Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жеке, шағын топ және топтық сабақтар түрінде түзету-дамыту сабақтарын жүргізу

Материал туралы қысқаша түсінік
Психолог мамандығын таңдау арқылы бала бойындағы туа біткен табиғи мүмкіндіктерін дамыта отырып, рухани өсіп жетілуіне ықпал жасау қажеттігін ұғындым. Психолог әр баланың ата-анасы, жанашыры, досы, ақылшысы, рухани жетекшісі екендігіне жасаған жұмыстарым арқылы көзім жетті
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Менің мамандығым- педагог- психолог»


Психология мамандығы дегенде маған кеңістігі мен өлшемі жоқ өзі

жарық, рухани азығы мол бағдары жақсылықпен ізгілікке жетелейтін

шекарасыз, шектеусіз әлем елестейді. «Білекке сенер заманда-ешкімге есе бермедік, Білімге сенер заманда -қапы қалып жүрмедік» дегендей, ХХІ ғасыр психологтар ғасыры адамды – тіршілік әлемінен ерекшелейтін – оның ерекше жетілген психикасы, сол психиканың дұрыс дамуына ықпал жасайтын психолог маман иелері. Психолог мамандығын таңдау арқылы бала бойындағы туа біткен табиғи мүмкіндіктерін дамыта отырып, рухани өсіп жетілуіне ықпал жасау қажеттігін ұғындым. Психолог әр баланың ата-анасы, жанашыры, досы, ақылшысы, рухани жетекшісі екендігіне жасаған жұмыстарым арқылы көзім жетті. Әр баланың ішкі әлеміне үңілген сайын, ғажайып сырларына бойлайсың, ашылмаған әлеміне жол тауып, қуанасың, таңырқайсың. Психологтың сөзі адам жанын қанаттандырып, өмірге қызығушылықтарын арттырып, сенімділігін оятып, өзінің бұл өмірде қажет екенін ұғынғанда жаның марқаяды. Осындай жетістік бақыт пен қуанышқа жетелейді. Адамзат игілігі үшін, таңдаған мамандығымның маңыздылығының жоғары екендігіне көзімді жеткіздім. Сондықтан да осындай мінез-құлық, жүрек, ақылдың арқасында өзінің жүрегін тыңдауға үйренсе, өмірден орнын таба білсе, менде осындай асыл қасиеттер арқылы шабыттанам. Балабақша психологынің міндеті: баланың дүниетанымын кеңейту қабілетін анықтау, қиялын шарықтатып баланың ішкі әлемімен сырлас болу. Менің өмірдегі ең үлкен жетістігім - мамандықты қатесіз таңдағаным деп білемін. Болашақ жас жеткіншектердің өз жолын тауып, алдағы жарқын болашақтарын бақытты елестетіп, оған жету жолында бойларына адамгершілік қасиеттері мен бірге жан сапасын, тән сапасын арттыру, жарқын үміт сыйлау менің міндетім деп білемін. Болашақта өркениетті дәстүрлі демократикалық мемлекетті құратын жас ұрпаққа тәрбие беру, бүкіл адамзаттың міндеті. Тәрбие – үлкен жауапкершілікті, жүйелі көңіл бөлуді талап ететін өзгеше әлем. Ғылымда осы өзгеше әлем тәрбие мәселесімен айналысатын педагогика психология саласы, сондықтан да болашағымыз жарқын болуы үшін бүгінгі жас жеткіншектердің бойына рухани білім, өнегелі тәрбие, асқақ арман, биік мақсат, адами қасиет, шырайлы жүз қалыптастыруға талпынамын. Еңбек ету жолында осы мақсаттарды жүзеге асырып еліміздің мүддесі үшін жарқын жүзді, адамгершілікті, рухы мықты жастарды тәрбиелеуге атсалысамын.


«Кәусар» бөбекжай-балабақшасының психологы

Досымбекова Гаухар Баянгазыевна

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.07.2021
1542
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12