«ЖЕКЕ ҚАУІПСІЗДІК» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ САБАҚТАР. МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ 4 жас

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«ЖЕКЕ ҚАУІПСІЗДІК» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ САБАҚТАР. МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ 4 жас

Материал туралы қысқаша түсінік
№ 7 САБАҚ. «БӨТЕН АДАМ ЕСІК ҚАҚҚАНДА АШУҒА БОЛА МА?» № 8 САБАҚ. «КӨШЕДЕГІ БЕЙТАНЫС АДАМДАРДЫҢ ҰСЫНЫСТАРЫНАҚАЛАЙ ЖАУАП БЕРУГЕ БОЛАДЫ № 9 САБАҚ. «ОЙЫН АЛАҢДАРЫНДАҒЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІ» № 10 САБАҚ. «ОЙЫН-САУЫҚ ОРЫНДАРЫНДА ЖӘНЕ КӨЛІКТЕ ӨЗІН-ӨЗІ ҰСТАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ»
Материалдың қысқаша нұсқасы

«ЖЕКЕ ҚАУІПСІЗДІК» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ САБАҚТАР. МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ

(4 жас)

1 САБАҚ. «ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢТЕЛЕФОННӨМІРІ»


Ұзақтығы: күні бойы

Топ: ересек (4 жастағы балалар)

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларды тосын жағдайда қажетті жедел қызметтердің телефон нөмірлерін есте сақтауға және дұрыс қолдануға үйрету.

Негізгі міндеттер:

  • Балаларды «Жедел қызметтер» ұғымымен және олардың негізгі телефон нөмірлерімен таныстыру.

  • Қандай жағдайда жедел қызметтеріне хабарласу керек екенін түсіндіру.

  • Балаларға жедел қызмет операторына ақпаратты дұрыс әрі нақты хабарлауды үйрету.

Материалдар мен ресурстар:

Ұйымдастырылған іс-әрекет тақырыбынан мысалдарды көрсетуге арналған суреттер мен бейнелер.

Шұғыл қызметтердің телефон нөмірлері туралы жадынамалары бар үлестірме материалдар.

Рольдік ойындарға арналған телефондар, телефон аппараттары немесе ойыншық телефондар.

Ұйымдастырылған іс-әрекет:

Өрт сөндірушілер, полиция қызметкерлері және дәрігерлер мен олардың адамдарға қалай көмектесетіні туралы әңгімелесу.

Қайда және қалай телефон соғу керек: бейнеролик қарау. Нұсқаулық:

  • Қажетті телефон нөмірін теріңіз.

  • Нақты әрі сабырлы сөйлесіңіз.

  • Аты-жөніңізді, қай жерде тұрғаныңызды және не болғанын айтыңыз.

Сюжетті-рольдік ойын:

  • Балаларды жұпқа бөлу. Бір бала қоңырау шалушының ролін, екінші бала төтенше жағдай қызметкерінің ролін сомдайды.

  • Әртүрлі жағдаяттар берілген карточкаларды таратыңыз (өрт, адам құлап

қалды, біреу көшеде айқайлап жүр және т.б.).

  • Бала қажетті нөмірді теріп, операторға ақпаратты жеткізуі керек. Жедел қызметтердің телефон нөмірлерін қайталау:

  • Жедел қызмет телефон нөмірлерін ойын түрінде қайталау.

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің рефлексиясы, балалар үйде қайталау үшін жедел қызметтерінің телефондары жазылған карточкаларды тарату.

Пайдалы сілтемелер:

https://orken-instituty.kz/ru/telefony-goryachih-lj

https://orken-instituty.kz/ru/dashboard/cpsp-material/poleznye-materialy-cpsp https://orken-instituty.kz/ru/roditelyam https://www.youtube.com/watch?v=HBgZoMfOcIE&list=PLA5eCSY2FeoQFtmGao7l

WQuIA-hK_6ODD&index

2 САБАҚ. «ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕ ЖЕДЕЛҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚОҢЫРАУ СОҒУ СКРИПТЕРІ»

Ұзақтығы: күні бойы

Топ: ересек (4 жастағы балалар)

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің мақсаты: балаларды шұғыл қызметтерге дұрыс және тиімді қоңырау шалуға, жедел әрекет ету үшін қажетті ақпаратты беруге үйрету.

Міндеттері:

  • Балаларды жедел қызмет нөмірлерімен (полиция, өрт сөндіру, жедел жәрдем, газ қызметі) таныстыру.

  • Төтенше жағдай кезінде телефон соғу нұсқауларының негізгі элементтерін көрсету.

  • Әртүрлі төтенше жағдайларда телефон соғу скриптерін әзірлеуге және есте сақтауға үйрету, жедел қызметтерге телефон соғу жаттығуларын жүргізу.


Материалдар мен ресурстар:

Шұғыл қоңыраулар мысалын көрсетуге арналған суреттер мен бейнелер.

Шұғыл қызмет нөмірлері туралы жадынамалар және үлгі қоңырау скрипті берілген үлестірме материалдар.

Рольдік ойындарға арналған телефондар, телефон аппараттары немесе ойыншық телефондар.

Ұйымдастырылатын іс-әрекет:

Жедел қызметтерге телефон соғудың маңыздылығын түсіндіріңіз.

«Есте сақта!»

Өрт күзеті

101

Полиция

102

Жедел жәрдем

103

Төтенше газ қызметі

104,112

Бірыңғай құтқару қызметі

112

«111 жедел қызметі» байланыс орталығы балалар мен ересектер өздеріне көмек қажет екендігі туралы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, балалардың құқықтарының бұзылуы туралы, баланың көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалғаны туралы, өміріне және денсаулығына қауіп төнгенде хабарласу үшін.

  • «111» нөмірі 24/7 байланыста

  • «111» нөмірі құпиялылықты сақтайды

- «111» нөмірі тәулік бойы ІІД және өңірлердің жедел

топтарымен байланыста.

111

Қоңырау скриптерінің негізгі элементтерін көрсету:

  • Сәлемдесу және таныстыру.

  • Оқиға мекенжайы мен орнын көрсету.

  • Жағдайды сипаттау (не болды, қандай қауіп бар, зардап шеккендер бар ма және т.б.).

  • Оператор сұрақтарына жауап беру.

  • Оператор нұсқауларын орындау.

Қоңырауға дейін және одан кейінгі тәртіп ережелерін талқылау:

  • Оператор тұтқаны қойыңыз деп айтпайынша, телефонды қоймаңыз.

  • Оператордың нұсқауларын орындаңыз және мүмкіндігінше көмектесіңіз.

Бекітуге арналған тапсырмалар:

Әртүрліжағдайларға арналған телефон соғу скриптерін жасаңыз. Мысалы: үйді өрт шалу. Жарақат немесе ауру. Газ иісінің шығуы. Ұрлық немесе шабуыл.

Пайдалы сілтемелер:

https://orken-instituty.kz/ru/telefony-goryachih-linij

https://orken-instituty.kz/ru/dashboard/cpsp-material/poleznye-materialy-cpsp https://orken-instituty.kz/ru/roditelyam https://www.youtube.com/watch?v=HBgZoMfOcIE&list=PLA5eCSY2FeoQFtm Gao7lWQuIA-hK_6ODD&index=1

3 САБАҚ. «ТОПТАҒЫ ҚАУІПСІЗ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІ»

Ұзақтығы: күні бойы

Топ: ересек (4 жастағы балалар)

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің мақсаты: балаларға барлығына қауіпсіз және жайлы атмосфераны құру үшін топтағы негізгі мінез-құлық ережелерін үйрету.

Міндеттері:

  • Балаларды тәрбие процесі кезінде мінез-құлықтың негізгі ережелерімен таныстыру.

  • Осы ережелерді сақтаудың маңыздылығын түсіндіріңіз.

  • Рольдік ойындар арқылы мінез-құлық ережелерін бекіту. Материалдар мен ресурстар:

  • Мінез-құлық ережелерінің иллюстрациясы бар суреттер немесе карталар.

