Материалдар / Желдің соғуы

Желдің соғуы

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға үйрету
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қаңтар 2019
1161
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

03.12.16 Сабақтың тақырыбы: Жер бетінің ауаны жылытуы. Жел
Сабақтың мақсаты: Бақылау арқылы адам қоршаған дүниені танып білу. Қоршаған дүниені танып білудегі тәжірибенің атқаратын ролін түсіндіру. Ауаның адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Жер бетіндегі ауаны жылытуы. Жер бетіндегі ауаның қозғалысын желдің қалыптасуы туралы түсінік беру. Желдің маңызы туралы түсінік беру.
Білімділігі: Оқушыларға жер бетінің ауаны жылытуы және жел туралы ұғымдарды түсіндіріп, дүниетанымын кеңейту.
Дамытушылығы: Қосымша тапсырмалар, сөзжұмбақ орындату арқылы ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту.
Тәрбиелігі: Оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, табиғатқа деген қызығушылығын туғызу және оны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, интерактивті тақтаны қолдану.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулықтағы № 1, 2 суреттер. Электронды тақта арқылы көрсетілетін табиғи құбылыстар суреті. Сөзжұмбақ, компас т/б, слайд.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, ана тілі, бейнелеу, музыка.
Сабақтың барысы: 1. Қызығушылықты ояту
Ұйымдастыру кезеңі
Сынып журналымен жұмыс.
Психологиялық дайындық кезеңі
Оқушылар бірге қайталайды:
Біз бақытты баламыз,
Күнде бестік аламыз.
Қуанады бізбен бірге
Үйде ата анамыз.
Ортақ ұран – бірге болу!
Мақсатымыз - білім алу.
Ұлтын сүйген ұрпақ болып
Болашаққа бірге бару!
Үй тапсырмасын тексеру
Өткен сабақтар бойынша білім - білік дағдыларын тексеру:
Топтық жұмыс
1. Жер бетінде ауа қалай таралады?
2. Ауа температурасын қандай құралмен өлшейді?
3. Тіршілік үшін ауаның қандай маңызы бар?
4. Ауаның температурасы қалай өзгереді?
5. Ауаның тазалығын сақтау үшін не ісейді?
6. Ауаны ластауға бола ма ?

7. Ауа қандай ?
Ой толғау
Адам өміріне ең қажетті 5 жағдайды атап, интерактивті тақтада жазу.
(жарық, су, ауа, тағам, жылу)
Адам
Өмір
Сүруі
Үшін
Қане, осылар туралы өлең тақпақтар білеміз бе?
Күн - ана
Әлемге қуатты,
Сәуле мен қуатты,
Алып күн беріп тұр
Жарық күн - көрік, нұр.
Жер - ана
Аялар анамыз,
Саялар панамыз,
Құлпырған тірлікпен
Жер құтты гүл біткен.
Су - ана
Өңірдің өзені
Өмірдің өзегі,
Сусыз жер - өмірсіз,
Нусыз өр, өңір, түз.
Ауа - ана
Жер шары дәу әлем
Қоршаулы ауамен.
Ауасыз кім шыдар?
Ауасыз тұншығар.
Жаңа сабақ
Тақтамен жұмыс, дәптермен жұмыс.
Күні, айы, тақырыбы.
Біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз Жер бетінің ауаны жылытуы. Жел
- Балалар, біз қандай тарау өтіп жатырмыз?
Табиғат және адам
- Дұрыс айтасыңдар
Табиғат дегенде сендердің ойларыңа не келеді?
Адам, жануар, өсімдік, ауа, жер, ай, су.

1.«Өкіл» әдісі осы топтан бір елші сайланып келесі топқа барып материалды түсіндіру, жинақтау мақсатында.

Видео корсету: «Желдің соғуы»

2.Бағытталған оқу әдісі : мәтінді оқу (әр топтағы оқушыларға стикер қадау арқылы)

Ауа түссіз, мөлдір болғандықтан түскен күн сәулелерін тез өткізіп жібереді де, одан тікелей қызбайды.
Күн сәулелері жер бетін, топырақты қыздырады. Жылу ауаға пештен таралған сияқты жер бетінен таралады. Соған орай ауаның жер бетіне таяу қабаты ғана жақсы жылынады да, биіктеген сайын жылу мөлшері бірте - бірте азаяды. Ауа жер бетінен жылынатындықтан оның температурасы құрлық пен судың үстінде де әр түрлі болады. Ауа жылынғанда жеңіл тартып, жоғары көтеріледі. Оның орнына су бетінен салқын ауа келеді, яғни осы алмасу құбылысынан жел пайда болады. Жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуын жел деп атаймыз.


3. Галереяда ой шарлау әдісі : І топ жер туралы сурет

ІІ топ Жел туралы мақал –мәтелдер

ІІІ топ Жұмбақтар жел ,су, ауа- райы туралы

ІV топ Биік таулар суреті

4.Сергіту сәті:

Жел улейді: у - у
Құйын келіп билейді: зу - зу
Қатты - қатты жел соқты: гу - гу
Жапырақтар қол соқты: ду - ду.


5. Серпілген сауал әдісі : Ауа – райы туралы болжамдар

1. Қарлығаштар жер бауырлап ұшса, жаңбыр жауады.
2. Қоян жатар орнын бұрынғыдан жоғары салса, қыс қатты болады.
3. Қарға тұмсығын қанатының астына тықса, кешікпей күн суытады.
4. Түтін жер ұшса, қар жауады.
5. Ай қораланса, күн жылы болатынының белгісі.

6. Жұлдыз жиі болса, қыста суық, жазда ыстық болады.
7. Мысық қабырғасын тырналаса, ауа райы бұзылады.

6. Тест жұмысы
1. Желдің күші мен бағытын қандай құрал анықтайды.
А) тұсбағар
Ә) желбағар
Б) термометр
2. Қардың шартты белгісін тап:
А) *
Ә)::
Б) О
3. Ауа температурасын өлшейтін құралды көрсет:
А) градусник
Ә) термометр
Б) компас
4. Термометрдің ішінде қандай сұйықтық бар?
А) сынап
Ә) су
Б) қорғасын
5. Жылылықты көрсететін санның алдына қандай таңба қойылады?
А) +
Ә) -
Б) ешқандай
6. Суықтықты көрсететін санның алдына қандай таңба қойылады?
А) +
Ә) -
Б) ешқандай
7. Сөзжұмбақ: «Тәуелсіздік»
1. Су тамшыларын бөлініп шоғырланған буды не дейміз? / Бұлт /
2. Тілмен нені сеземіз? / Дәм /
3. Бұлттың бір түрі /Будақ /
4. Ауаның бір жерден екінші жерге ауысуын не дейді? / Жел /
5. Еңбек ету мүшесі / Қол /
6. Картаның бір түрі / Саяси /
7. Сезім мүшесі / Тіл /
8. Кез келген дене нелерден тұрады? / Заттар /
9. Адамды жан - жағынан қоршаған нәрселердің бірі не деп аталады?
/ Дене /
10. Сипап - сезу мүшесі / Тері /
11. Қан айналым мүшесі / Жүрек /
8. Өлең жолдары «Жел туралы»

Желсіз түнде жарық ай.
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың жаны терең сай,
Тасыған өзен күрілдеп.

Қалың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді - өзі,
Көрінбей жердің, топырағы,
Құлпырған жасыл жер жүзі.

9.Сұрақты ұстап ал әдісі . Бектіу:

Жел деген не?

Желдің бағытын не өлшейді?

Желбағар деген не?

Жел неден пайда болады?

Ауаға жылу неден келеді?

Бағалау оқушыларды

Үйге: 51, 52 бет, оқу, мазмұндау, реферат жазып келу.























































Ауа райын болжайтын жәндіктер

1. Шыбын

2.Шегіртке

3. Бал арасы

Дебат: «Табиғат асыраушымыз», «Табиғат асыраушымыз емес» деген тақырыптарда өзара пікір алмасу ұйымдастыру.

І топ «Табиғат асыраушымыз» деген оқушы былай дейді. Адам табиғатсыз тіршілік ете алмайды. Табиғат бізді кешірімді мақсаткер әрі сұлу жан етіп тәрбиелейді. Ол – денсаулықтың, сергектіктің және жасампаздықтың қайнар бұлағы.

ІІ топ «Табиғат асыраушымыз емес» емес деген оқушы былай дейді. Табиғат бізді асырап отырған жоқ. Өзімізді өзіміз асырап отырмыз. Себебі: біз үйді өзіміз салдық. Табиғат салып берген жоқ. Пайдалы қазбаларды да өзіміз өндіреміз. Машинаны, зауыттарды, фабрикаларды адамдар өздері салады.

АРА

шырын жинаудан ерте оралса, ауа райынын қолайлылығы сақталады;

ұясына кеш қайтса, ұясына топталып жиналса, таласса және қатты гуілдесе, жаңбыр жауады;

таңертең ойнаса, шырын жинауға ұясынан ерте ұшса, көк жапырақ жайған мойыл мен шетен ағашына тобымен жиналып гуілдессе, ауа райы ашылады;

жауын-шашында ұясынан ұшып, қайта қонып гуілдессе, ауа райы жақсарады;

ашулы және қызғанышты құлық танытса — жаз құрғақ, қуаң;

жаңбыр бұлты төніп келгенде жұмысын тоқтатпаса, жаңбыр жаумайды;

ұясынан ұзап шықпаса, ауа райы бұзылады;

омарта тесігін ашық қалдырса — жылы, балауызып бітесе — келер қыс суық;

ұя қабырғаларына топтанып отырса, аптап түседі.

ӨРМЕКШІ

кешкісін жаңадан өрмек тоқыса, өзі жұрт көзіне көбірек керінсе, ертеңіне ауа райы жақсарады;

өрмекті шеңберлеп тоқыса, ауа райы ашылады;

өрмек торы көп болса, күн ысиды;

өрмегін жерге жақын тоқыса, күн жылынады;

өрмектің арқау (бас) жібін ұзын өрсе, қолайлы ауа райы тұрақтанады;

өрмегін тездетіп ере бастаса, өзіне ұя салуға кіріссе, күн суытады;

өрмектің ұзын желі аралықтарын көлденен қысқа жіптермен бекітіп, жаңа торын жиілетсе, жел көтеріледі немесе жаңбыр жауады;

қазан айының алғашқы күндері ұзын ақ ермегі ұшса — күз жылы, қар кеш түседі.

КӨБЕЛЕК

гүлге қонбаса, ауа райы жақсарады;

сіркіреген жауында ықтасыннан шығып ұшса күн көзі ашылады;

бұтақтар арасын, қуысын немесе басқа ықтасындарды паналаса, найзағай ойнайды.

ШЕГІРТКЕ

кешкісін топтанып секіріп немесе шөп басына қонып ұзақ шырылдаса, ауа райы жақсарады;

даладағы шырылы әдеттегіден қатты шықса — ауа райы құрғақ;

шетен ағашы гүлдегенде топтанып жүрсе — жаз ыссы, қуаң.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!