Желбіре Желтоқсан жалауы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Желбіре Желтоқсан жалауы

Материал туралы қысқаша түсінік
Желбіре Желтоқсан жалауы
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Желбіре , Жеңіс жалауы !» атты патриоттық әндер байқауының

әзірлемесі


1 - жүргізуші: Құрметті, ұстаздар, оқушылар! Бүгін Ұлы Жеңістің 78 жылдығына орай өткелі отырған «Желбіре , Жеңіс жалауы !» атты патриоттық әндер байқауына

қош келдіңіздер!

2 - жүргізуші: Жүректі тербейтін, көңілде сөнбейтін, ешқашан өлмейтін құдірет не? Әрине, ән. Ғұмырлы ән – халықтың жаны. Сайын даланы әсем әнімен тербеткен халқымыз қуанса да, жүрегінен жыр ағытып, жабықса да әнмен өзін - өзі жұбатқан. Сондай - ақ әннің құдіреттілігі сол, жұртты жұдырықтай жұмылдырып, рухын асқақтата түседі. Әр дәуірдің патриоттық әндері сол замандағы ұрпақтың Отан үшін оққа да, отқа да түсуіне себепкер болған идеологиялық қаруы.

1 - жүргізуші: Патриоттық әндер үгіт - насихаттың ықпалын арттырып, жастардың жігерін жани түсті. Яғни, халықтың рухын көтеріп, азаматтық белсенділігін арттыруда патриоттық бағыттағы әндердің маңызы зор еді. Патриоттық әндер кеше де, бүгін де, ертең де ерекше бағалы бола бермек.

2 - жүргізуші: Сондықтан бұл байқауды өткізудегі мақсатымыз Жеңісті жаңғыртуға күш салған ерлігі дастан аға буынның көрсеткен ерлігін жас ұрпаққа насихаттау, жас ұрпақтың бойынан ҰОС ардагерлеріне, Отан қорғаушылар бейнесіне, әскери дәстүрлерге және әскери қызметке деген құрметті қалыптастыру, Отан сүйгіштікпен көпұлттылықты, өскелең ұрпақты туған елдің тарихын құрметтеуге тәрбиелеп, өнерлі оқушыларды анықтап, сахна өнеріне баулу.

1 - жүргізуші: «Рухы күшті ел – алынбайтын қамал» дейді халық нақылы. Отан - қасиетті ұғым. Отанымызға, туған халқымызға адал қызмет ету – біздің азаматтық борышымыз. Елім деп жүрегі соққан нағыз патриот азаматтар міне бүгін бас қосып отыр.

Ер елсіз болмайды, ел ерсіз болмайды демей ме, дана халқымыз. Қан майданда қол бастап, елінің намысын жауға таптатпаған батырларға арналады. Олай болса, Ұлы Жеңістің 78 жылдығына орай өткелі отырған «Желбіре , Жеңіс жалауы !» атты патриоттық әндер байқауын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.
2 - жүргізуші: Осы байқауға төрелік жасайтын қазылар алқасымен таныстырып өтейік.
1.__________________________________________________________________________

2.__________________________________________________________________________

3.__________________________________________________________________________

4.__________________________________________________________________________

5.___________________________________________________________________________

1 - жүргізуші: Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін ән орындау шеберлігі және сахна мәдениетін меңгеру критерийлері бойынша бағалайды. Ұпайлар 5-10 балл аралығында бағаланады. Жүлдегерлер номинациялар бойынша мақтау қағаздарымен марапатталады.
2 - жүргізуші:

  1. Рухынан жақсылардың нұр саулаған,
    Жанымды мейірімі құрсаулаған.
    Жайсаң өлке, жайдары Қазақстан,
    Шуақ шашқан сәулелі күнсің маған

1 cынып оқушыларының орындауында «Ақ көгершін»

1 - жүргізуші: «Жеңіс туы»- 2 сынып оқушыларының орындауында. Қарсы алыңыздар!

  1. - жүргізуші:

Бойда қызу қаны ойнаған жігерлі
Қаһарманы заманымның бұл енді
Отан даңқы мүддесі үшін қажеттік
Сарбаздар ол елдігімнің тірегі

  1. «а» cынып оқушыларының орындауында «Соғыстан қайтқан солдаттар»

3 «б» cынып оқушыларының орындауында __________________________ қарсы алыңыздар!


1 - жүргізуші:

  1. Қазақ деген пейілі кең бай халық
    Толды арманы егеменге айналып
    Бейбітшілік қорғанындай сенімді
    Сарбаздары сап түзеді сайланып
    4 «б» cынып оқушыларының орындауында «Жасампаз ел жастары»


2 - жүргізуші:

4. Қазақстан – атамекен, құт қонған жер,
Кең дала, суы мөлдір, нұр тұнған жер.
Көкорай белестері мақпал кілем,
Қырлары қызғалдағы құлпырған жер.
Ортада 4 «а» сынып оқушымы Әлижан Ниғметолда «Атамекен» әнімен, қарсы алыңыздар.

1 жүргізуші:

5. Қазақстан, замананың заңғарында,
Халқыма мекен болған жайлауың да.
Алатау ақ самайлы басын иген
Қайратты қарт Қаратау қойнауында
5 сынып оқушылары «Туған ел» әнімен ортаға шақырамыз.

«Тәуелсіз қазақ елі» 6 сынып оқушылары

2- жүргізуші:

6. Рухынан жақсылардың нұр саулаған,
Жанымды мейірімі құрсаулаған.
Жайсаң өлке, жайдары Қазақстан,
Шуақ шашқан сәулелі күнсің маған!
7 сынып оқушыларының орындауында «Тәуелсіз ел ұраны» әні.
1 -
жүргізуші:

7. Көк байрағым желбірейді елімде,
Қалықтасын қыран құсы көгімде.
Ашық аспан бейбітшілік бейнесі,
Әуелесін Қазақстан жерінде
«Көк тудың желбірегені» 8 сынып оқушыларының орындауында. Қарыс алыңыздар!

2 - жүргізуші:

8. Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігерленген құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны
Қуаныш пен мерекенің бұл әні.

9 «а» сыныбының оқушыларының орындауында «Бейбітшілік» әні.

1 - жүргізуші:
13. Қазақстан дейтін менің бар елім

Жатыр алып жарты дүние әлемін !

Бұл далаға жылап келіп қуанған

Бұл даланы көріп алғаш қуанған.

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
Ән: «Мен Қазақпын» -9 «б» сыныбыныың оқушыларының орындауында.

10 сыныптың оқушыларының орындауында «Атамекен» әні.

2 - жүргізуші:

Таңданайық өнерге тамсанайық

Бәріміз де қосылып ән салайық

Шабыттансын көңіл көтерсін

Өнерліні мадақтап жар салайық- дей келе осымен байқауымызды аяқтап, сөзді әділқазылар алқасына береміз.

1- жүргізуші:

Құрметті көрермендер, оқушылар бүгінгі «Патриоттық ән байқауымызды» жабық деп жариялаймыз.Сау болыңыздар!!!

Естелік фото суретке түсуге шақырамыз.

 

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.11.2023
100
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі