Материалдар / Жеке түзету жоспары "С"дыбысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жеке түзету жоспары "С"дыбысы

Материал туралы қысқаша түсінік
[С] дыбысын түзету; - [С] дыбысын буын, сөз, сөйлем арасында машықтандыру; - Тыныс алуын дамыту; - Жаттығулар арқылы тілдің бұлшық еттерін қатайту;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қазан 2020
1325
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жеке түзету сабақ жоспары




Тақырыбы

Мақсаты

Түзету жұмысының барысы

Сабақ саны


[С] дыбысы


- [С] дыбысын түзету; 

- [С] дыбысын буын, сөз, сөйлем арасында машықтандыру;

- Тыныс алуын дамыту;

- Жаттығулар арқылы тілдің бұлшық еттерін қатайту;

- Фонематикалық есту қабілетін дамыту;

- Көру және есте сақтау қабілетін дамыту;

- [С] дыбысын сөздегі орнын анықтау;

- Балаға сабаққа деген эмоциональды жағымды көңіл күй орнату.

- Қолдың ұсақ моторикасын дамыту

Әдіс-тәсіл: ойын, сұрақ-жауап, әңгімелесу.

І. Ұйымдастыру барысы: «Сәлемдесу».

ІІ. Негізгі бөлім

1–ойын: «Кубикті лақтыру арқылы артикуляциялық жаттығуларды жасату »

«Түтікше» – ерінді алға қарай созу. 1-5, 1-10 секунд ұстап тұру.

«Қақпаға допты кіргіз» - ерінді алға «түтікше» тәрізді қылып созу. (мақтадан жасалған допты ұзақ үрлеп екі кубиктің арасына кіргізу.

«Тәтті тосап» - ауыз сәл ашық, тілді бос қылып астыңғы ерінге салып «пя-пя-пя» дыбыстарын айтып тілді соғу.

«Сағат тілі» – тілді жіңішкертіп ұстап оңға, солға жайлап қозғау керек. Осылай санап отырып 15-20 рет қайталау керек.

«Әткеншек» – жіңішке тілді ауыздан шығарып біресе мүрынға созып, біресе иекке созу жаттығуды жасағанда ауыз ашық болу керек. Осылай 10-15 рет қайталау керек.

2. «С» дыбысының артикуляциялық қалпымен таныстыру.

3. «С» әріпін дыбыстап сұқ саусақпен оқу.

4. «С» әріпін ауада және құмда сызу.

Шарты:Баланың алдына «с» әріпі бар үлгі сурет және құм беріледі.Осы үлгіге қарай отырып, құмға салғызады. Және құмға салып болғасын ауада сұқ саусақпен салғызу.

5. «С» дыбысын нүктелі суретте сызып жалғастыру

Шарты: Баланың алдына «с» әріпінің графикалық сызбасын береміз. Бала нүктелерді қосып, сызу арқылы «с» әріпін жазуы тиіс.

6.«С» әріпін ізде ойыны

Мақсаты: Сипау арқылы құмның ішінен «с» әріпін дұрыс табу.

Ойын барысы: Алдын ала маман құмның ішіне бірнеше әріптерді салып қоюы керек. Баланың алдына әріптер салынған құм беріледі. Бала сипау арқылы құмның ішінен «с» әріпін табуы тиіс.

7. «Пекс карточкасы арқылы буындарды қайталау»

  • Ашық буындардың ішінде:

са-са-сасу-су-су со-со-со сы-сы-сы

  • Жабық буындардың ішінде буындарды қайталау

са-со-су са-со-су-сы

си-си-си сы-сы-сы-сы

ыс-ыс-ыс ас-ос-ус-ыс

8. «4-артық» әдістемесі

Шарты: Баланың алдына 3 - с әріпі, 1 - з әріпі беріледі. Бала осы әріптердің ішінен артығын табуы тиіс. Яғни, артығы з әріпі. Соны бала көрсетуі тиіс.

10. Таяқшадан «с» әріпін салу

Шарты: Балаға бірнеше таяқшалар беріледі. Және үлгі ретінде «с» әріпінің бейнесі беріледі. Сол бейнеге қарай отырып бала «с» әріпін таяқшалар арқылы салуы керек.

11. Тыныс алу жаттығулары

- «Дэльфа» тренажеры

12. Логоритмика:"Қане, қайталаймыз"

Қане қайталаймыз - Са-са-са-са,

Және қалыспаймыз - Со-со-со-со,

Мұқият тыңдасаңдар,

Сонда алғыр боласыңдар,

Жаңылмай қайталаңдар - Су-су-су-су.

Қорытынды. Тақырыпқа сай видеоролик көрсетіп, тақырыпты бекіту.














Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!