Материалдар / Желілік қоғамдастық- кәсіби даму құралы

Желілік қоғамдастық- кәсіби даму құралы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қоғамдастықтың мақсаты – жаңартылған бағдарлама талаптарына байланысты туындаған қиындықтар мен кедергілерді шешу жолдарын бірлесе қарастыру, өзара іс-тәжірибе алмасу, мұғалімдерге жан-жақты қолдау көрсету, оқушының оқуға деген қызығушылығын арттыру туралы баяндалға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2018
1702
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





"Желілік қоғамдастық - оқыту қоғамдастығында жүріп жататын ақпарат алмасу үдерісі мұғалімдердің тәжірибесі мен жұмысының мазмұнын арттырып, оған тартылған адамдарды өзара тығыз байланыстырып, олардың сырт көзге көрінбейтін, күнделікті жұмысына түр береді”   Энн Либерман  Қай елдің болсын өсіп - өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты.«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, өнегелі тәрбие мен білім берубүгінгі күннің басты талабы. Заман талабына сай  біздің елімізде  білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі идеясы – «білген аз, сол білгеніңді іске қолдана білу» дейді. Осы орайда, Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңына сәйкес жалпы білім беретін мектептердің қызметін жаңарту қажеттілігіне сай «Назарбаев Зияткерлік мектептері», «Педагогикалық шеберлік орталығы» жасақталған Қазақстан Республикасы орта білім мазмұнын жаңартуды қолдау мектептері туралы ережелерге сәйкес қала көлемінде желілік қоғамдастықтар жұмысын бастаған болатын. Қоғамдастықтың мақсаты – жаңартылған бағдарлама талаптарына байланысты туындаған қиындықтар мен кедергілерді шешу жолдарын бірлесе қарастыру, өзара іс-тәжірибе алмасу, мұғалімдерге жан-жақты қолдау көрсету, оқушының оқуға деген қызығушылығын арттыру.Қалада қоғамдастық желілік жұмысы 2016-2017 оқу жылынан бастап 6 мектепке: №34 мектеп-гимназиясы базасында «Өркен», №44 мектеп-гимназиясында «Зерде», №3 ОЖББМ базасында «Содружество», №1 ОЖББМ «Өрлеу», 37 ЖОББМ«Ұлағат», ЭБМГ базасында «Профессиональный диалог» жетекші мектептері таңдалып, магниттік мектептерге бөлінді, ал Мектептен тыс жұмыс орталығының жетекшілігімен «Shabyt» желілік қоғамдастығы жұмыстануда. Жетекші мектептер отырыстары оздырылып, мектептегі көшбасшылықты дамыту бағытындағы жұмыстарға сараптау, талдау, болашаққа жоспарлау, бірлескен жоспарлардың мүмкіндіктері мен қиыншылықтарын белгіленіп, шешу жолдары қаралып отыр.Алты тірек мектептерге бірнеше магниттік мектептер тартылып, деңгейлік бағдарламаны іске асыру бағытында жұмыс бөлінді. Қала мектептегі өзгерістердің дамуына байланысты, табысты желілік реформа жүргізу мақсатында төмендегідей жұмыс топтары да құрылды.1.1. жетекші, серіктес мектептер;1.2. «Директорлар клубы» қоғамдастығы1.3. мектеп үйлестірушілер 1.4 «network» шығармашылық тобының жұмысы1.5 тәлімгерлік шығармашылық тобы1.6 Жас директорлар желілік қоғамдастығы Әр жетекші мектеп ресурстық қолдау орталығы болғандықтан жұмыс барысында әрбір серіктес мектептегі деңгейлік бағдарламаны игерген мектептердің қандай жұмыстар жасап жатқанын біліп қана қоймай, серіктес мектептердің психологиялық ахуалымен, көшбасшы мұғалімдерімен, олардың атқарып жүрген жұмыстарымен танысып, тәжірибе алмасуда. Жетекші мектептер ұйымдастырған семинарлар мен дөңгелек үстелдерге қатысқанда, Серіктес мектептер көшбасшылары желі арқылы байланысқа түскенде қолдау тауып, жұмыстарына құлшыныспен кірісетіндерін айтып ой бөліседі. Кез келген жағдайда сенім артудың маңызды екендігін, мұғалім көшбасшылардың өз ісіне деген жауапкершіліктерін арттырады.Құрылған қоғамдастықтың мұғалімнің кәсіби, оқушының тұлғалық дамуына, мектептің дамуына мынандай ықпалы болды:
  • Мектептер білім деңгейін көрсете білумен қатар, басқа мектептермен өз білім деңгейін салыстыра алады. Ашықтық пайда болды
  • Салыстырмалы түрде атқарған іс - әрекетіне зерттеу жүргізеді. Research
  • Білім сапасының деңгейін басқа мектептермен салыстыра отырып, іс – тәжірибе бөлісудегі ізденістері арта түседі. Feedback немесе мұғалімдер өзара білім алуға, тәжірибені біріктіруге ақпарат алмасуға қол жеткізеді.
Жұмыс барысында тек күшті жағымен бөлісуді ғана емес, анықталған әлсіз тұстарына әдістемелік қолдау мен әріптестік көмек ала алады немесе Mentorstvo.Шешілмей келе жатқан мәселелерді шешуге, жаңа идеялармен алмасуға үйренеді. Осылайша әр мектепте ішкі қауымдастық құрылып, олар бірлескен жоспар негізінде жұмыс жасап келеді, бұл әрекет негізінде командылық жұмысты ұстаздармен мектеп әкімшілігі арасында жандандырады-Team building
Шараның атауыДеңгейі


қалалықоблыстықреспубликалықхалықаралық
Конференциялар16362228
Байқаулар16101021
Семинарлар8523146
Шеберлік сыныптар24146

Форумдар7111
Дөңгелек үстел4





Іс-тәжірибе тарату37323431
Орал қаласының білім беру бөлімінің ұйымдастырумен құрылған желілік қауымдастық жұмысына Орал қаласындағы ФМБ НЗМ –мен тәжірибе алмасу бойынша өткізілген іс-шаралар, 2018 жылға арналған Батыс Қазақстан облысы дарынды балаларға арналған мамандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-лицей-интернатымен жүргізілген іс- тәжірибе алмасу шаралары ауқымды көлемде жүргізілуіне ықпал етті. Сонымен қатар, желілік қауымдастық жұмысы тек қала көлемінде ғана емес, аудандық деңгейде де өз ісін жалғастыруда. Оған дәлел: жетекші мектеп Ә.Молдағұлова атындағы 38 мектеп-лицейінің Сырым аудандық білім беру бөліміне, сол ауданның Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектеп балабақша кешеніне тәлімгерлік бағытында білім мазмұнын жаңарту бойынша іс-тәжірибе алмасу, ой бөлісу мақсатында жұмыстар жүргізіп отыр.Орал қаласының білім беру бөлімінің сайты: bilim-oral.gov.kz –те желілік қоғамдастықтың бірнеше жылдық жұмысының нәтижесі ретінде өткізілген іс-шаралары, педагогтарға қажетті нормативтік құжаттар мен тиімді ресурстар беріліп, әдістемелік көмек жасалып отыр. Мұнда кез келген мұғалім көмекші құрал ретінде жетекші мектептердің жұмыстарының бейнебаян түсірілімінен, презентация нұсқасынан қажетті материалдарды ала алады. Яғни, бұл тағы бір ақпарат алу ресурстарының бірі және тәулік бойы пайдалануға мүмкіндік береді. Баршаға кез келген материал қолжетімді.Желілік қоғамдастық жұмысы барысында  кәсіби қоғамдастық пен жетекші мектептің қолдауы арқылы жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 2013 ж бері жүйелі де сапалы жұмыстар жүргізіліп келеді.Мақсатқа бағытталған жұмыстың нәтижесі қала мектептерінің білім сапасын көтеруге де ықпал етті. Былтырғы оқу жылында білім сапасы 59,01 пайыз болса, биылғы оқу жылында 2 пайызға (61%) жоғарылады. Сонымен қатар, дарынды оқушылардың мүмкіндік деңгейін айқындау, қабілетін арттыру, дарынын шыңдау мақсатында өткізілетін жұмыстар да оң нәтижесін беруде. Оқушы бойындағы ерекше қабілеттің ұшқынын сөндірмей, әрі қарай шығармашылықпен дамыту, ой-өрісін зерттеп, білімін сараптау мақсатында 8-11-сыныптар арасында өткізілетін пән олимпиадасы да жақсы көрсеткішпен қуантып отыр. Жақында өткен Республика көлеміндегі пән олимпиадасының қорытындысы бойынша облыс 2-орынға көтерілді соның ішінде қала оқушыларының үлесі зор. Әрине, қол жеткізген жетістіктің бәрі де жүйелі жұмыстың, ұстаздардың жыл бойы тынымсыз еңбегінің көрінісі деуге болады. Білім беру ұйымдары басшыларының «Табысты менеджер-2017» облыстық байқауының 1- ші орын жеңімпазы №44 мектеп-гимназиясының директоры «Зерде» желілік қоғамдастығының жетекшісі А.Темірханова, республикалық байқаудан 3-ші орынды иеленді. Аталған байқаудың облыстық кезеңінде №16 ЖОББМ директоры «Профессиональный диалог» желілік қоғамдастығының мүшесі, «Директорлар клубының» жетекшісі М.Кабакова 2-ші орынды иеленгендігін де атап айтқан жөн. Сонымен қатар қалалық білім беру кабинетінің әдістемелік кабинеті мен педагог шеберлер орталығымен бірлесіп жинақталған, «Жетекші мектептердің қоғамдастығы- жаңарту тұрақтылығын қамтамасыз етуде жоспарлау барысы:әдіскерлердің жетекші мектептер тәжірибесін насихаттау рөлі» тақырыбындағы әдістемелік құралы облыс көлемінде таратылды.Рухани жаңғыру - ұлттың болашағы болса, ал ұстаз халықтың тарихы мен мәдениетін жаңғырта отырып, бәсекеге қабілетті ұлт ретінде ұрпақты қалыптастырады. Демек, жаңартылған білім беру мазмұнындағы мектептердің рухани жаңғыруына деген ішкі ұмтылысымыз - біздің дамуымыздың ең басты қағидасы қағидасы болып қала бермек.
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