Материалдар / Жазықтық фигураларының ауданын табу
«Ustaz tilegi» - Республикалық кәсіби педагогтар қауымдастығына қосылып, сайттағы 381 569 материалды тегін жүктеп алу мүмкіндігіне ие болыңыз
Толығырақ

Жазықтық фигураларының ауданын табу

Материал туралы қысқаша түсінік
Үшбұрыштың, параллелограмның ромбыныңғ трапетцияның аудандарын табуды қайталау
Авторы:
11 Ақпан 2019
1283
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.3A Аудандар

Мектеп: М. Әуезов атындағы орта мектеп


Күні: 12

Мұғалімнің аты-жөні: Женисбек Г


Класс: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Трапеция ауданы


Сабақтың түрі

Білімді бекіту сабағы


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.3.11 параллелограмның, ромбының ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану

8.1.3.12 үшбұрыштың ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану

8.1.3.13 трапеция ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану


Сабақтың мақсаттары

  • Трапецияның , үшбұрыштың, параллелограм мен ромбыының ауданының формулаларын білу;

  • Трапецияның , үшбұрыштың, параллелограм мен ромбыының ауданының формулаларын есептер шығаруда қолдану.


Бағалау критерийлері

Оқушы

  • трапецияның , үшбұрыштың, параллелограм мен ромбыының ауданының формулаларын біледі;

  • трапецияның , үшбұрыштың, параллелограм мен ромбыының ауданының формулаларын есептер шығаруда қолданады.


Құндылықтарды дарыту


Бұл сабақ академиялық адалдық, бірлік және командалық жұмысты, жауапкершілікті және көшбасшылықты дамытуға бағытталған.

Құндылықтарды дарыту топта жұмыс істеу ережелерін белгілеу арқылы, қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсету арқылы жүзеге асырылады.


Пәнаралық байланыс

Сызу


Бастапқы білім

Оқушылар төртбұрыштар түрлерімен және олардың кейбірінің аудандарын есептейтін формулалармен таныс. Оқушылар төртбұрыштардың аудандарын есептей алады.


Сабақ барысы:



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар


Сабақтың басы

3 мин








10 мин












I. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою.

Мұғалім оқушылармен сәлімдесіп, олардың сабаққа дайындығын тексереді. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылып айтылады. Кейін мұғалім бағалау критерийлерін айтып, оқушылардың «жақын даму аймағын» айқындайды, сабақ аяғына қарай күтілетін нәтижелерді айтады.


II. Өткен материалды қайталау. Мұғалім оқушыларға топқа бөлінгенде алған фигураларының қасиеттерін және түрін анықтап топтастырады және қоргауды тапсырады.

Жеке жұмыстан кейін мұғалім оқушылармен бірлесіп қорытынды жасап, келесі формулаларды атап өтеді:

-Трапецияның ауданын табу

- Үшұрыштың ауданын табу

-Параллелограм мен ромбының ауданын табу


Презентация










Қосымша 1










Сабақтың ортасы

15 мин














































































































































































































































































































8 мин



































III. Топты жұмыс.

Оқушылар әр деңгейлі 10 бекітуге тапсырма орындайды. Әр оқушы 1 тапсырманы өздері таңдап алады. Топтар өзара тексеріс жасайды. Мұғалім қажет болған жағдайда бағыттаушы сұрақтар қояды және шешуін түсіндіріп талдайды. Сонымен қатар, топтық жұмыс кезінде әрбір оқушының үлесін бақылайды.



Бағалау критерийлері:

Оқушы

  • Фигуралардың түрін анықтай алады;

  • Соған сәйкес қасиеттері мен ерекшеліктерін айта алады;

  • Сәйкес формулаларды жаза алады.





1-топ тапсырмалары

1.Биіктігі гипотенузаны 6 см және 54 см кесінділерге бөлетін тік бұрышты үшбұрыштың ауданын табыңыз.

2.Берілген үш қабырғасы 5 см, 6 см, 9 см бойынша үшбұрыштың ауданын табыңыз.

3.Үшбұрыштың екі қабырғасы мен арасындағы бұрыш берілген: 12 см, 6 см, 300. Үшбұрыштың ауданын табыңыз. (1 балл)

4.Боялған бөліктің ауданын табыңыз. Масштаб сақталмаған. (3 балл)

Shape1




5.Тікбұрышты үшбұрыштың катеті 8 см ге тең, ал оның бір сүйір бұрышы 45 тең. Берілген үшбұрыштың ауданын тап.

