Материалдар / "ЖЕЛТОҚСАН ЖЕЛІ"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"ЖЕЛТОҚСАН ЖЕЛІ"

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша қызметкерлеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қаңтар 2021
355
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





«Желтоқсан желі»

Мақсаты: Желтоқсан қаһармандарымен таныстыру. Олардың ерліктері жайында түсінік беру. Балаларды ұлттық және патриоттық сезімге баулу. Ана тілін құрметтеуге, Отанын сүюге қадірлеуге тәрбиелеу.

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар,балалар! Егеменді еліміздің тәуелсіздік мерекесі құтты болсын! Сәби күлкісі мен ана мейірімінің сәні ешқашан бұзылмасын.

Балалар музыка әуенімен залға кіреді.

Қазақстан Республикасының әнұраны шырқалады.

Жүргізуші: Балалар ашық оқу қызметімізді бастамас бұрын шаттық шеңберін жасап алайық.

Біз қандаймыз,қандаймыз
Шұғылалы айдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Еш уайымды білмейміз.

  • Балалар жылдың қай мезгілі ?

  • Қыс мезгілінде қанша ай бар?

  • Қыс мезгілінің ауа райы қандай?

  • Балалар желтоқсан айының алғашқы қүні біз Президент күнін атап өттік.

  • Міне бүгін біз 16-желтоқсан тәуелсіздік күніне арнап ашық оқу қызметін өткізелі жатырмыз.

Балалар бұрынғы қазақтың Ләззат Асанова, Қайрат Рысқұлбеков, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Спатаев сияқты батыр аға-апаларымыздың арқасында егеменді Қазақстанда өмір сүріп жатырмыз. Ендеше балалар 16-желтоқсанның құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алайық.

Жүргізуші: Желтоқсан - ұлт мерейін тасытқан күн,
Желтоксан - жас пиғылын жасытқан күн.
Желтоқсан - жас жүрекке қайрат беріп,
Желтоқсан ел болуға асыққан күн.

Егеменді елдің ұрпақтары аман болсын ендігі кезекті мақал-мәтелдерге берейік.
Эсфир: Атамекен анаң екен
Қысылғанда панаң екен

Мухаммад:
Тәуелсіздік-елдігім
Қорғанымын мен бүгін

Асылым:
Отаны бірдің журегі бір.
Ульяна:
Опасызда отан жоқ.
Сәбина:
Тәуелсіздік-болашақтың тірегі.
Әмина:
Тәуелсіздік-бейбітшілік белгісі.
Айым:
Отан-отбасынан басталады.
Айару:
Отан-менің тірегім
Отан-менің журегім

Ғажайып сәт:

Жүргізуші Ханым: Салеметсіңдер ма балаллар!? Балалалар мені таныдыңдар ма? Танымай отырсаңдар мен сендерге көмектесіп жіберейін , ол үшін сендермен сұрақ-жауап ойынын ойнап жіберейік. Менімен ойнағыларың келеді ме?
Бұрылыста бағдаршам:
Қызыл, сары, жасыл көз.
Бұйырып тұр, аңғарсаң,
Бұйрықты іске асыр тез! Ал ендеше балалар мен бағдаршам болайын ,сендер балабақшада білім алып жүрсіңдер ия сендердің білімдіріңді тексеріп көрейін. Ал балалар бағдаршамның қызыл түсі жанғанда не істейді екенбіз? Сары түс жанғандаше, ал жасыл түс жанғанда не істейді екенбіз? Ал ендеше менен кейін қайталаңдар: Қызыл жанса, аялда,
Сары жанса, дайындал.
Жасыл жанса, аянба,
Жол ашық, не уайым бар!

Жарайсыңдар балалар! Жол ережесін жақсы біледі екенбіз. Сонымен мен бағдаршамның бұйрығын орындайтын жүргізуші болдым. Менің көлігіммен қыдырғыларың келе ме? Мен сендері қыдыртып қайтайын. Ал мен көлігімнен музыка қосып сендермен сергіп алайық.
Сергіту сәті: «Вилс он зе бас»

Менің көлігім ұнады ма? Бүгін сендер қандай мерекеге жиналып отырсыңдар? Сол тәуелсіздік күгімізге арнап ән шырқап бере аласыңдар ма? Ендеше бәріміз бірге ән шырқайық.

Хор: «Қазақстаным»

Би: «Қазақ қызымын»

«Басты байлық не?»

Жүргізүші: Сыныпқа ұстаз кірді де,
Қызық сабақ басталды.
Ынтамызды білді ме,
Ойлы сауал тастады.
Ұстаз(Асель) -Теңбіз бүгін жат елмен,
Егеменбіз себебі.
Тәуелсіздік әкелген,
Басты байлық не?-деді
Жүргізуші: Димаш айтты:
Димаш: -Мен білем,
Ол жеріміз кең кілем.
Шекараны шегелеп,
Айқындадық белгімен.
Жүргізуші:Тұрды орнынын Заманбек:
Заманбек:-Басты байлық-Халық-деп
-Бірлік мейір бар жерге,
Түседі екен жарық көп.
Бір-біріне қарасқан,
Ынтымағы жарасқан.
Тату тірлік бар маңға,
Төнбес мүлде қара аспан

Жүргізуші:Ернұр қосылды кеңеске:
Ернұр: -Не жоқ біздің белесте,
Байлық деген шынында,
Қазба байлық емеспе?
Сезім: Мұнай да бар кен де бар,
Бәрі біздің елде бар.
Элементтің барлығы,
Басқа қайсы елде бар.
Бағдаулет: Табиғатта-сәніміз,
Табиғатта-мәніміз
Байлығымыз емес пе,
Теңізіміз,тауымыз?
Әмірхан: Сәулеті де сай қала,
Дәулеті мол бай қала.
Елордамыз ендеше- байлық,
Жүргізуші: деді Әмірхан.
Тыңдап болып барлығын, ұстазымыз
Асель: Жөн,байлық деген шынында,
Орман,дала, көл.
Байтақ мынау жер- байлық,
Астындағы кен-байлық.
Дұрыс айтты Заманбек,
Мен де-байлық, сен-байлық.
Бірге:Бірлік-байлық, тіл- байлық,
Дәстүр менен дін-байлық.
Елімізден табылар,
Әлемдегі кіл байлық.
Асель:Жамандыққа бармаңдар,
Жақсылықты жалғаңдар.
Қолдағы мол байлықты,
Шашыратып алмаңдар!

Жүргізуші: Осылай сабақ болды мағыналы,
Балалар бір ерекше әсер алды.



Заманбек: Жебесімін көбе бұзар түркінің
Егесімін күллі түркі жұртының.
Намысының найзағайын ойнатқан,
Ербол мен Қайраттардың ізімін.

Би « Байтақ елім.»

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар бүгінгі тәуелсіздік мерекесіне арналған Тәуелсіз тұғырым атты ашық оқу қызметіміз аяқталды.Еліміз тыныш,аспанымыз ашық болсын.
Сөз кезегі Айнура Оразбайқызы мен Эльмира Төлегенқызында.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!