Біздің ата-бабамыз түрлі қанқұйлы соғысты басынан өткерді. Олардың ең соңғысы – Ұлы Отан соғысы болды. Олардың соғысқа қатысқандағы мақсаты – ұрпақтарының, яғни, біздердің жақсы өмір сүруімізді, бейбітшілікте өмір сүруімізді қалады. Осылайша, аттың жалында, түйенің қомында жүріп, біздерге бейбіт өмірді орнатып берді. Уақыт өткен сайын аталарымыз сыйлаған Жеңістің маңызы артып келеді. Олар көрсеткен ерліктері бүгінгі ұрпаққа өнеге. Отансүйгіштік қасиет әркезде де қастерлеуге тұратын қасиеттердің бірі. Осы ұғым біздің үлкен құндылығымыз болуы керек деп ойлаймын. Тек майданда ғана емес, тылда жұмыс істегендердің де еңбегі жоғары ілтипатқа лайық. Себебі олар соғыс кезінде майдан шебіндегі солдаттармен бірдей қиыншылық көрді, бірдей азап шекті. Ашаршылық пен ауыртпалықты бастан кешкен олар да Жеңісті жақындатуға көп үлес қосты. Таңның атысынан күннің батысына дейін тізе бүкпей жұмыс істеген сол бір қайратты да қайсар жандарға да бүгінгі ұрпақтың ризашылығы шексіз болса керек.Үлкен қауіп пен қатер, қайғы мен қасірет төнген сол бір ауыр уақытта біздің халқымыз сыннан сүрінбей өтті. Оттан да ыстық Отан үшін от кешкен майдангерлер өшпес ерлік көрсетті. Бұл тарихқа алтын әріптермен жазылды. Олардың қаһармандық өнегесі бүгінгі жас ұрпақтың жадында мәңгі сақталуы тиіс.
9 мамыр күні ауданымызда Ұлы Жеңіс күнін кең ауқымды атап өтті. Таңертеннен басталған іс-шаралар кешке дейін жалғасып, күн соңында тамаша отшашумен аяқталды.
Бұл күні ең алдымен аудан жұртшылығы орталық «Жастар» алаңына жиналып, аудан өнерпаздары дайындаған керемет концерттің куәгері болды.
Іс-шара құрметті ардагерлерімізді қарсы алумен басталды. Бұл мерекелік жиынға сол сұрапыл соғыста Отан үшін жандарын аямаған А.А. Анафин, И.Н. Любимов, В.Ф. Фияткин шақырылды. Жалпы, бүгінгі таңда аудан бойынша тоғыз ардагерлеріміз қалды.
Алғашқы құттықтау сөз кезегі аудан әкімі В.С. Дудовқа берілді. Ол соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін Ұлы Жеңістің 71 жылдығымен құттықтап, зор денсаулық, ашық аспан тіледі. Келесі сөз кезегі аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Н.А. Ефремоваға берілді. Наталья Алексеевна ардагерлерді және жиналған барлық жұртшылықты Жеңіс күнімен құттықтап, өзінің жылы лебіздерін білдірді.
Мерекелік концертте майданда болған көріністерді суреттейтін қойылымдар қойылып, әдемі әндер шырқалды, түрлі би өнері көрсетілді.
Отан үшін отқа оранып, жанын құрбан еткен, ерліктері мәңгілік өшпес қаһармандардың естелігі – «Мәңгілік өлмес полк» акциясымен жалғасты. Суық соғыс батырлар өмірін жалмаса да, олардың бейнелері, ерліктері – халқының жұдырықтай жүрегінде, кіршіксіз көңілінде мәңгілікке сақталған. Жеңіс үшін соғысқан жауынгерлердің балалары, немере-шөберелері мәңгілікке жадымызда қалған ардагерлеріміздің суреттерін алаңға ұстап шыққан акция көңілді босатып жіберді.
Бұл қанды соғыс майданынан 630 000 адам туған жерге оралмады... Осыған орай бір сәт үнсіздік жарияланды. Содан соң, концерттік бағдарлама бойынша бірнеше музыкалық нөмір көрсетіліп, салтанатты шеру басталды.
Алаңдағы мерекелік концерттен соң, Новоишим ауылының орталығындағы Даңқ ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі болды.
Елімізге тосыннан басып кіріп, ойран салған жауды талқандап, Ұлы Жеңіске қол жеткізген жауынгерлердің алдында біз үлкен құрметпен бас иіп, тағзым етеміз. Ұлы Отан соғысы миллиондаған адамды қырғынға ұшыратып, талай халықты қанға бөктерді. Ел үшін, болашақ үшін қан төккен Жеңіс сарбаздарына деген алғысымыз шексіз.
Бұл күні орталық алаңда аудан тұрғындары үшін әскери ботқа пісіріліп, таратылды. Ал, ардагерлерімізге тойханада мерекелік дастархан мен концерт ұйымдастырылды.
Айта кетесек, Жеңіс күнінің қарсаңында ардагерлерімізге аудан әкімі атынан сыйлықтар, ақшалай сыйлықтар табысталды.
Соғыс кезінде қаншама жастар қыршынан қиылды. Олар Отан үшін жанын пида етті. Ал олардың әрқайсысының анасы, баласы, сүйген қыздары, үлкен-үлкен армандары бар еді. Бірақ олар елге қауіп төнген кезде барлығын да құрбан етті. Жап-жас болса да Отанын қорғап жатып жан тапсырды. Майдан шебінде жанын пида еткен жауынгерлер мәңгі есімізде қалады. Отан үшін отқа түсіп, Жеңіс сыйлаған ардагерлерге тағзым етеміз. Сұрапыл да жойқын соғыста қыршынынан қиылған жауынгерлер есімі ел есінде мәңгі сақталады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Желбіре, жеңіс жалауы!"

шағым қалдыра аласыз