6.Теңбүйірлі үшбұрыштың табаны 5см., ал табанына қарсы жатқан бұрыш 60 тең, берілген үшбұрыштың ауданын тап.

7. Үшбұрыштың бір қабырғасы 6 см-ге тең, ал оған түсірілген биіктік— 8см. Үшбұрыштың ауданын тап.



8.Қонақ бөлмесінің схемасы берілген. Осы схеманың көмегімен бөлменің ауданын тап.

Shape2



9.АВС үшбұрышында АВ=3, BC=6 және ауданы 6-ға тең. ABC бұрышының синусының мәнін тап.

10.АВС үшбұрышының ВС қабырғасына түсірілген медианасы АD. АВ=12, АD=8 және sin(BAD)=0,25 екендігі белгілі. АВС үшбұрышының ауданын тап. (3 балл)

11.SQRT тіктөртбұрышы берілген. Сызба бойынша PRT үшбұрышының ауданын тап. (2 балл)

Shape3

12.Тік бұрышты үшбұрыштың бір бұрышы 300-қа тең. Осы үшбұрышқа іштей сызылған шеңбердің радиусы 4 см-ге тең болса, онда осы үшбұрыштың ауданын есептеңіз.



Shape4





Бағалау критерийлері:

Оқушы

  • үшбұрыштың түрін анықтай алады;;

  • Соған сәйкес аудан табу формуласын қолданады;

  • Үшбрыштың ауданын табады.


2-топ тапсырмалары


1)Тік төртбұрыштың бір қабырғасы 5см, ал екіншісі одан екі есе үлкен. Оның ауданын табыңыз.

2)Квадрат ауданы 36 см². Оның қабырғасының ұзындығы неге тең?

3)Параллелограмм табаны 8 см, ал оның ауданы 56 см². Параллелограммның биіктігін табыңыз

4)Ромбының диагоналдары 12см және 7см. Ауданын табыңыз.

5) Катеттері 6 см және 8 см болатын тік бұрышты үшбұрыштың ауданы неге тең?



6) Сурет бойынша ауданды табыңыз:

а) боялған бөліктің;

b) ашық бөліктің. (ABCD - квадрат)


8. Қабырғалары 9 және 14 болатын параллелограммның ауданын табыңыз, егер оның үлкен биікітігі 10 болса.


9. Параллелограммның ауданын 30. Бір қабырғасы 5. Осы қабырғаға түсірілген биіктікті табыңыз.


10. Қабырғаларының ұзындықтары 5 және 12 болатын шаршылардың аудандарының қосындысына тең болатын шаршының қабырғасының ұзындығын табыңыз.


11. Периметрі 30 см, ал бір қабырғасы екіншісінен 5 см кіші болып келетін тіктөртбұрыштың ауданын табыңыз.


12 АBCD – параллелограмм, S = 40. Параллелограммның қай биіктігін таба аламыз?


Shape5



13 АBCD - параллелограмм, SABCD = 24. Параллелограммның периметрін табу керек, егер оның биіктіктері 3 және 4 болса.

Shape6



14) АBCD – параллелограмм. Параллелограммның ауданын тап.

Shape7


15) АBCD – параллелограмм. Параллелограммның ауданын тап.


Shape8


16) Параллелограммның бұрыштарын тап, егер оның ауданы 40 см2, ал қабырғалары 8 см және 10 см болса.

Shape9



Бағалау критерийлері:

Оқушы

  • Әр түрлі төртбұрыштардың түрін анықтай алады;;

  • Соған сәйкес аудан табу формуласын қолданады;

  • Ауданын табады.



3-топ тапсырмалары

1.Табандары a және b, ал биіктігі h трапецияның ауданын табыңыз.

а) a=9см, b=7см, h=4см

б) a=15см, b=5см, h=11см.

2.Трапеция ауданы 60см2, ал оның биіктігі 2см-ге тең. Егер трапеция табандары 5:7 қатынаста болса, олардың ұзындықтарын тап.

3.Трапецияның биіктігі мен табандарының қатынасы 5:6:4. Трапеция ауданы Sтр=88см. Биіктігі табанынан кіші болса, трапецияның кіші табанын табыңыз.

4.Трапецияның кіш табаны биіктігіне тең және үлкен табаннан 2 есе кіші. Егер трапеция ауданы Sтр=54см2 болса, онда оның биіктігін табыңыз.

5.Трапецияның табандары 12см және 16см, оның диагоналдары өзара перпендикуляр. Трапеция ауданын табыңыз.

6.Тік бұрышты трапецияның табандары 5 см және 17 см, ал кіші бүйір қабырғасы 10 см. Трапеция ауданы:

7.Трапецияның параллель қабырғалары 6 см және 9 см, ал оның биіктігі 4 см. Трапеция ауданы:

8.Трапеция ауданы 25 см2, ал биіктігі 5 см. Табандарының қосындысы:

9.Трапецияның биіктігі 7 см, ал табандарының біреуі екіншісінен 5 есе үлкен. Егер трапеция ауданы 84 см2 болса, оның табандарын анықта.

10.Трапецияның табандары 1 және 3, ал биіктігі — 1. Трапецияның ауданын тап.

11. Трапецияның орта сызығы және биіктігі сәйкесінше 3 және 2 тең. Трапецияның ауданын тап.

12.Трапецияның табандары 8 және 34, ал оның ауданы 168. Трапецияның биіктігін тап.

13.Трапецияның табаны 13, ал биіктігі 5, ал трапецияның ауданы 50. Трапецияның екінші табанын тап.

14.Трапецияның орта сызығы 12, ал трапецияның ауданы 96. Трапецияның биіктігін тап.

15.Трапецияның табандарының біреуі биіктігінен 3 см – ге кем, ал екіншісі 3 см-ге артық. Егер трапеция ауданы 45см2 болса, оның табандарын және биіктігін табыңыз.

16.Тең бүйірлі трапецияда бүйір қабырғасы 10 см, диагональі – 17 м, ал табандарының айырмасы 12 см. Трапецияның ауданын табыңыз.

17.Тең бүйірлі трапецияның биіктігі табандарымен 3:5:13 қатынаста, ал бүйір қабырғасы 15 см. Трапеция ауданын табыңыз.


Бағалау критерийлері:

Оқушы

  • Трапецияның биіктігін дұрыс табады;

  • Трапецияның бүйір қабырғаларын дұрыс табады;

  • Тең бүйірлі трапецияның қасиеттерін қолданады;

  • Трапецияның периметрін дұрыс табады;

  • Трапецияның бұрыштарын дұрыс табады;

  • Трапеция ауданының формуласын қолданады;

  • Трапецияның ауданын дұрыс есептейді.


IV Біліміңді тексер

Тест тапсырмалары беріледі теория негізінде 5 сұрақ әр топқа


.


Қосымша 2



Презентация




















Қосымша 3



Сабақтың соңы

2

V. Сабақты қорытындылау. Рефлексия

Мұғалім сабақ мақсатына қайта оралып, олардың жетістік деңгейін талқылайды. Келесі сабақты жоспарлау мақсатында төмендегі сөйлемдер толықтырылады:

Рефлексия

Сен бүгінгі сабақтан жаңаша нені білдің?...

Бүгінгі сабақта саған әсер еткен не? …

Жақсы жұмыс ыстеуіңе не кедергі болды?...

Бүгінгі сабақтан өмірде кездесетін, кейін қолданатын білім ала алдың ба?


Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін.

Презентация



Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Сабақта өзіне сенімсіз оқушылар біршама қабілетті оқушылармен бірге жұпта жұмыс жасайтындай етіп жасалған, сонда олар қабілетті оқушылармен жұмыс жасағанда көбірек біле алады.

Қабілетті оқушылар өздерінің қабілеттерін консультант ретінде айқындай алады.

Жұптағы немесе жеке жұмыстарда Сіз өзіне сенімсіз оқушыларға көмекші сұрақтар қою арқылы көмектесе аласыз.


Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау.

Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады.

Барлық тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп алынған. Іс-әрекеттердің ауысып отыруы ең үлкен нәтижеге қол жеткізу мақсатында оқушылардың күші мен зейінін дұрыс үлестіруге ықпалын тигізеді.


Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі