Тақырыбы: «Тәуелсіздік құндылықтары: өткенге тағзым, болашаққа аманат»
Мақсаты:
Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу.
Кіріспе сөзі: Көк туым көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам күллі әлемге танылды анық.
Шырқадым әнұранды бар дауыспен,
Арманым –Ата заңым қабылданып.
Тәуелсіздік – Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды.
Тәуелсіздік – біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз.
Бүгінде біз – көк туымыз желбіреп, қанатын кеңге жайған егеменді елміз.
Тәуелсіздік туының желбірегеніне де, міне, 33 жыл толады.
Бізге тәуелсіздік туын, қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған және дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасына биыл 38 жыл толып отыр.
Біз өзіміздің көк байрағымызды мақтанышпен жоғары көтеріп,өз елтаңбамыз бен әнұранымызды қастерлей отырып, күн сәулелі аспанымызда әрқашан Тәуелсіздікпен ерліктің белгісі дала қыранының қанаты талмай, шарықтай берсін демекпіз.
Иә, бір кезде Отан үшін деп жанын қиған жастар енді Тәуелсіздік үшін, ар-намысын,ата-баба дәстүрін жоғары көтеру жолында ереуілге шықты.Олардың бұл өжеттілігін ұлтшылдықтың белгісі қылып көрсетті. Қаншама қан төгілді. 1986 жылғы «Желтоқсан оқиғасы» тарихта мәңгі қалмақ.
Желтоқсан, оқиғасы мәңгілік. Біз Желтоқсан оқиғасын есімізден ешқашан шығармаймыз. Жылдар өткен сайын Желтоқсан оқиғасы айқындала түсуде. Құрбан болған ерлеріміздің бейнесі сол жас қалпында есімізде мәңгілік сақталады. Көтеріліске шыққан жастар-тәуелсіздік киесі. Болашағымызды нұрландырған, тәуелсіздік әперген азаматтарымызды біз ұмытуға тиіс емеспіз.
Біз бүгін сол тарихи сәттің куәсі болған, 1986 жылғы саяси қуғын-сүргін құрбаны, ақталған азамат Базилов Нышан Алаудиновичті шақырған болатынбыз.
Аға, қош келдіңіз!
Шайқалмасын ешкімнің
шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан
ұланы.
Енді ағайын, көгінде
қалықтасын,
Қазағымның қастерлі - Әнұраны!- дей отыра,
ортаға ___ сынып білім алушысы ____________________________________
әсем әнін қабыл
алыңыздар!
Желтоқсанда Алматыда, ақ
қарда,
Алма бақтар ак қырауға
батқанда,
Күңірене күн күркіреп тау
жақтан,
Жайдың оты жалаң қақты
шатқалдан.
Шындығында желтоқсан құрбандары туралы жалпы желтоқсан оқиғасы туралы біреу білсе біреу білмейді, тәуелсіздік алған алғашқы жылдарда 17-желтоқсан қаралы жыл деп жарияланды кейіннен ұлт араздығына әкелуі мүмкін деп «демокартиялық жаңару күні» деп өзгертті, қазір ол қауіпсіздік үшін деп ескерілмейтін датаға айналды.
-1986 жыл…. Неге бұл жыл қазақ халқы үшін қаралы жыл?… неге бұл оқиғаның құрбандары көп болды?… 1986 жыл қандай болып еді?
Бұл оқиғада шындығында не болып еді? Сөз кезегін желтоқсан оқиғасының куәгері Базилов Нышан Алаудиновичке беремін.
Жалғыз Отан адамның жүрегі ғой,
Ер жігіт туған жерін сүйеді ғой,
Ел үшін желтоқсанда құрбан болған,
Ербол, Қайрат-нағыз ердің бірі еді ғой.
Сәбира, Ләззат сынды жауқазындар,
Жетілмей ерте солған гүл еді ғой.
Болашаққа даңғыл жол салып берген-
Боздақтар мәңгі айтылар жыр еді ғой.
Тәуелсіздік сатылмас құн болады,
Жаңа туған ел енді тең болады.
Кең байтақ, байлығы мол даламызды
Қорғама сақ ұрпаққа сын болады.
Құрметті қонағымызға оқушылардың қоятын сұрақтары бар екен. Сол оқушыларға кезек берсек.
1. Сіз желтоқсан оқиғасы кезінде қанша жаста едіңіз? Аңсар
2. Желтоқсан оқиғасынан кейін қандай күйде жүрдіңіз, қорқыныш болды ма? Әдия
3. Сіздің қудаланған немесе оқудан шығарылған достарыңыз болды ма? Гүлзат 4. Көптеген «Желтоқсан оқиғасына» қатысқан ағалар мен апаларымыз сол кездегі оқиғаларды еске алғысы келмейді неліктен деп ойлайсыз? Әзімхан 5. Сіз, осы оқиғаға қатысушы ретінде кейіннен билік органдары тарапынан қудалау болған жоқ па? Ұлдана
Далада думан, қалада думан жыр бүгін
Ғасыр бойы асыға күткен бұл күнім
Жасай бер, жаса қалдырған бақыт бұлбұлым
Тәуелсіз Қазақстаным! - дей отырып, ортаға мектебіміздің мың бұралған биші қыздарын __________________ биімен ортаға шақырмақпын.
Тәуелсіздік! Берекенің біл басы
Дәулетің мен сәулетінің тұнбасы
Қазақстан, сен бір елсің жаһанға
Тең танылған таудай асқақ тұлғасы – дей келе мектебіміздің үлгілі, озат оқушыларының Тәуелсіздік күніне арнаған жыр жолдарын қабыл алыңыздар!
/Бастауыш сынып оқушылары шығады/
Тәуелсіздік бостандығың еліңде
Желбіреді көк тұлпарың көгіңде
Жарқын болсын тәуелсіз ел әлемге
Теңесті халқың терезесі тең елге – дей отыра, ортаға биші аруларымыздың ______________________ биін қабыл алыңыздар!
Есті ерлер жүрмейді желік
ертіп,
Елеулі іске қосар
емірентіп.
Бүгінгі күн қонағы -
ағамыз
Сөз сөйлесін баршаны тебірентіп, - дей
отырып, бүгінгі құрметті қонағымыз Базилов Нышан Алаудинович және
ауыл әкімі Байдәулетов Ғани Ізбасарұлы өздеріңіздің жастарға айтар
өсиеттеріңізді естіп, оқушыларға деген жылы лебіздеріңізді тыңдасақ
деп едік. Сөз кезегі
өздеріңізде
Тәуелсізбін, егеменмін, еркінмін,
Көңілім көкке шарықтады, серпілдім.
Көкірегім мұздап еді, ерідім,
Домбырадай күмбірледі көңілім.
Қорытынды:
Қазақ елінің бүгінгі таңда іргелі,
мәдениетті, өркениетті елдер қатарына қосылып, ізгі ниетті адамдар
назарына ілігуі оңайлықпен келген жоқ. Жүгі нарда, қазаны теңде
болып, көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқы ертеден-ақ үш нәрсені
бойтұмардай қасиет тұтып, қадірлеп өтті. Олар: туған елі, жері, ана
тілі.
Сондай-ақ еліміз озды, жеріміз жаңғырды, ана
тіліміз өз мәртебесін алды. Осының бәрі – тәуелсіздігіміздің
нәтижесі.
«Мен жастарға сенемін» - деп
М.Жұмабаев атамыз айтқандай болашақ, ел ертеңі – болашақ біздің
қолымызда, ел ертеңін жарқын етер — бүгінгі ұрпақ халық тарихын
біліп, тәуелсіздікті қастерлеуі қажет. Бабаларымыз найзаның ұшымен,
білектің күшімен қорғаған, кешегі аға-апаларымыздың жанын құрбан
кеткен қанымен келген тәуелсіздігіміз баянды
болсын! Ел іргесі тыныш, халқымыз бай-қуатты
болсын!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Желтоқсан кездесу сценарий

шағым қалдыра аласыз