Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жеке тұлғаны қалыптастыруда колледждегі тәрбие жұмысының маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Колледждегі тәрбие бағыты
Материалдың қысқаша нұсқасы

КОЛЛЕДЖДЕГІ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ӘДІСТЕРІ


Кабылова Айнагул Рамазановна

Каспий өңірі «Болашақ» колледжі, арнайы пәндер оқытушысы, Ақтау қаласы


Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында, соның ішінде кәсіптік білім беру уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.

Қазіргі кезеңде білім мен ғылым  саласында инновациялық педагогикалық технологиялар қаншалықты  маңызды болса, тәрбие бағытында да заманауи технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Болашақ құзыретті мамандарды өсіріп, дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Жаңа заман маманы ертеңгі еліміздің болашағы. Кәсіби құзыретті маманды қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет.

Әрине, ол үшін білім беру мекемелерінде студенттердің жеке басының қалыптасуы мен дамуында педагогтардың заманауи тәрбие технологияларын қолдана білу сауаттылығына да байланысты. Сондықтан, тәрбиенің жаңа  педагогикалық технологияларды қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау қазіргі  таңдағы әрбір педагогтың міндеті. Заманауи тәрбие технологиясы – тәрбие мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін оқыту формаларының, әдістерінің, жолдарының, тәсілдерінің және тәрбие құралдарының жиынтығы. Бұл дамыту, оқыту және тәрбие процестеріне ықпал ететін тәсілдердің бірі.

Колледждегі тәрбие жұмысының негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында ізгі қасиеттер қалыптасқан, дүниетанымы мол тұлға, көшбасшылық қасиеттерді меңгерген жеке тұлғаны  қалыптастыру. Колледжде «Жеке тұлғаны қалыптастыру» моделіне сай рухани-адамгершілік тәрбиенің бағыттарына негізделген тәрбие жұмысы жүргізіліп, жан-жақты дамыған, құзыретті, жігерлі де қайсар, белсенді жастар тәрбиеленіп, қазіргі студент, ертеңгі мұғалімнің ұлттық санасын, патриоттық сезімін қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіледі.

Тәрбиенің жаңа моделі қоғам өміріндегі ережелер мен салт-дәстүрлерге сәйкес  жеке тұлғаның сана-сезімін, адамгершілік қасиеттерін дамытуға, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға, сонымен бірге қарым-қатынас этикасы мен мәдениетті қалыптастыруға жағдай жасайды. Тәрбие технологиялар мен инновациялық құралдар колледжде жас ерекшеліктерін ескере отырып, өзіндік бағыттары мен мақсаттары бар екендігі мәлім.

Оқу жылы басында «Кел, танысайық!» бағыты бойынша студенттерді қоғамдық өмірге бейімдеу үшін ұйымдастырылған кешенді іс- шаралар жеке тұлғаның интеллектуалдық, әлеуметтік  психологиялық қабілеттерін арттыруға бағытталды. Бұл бағыттағы жұмыстар студенттерді колледж қағидаларымен таныстыру, «Өзін-өзі тану – өмір талабы» психологиялық тренингтер, «Мамандығым - мақтанышым» семинар, «Салауатты өмір салты» тақырыбында дөңгелек үстел, студенттердің ішінен музыка, вокал, би, өнер, көркем сөз оқу номинациялары бойынша ең дарындыларды анықтау үшін сайыстар жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі.

Ұстаздар және ардагерлер күніне орай «Ардагерлер – ақылдың көрігі екен, ұстаздарым – ұлағат серігі екен» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Осындай шаралар «Ойлауға үйренеміз» ұранын басшылыққа алып, студенттерді қалыптан тыс жағдайдан жол тауып шығуға, оқу бағдарламасын модельдеуге, ақпараттық оқу алаңын құруға үйрету мақсатында жүзеге асырылады.

«Шығармашылыққа, өзін-өзі басқаруға үйренеміз!» бағытында өткізілген тәрбие шаралары студенттердің өз бетімен ізденуіне, пікірін ашып айтуға кез- келген жағдайдан жол тауып шығуына үйрету мақсатында ұйымдастырылды. «Жеке тұлғаны қалыптастыру» моделі колледж студенттерінің мәртебесін көтеруге, жеке  тұлғаның  әлеуметтік,  адамгершілік,  этикалық   қасиеттерін  қалыптастыруға бағытталды. Жоғарыда көрсетілген шараларды өткізу барысында қолданылатын педагогикалық технологиялардың бірнеше түріне тоқталайық.

Ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаты дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойын технологиясының ерекшелігі ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Студенттің бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді. Іскерлік және тағы басқада ойындар студенттерге өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады.

Ойын-әлеуметтік қызмет. Ол студенттің жасына қарай өзін қоршаған ортаны танып білуге құштарлығын арттырады. Проблемалық оқыту технологиясы - студенттің өз бетімен ізденуге үйрету, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Яғни, студенттердің белсенділігі арттыру, шараға қызықтыратындай мәселе тудыру, студент материалды сезім мүшелері  арқылы ғана қабылдап қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді.

Өздігінен даму технологиясы - бұл студентті жан-жақты дамыту, дербестікке тәрбиелеу, санасында нәрселер әлемі мен  ойлау әрекетінің бірігуі, мұнда тәрбие үрдісі студенттің дамуына сәйкес табиғи болуы керек, сонда ғана ол өзін дамыта алады. Бұл технологияның ерекшелігі оқытудың бірыңғай бағдарламасы болмайды, әркім табиғат берген даму жолымен жүреді. Әр студенттің іс-әрекеті өз еңбегіне орай үлкендердің, құрбылар тарапынан бағаланады. Мұндағы басты мәселе студент өзін-өзі бағалайды.

Дамыта оқыту технологиясы - студентті оқыта отырып, дамыту. Оның  бойында еркіндік, мақсаткерлік, ар-намыс, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік, еңбексүйгіштік, белсенділік т.б. қасиеттер дамыту.

Сонымен қатар, білім беру мекемесінде инновациялық білім беру құралдарын қолданудың да маңызы зор. Инновациялық білім беру құралдарына: аудио, видео, құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар, мен оқу әдістемелік кешендер, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Қазіргі таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда. Осындай құралдардың бірі-мультимедиялық оқулықтарды оқу ордалары кеңінен пайдалану. Бұл жағдайда әрбір педагог ұйымдастырып отырған шарасы әрі қызықты, әрі нәтежелі болады, сонымен бірге мультимедиялық құралдар арқылы педагог уақытты тиімді және ұтымды пайдаланар еді.

Білім беру мекемелерде ақпараттық коммуникативтік технология құралдарын қолданудағы мақсат – әр студенттің танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Студенттің танымдық қызығушылықтың болуы олардың шараларда белсендік танытуға, жағымды мінез құлықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Педагог – студенттің бойына білім нәрін себетін, жан-жақты тәрбие беретін басты тұлға. Болашақта колледж түлектерінен жаңашыл педагог даярлауға қойылатын талаптар студенттерді оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологиялар түрлерімен қаруландыра отырып, қазіргі уақыттағы кәсіптік дағдыларын игеруге бағытталған оқытудың жаңа жолдарын енгізуді көздейді.

Нақты білім беру жүйесі тұлғаны дамыту мен әлеуметтендірудің үдерісінің маңызды кезеңі, айта кетсек, өміршең қағидалар мен негізгі құндылықтардың саналы қалыптасу кезеңі екені баршамызға мәлім. Сонымен қатар ол оқушылардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау қабілеті, өзгермелі өмірге бейімделу шарты, жеке бас қабілеттерін дамытудың тетігі, әлеуметтік-мәдени дамуының өлшемі, әлеуметтік дағдыларын дамытудың негізі, қатысымдық, ақпараттық  проблемалардың шешімін табу құзыреттіліктерінің бірлігі, білім, білік дағдыларының құзыреттілікке ұласу жолы болып табылатын функционалды сауаттылықтың сипатты белгілерін дамытуға ықпал ету маңызды рөл атқарады.

Бүгінгі таңда мұғалімнің алдында тұрған міндеті – әлеуметтік-белсенді тұлға қалыптастыруға ықпал ететін, жағымды білім беру және тәрбиелеу ортасын құруда әлемдік мәдениет пен жалпыадамзаттық құндылықтарды, этностар мен халықтың мәдени дәстүрін білу және өзіндік тәжірибесін қолдану.

Заманауи колледж мұғалімдеріне оқу тәрбие үдерісін ұйымдастыруда келесі міндеттерді шешу көмектеседі:

білім алушылар бойында ұлтжандылықты, азаматтылықты және намысқорлық қасиеттерді және отаншылдық сананы қалыптастыру, Отанға деген мақтанышқа тәрбиелеу.

тұлғаның жалпыазаматтық құндылығын, белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етуі, рухани-адамгершілік дәстүрді сақтау және қайта жаңғырту;

жалпыадамзаттық қасиеттердің негізінде жан жақты мәдениетті, өзгермелі өмір жағдайларына бейім тұлғаны қалыптастыру.

білім алушылардың білім алу уәждері мен танымдық қызығушылықтарын қалыптастыра отырып ойлау мүмкіндіктерін дамыту;

өмірге, адамдарға құрметке тәрбиелеу;

өзін өзі жетілдіру бағдарламаларының көмегімен мінез құлқын тәрбиелеу;

салауатты өмір салты туралы көзқарысын қалыптастыру, мәдени-спорттық іс шараларға қатысуға тарту.

Жеке тұлғаны тәрбиелеуде жоғарыда көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру колледждегі білім алушылардың академиялық пәндері, қосымша білім беру, бос уақытты ұйымдастыру және әлеуметтік өмірдің тәрбиелік әлеуеті арқылы іске асырылады. Сонымен қатар тұлғаның негізгі сапалары отаншылдық, төзімділік, сенімділік, жауапкершілік, креативтілік, тапқырлық, көшбасшылық, яғни функционалдық сауатты тәртіп қалыптасады. Түпкі мақсатбілім алушылардың өзін өзі жетілдіру мен дамытуға жетелейтін, кез келген жағдайда коммуникативтік-қызметтік әрекеттерді үш тілде көрсетуге мүмкіндік беретін бірнеше тілді меңгеру, өзінің салт дәстүрі мен тарихын білетін, әлеуметтік және саяси өзін өзі анықтауға қолдау көрсететін көпмәдениетті тұлғаны дамыту.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Әбілқасымова А. “Функционалдық сауаттылық және ұлттық тәрбие”. Білім журналы, №5, 2022.

2. Қоянбаев Ж.Б. “Педагогика”. Алматы: Қазақ университеті, 2018.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.06.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12