Желтоқсан ызғары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Желтоқсан ызғары

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалар еліміздің тарихымен таныстыру, желтоқсан оқиғасының құрбандарымен таныстыру. Елін жерін сүюге. Отанын қастерлеуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты: Балалар еліміздің тарихымен таныстыру, желтоқсан оқиғасының құрбандарымен таныстыру. Елін жерін сүюге. Отанын қастерлеуге тәрбиелеу.

Тәрбиеші:Құрметті қонақтар, балалар!Мемлекетіміздің тәуелсіздік алғанына 22 жылдығын тойлап отырсақ, сол желтоқсан оқиғасына 27 жыл өткеніне еске түсіреміз, әрине желтоқсан көтерілісінен кейін қол жеткізген осы өткен өмір жолдарымызға қарасақ әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар.

Сәулесі бар нұрында таңғы үміттің.

Басын қосқан сан халық, сан ғұрыптың.

Даңқың артсын, егемен елім менің.

Серігіңе айналшы мәңгіліктің!- дей отырып «Тәуелсіз еліміздің , нұрлы таңы!»-атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер. Балалар осы тәуелсіз елімізге қандай жылы тілектер,тілер едіңіздер?

-Еліміз тыныш болсын!

-Аспанымыз ашық болсын!

-Деніміз сау болсын!

-Көк туымыз биік болсын!

Балалар қәзір жылдың қай мезгілі?

-Қыс.

-Қыс мезгілінде қанша ай бар?

-Үш ай бар.

Қай айлар екенін айтыңдаршы?

Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

-Осы желтоқсанда қандай елеулі оқиға болды?

-Тәуелсіздік күні, жаңа-жыл.

-Бүгін балалар біз сол тәуелсіздік мерекесін атап өтеміз.

-Ал енді балалар тәуелсіздік күніне арналған тақпақтарын айтсын.

Аяулым: Желтоқсан айы естісің.

Дауыл боп бұрқал ескенсің

Азаттық күні қашанда.

Көкейін елдің тескенсің


Мадиар: Бұрқ етіп қазақ баласы.

Кеудеде өршіп наласы.

Аланға қарай ағылды.

Таусылып барып шарасы.

Тәрбиеші:1986 ж желтоқсанда Алматы қаласындағы бұрынғы Брежнев атындағы аланға жастар мен студенттер өз тәуелсіздігімізді алу үшін жиналды Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп шеруге шықты олар тәуелсіздік керек қазақ елінің өз көсемі сайлансын деген тілек білдірді. Сол кездегі өкімет басшыларының бұйрығымен кұш көрсетілді көптеген жастар түрмеге қамалды өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға бұзақылар, ұлтшылдар, нашақорлар деген кінә тағылды. Солардың ішінде біздің жерлесіміз Қайратта бар еді ол Мойынқұм ауданында туылып С. Шәкіров мектебінде дәріс алған.

«Түрмедегі кездесу» көрініс.

(Қоршау ішінде Қайрат көрінеді)

Шешесі: Айналайын Қайратжан амансыңба?

Құлыным-ау сені түрмеге қамайтындай не істеп едің? Сені адам өлтірді дегені рас па? (жылап тұрып)

Әкесі:Балам, ол жала біз оған сенбейміз, сенің арың таза . Сенің адамгершілігің жоғары екеніне дауа жоқ.

Қайрат:-Анашым , әкетайым жазықсыз жаламен кетіп барамын сенбеңіздер үш жыл өтер бәлкім он жыл өтер мен бәрібір шындыққа жетемін.

Солдат: Уақыт бітті болды шығыңдар.

Шешесі: Қайратжан шырағым қайтеиін . Тек қана адал бол айналайын.

Әкесі:Ұлым, қош бол. Көріскенше аман бол.

Қайрат: Әке, әкетайым анашым! Оларға сенбеңіздер. Ақиқат әлі жеңеді. Оған мен сенемін.

Қайрат деген атым бар.

Қазақ деген затым бар.

Еркек тоқты құрбандық.

Атам десең атыңдар.

1986 жылы 16 желтоқсанда болған жастар қозғалысында өз ерліктерімен қаншама қазақ жастары тәуелсіздіктің құрбаны болды. 1991 жылы ҚР тәуелсіздігі жарияланды. Қазақстанның тұңғыш Президенті болып Н.Ә. Назарбаев сайланды.

-Тәуелсіздік мәнін түсіндіңдер ме?

-Йә.

-Біздің ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев атамыздың да ел тізгінін ұстап, тәуелсіз мемлекет болып отырғанымызға да 22-жыл толып отыр.

Ал келесі тақпақтарымызды тәуелсіздікке арнағалы отырмыз.

Әлібек:Тәуелсіздік ел болу, ынтымақпен өрге озу.

Аяулым:Еркін және өзге елмен, терезесі тең болу!

Толғанай:Тәуелсіздік меншігің, көкке өрле, самға да!

Аянат:Тәуелсіздік сену, келу, тәубаға!

Құндыз:Тәуелсіздік тыныштығы елімнің!

Іңкәр:Тәуелсіздік-ол ғажайып ертеңің!

Ерасыл:Тәуелсіздік шаңырақ, мықты уығы бол өзің!

Айдос:Тәуелсіздік-төл тенге!

Жақсынтай:Тәуелсіздік төлқұжат!

Мадиар:Тәуелсіздік бақ туың,

Қолға ұстаған сәт бүгін,

Ақ сарбаз қой құрбандық,

Болсын дәйім шат күнім!

Аңсар: Болашаққа серпін нық.

Көкке атады бөркін жұрт.

Тәуелсіздік ынтымақ.

Тәуелсіздік-еркіндік!

Хор: Көк тудың желбірегені.

Тәрбиеші: Міне болалар ата-бабаларымыздың жерімізді елімізді қорғай отырып ғасырлар бойы тәуелсіздікті аңсап , осы тәуелсіздікке қолымызды қалай жеткенін кімдердің арқасында жеткені туралы аз да болса мағлұмат алдық . Бүгін міне Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет болдық . Өзіміздің туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы көк түсті.Тудан қыранды күнді көріп тұрмыз, қыран белгісі батырлықты білдіреді. Ал Елтаңбадағы шаңырақ « үлкен ортақ үй» деген түсінікті білдіреді. Осындай үлкен жерімізді , елімізді басқарып отырған елбасымыз кім?

-ҚР президенті Н.Ә Назарбаев.

Біздің еліміз өте бай,өте әдемі.

-Олай болса орнымыздан тұрып он қолдарыңды сол жақ кеуделеріңе қойып әнұранды орындайық.

Жігіттер итке таланып.

Ер басын күрек шапқан күн.

Аппақ қар қанға боялып.

Қып-қызыл мұз боп жатқан күн-деп

16-желтоқсанда болған оқиғадан үзіндісін көрейік.

Слайд арқылы желтоқсан туралы көрініс.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.06.2018
454
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі