Тақырыбы: «Желтоқсан туғызған тұлғалар»
Мақсаты:
Үйрету: Тәуелсіздіктің алтын діңгегі -1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне ғылыми тұрғыда сипаттама беруге үйрету;
Дамытушылық: оқушының ойын жеткізе білуі мен тіл байлығын дамыту, өлеңді мәнерлеп оқу, әр сөздің айтылуына көңіл бөлу, дауыс ырғағы мен интонациясын дамыту;
Тәрбиелеу: Отан-Ананы құрметтеу, тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға, елінің тәуелсіздігі жолында күрескен ерлердің қаһармандығы мен күрескерлік ерліктерін әрдайым есте ұстауға, үлгі ете білуге баулу:
Көрнекілігі: интерактивті тақта, тақырып желісі бойынша слайдтар, нақыл сөздер, мазмұнды суреттер
Түрі: Түсіндіріу, сұрақ-жауап әдісі,
Барысы: Ұйымдастыру кезеңі
«Ой қозғау» (Сұрақтар қою)
1.Қазақстан қандай мемлекет?
2. Еліміздің халқы қай тілде сөйлеу керек?
3.Үштұғырлы тіл саясаты туралы не білеміз?
4. ҚР-сы өз тәуелсіздігін қашан алды?
5.Ұлттық рәміздерімізді атаңдар? Ту-Шәкен Ниязбеков, Елтаңба-Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков.Әнұран-Ш.Қалдаяқов,Жұмекен Нәжімеденов, Н.Ә.Назарбаев.
6. Биыл туған қаламызға неше жыл толады?
7. Алдымызда қандай айтулы мерекелер тойланбақшы?
Кіріспе сөз: Құрметті оқушылар мен ұстаздар!
Біз бүгін дүниені дүр сілкіндіріп, тәуелсіздік туын көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналған «Желтоқсан туғызған тұлғалар» атты тәрбие сағатын өткізбекпіз.
1986 жылы 16-17 желтоқсанда Алматы қаласы, бұрынғы астанамыз- қазіргі бас қаламызда мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп бейбіт шеруге шықты. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақтың ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова, С.Мұхаметжанова, Е.Сыпатаев сынды боздақтарымыз қатысты. Енді, міне осы желтоқсан көтерілісіне қатысқандар арқасында ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздігімізге қол жеткізгелі биыл 25 жыл толып отыр. Елбасымыз өз сөзінде «... Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – «Мәңгілік Ел» идеясы. Ендігі ұрпақ - Мәңгілік қазақтың перзенті. Қазақ елінің Ұлттық Идеясы – «Мәңгілік Ел» - деп, қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген жиі талқыға түсіп жүрген сауалға нақты жауап берді.
Елбасымыз Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алды. «Мәңгілік ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз. Олай болатын болса, ата-баба қанымен, аналардың жасымен келген Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын. Бүгінде тәуелсіздікке қол жеткізсек те, кешегі Желтоқсанның ызғары санамыздан өшкен емес. Желтоқсан туғызған тұлғаларымызды ұлықтау әрбір қазақстандықтың парызы деп білемін.
-
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар және Тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары! Тарихымызда ерекше орны бар, халқымыздың қасыреті мен ар-намысына, сонымен бірге мақтанышына айналған оқиға- бұл 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы болатын.
-
Жүргізуші: 1986 жылы 17-желтоқсанда Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылық білідіріп шеруге шықты. Олар «Қазақ елінің өз көсемі сайлансын» деген тілек білдірді.
1-жүргізуші: Сол кездегі үкімет басшыларының бұйрығымен оларға күш көрсетілді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Оларға желтоқсанның ызғарлы күнінде зәбір көрсетілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «бұзақылар» , «ұлтшылдар», «нашақорлар» деген кінә тағылды.
1-оқушы: Нашақор деп, ұлтшыл деп,
Қазаққа күйе жаққан күн.
Базары кетіп бір күнде
Қайғыға халық батқан күн
Әділдік пен шындықты
Өтірік жала жапқан күн!
2-оқушы: Желтоқсан- заман толғағы, байтақ даланың
Шарпысқан сәті үміт пен күдік, наланың.
Қайрат, Ләззат, Сәбира
Құрбаны болған жаланың
3-оқушы: Надан жасаған сұмдықтан
Адамдар азап шеккен күн,
Қасқалдақ ұшып көлінен,
Шүрегей келіп қонған күн.
Қыранды қуып көгінен,
Қарғалар билік алған күн.
4-оқушы: Бұрқ етті қазақ даласы,
Кеуде де өршіп наласы.
Алаңға қарай ағылды,
Таусылып барлық шарасы.
Жанымыз жомарт қазақпыз
Мәңгүрт боп кете жаздаппыз
Қосаяқ басты бауырлар,
Жанайық, жансақ маздаппыз.
5-оқушы: Желкеге тиді сілкіген күрек, қамшылар,
Соққыға мұндай қасапқа қандай жан шыдар.
Жастарға шашқан мұз судан мұз шашырап,
Ауылда жатқан мағанда тиді тамшылап
6-оқушы: Жас арудың жанарында желтоқсан,
Қанды ғасыр табында желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында желтоқсан.
Жауыздықты жасағанда - Желтоқсан,
Жаңа ғұмыр бастағанда –Желтоқсан
Жазықсыздың көз жасына жуынып,
Абақтыға тастағанда Желтоқсан!
7- оқушы: Өсер ұлдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, Лаула Желтоқсанның мұзға жаққан алауы!
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда еңкейюге тиісті емес жалауы!
8-оқушы: Иа, бұл күнге жету үшін ата-бабамыз қан төкті. Жанын берді. Бүкіл жеріміздің тұтастығын ұрпақтан-ұрпаққа табыс етті. Қазақтың ер ұлдары мен ер қыздары көбеймесе азаймады. Оның айғағы 30- жыл бұрынғы ел намысы үшін, жанын құрбандыққа қиған Желтоқсандықтар болатын.
1-жүргізуші: Тарихта «Құйын операциясы» деген атпен мәңгі қалатын жойқын шабуыл мен демонстрацияны қуып тарату операциясы жоспардағыдай аяқталды. Қанға бөккен қала көшелері мен алаңдар қаңырап бос қалды. Қазақтың әр үйіне үрей кірді. Әр қазаққа «ұлтшыл», «нашақор», «маскүнем» деген айып тағылды. Алаңға жиналған қазақтың, әрбір жас өркеннің артына шам алып түскен қуғындау, қудалау баталды. Оның ішінде ату жазасынан бастап, 20-дан 1 жылға айырған бас бостандығынан айырған жазаларды ұлттық қаһармандарымыз арқалап кете барды. Солардың бірі де бірегейлері Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова, С. Мұхаметжанова, Е.Сыпатаев сынды жастарымыз еді.
2-жүргізуші: Күндік кешпей, мұз кешпей,
Ат артына мінгеспей,
Мұңлық болып мұңаймай,
Тәкаппар нағыз құдайдай
Қасқайып қарап тұратын.
Ағасы өлсе іні боп,
Жауына қарсы шығатын.
Арыстандай алысып,
Жолбарыстай жұлысқан,
Қыздары көп қазақтың – дей келе Желтоқсан туғызған тұлғаларымыздың өмір жолдарына назар аударсақ. (слайд жүріп тұрады)
9- оқушы: Сәбира Мұхаметжанова 1985 жылы сегіз жылдық мектепті үздік бітіріп, бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлайтын оқу орнына студент болып қабылданады. Ол Алматындағы жастар шеруін жұдырықтай жүрегімен қолдап, Өскемен қаласының көңілі ашық, көкірегі ояу студентерімен бірге Ушанов алаңына қарай өлең айтып, шеру тартты. Қатал жиналыс Сәбираны айыптап, «Тәртіпсіз» деп бағалаған. Албырт жас жатақхананың өзі тұратын бөлмесінің терезесінен секіріп қаза тапты.
10-оқушы: Ләззат Асанова Алматы облысы Панфилов ауданының Ақжазық ауылында дүниеге келген. Алматының Чайковский атындағы музыкалық учелищесінде қобызшы мамандығы бойынша оқып, жүрген Ләззат он алты жылдық қысқа ғұмыры ерте үзілді. Ләззатты жерлеудің алдында денесін ақ жауып арулаған кезде оның екң білегіне салынған темір бұғаудың қалдырған көкпеңбек іздерін, бас сүйегінің шүйдесі ойылып кеткені анықталды. Осыған қарағанада, ол жазалаушылардың қолынан қаза тапқан. Ләззат әпкемізді мәңгі есімізде сақтаймыз. Аруағына бс иеміз.
11- оқушы: Ербол Сыпатаев Талдықорған облысы, Панфилов ауданының Ленин атындағы совхозының екінші бөлімшесінде туып, өскен. Ол Энергетиа институтының ІІ курс студенті болатын. Ербол бір үйдің жалғыз баласы еді. 1986 жылдың 18-желтоқсанында кешкі сағат 8-де ауруханаға бас сүйегі мен иығынан ауыр жарақаттанған Ербол әкелінді. Ол есін жимастан қайтыс болды. Біздер Ербол ағамыздың жастық жігері мен ерлігін мәңгі есімізде сақтап, аруағына бас иеміз.
12-оқушы: Қайрат Рысқұлбеков жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Бірлік ауылында дүниеге келген. 1982 жылы ол Алматы Сәулет құрылыс институтына түседі. Сол Желтоқсан оқиғасынан кейін оны «Савицийді өлтірген қылмыскер» деп жала жауып «Аса қауіпті қылмыскерлер изоляторында» ұстады.
1-Жүргізуші: Әр қазақтың есінде сақталады,
Желтоқсандық өрендер ақталады.
Ер намысын қорғаған сарбаздарым,
Ерліктерің мәңгілік сақталады.
Бейне-таспа «Желтоқсан көріністері»
Көрініс «Қайраттың тұтқындалуы»
2-жүргізуші: Кәдімгі миллиондаған түндердің бірі, бірақ бұл түн өзгеше түн еді. Себебі бұл түнде қаланың кез-келген тұсынан ұсталған жастарды ұрып-соғып, өлімші халге жеткізді. Осындай қатыгездікті көрген, оларға араша түсем деп жүргендердің арасында Қайрат Рысқұлбеков та бар еді.
Милиционер: Ұстаңдар бұзақының, әкетіңдер, жауып тастаңдар!
-
Савицкийді өлтірген сен бе?
-
Қайрат: Жоқ мен емес!
-
Милиционер: Өлтірген сен, мойныңа ал!
-
Қайрат: Өтірік жала жаппаңдар, мен емес өлтірген!
Күнәдан таза басым бар,
21 –де жасым бар.
Қалқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар
«Еркек тоқты- құрбандық»
Атам десең атыңдар!
-
Милиционер: Алып кетіңдер, бәрібір құтылмайсың, бұзақы!
(Қайратты алып кетеді.)
-
Жүргізуші: Пешенесіне жазылған аз ғана ғұмырдың соңғы сағатына дейін мынау алдамшы дүниеден рахым күтіп, күдерін үзбеген сұңғыла жігіттің көңілі кім үшін, не үшін мерт болуға тиіс екенін сезе бастаған тәрізді.
-
Жүргізуші: Қайраттың хаттарынан үзінді тыңдасақ:
13- оқушы: Қайраттың хаты: Бақ түссе- маңдайымнан, тас түссе-талайымнан, көріп алдым, маған өлім қорқынышты емес, өйткені адалдығым одан биік тұр.Әнеукүнгі кездесуде менің «приговорымды» алдыңдар ма? Талғаттың суретін неғып тастап кетпедіңдер. Ақша салып кеттіңдер ме? Келесіде Талғаттың, Рахат пен Асхаттың суреттері болса, ала келіңдер. Кездесуге кірер алдында, бір тал роза гүлін ала келіңдерші.Скоро мейрам ғой. Жазмыштан озымыш жоқ. Барлық таныстарға, туыстарға, достарға менен сәлем. Беттеріңнен сүйдім. Сәлеммен Қайрат.
1-жүргізуші: 1988 жылы Қайраттың камерасынан оның өлi денесi табылғанымен, құпия қазаның арты ашылмады. 1996 жылы Қайрат Рысқұлбековке елiмiздiң ең жоғары наградасы – «Халық Қаһарманы» атағы берiлдi.
Міне,осы бір жан тебірентер сәтте Қазақ елінің еркіндігі, бостандық жолына бас тіккен азаматтар, туған елінің тәуелсіз мемлекет болғанын көре алмай өткен желтоқсан батырлары Қайрат Рысқұлбеков, ЛәззатАсанова, Ербол Сыпатаевтың рухына тағзым етіп, еске алу – ұлттық парызымыз. Біздің бүгінгі бақытты күндерімізге жеткізген, желтоқсанның ызғарына кеудесін тосқан, дүниені дүр сілкіндіріп бостандық туын желбіреткен Желтоқсан құрбандарының есімдері ешқашан ұмытылмайды.
14-оқушы: Қазақстан!
Туды алтын дәуірің,
Алғандайсың жұлдыздардың жарығын
Алтын заңың құтты болсын қымбаттым
Туған күнің құтты болсын алыбым!
Армандарды жақындатқан тым алыс
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс
Егемендік ел бақыты ертеңі
О, халайық құтты болсын қуаныш.
Қорытынды:
Тәрбиеші:
Міне, оқушылар өздерің
айтып отырғандай осы оқиғадан кейін біздің Қазақстанымыз өзінің
тәуелсіздігін алды. Қазақстанның тәуелсіздік алғанына биылғы жылы
25 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде еліміз ауыз толтырып
айтарлықтай жетістіктер биігінен көрінді. Әлемнің өркениетті
мемлекеттері Қазақстанды танып білді. Бүгінгі таңда Қазақстан
тәуелсіз мемлекет. Мемлекеттік рәміздеріміз бар. Егеменді Қазақстан
мемлекетіміз.
1.1986 жылдың 17-18 желтоқсанында Брежнев алаңында не
болғаны жайлы ?
1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматы қаласының Брежнев алаңына шыққан қазақ жастарының бейбіт шеруі. Бұл күні алаңға барған жастар оларды азаптап, соққыға салынатындықтарын , оларға «ұлтшыл» деген атақ беретінін білген жоқ. Олар тек өздерінің Қазақстан жерін қазақ немесе Қазақстандық азаматының басқарғанын қалап, осы мәселе жайлы өз ойларын естіртпек болды.
2. Қазақ жастары осы күндері қандай қиянат, қиындықтар көрді ?
3. Желтоқсан құрбандары және олардың тағдырлары не болды ?
4. Желтоқсан оқиғасы тек Алматы қаласында ғана болды ма, басқа қалаларда да толқу өтті ме?
( Алматы қаласымен қатар Тараз, Қызылорда, Шымкент қалаларында да толқу боып өтті)
5. Желтоқсан оқиғасын қандай операция деп атады- деген сұрақтар бойынша бүгінгі сабақтарымызға қорытынды жасап көрейік.
( «Құйын-1986» операциясы деп атады)
15- оқушы
Мұхтар Шаханов
Төрт жыл кешіккен шындық
Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген
алтынның,
Айналайын алтын әнім, жас өркені
халқымның.
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ
ұрдың
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп
талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі
салқынның,
Айналайын, айналайын жас өркені
халқымның.
Ерте айтылды сондықтан да келте айтылды бұл
әнің,
Уақытыңның талабына дөп келсе де
ұраның,
Уақытыңның әділесіз соққысынан
құладың.
«Нашақор» деп, «маскүнем» деп айыптадың
ұланым.
Саған жапқан сол жаланы естіп үнсіз
тұрғаным
Керең болып қалды ма екен неге менің
құлағым
Айналайын, айналайын, жас қайратым,
қыраным!
Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ
қалауы
Лаула, Лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан
алауы!
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар
елдің
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес
жалауы!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Желтоқсан туғызған Тұлғалар" тәрбие сағаты 7-сынып

шағым қалдыра аласыз