  • Марапаттау стикерлері немесе шағын сыйлықтар.

  • Сюжетті-рольдік ойындарға арналған ойыншықтар немесе заттар.

Ұйымдастырылған іс-әрекет:

Тәрбиеленушілермен амандасу.

Топтағы ережелер не үшін қажет екенін түсіндіру.

Ережелерді сақтау топты барлығына жағымды және қауіпсіз етуге қалай көмектесетіні туралы қысқаша талқылау.

Топтағы тәртіп ережелерімен таныстыру:

  1. ереже. Тәрбиешіні және басқа балаларды тыңда.

Түсіндіру: «Біреу сөйлегенде, біз мұқият тыңдап, түсінуге кедергі жасамауымыз керек».

  1. ереже. Барлық адаммен сыпайы сөйлес.

Түсіндіру: «Сөйлегенде сиқырлы сөздерді қолданамыз: «өтінемін, рақмет, кешіріңіз».

  1. ереже. Ойыншықтар мен заттарға ұқыпты бол.

Түсіндіру: «Ойыншықтар мен заттар жалпыға ортақ, сондықтан біз барлығына жеткілікті болуы үшін ұқыпты қарауымыз керек».

  1. ереже. Ұрыспа және ешкімді итерме.

Түсіндіру: «Бір-бірімізге мейірімді боламыз және бір-бірімізді ренжітпейміз».

  1. ереже. Бөліс және бірге ойна.

Түсіндіру: «Бірге ойнау да қызық, ойыншықтармен бөлісу де қызық».

Иллюстрация мен мысалдар: ережелерді сақтаған немесе сақтамаған балалардың суреттерін немесе көріністерін көрсету. Ережені сақтамағанда қандай жағдайлар болуы мүмкін екенін талдау.

Сюжетті-рольдік ойын:

Балаларды жұпқа немесе кіші топтарға бөліңіз.

Олардан ережелерді сақтау көріністерін сомдауды сұраңыз (мысалы, бір-бірін тыңдау, сыпайы сөйлеу, ойыншықтарды бөлісу).

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің рефлексиясы. Негізгі тәртіп ережелерін қайталау.

Пайдалы сілтеме:

https://orken-instituty.kz/ru/telefony-goryachih-linij

4 САБАҚ. «ҮЙДІҢ МЕКЕНЖАЙЫН, АТА-АНАЛАРДЫҢ НӨМІРЛЕРІН ЖАТҚА БІЛЕМІЗ»

Ұзақтығы: күні бойы

Топ: ересек (4 жастағы балалар)

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің мақсаты: төтенше жағдайда ақпаратты бере алуы үшін балаларды үй мекенжайы мен ата-анасының телефон нөмірлерін есте сақтауды және дұрыс айтуды үйрету.

Міндеттері:

  • Балаларға үй мекенжайы мен ата-анасының телефон нөмірлерін білудің маңыздылығын түсіндіру.

  • Балаларды үй мекенжайы мен ата-анасының телефон нөмірлерін есте сақтауға және дұрыс айтуға үйрету.

  • Ойындар мен практикалық жаттығулар арқылы балалардың білімдерін

бекіту.

Материалдар мен ресурстар:

мекенжайы мен телефон нөмірлері бар карталар. Ойынға арналған ойыншық қағаз «хаттар».

Марапаттауға арналған шағын сыйлықтар немесе стикерлер.

Ұйымдастырылған іс-әрекет:

Тәрбиеленушілермен амандасу. Үй мекенжайы мен ата-ананың телефон нөмірлерін білу неліктен маңызды екенін түсіндіру.

Егер бала жоғалған немесе көмекке мұқтаж болған жағдайда, бұл ақпарат

қалай көмектесетіні туралы қысқаша әңгіме.

Дидактикалық ойындар

Үйдің мекенжайын есте сақтауға үйрету:

Тәрбиеші үй мекенжайының не екенін түсіндіреді (көше, үй нөмірі, пәтер). Мысалы: «Менің мекенжайым: «Қонаев көшесі, 10-үй, 5-пәтер».

Тәрбиеші балалардан мекенжайын қайталауды сұрайды. Мекенжайын білмейтін балаларға есте сақтауға көмектеседі. Тәрбиеші түсінікті болу үшін мекенжайлары бар карталарды пайдаланады.

Ата-аналарының (заңды өкілдердің) телефон нөмірлерін есте сақтауды үйрету:

Тәрбиеші әр телефонда ата-анамызға қоңырау шалуға болатын нөмір бар екенін түсіндіреді. Мысалы: «Менің анамның телефон нөмірі: 8701 980 5665»

Тәрбиеші балалардан ата-аналарының телефон нөмірлерін қайталауды сұрайды.

Ата-анасының телефон нөмірін білмейтін балаларға есте сақтауға көмектесу.

Педагог түсінікті болу үшін сандар берілген карточкаларды пайдаланады.


«Хат жолда» ойыны

Балалар шеңбер бойымен отырады. Педагог балалардың біріне «хат» (ойыншық немесе қағаз) береді. Балалар хатты ата-аналарының мекенжайын немесе телефон нөмірін айта отырып, шеңбер бойымен бір-біріне жібереді.

«Телефон» ойыны

Балалар сапқа тұрады. Тәрбиеші балалардың бірінің құлағына мекенжай немесе телефон нөмірін айтады. Балалар бұл ақпаратты соңғы балаға жеткенше тізбек бойынша сыбырлапайтады, ол естігенін дауыстап айтуы керек.

Бекітуге арналған тапсырмалар: Бекіту үшін мекенжай мен телефон нөмірлері жазылған карточкаларды тарату.

Пайдалы сілтеме:

https://orken-instituty.kz/ru/telefony-goryachih-linij

5 САБАҚ. «АБАЙЛАҢЫЗ,ТЕРЕЗЕ!»


Ұзақтығы: күні бойы

Топ: ересек (4 жастағы балалар)

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің мақсаты: балаларға жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін, терезелердің жанында өзін ұстаудың қауіпсіздік ережелерін үйрету.

Міндеттері:

  • Балаларға терезелер неге қауіпті болуы мүмкін екенін түсіндіру.

  • Балаларға терезенің жанында өзін ұстау ережелерін үйрету.

  • Ойындар мен практикалық жаттығулар арқылы балаларды дұрыс мінез-құлыққа баулу.

Материалдар мен ресурстар:

Терезелердің жанында дұрыс және дұрыс емес әрекеттерді көрсететін суреттер немесе карточкалар. Рольдік ойындарға арналған ойыншықтар немесе заттар.

Ұйымдастырылған іс-әрекет:

Тәрбиеленушілермен амандасу.

Терезелердің жанында сақ болудың маңыздылығы туралы әңгімелеу.

Терезелер алдындағықауіптер:

Педагог қауіпсіздік ережелерін сақтамаған жағдайда терезелер қауіпті болуы мүмкін екенін түсіндіреді.

Мысалы, «Егер сіз ашық терезеге тым жақын болсаңыз, құлап кетуіңіз мүмкін»,

«Тереземен ойнауға немесе терезе үстінде/алдында секіруге болмайды».

Терезе маңындағы тәртіп ережелері:

1-ереже. Ешқашан ашық терезеге жақындамаңыз. Түсіндіру: «Егер терезе ашық болса, одан аулақ болыңыз».2-ереже. Терезе үстінде/алдында ойнамаңыз.

Түсіндіру: «Терезенің алдында ойнауға болмайды, тайғақ болып, құлапқалуыңыз мүмкін».

3-ереже. Ересектердің рұқсатынсыз терезелерді ашпаңыз. Түсіндіру:

«Терезені ашпас бұрын үлкендерден рұқсат сұраңыз».

4-ереже. Егер сіз ашық терезені көрсеңіз, ересектерге айтыңыз.

Түсіндіру: «Егер сіз ашық терезені байқасаңыз, бұл туралы дереу ересектерге айтыңыз».

«Қауіпсіз терезелер» бейнеролигін көрсету

Бейнероликті талқылау және «Терезенің жанында не істеуге болмайды» ойынын ойнау:

Тәрбиеші әртүрлі әрекеттерді атайды (мысалы, «Ашық терезеге бару»,

«Терезеде ойнау», «Терезеден қарау»), балалар аталған әрекеттерді істеуге болатынын немесе болмайтынын айтуы керек. Болмайтын болса, «Болмайды!» деп себебін түсіндіреді.

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің рефлексиясы.

Терезе жанында өзін ұстаудың негізгі ережелерін қайталау.

Пайдалы сілтемелер:

https://www.youtube.com/watch?v=w4ZO1NXCl9E&list=PLA5eCSY2FeoQFtm Gao7lWQuIA-hK_6ODD&index=1

https://orken-instituty.kz/ru/dashboard/cpsp-material/poleznye-materialy-cpsp

6 САБАҚ. «ҮЙДЕГІ ҚАУІПТІ ЗАТТАР»

Ұзақтығы: күні бойы

Топ: ересек (4 жастағы балалар)

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің мақсаты: балаларды үйдегі қауіптізаттарды тануға үйрету және қауіпсіз қолдану ережелерін түсіндіру.

Міндеттері:

  • Балаларға үйдегі қандай заттар қауіпті болуы мүмкін екенін түсіндіру.

  • Балаларға қауіпті заттармен қауіпсіз әрекет ету ережелерін үйрету.

  • Ойындар мен практикалық жаттығулар арқылы балалардың білімдерін бекіту.

Материалдар мен ресурстар:

Әртүрлі заттарды бейнелейтін суреттер немесе карточкалар (қауіпті және қауіпсіз).

Сюжетті-рольдік ойындарға арналған заттар немесе ойыншықтар.

Ұйымдастырылған іс-әрекет:

Тәрбиеленушілермен амандасу.

Үйдегі қауіпті заттарды білудің маңыздылығы жайлы қысқаша әңгімежүргізу.

Қауіпті заттармен әрекет ету ережелеріҮйдегі қауіпті заттар:

Тәрбиеші үйдегі кейбір заттардың қауіпті болуы мүмкін екенін түсіндіреді.

Қауіпті заттар: пышақ, дәрі-дәрмектер, тазалау құралдары, розеткалар, ыстық заттар (үтік, пеш), жиһаздың бұрыштары.

  1. ереже. Пышақтарды немесе басқа өткір заттарды ұстамаңыз.

Түсіндіру: «Пышақтар өте өткір және жарақаттауы мүмкін. Әрқашан ересектерден көмек сұраңыз».

  1. ереже. Ешқашан ересектердің рұқсатынсыз дәрі ішпеңіз.

Түсіндіру: «Дәрі-дәрмектерді дұрыс қабылдамаған жағдайда қауіпті болуы мүмкін».

  1. ереже. Ыстық заттардан аулақ болыңыз.

Түсіндіру: «Ыстық заттар күйдіруі мүмкін. Пеш немесе үтіктен абай болыңыз».

  1. ереже. Розеткалармен/ажыратқыштармен және электр құрылғыларымен ойнамаңыз.

Түсіндіру: «Электр қуаты өте қауіпті. Электр розеткаларына ешқашан ештеңе қоспаңыз».

«Бола ма немесе болмай ма?» ойыны

Тәрбиеші әртүрлі әрекет берілген суреттерді көрсетеді (мысалы, «пышақты ұстау», «ойыншықтармен ойнау», «пешке жақын бару») және балалардан бұл әрекетті істеуге бола ма, жоқ болмай ма деп сұрайды. Балалар «болады» немесе

«болмайды» деп жауап беріп, себебін түсіндіреді.

«Қауіпсіз затты тап» ойыны

Тәрбиеші балаларға әртүрлі заттардың суреттері бар карточкаларды береді. Балалар ойнауға қауіпсіз заттарды (мысалы, доп, қуыршақ) тауып көрсетуі керек және олардың неге қауіпсіз екенін түсіндіруі керек.

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің рефлексиясы. Негізгі қауіпсіздік ережелерін қайталау.

Бекітуге арналған тапсырмалар: үйдегі қауіпті заттардың суретін салу.

Пайдалы сілтеме:

https://orken-instituty.kz/ru/telefony-goryachih-linij

7 САБАҚ. «БӨТЕН АДАМ ЕСІК ҚАҚҚАНДА АШУҒА БОЛА МА?»

Ұзақтығы: күні бойы

Топ: ересек (4 жастағы балалар)

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің мақсаты: балаларға есікті қағып жатқан бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезінде қауіпсіз мінез-құлық ережелерін үйрету.

Міндеттері:

Бейтаныс адамдарға неге есікті ашуға болмайтынын түсіндіру. Балаларға есікті кімдерге ашуға болатынын үйрету.

Балалардың білімін практикалық жаттығулар мен ойындар арқылы бекіту.

Материалдар мен ресурстар: әртүрлі адамдарды бейнелейтін суреттер немесе карточкалар (таныс және бейтаныс).

Ұйымдастырылған іс-әрекет:

Тәрбиеленушілермен амандасу.

Есікті кімге ашуға болатынын не болмайтынын білу неліктен маңызды екендігі туралы қысқаша әңгімелеу.

Кімдерге есікті ашуға болады:

Тәрбиеші балаларға тек жақын адамдарға ғана (мысалы, ата-әжесі, анасы, әкесі, көрші) есікті ашуға болатынын түсіндіреді.

Есікті ашпас бұрын, тіпті есіктің артында таныс адам болса да, әрқашан ата- анаңыздан рұқсат сұрау маңызды.

Кімдерге есікті ашуға болмайды:

Балаларға таныстарыңнан келдім десе де, бейтаныс адамдарға есік ашуға болмайтынын түсіндіру.

Егер бейтаныс адам есікті қақса, бұл туралы үлкендерге хабарлау керек және ешбір жағдайда есікті ашпауды түсіндіру.

«Кімге есік ашуға болады» ойыны

Тәрбиеші суреттерді көрсетеді немесе әртүрлі жағдайларды әңгімелейді, ал балалар есікті ашуға бола ма, жоқ болмайды ма туралы айту керек. Мысалы: «Әжем есік қағып жатыр», «Формадағы бейтаныс адам», «Анамның құрбысы» және т.б.

«Қауіпсіз қоңырау» ойыны

Тәрбиеші біреу есіктен қоңырау шалған жағдайды бейнелейді. Балалар неістеу керек деген сұраққа дұрыс жауап беруі керек (мысалы, «Алдымен ата-анадан сұрау керек», «Бейтаныс адамға есік ашпау керек»).

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің рефлексиясы.Негізгіережелерді қайталау.


Пайдалы сілтемелер: https://youtu.be/5sLJO6RBTE0?si=WF002pUrFSXM3Psc https://orken-instituty.kz/ru/telefony-goryachih-linij

8 САБАҚ. «КӨШЕДЕГІ БЕЙТАНЫС АДАМДАРДЫҢ ҰСЫНЫСТАРЫНАҚАЛАЙ ЖАУАП БЕРУГЕ БОЛАДЫ


Ұзақтығы: күні бойы

Топ: ересек (4 жастағы балалар)

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің мақсаты: балаларды көшеде бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезінде қауіпсіз мінез-құлық ережелерін үйрету және бейтаныс адамдардан неге кәмпиттерді, ойыншықтарды немесе тәттілерді алмау керектігін түсіндіру.

Міндеттері:

  • «Бейтаныс адам» деген ұғымды түсіндіру.

  • Бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.

  • Практикалық жаттығулар мен ойындар арқылы балалардың білімін бекіту.

Ұйымдастырылған іс-әрекет:

Тәрбиеленушілермен амандасу.

Бейтаныс адамдардың жанында өзін қалай ұстау керектігін білу неге маңызды екендігі туралы қысқаша әңгіме.

Бейтаныс адамдар кімдер?

Тәрбиеші бейтаныс адамдар деп бала танымайтын немесе бірінші рет көріп тұрған адамдар екенін түсіндіреді.

Бейтаныс адамдармен кездескендегі тәртіп (мінез-құлық) ережелері

Ешқашан бейтаныс адамдардан кәмпиттерді, ойыншықтарды немесе тәттілерді қабылдамаңыз.

Ешқашан бейтаныс адамның артынан ермеңіз, тіпті ол ата-анаңды танимын

десе де бармаңыздар.

Егер бейтаныс адам бірдеңе ұсынса немесе бір жерге баруды өтінсе, дереу

«жоқ» деп кетіп қалу керек.

Бейтаныс адам бір нәрсе ұсынбақ болса немесе сізді бір жерге шақырғысы келсе ата-анаңызға айтыңыз.

«Бола ма, болмайма?» ойыны

Тәрбиеші суреттерді көрсетіп, әртүрлі жағдаяттарды әңгімелейді, ал балалар бұл ұсынылған әрекеттерді істеуге бола ма немесе болмай ма деп айту керек. Мысалдар: «Бейтаныс адам кәмпит ұсынып жатыр», «Көрші алма ұсынып жатыр»,

«Бейтаныс адам жол сұрап жатыр».

«Егер ..., не істеу керек?» ойыны

Тәрбиеші қуыршақтармен немесе ойыншықтармен әртүрлі жағдаяттарды ойнатады. Мысалдар: «Қуыршақ балаларға кәмпит ұсынып жатыр», «Ойыншық сізді дүкенге баруға шақырады». Балалар ұсынылған жағдайларға дұрыс әрекет етуі керек.

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің рефлексиясы. Негізгі ережелерді қайталау.

Пайдалы сілтемелер:

https://www.youtube.com/watch?v=ho7aj- l1u3E&list=PLA5eCSY2FeoQFtmGao7lWQuIA-hK_6ODD&index=4

https://orken-instituty.kz/ru

9 САБАҚ. «ОЙЫН АЛАҢДАРЫНДАҒЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІ»

Ұзақтығы: күні бойы

Топ: ересек (4 жастағы балалар)

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің мақсаты: балаларға жазатайым оқиғалар мен жарақаттардың алдын алу үшін ойын алаңдарындағы қауіпсіз жүріс-тұрыстың негізгі ережелерін үйрету.

Міндеттері:

Балаларға ойын алаңдарында қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын түсіндіру.

Әртүрлі ойын жағдайларында мінез-құлықтың нақты ережелері туралы айту.

Практикалық жаттығулар мен ойындар арқылы балалардың білімін бекіту.

Материалдар мен ресурстар:

Ойын алаңындағы әртүрлі жағдайларды бейнелейтін суреттер немесе карточкалар.

Сюжетті-рольдік ойындарға арналған қуыршақтар немесе ойыншықтар.

Марапат ретінде шағын сыйлықтар мен стикерлер беру.

Ұйымдастырылған іс-әрекет:

Тәрбиеленушілермен амандасу.

Ойын алаңдарында қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау неліктен маңызды екендігі туралы қысқаша әңгіме.

Тәрбиеленушілерді қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.

Ойын алаңдарындағы жалпы қауіпсіздік ережелері:

  • Құлап кетпеу және басқа балалармен соқтығыспау үшін тым жылдам жүгірмеңіз.

  • Құмды, тасты немесе басқа заттарды лақтырмаңыз.

  • Итермеңіз, күреспеңіз, төбелеспеңіз.

Әткеншекте ойнау ережелері

  • Әткеншекте ойнау ережелері арқандардан немесе тұтқалардан ұстап тербелу керек.

  • Әткеншек үстінде тұруға немесе одан секіруге болмайды.

  • Түсер алдында әткеншек толық тоқтағанша күтіңіз.

Сырғымада өзін-өзі ұстау ережелері:

  • Аяғыңызды алға созып, отырып сырғанаңыз.

  • Сырғыманың көлбеу бөлігіне көтерілмеңіз.

  • Төмен түспес бұрын сырғыманың төменгі жағында ешкім жоқ екеніне көз жеткізіңіз.

Карусельдегі тәртіп ережелері:

  • Айналған кезде тұтқалардан ұстаңыз.

  • Айналып жатқанда, карусельден түсуге тырыспаңыз.

Құм жәшігіндегі мінез-құлық ережелері:

  • Басқа балаларға құм шашпаңыз.

  • Ойыншықтарды немесе басқа заттарды тым терең жерге көмбеңіз.

«Дұрыс-бұрыс» ойыны

Тәрбиеші суреттерді көрсетеді немесе әртүрлі жағдайлар туралы әңгімелейді, содан кейін балалар көргендері туралы дұрыс па, жоқ па деп айту керек. Мысалы:

«Бала әткеншекте тұр» (бұрыс), «Бала әткеншектегі тұтқаларданұстап тұр» (дұрыс).

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің рефлексиясы. Негізгі ережелерді қайталау.

Пайдалы сілтемелер:

https://orken-instituty.kz/ru/telefony-goryachih-linij https://youtu.be/6V3tSWZCptc?si=V-_WrYZRhRjt5-Ia

10 САБАҚ. «ОЙЫН-САУЫҚ ОРЫНДАРЫНДА ЖӘНЕ КӨЛІКТЕ ӨЗІН-ӨЗІ ҰСТАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ»

Ұзақтығы: күні бойы

Топ: ересек (4 жастағы балалар)

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің мақсаты: балаларға саябақтар, кинотеатрлар, ойын алаңдары сияқты қоғамдық орындарда және қоғамдық көлікті пайдалану кезіндегі негізгі қауіпсіздік ережелерін үйрету.

Міндеттері:

    • Балаларды қоғамдық орындарында өзін-өзіұстаудың негізгі ережелерімен таныстыру.

    • Қоғамдық көліктегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру.

    • Балаларды қауіпті жағдайларды тануға және оларға дұрыс әрекет етуді үйрету.

Материалдар мен ресурстар: ойын-сауық орындары мен көліктің иллюстрациялары немесе суреттері.

Ұйымдастырылған іс-әрекет:

Тәрбиеленушілермен амандасу.

Қоғамдық орындар мен қоғамдық көліктердегі ережелерді білу жәнесақтау неге маңызды екендігі туралы қысқаша әңгіме.

Балалардан қандай қоғамдық орындарды білетінін және қандай көлікті пайдаланатынын сұраңыз.

Тәрбиеленушілерді қоғамдық орындардағы тәртіп ережелерімен

таныстыру:

Саябақтар мен ойын алаңдарында:

Ешқашаната-ана мен үлкендерден алыс кетпеңіз.

Егер адасып қалсаңыз, тұрған жерде қалып, көмекке шақырыңыз. Сынған әткеншектерде немесе басқа қауіпті жерлерде ойнамаңыз.

Кинотеатрлармен сауда орталықтарында:

Әрқашан үлкен адамның қолынан ұстаңыз. Бейтанысадамдармен сөйлеспеңіз.

Егер сізді біреу шақырса, дереуүлкендерге айтыңыз.

Қоғамдық көліктегі тәртіп ережелері:

Автобустар, трамвайларжәнеметрода:

Көлік жүргізу кезінде тұтқалардан ұстаңыз. Терезеден еңкеймеңіз.

Салонда жүгірмеңіз.

Тек ересек адаммен бірге кіріп-шығыңыз.

Сюжетті-рольдік ойындар:

Жағдаяттарды сомдаңыз: саябақта адасу, автобуста жүру және т.б. Әрбір жағдайға сәйкес ережені талқылаңыз. Негізгі ережелерді қайталаңыз және балаларға бекіту сұрақтарын қойыңыз.

Пайдалы сілтемелер:

https://www.youtube.com/watch?v=v35mrFKL1Sw&list=PLA5eCSY2FeoQFtm Gao7lWQuIA-hK_6ODD&index=29

https://www.youtube.com/watch?v=VDTxhl7wPJE&list=PLA5eCSY2FeoQLLoc

S-IEuEG9KjOrJzvPM&index=4


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.11.2024
105
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі