400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жемістер мен көкөністер

Материал туралы қысқаша түсінік
Жемістер мен көкөністер туралы түсініктерін кеңейту. Олардың атауларын дұрыс айта білуге, ажырата білуге үйрету. Ойын ойнату арқылы сабаққа деген қызушылығын арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы




40 жалпы орта білім беретін мектеп










Түзете-дамыту сабағының тақырыбы:


«ЖЕМІСТЕР МЕН КӨКӨНІСТЕР»














Мұғалім-дефектолог: А.А.Шауменова
























Орал-2022ж



Сыныбы: 2 сынып (топтық түзете-дамыту сабағы)

Сабақтың тақырыбы: Жемістер мен көкөністер


Сабақ мақсаты:

Білімділік: Жемістер мен көкөністер туралы түсініктерін кеңейту. Олардың атауларын дұрыс айта білуге, ажырата білуге үйрету. Ойын ойнату арқылы сабаққа деген қызушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Жеміс ағаштарын қорғап, оларға қамқор болуға тәрбиелеу.

Жұмысты ұқыпты, таза жасай білуге машықтандыру.

Түзете-дамыту: Қоршаған орта туралы түсінігін арттыру, сөздерді дұрыс айта білу, жаза білу. Есте сақтау қабілетін, ойлауын, дүниетанымын, сөйлеу қызметін, ұсақ қол моторикасын дамыту. Балалардың жапсыру дағдыларын қалыптастыру.


Көрнекілік: жеміс пен көкөністердің суреттері, дидактикалық тапсырмалар.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ-жауап, ойын.


1.Кіріспе бөлім:

1.Сабаққа дайындық.

2.Амандасу.

3.Үй тапсырмасын қайталау.

Күз мезгілінің ерекшелігі.

- Қазір жылдың қай мезгілі? Күз мезгілі.

- Дұрыс айтасыңдар.

- Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады? Күн салқындайды, ағаштардың жапырағы сарғайып, жерге түседі. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді, жеміс-жидектер, көкөністер піседі.

Балалар бірге қайталайды:


2.Негізгі бөлім:

1.Жаңа сабақты ашу

- Сонымен, балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы жемістер мен көкөністер. Жемістер мен көкөністерді есімізге түсірейікші.

Жемістер бақшада яғни ағашта, ал көкөністер бақта өседі.

Жемістерге: алма, алмұрт, анар, жүзім, банан, шабдалы, өрік, шие, құлпынай.

Көкөністерге: картоп, сәбіз, қызылша, пияз, қияр, қызанақ, бұрыш, орамжапырақ, асқабақ жатады.

-Көкөністерді көктем айында тұқым себу арқылы өсіреміз. Күз айында жинап аламыз.

-Жемістер мен көкөністерде дәрумендер өте көп. Оларды жуып, сүртіп таза күйінде жеуіміз керек.

-Балалар жемістер ағаштарын сындыруға бола ма?

-Жоқ, болмайды.

-Бақшада өсіп, пісіп тұрған көкөністерді жұлып лақтыруға бола ма?

-Жоқ болмайды.

-Жарайсындар, балалар жемістер мен көкөністерге ұқыпты қарауымыз керек.


1-ші тапсырма: «Жасырынған әріпті тап»

Шарты: Оқушы тақтаға ілінген сөздердің жасырынған әріпін тауып, дәптеріне жазып, оқиды.

Ал...а, жүз...м, с...біз, қ...яр, ан...р, алм...рт, қыз...нақ, бан...н, өр...к, ши..., карт...п, қыз...лша, орамж...пырақ, п...яз, бұр...ш.


2-ші тапсырма: «Шыбын өлтіру» әдісі



Шарты: Берілген есептің жауабын тақтаға ілінген сандар ішінен сапалақпен соғу арқылы табу. Балалар шапшаңдыққа дағдыланады.

20 + 10 = 30 20 – 5 = 15

20 + 5 = 25 20 – 10 = 10

50 – 10 = 40 10 + 6 = 16

13 + 10 = 23 20 + 30 = 50

30 + 30 = 60 10 – 4 = 6


Д/ойын: «Жемістер мен көкөністерді ажырат»

Шарты: Жемістер мен көкөністердің атын, түсін айту арқылы себетке орналастыру.



Сергіту сәті: «Жүріп өт»

Шарты: Берілген алақан мен табаннан балалар қатесіз жүріп өту керек.


Д/ойын: «Кім жылдам?»

Шарты: жемістер мен көкөністердің бөлігін тауып құрастыру. Ақ бетке желімдеу.


Д/ойын: «Сиқырлы қапшық»

Шарты: Қапшықтың ішінен қарамай тұрып, бір жемісті қолына алады, пішінін, дәмін, түсін, қайда өседі, қолданылуын айтады.


3.Қорытындылау:

- Бүгін біз не туралы өттік? (жемістер мен көкөністер)

- Жемістер қайда өседі? (бақта, ағашта)

- Көкөністер ше? (бақшада, жерде)

- Олардың бізге пайдасы бар ма? (бар)

- Алманы жеміске ме, әлде көкөніске жатқызамыз ба?(жеміс)

- Қызанақты ше? (көкөніс)

- Құрамында не бар екен? (дәрумендер)


4.Күтілетін нәтиже:

-Жемістер мен көкөністердің атауларын біледі;

-өзіндік ерекшеліктерін, қайда өсетіндігін ажыратады;

-дәрумендертен тұратынын, өте пайдалы екенін біледі;







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
11 ұстаз жүктеп алған
18.11.2022
1055
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі