Жеке сабақ «C» дыбысын сөзде дұрыс айтуға машықтандыру.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жеке сабақ «C» дыбысын сөзде дұрыс айтуға машықтандыру.

Материал туралы қысқаша түсінік
мен жариялап отырған материял логопед мамандарға керек. себебі барлығы ашық жазылған мысалдармен.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «C» дыбысын сөзде дұрыс айтуға машықтандыру.

Сабақтың мақсаты: «C» дыбысын буында қайталап сөзде анық айтуға машықтандыру.

«С» дыбысын буын, сөз ішінде дұрыс ажырата білуге үйрету. И

Фонематикалық қабылдауын дамыту, ойын тапсырмалар арқылы ойлау,

есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: Жеке

Көрнекілігі: «С» дыбысының артикуляциясы, артикуляциялық

жаттығулар, слаид, түрлі суреттер, тапсырмалар.

І Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушыны сабаққа дайындау.

Артикуляцияны дамыту жаттығулары

1.Ұртын үрлеу.

2.Ернін созу "у", "о"

3.Жымияды " и"

4.Қасын көтеру "Ой" (таң қалу)

5. Көзін қатты жұму

6.Дем алу және тыныс шығару: са – со – су - сы.

ІІ Негізгі бөлім

Біз бүгінгі сабағымызға келген пойыздың тапсырмаларын орындап, вагондарды ашамыз, ол үлкен қалаға кетіп бара жатыр, әр вагон тапсырмасын орындасаң, вагондар саған пойыздың қай қалаға бара жатқанын айтады.

Қай әріп екенін айтыңдар. Алфавиттік жұмбақтарды шешіңдер. І вагон

Сауысқан, сәбіз

Сарымсақ, сағыз

Сөздерінің басында қандай әріп естіп тұрсың? «С»

Қыста бар, Сарада бар,

Жазда жоқ Шарада жоқ

Түсте бар, Сақанда бар

Кеште жоқ «С» Шоқанда жоқ «С»

«С дыбысының артикуляциясы»

  • Ерін жымиып тұрады;

  • Тістердің арасы шамамен 1 мм ашық;

  • Тілдің ұшы төменгі тістерге тірліп тұрады;

  • Тілдің ортасы көтеріңкі, ортасында

жырашық болады, сонымен ауа жолы шығады.

  • Тілдің бүйір жақтаулары жоғарғы азу

тістерге тиіп тұрады;

  • Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрынға баратын ауа жолын жабады, дыбыс перделері ашылады;

Артикуляциялық жаттығулар

«Кесе», «Сағат», «Саңырау құлақтар», «Тәтті шырын»,

«Ат шауып келеді»


«С» дыбысын дұрыс айт, анық айт. ІІ вагон

Са – со – су – сы

Со – су – са - сы

Сұ – со – са – сы


Аса асы Усу осы

Осо асу Ысы ұсы




«С» дыбысын сөзде дұрыс айтуға машықтандыру.

Ма .................са тол ..................са

Ала ................са айт ...................са

Бол ................са Қайт ................са


«ыс» буынын қосып сөзді аяқта.

Дыб............. ы с ту...............ыс

Айт ...............ыс қу..............ыс

Жар ................ыс ал ..............ыс

Жұмбақ шешеміз ІІІ вагон

Сыртылдайды күнімен,

Сыртылдайды түнімен.

Білгің келсе уақытты,

Көрсетеді тілімен. Сағат


Мұрны пұшық,

Көзі қысық,

Өзі пысық

Бұл не? Мысық


«С» дыбысы бар аңдар: қасқыр, арыстан, жолбарыс

«С» дыбысы бар кісі аттары: Сымбат, Самат, Асылай, Қасым


Мына жануарлар не жиді?












V Вагон

Сөздерді көпше түрде айт

Құс –құстар

Сабақ – сабақтар

Ыдыс – ыдыстар

Қасқыр-қасқырлар

Сона-соналар


Қандай қалаға келді? Астана (Бәйтеректің суреті шығады.)

Қол саусақтарына арналған жаттығулар:

«Көзілдірік», «Қайшы», «Қоян» - тақпақты бірге қайталау.

Қорытынды: Бүгінгі өткен сабағымызды қорытындылаймыз.

Есіңе сақта!

Апта деген ағайдың

Жеті бірдей ұлы бар:

Бірінші – Дүйсенбі,

Екінші – Сейсенбі,

Үшінші – Сәрсенбі,

Төртінші – Бейсенбі,

Жұма деген бесінші ұл

Алтыншы ұл - ол Сенбі

Жетінші – Жексенбі.


Суреттерді ата






«С дыбысы сөздің қай жерде» Слайд

Үйге тапсырма.


Жаңылтпаш жаттау

Биыл жазда маса аз,

Маса азда,

Маза аз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.12.2018
749
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі