Сұрақ – жауап арқылы сабақтың
тақырыбын түсіндіріп кету
1.Волейболшыға аса қажетті қозғалыс дағдыларын тізбектеп бере
аласыздар ма?
(Қимыл–қозғалысты
машықтандыру,дене мәдениетін қалыптастыру,денені
шынықтыру,тәрбиелеу,секіру,соғу,ұшу,жүгіру)
Волейбол ойынының
қауіпсіздік ережелерімен
таныстыру.
Ойын кезінде жарақат алып қалу
қауіпінің алдын алуды және қауіпсіздік ережелерін
түсіндіреді;
Допты қайтару әдісінің
дұрыстығына назар аударады;
Ұсынылған қозғалыс
әрекеттерінің сапалы орындалуын сараптаптауды оқушыларға
ұсынады;
Волейболда допты қабылдау мен
қайтаруды, орын ауыстыруды меңгеру маңызды екенін
түсіндіреді;
1-әрекет.
Допты жоғарыдан беру
(қайталау). Жұптар бір-бірлеріне қарама қарсы тұрып тапсырмаларды
кезек-кезекпен орындайды:
- допты берудің орындалу
үлгісін орындау (имитация) – допты өзінің үстіне жоғары лақтыру,
алға қозғала ұстап алу;
- сол жаттығуды қайталау тек
ұстау орнына қарсы тұрған серіктесіне жалғап
жіберу;
- ешқандай тоқтатусыз
серіктеске жалғау;
- жоғарыдағыларды серіктеспен
тордың екі жағына орналасудан орындау;
- жоғарыдағылардың барлығын
оңға және солға жанмен қозғала отырып
қайталау.
2-әрекет.
Допты төменнен екі қолмен
қабылдау (қайталау). Жұптар бір-бірлеріне қарама қарсы тұрып
тапсырмаларды кезек-кезекпен орындайды:
- допты төменнен қабылдаудың
орындалу үлгісін (имитация) допсыз
қайталау;
- допты өзінің үстіне жоғары
лақтырып екі қолмен төменнен қабылдау;
- екі қолмен допты жерге ұрып,
доптың соғылған жеріне қарай орын ауыстырып, төменге түсіп келе
жатқан допты екі қолмен төменнен қабылдау;
- серіктеспен қарама-қарсы
тұрудан допты төменнен қабылдауды орындау;
- серітестің біреуі допты
лақтырып береді екіншісі допты төменнен қабылдауды
орындайды;
- жұптар допты жоғарыдан
қабылдап өздернің үстіне жоғары көтереді де төменнен қабылдау
тәсілімен кері қайтарады;
- жұптар жоғарыдағылардың
барлығын тордың екі жағында тұрудан
орындайды.
Тапсырманың
дескриптор:Білім
алушы
1.қауіпсіздік ережесін
сақтайды;
2.ара қашықтықты
сақтап,жылдам,епті қозғалады;
3.ойын кеңістігінде бағдар
жасай алады;
4.допты жоғарыдан,төменнен
қабылдауды біледі;
|