Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
Материалдар / Желтоқсанда мұзда жанған алауым, желбіретті Тәуелсіздік жалауын!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып көруге болады
Желтоқсанда мұзда жанған
алауым
Желбіретті Тәуелсіздік жалауын!
І.
-Армысыздар, құрметті ұстаздар мен тәуелсіз еліміздің
ұлағаттары!
Бүгінгі Тәуелсіздік күніне
арналған "Желтоқсан мұзда жанған алауын
Желбіретті Тәуелсіздік жалауын!" атты кешімізді ашық деп
жариялаймыз!
(Әнұран
орындалады)
ІІ. -
Жеткен арман - жаса Тәуелсіздігім,
Өз қолыма
берген ерік тізгінін.
Ие болған
әлем ілтипатына
Дербес,
бейбіт мемлекетпіз біз бүгін!
І. -
Таңды атырам елұрандай өр үнмен,
Елтаңбам
тұр орын алып төрімнен.
Ата заңым
- сүйенер қуат-күшім,
Көз
тартады көк туым өз көгімнен.
ІІ. - Иә, бұл күнге жету
үшін ата-бабаларымыз қаншама қан төкті, жанын берді. Ұланғайыр
жеріміздің тұтастығын сақтап, ұрпақтан ұрпаққа табыс
етті.
І. - Мен қазақпын, мың өліп,
мың тірілген
Жөргегімде таныстым мың тіліммен.
Жылағанда
жүрегім, күн тұтылып,
Қуанғанда
- күлкімнен түн түрілген.
ІІ. - Талай-талай заманды
кешкен елім,
Жұт
арылтып, шөл қысып көшкен елмін.
Өшіп
кетіп бір жылда жер бетінен
Өзге
орында балалар өскен елмін.
І. -
Таңба-таңба тәнімнің тыртықтары
Қатпарына
қаншама сыр тықпады
Шежіренің
беттерін ашар ол да
Оқи алсаң
кітаптай, сүртіп қанын.
ІІ. - Иә,
бостандық деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді,
қаншама ер мерт болды. Бұл арпалыс бір күн бір жыл, бір мезет емес,
талай ғасырға созылған. Міне, сол арпалыстарды жай тілмен тарих
дейді.
І. Сол тарих беттеріне
үңілсек, 300 жылдай патшалы Ресейдің отары болдық. 70 жылдай
әміршіл-әкімшіл үкімет үстемдік етті. Тілімізден, дінімізден
айырылдық.
ІІ.-
Тәуелсіздік үшін халқамыз 325 рет көтеріліске
шығыпты.
І. -
Қарсылыспай өлмедім, қан татырдым,
Құлап
қалсам атымнан қайта тұрдым.
Сансыз
басты диюдай сан тірілеп,
- Аттан,
қазақ!-дегенді айта тұрдым.
(Ән: "Майданға")
ІІ. - Иә, бостандық, теңдік,
тәуелсіздік өз бетімен келген жоқ.
1986
жылдың әйгілі желтоқсаны.
І. - Намысыңның шырағы да -
Желтоқсан
Сұрқай
өмір сынағы ды -Желтоқсан
Жігіттердің ұрпағы да - Желтоқсан
Жаңа
күннің шуағы да -Желтоқсан.
ІІ. - 1986 жылдың 16
желтоқсанында Орталық комитеттің Пленумы өтіп, бірінше хатшы
Қонаевты орнынан алып, Колбинді басшы етіп сайлады. Пленум бұл
шешімге небәрі 18 минут жіберген. 18 минутта ел тағдыры осылайша
оңай шешіле салды.
(Ән: "Қара бауыр
қасқалдақ")
І. - Тұтқиылдан түскен суық
мәлімет,
Тарап
елге дейді күштеп қабыл ет.
Жаңа
алаңға кілең жастар қаптады,
Қайда-қайда жариялылық, әділет.
Көрініс:
(Жатақхана бөлмесі)
- Қыздар, естідіңдер ме
жаңалықты?
- Иә, не
бопты?
- Жаңа ғана радиодан
естідім. Қонаевты алып тастап, орнына Колбин деген біреуді
қойыпты.
-
Сендерге қайт деп тұрмыз ғой, неге
түсінбейсіңдер!
(жастар
әндетеді)
Менің
елім
- Менің
командамды тыңдаңдар.Күш қолданыңдар. "Құйын -86" операциясын
бастаймыз.
(сойылмен
соғу, тепкілеу, сүйреу)
І. - Желтоқсанның
ызғары-ай
Кірпікке
қатқан мұздар-ай.
Елім-ай
деп егілген
Қаһарман
ұл-қыздары-ай!
ІІ.- Аяз
қысып, төкті қыс та қаһарын,
Сиретпеді
жастар біраз қатарын.
Қайдан
білсін, милиция - қорғаны,
Ұрып-соғып, суық сумен атарын.
І.-
Қайдан білсін, аңғал, албырт жастарым,
Сойыл,
күрек жаратынын бастарын.
Шаштан
сүйреп, әскер қорлап қыздарды
Қойдай
қамап, айдалаға тастарын.
ІІ. Осылайша 1986 жылғы
желтоқсан оқиғасы қазақ деген халықтың тәуелсіздік жолындағы саналы
күресінің бастауына айналды. Елдің егемендіген аңсыған жастар
алаңға шықты. Желтоқсан желі дауылға айналды. Өрттей қаулаған өжет
жастар ұлттың қамыс құдіретін бүкіл әлемге паш етті.
Қайрат:-
Жасамаған нәрсені неге мойындаймын. Бұл - маған жабылып отырған
жала.
Тергеуші:
- Ах, ты декабрист, оказывается. Сені ұрып-соғу аз, сені ату керек!
Алып кетіңдер!
ІІ. - Қайраттың түрмеде
отырған кезінде қағаз бетіне түсірген жан айқайына бір сәт құлақ
түрейікші.
"Түрме
жыры"
1. Темір тор, жамбасымда
тақылдайсың,
Өзіммен бірге туған
жақындайсың.
Телміртіп, темір торға
қаматқанша
Сұм
дүние, бұл жалғаннан неге алмайсың?
Ауылда жақсы екен ғой салған
әнім,
Қу тағдыр, татырдың ғой
түрме дәмін.
Қайдағы пәлеқорлар жала
жауып,
Жазықсыз қылмыскер боп кетті
сәнім.
Тас төбе, төрт қабырға,
темір есік,
Ас берер ортасында жалғыз
тесік.
Күніне ұзатары үш тілім
нан,
Өлмейтін саған тиер осы
нәсіп.
« Анама»
2. Қалдырып жаны мәңгі жас
ұлыңды,
Құпия шерттім осы жан
сырымды.
Хош енді жолықпасам, қайран
анам,
Көзімнен ақ жаулығың
жасырынды.
Қайран анам, күзеткенің
түгел ме,
Көктеректе жазықсыз екенімді біле ме?
Бейшараңды мазаң етіп жоқ
әлде
Саған-дағы, елің-жұртың күле ме?
"Қайраттың хаты"
3. Әкетайым-ау, пайғамбардай
жасың бар,
Туа бермес сіз секілді
асылдар.
Қартайғанда жүрегіңді
жаралап,
Кесір болды-ау, біз секілді
масылдар.
Айналайын, қарындасым,
қарағым,
Қолдакісен, мен айдауға
барамын.
Қайғы кешіп, азап тартқан
ағаңды
Айтшы,
жаным, қандай жанға баладың?
Айналайын, інішегім,
құлыным
Сені
ойласа үзіледі жұлыным.
Сенің ерке ақ жүзіңді көре
алмай
Кетіп
барам мен айдауға, құлыным
І. - Ол
тірі қалғанда ақын болар ма еді... Ерте солған жыр әлеміндей гүл
едің ғой, Қайрат. Лүп-лүп соққан балаң, жүректің, өмірге құштар
ынтық жүректің, ыстық жүректің соңғы әні ме еді
өлеңдерің...
(Көрініс)
Сот
хатшысы: - Сот келеді. Орындарыңнан тұрыңдар!
Тергеуші:
- Айыпкер Рысқұлбекоа, ақтық сөзің не?
Қайрат:
- Елбең-елбең
жүгірген
Ебелек отқа
семірген
Арғымақ мінген
жаратып
Ақ сауыт киген
темірден.
Алатаудай
бабалар,
Аруағыңмен жебей
жүр
Қаймана қазақ жері
үшін
Қарусыз шықтық
алаңға
Алыстан әскер
алдырып
Қырып салды-ау
табынды.
"Ақтық сөзің не" -
деген
Бүгін қойдысот
сұрақ.
Айтайын оны
халқыма
Абай туған
жерінде
Бомбасын атом
жармасын,
Құлпытасты
қиратып,
Өлігіңді қазбасын
Өз ұлтыңның
басшысын
Орнынан сүйреп
алмасын
Тергеуші: -Қысқарт, жап
аузыңды
Сот:
(орнынан тұрып) - Айыпкер Қайрат Рысқұлбеков қылмыскер деп танылып,
Қазақ Совет социолистік республикалар Одағының Қылмыстық Кодексінің
60-бабы бойынша ең ауыр жаза - ату жазасына
кесілсін!
Тергеуші:
- Ал. декабрист, соңғы сөзіңді айт.
Қайрат:
- Ақтық сөзді енді
мен
Сотқа да
бір айтайын.
Күнәдән таза басым
бар,
Жиырма бірде жасым
бар
Қасқалдақтай қаным
бар
Бозторғайдай жаным
бар
Алам десең
алыңдар
Қайрат деген атым
бар
Қазақ
деген затым бар.
"Еркек тоқты
құрбандық"
Атам
десең атыңдар!
(екі милиционер алып
кетеді)
Ән: "желтоқсан
желі"
І. -
Желтоқсан оқиғасы - үстемдік саясатқа мойынсұнып, қалғып,
қараңғылана бастаған халықты оқыс оятқан ойлы оқиға болды.
Ата-бабаның қанымен, жанымен қорғаған қасиетті қазақ жерінің
арзандатушыларға қатал сабақ болды. Ол жеңіліс емес, жеңіс
еді.
ІІ. - Иә,
Желтоқсан оқиғасына бүкіл әлем құлақ түрген еді. 1987 жылдың
шілдесінде КСРО Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы Громыконың атымен
Венгриядан 41 адам қол қойған хат келді. Чехословакияда 71 адам қол
қойып үндеу көтерді. Варшавада 70 адам қол қойған Лех Валенса
бастаған хат Қайратқа кешірім берілуін талап етті. Германияның
жастар бөлімі Қайратты босатуды талап етті. Америка президенті
Рейган Гобочев пен Бас прокурар Рекуновқа арнайы телеграмма
жолдады.
І. –
Халықаралық осы пікіпдің өлім жазасын 20 жылға ауыстыруына ықпал
болғаны рас. 500 күннен астам өлім камерасында отырған Қайратты 20
жылға Свердловск түрмесіне айдайды. Бірақ, кенеттен Семей түрмесіне
қамайды. 21-мамырда сол түрмеде қаскөйлікпен
өлтіріледі.
(көрініс «Зират
басында»)
ІІ. –
Қылышынан қаны тамған кальбигизм заманының өзінде – ақ «Бас кеспек
болса да, тіл кеспек жоқ» деп баспасөз бетінен алаңдағы оқиғаның
ақиқатын батыл айта білген қазақ ақын-жазушыларының есімін бүгінде
бүкіл әлем біледі. Айтар болсақ: Хасен Қожахметов, Мұхтар Шаханов,
Нұртай Сабиланов, Қайыммұнар Табай т.б.
І – Иә, тарихта «Құйын - 86»
деген атпен мәңгі қалатын бұл жойқын шабуылдың құрбаны бып қазақ
жігіттері мен қыздары біздің арамыздан кете барды.
Енді бір сәт солардың
рухымен тілдессек.
Көрініс:
«Зират басында»
Қайраттың зираты.
Қолдарында гүл шоқтары бар,
анасы мен қалыңдығы кіреді.
Анасы:
- Мойыныңды біразырақ бұршы
құдай
Тірлікте кім қанішер, кім
сұмырай.
Оқыста отқа түскен
көбелегім,
Гүл ашпай, көктей салған
шырағым-ай
Қалыңдығы:
Қанды алаңда тосты сені
Қособаң
Қайран елім, талай пәле тос
одан
Желтоқсанға болсын дәйім
обалым
Менің аттай алмай қалған
босағам.
Анасы:
Аспаннан түссеңші енді жыр
тірегі
Сен жоқ деп құдайсыздар
желпінеді.
Е, Тәңір, менің ұлым ақын
еді
Ақындар
қайтіп адам өлтіреді?!
Қалыңдығы:
- Ақ гүл
едім аруақтай арыдым
Өткен менің түсінігім,
танымым.
Жанарымда өмір, өлең жолы
еді
Неге
ертерек сөніп қалды жарығым?
Анасы:
770 ₸ - Сатып алу
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)
Соңғы бір жылда:
45 000 000 ₸
Авторлар тапқан ақша
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз