті жұмсақ және қатты қағаздан жазық фигура модельдерін қию және аппликация жасау әдістерін меңгереді. Аппли-кацияны қолдана отырып, қағаздан жасалған жазық фигура модельдерінен әртүрлі композициялар жасауды, үшбұрышты, шаршыны алуды үйренеді.

Сабақтағы іс-әрекеттер жазық фигуралардың ерекшеліктерін ескере отырып, композициялар құрастыру арқылы олардың пішіндерін тани білуге, есте сақтау қабілетін дамытуға бағытталған.

Жазық фигураларды модельдей біледі.

Композиция жасауды біледі.

Жазық фигураларды айыра,анықтай біледі.

Сабаққа байланысты деректі материалдар

Сабаққа қатысты ескертпелер

Оқушыларға жазық фигуралардан жасалған “қоянның” аппликациясын көрсетіп және мынадай сұрақ:

Бұл ненің суреті? Оны қайдан білдіңдер?

Сурет қандай фигуралардан тұрады?

Сурет неше фигурадан тұратынын сана.

Бұлар қандай фигуралар?

Оқушылардан осыған ұқсас аппликациялар жасау туралы не ойлайтынын және өздерінің жасап үйренгілері келетін аппликациялары туралы сұрап білемін.

Сабақта түрлі түсті жұмсақ және қатты қағаздан жазық фигуралар мен олардың композицияларын жасап үйренетіндерін хабарлау.

Оқушылармен кеңістік фигураларын қолдана отырып, жазық фигураларды жасаудың ретін қайталаңыз:

кеңістік фигуралары топтамасынан бір фигураны таңдау; мысалы: текше;

фигураны түрлі түсті қағазға, не қатты қағазға бастырып сызу;

салынған фигураны сызықтың бойымен қиып алу.

Жазық фигураларды қию арқылы бұйымды жасаудың әртүрлі әдістері туралы айтып, оқушылардың ой-өрісін кеңейту.Шаршыны бір диагоналі бойынша бүктеп, екі үшбұрыш алуды және екі диагоналі бойынша бүктеп, төрт үшбұрыш алуды жасап көрсету. Оларға шаршыны басқаша бүктеу арқылы екі тіктөртбұрыш алуға болатынын көрсету. Осы тәсілмен тіктөрт

бұрыштан екі шаршы бүктеп алуға

болатынын анықтайды.

Оқушыларға қиып алынған фигуралардан әртүрлі композиция құрастырады. Тапсырманы орындамас бұрын, қайшымен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау жөнінде ескертіледі.

Қиюдың ең оңай түрлерінен бастайды:

1-қадам. Екі бөліктен бір фигура құрастыру. Мысалы: екі үшбұрыштан шаршы жасау.

2-қадам. Қарапайым фигуралар құрастыру. Мысалы: шырша, үй, кәмпит, саңырауқұлақ, бант т.с.с.;

3-қадам. Жазық фигуралардан мазмұнды (сю-жетті) композ-ды құрастыру.

Оқушыларға қиып алынған фигураларды бір бет қағазға орналастырады. Дайын ком-ды қатты қағазға желімдейді. Бұл оқу-дың сабақта жасаған жұмыстарының нәтижесін сақтауға көмектеседі. Оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау үрдістерін бақылап, көмек қажет ететін оқушыларға көмектеу.

Фигуралардан құрастырылған жан-жануар-лар. Оқушыларға жануарлар аппликациясы қандай жазық фигуралардан құрастыр-нын анықтайды. Мына сұрақтарға жауап алу:

Бақаның аппликациясы қандай фиг-дан жасалған?

Неше үшбұрыш бар? Дөңгелек ше?

Мысықтың тұмсығы қандай фигура?

Көбелектің қанаты неше қызыл үшбұрыштан құрастырылған?

Аппликация арқылы жазық фигура модельдері-нен әртүрлі суреттер композициясын жасауға бо-латынын айтып, қорытынды жасалады.

Шығарып көр. Оқушылардың назарын оқулықтағы суретке аудару және берілген аппликация қандай фигуралардан тұратынын анықтатайды. Оқушылармен бірге пайдаланылған геометриялық фигуралар санының қанша екенін сұрау. Жауабы:

шаршыны тіктөртбұрыштан және үш үшбұрыштан құрастыруға болады. Суреттегі үш үшбұрыш бір тіктөртбұрышты құрайды.

Шаршыдан үшбұрыштарды қалай жасауға болады? Тапсырмада оқушылармен “көбелектің” аппликациясын жасаудың қадамдарын қарастыру. Көбелектің қанаттары қандай фигуралардан тұратынын сұрау. Осы үшбұрыштар қандай тәсіл

мен алынғанын талдату. Бір жазық фигурадан екінші фигураны қиып алудың тәсілдерін бекіту. (Мысалы: шаршыдан үшбұрышты қиып алу.)

Орындап көр. Оқушыларға жазық фигуралардан жасалған аппликацияға қарауды ұсыныңыз және онда не бейнеленгенін анықтату. Сұрақ:

Балапан мен күшiктiң бетін жасау үшін қандай фигура қолданылған? Неліктен?

Тұмсығын қандай фигурамен көрсетуге болады?

Берілген бейне бойынша қандай үй жануарла-рының суреті салынғанын анықтауға болады?

Оқушыларға үй жануарлары аппликациясын жұп-пен жасату. Өздерінің жұмыстарында қандай фигураларды қолданғанын айтқыза отырып талдату.


  • Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Оқушылардың терминологиялық біліктілігінің қалыптасуына көңіл бөлу. Олардың сөз тіркестерімен сөйлемдер құрып айтуға деген ұмтылысын қолдап көтермелеймін.


Көбелектің қанаттарын жазық фигуралармен безендіру. Оқушылар аппликация техникасын

қолданып, тәжірибелік жұмысты орындайды. Кө-белектің қанаттарын қандай өрнектермен әсем-деуге болатынын байқап көреді. Әртүрлі көбелектердің суретінен мысалдар қарастыруы керек. Композицияны жасау үшін алдын ала жоспар құрып алу жетістікке жеткізетінін және ретсіз іс-әрекет-тер жасамау керектігін білуі қажет. Оқушылар көбелектің қанаттарына өрнектерді қарындашпен салып, одан кейін жазық фигураларды түрлі түсті қағаздан қиып алып жапсыру арқылы аппликация жасайды. Оқушылар қағаздан қиып жасауға қиналса, көбелектің қанаттарына түрлі түсті қарындаштармен өрнектерді салуға да болады.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:

түрлі түсті жұмсақ және қатты қағаздан жазық фигуралардың модельдерін жасауды;

жазық фигуралар модельдерінен композиция құрастыруды;

композиция жасау кезінде жазық фигуралардың түрлерін айыруды және анықтай білуді меңгереді. Оқушылардың сабақты түсінгенін тексеру үшін

төмендегі сұрақтарды қойыңыз:

Қандай жазық фигуралардың модельдерін жасап үйрендіңдер?

Параллелепипедтің бір жағын бастырып сыз-са, қандай жазық геометриялық фигураны алуға болады?

Шаршы шығу үшін қандай кеңістік фигурасы-ның жағын бастырып сызу керек?

Балалардың жұмыстарынан көрме ұйымдасты-рыңыз. Оқушылармен жасаған жұмыстары туралы талдау жасаңыз. Сабақтағы жұмыс түрлері оқу-шылардың бойына сенімділік тудыруы керек. Са-бақтан кейін олар жазық фигуралардың аттарын және олардың әрқайсысының ерекшеліктері мен модельдерін естеріне жақсы сақтауы қажет.

Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұ-мыс өткізіңіз.



Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен міндеттері орындалдыма?


Бүгін оқушылар не үйренді?


Сабақ қалай өтті? Қандай деңгейде өтті?


Жоспарланған саралау жақсы іске астыма?


Уақытты қалай пайдаландым?


Жоспарыма қандай өзгнрістер енгіздім?


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз/оқыту мен оқытуға қарсы/


Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтан одан да жақсы өтуіне ықпал тигізер еді.


Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажеттіболуы мүмкін қандай ақпарат білдім?





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.11.2018
524
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі