Материалдар / "Жемістер мен көкөністер"

"Жемістер мен көкөністер"

Материал туралы қысқаша түсінік
" Жемістер мен көкөністер туралы ашық сабақ. Балабақшада оқыту орыс тілінде жүргізілетін жүргізілетін топтарға арналған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Сәуір 2018
906
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ ЕСІК ҚАЛАСЫ«ЕСІК БОЛАШАҚ -2007» БАЛАБАҚШАСЫ

Ашық сабақ «Жемістер мен көкөністер»Өткізген: қазақ тілі пәні мұғалімі Оразбекова А.С.

Сабақ тақырыбы: «Жемістер мен көкөністер, жидектер» Сабақ мақсаты:
  • Білімділік: балалардың жемістер мен көкөністер тақырыбы бойынша өткен атауларын бекіту, жаңа сөздерді меңгерту;2. Дамытушылық: сөздерді, дыбыстарды анық, дұрыс айтуға жаттықтыру; 3. Тәрбиелік: қазақ тілін үйренуге ынталарын, қызығушылықтарын баулу.Сабақтың түрі: бекітуӘдіс-тәсілдер: ұжымдық жұмыс, сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру, ойын ойнауҚолданылатын көрнекіліктер: аю, мазмұнды суреттер,себет, доп, ойындар Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі.- Сәлеметсіздер ме, балалар? 2) Өткенді қайталау.- Балалар, бүгін біздің сабағымызға келген қонағымыз бар. Ол – қорбаңдаған аю. Аюдың келіп отырған себебі өткен сабақтарымызда алған білімдерімізді сынап көрмекші. Ендеше біз өз білімдерімізді аюға паш етейік. Ол үшін аю дайындап әкелген тапсырмаларынан сүрінбей өтіп, қойған сұрақтарына толық, дұрыс жауап беріп отырайық. Жарайды ма?
№1 тапсырма- Ал, ендеше бірінші тапсырма мынадай, әрбір сурет атауын тауып, кейін барлық жеміс пен көкөністерді ортақтастыратын бір сөзді шығаруымыз керек.Ал, қане, кім бірінші суретте не бейнеленгенін біледі? Қолдарыңды көтеріп, айтуларың тиіс.(Мұғалімнің көмегімен бір-бірлеп суретті атап алу арқылы «Күздің көрінісіне » жетеді. ) - Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, неге аю бізге күздің суретін беріп отыр?- Дұрыс, себебі барлық жеміс болсын, көкөніс болсын бәрі күз кезінде піседі.№2 тапсырма- Балалар, келесі аюдың тапсырмасы бойынша сендер мына тұрған себетке ең алдымен жемістерді, одан кейін көкөністерді теріп салуларың керек. Әр бала таңдаған жемісін не көкөніс атауын дауыстап атап, содан барып қана себетке салады. Келістік пе?(Балалар кезекпен бірінші жемістерді, кейін көкөністерді себетке салады және атауын айтады.)№3 тапсырма Жұмбақ шешу Сендер өздерің білентін жұмбақтарыңды жасырсыңдар таба аласыңдар ма? Бойын жерге жасырған,Бұрымы бар жасылдан. (сәбіз)

Қалың киімді ұнатады,Шешіндірсең жылатады. (пияз)

Сырты тәтті, іші тәтті,Ортасы-сүйек, қатты. (өрік)Іші толған шәрбатДәмі қандай әйбатҮзесің бірден жүзінОның аты -...(жүзім)Дөп - дөңгелек сарыІшінде бар дәніҚызығасың көріпОның аты -...(өрік)Жапырақты тасалапӨсетін жері бақша - бақКүрең қызыл шіркін айОның аты -...(құлпынай)





Бір сабақта көп түймеЖей алмайсың көк күйдеСанап қара қанша Оның аты -...(шие)Пісетін кезі дәл күздеМезгілсіз оны үзбе.Аузыңнан кетпес бал дәміОның аты...(Шабдалы)

3) Сергіту сәті.(Мұғалім балаларды демалдырып, сергіту мақсатында мына бір шумақ өлеңді қимыл-қозғалыс жасау арқылы айтқызып өткізеді. 2-3 рет қайталатады.)Қорбаңдаған аюдыңЖидектері көп екен.Теріп-теріп аламызҚалтамызға саламыз№4 тапсырма «Жемістің дәмін сезу»3 - 4 баланы шығарып, көздерін байлап, ауыздарына туралған әр - түрлі жемістерден саламын, бала қандай жеміс екенін табады.(ойынды жалғастыруға болады)№5 тапсырмаАюдың келесі тапсырмасы «Тақпақ айту» деп аталады. Кім жемістер мен көкөністер туралы тақпақ біледі екен тыңдайық: Мен алмұртпын, алмұртпын,Аузындамын бар жұрттын.

Мен жүзіммін, жүзіммін,Моншақ юолып тізілдім.

Мен өрікпін, өрікпін,Табиғатқа көрікпін.

Мен алмамын, алмамын,Таңдайда қалар бар дәмім.

Мен шиемін, шиемін,Күннің көзін сүйемін.

Күрең қызыл шіркін –ай,Оның аты- құлпынай.

Жүзім пісті бір-бірлеп,Үзіп мәзбіз біз енді.

Бақшаларда қызарыпТұрған ол мен қызанақ 

Картоп біздің атымызЖер астында жатырмыз  Пісіп тұрған алмамын,Тамсандырар бал дәмім

Атым қияр теріп ал,Жиі-жиі су арып.№6 тапсырма.Тақтамызда көкөністердің және жемістердің суреті  берілген.Осылардың түстерін ата:№7 тапсырма. Тақтамен жұмыс.Тақтада жемістер мен сандар берілген. Жемістерді санап, сандармен сәйкестендіруі керек.6) Сабақ қорытындысы.- Балалар, сонымен біз бүгін аюдың көмегімен жемістер мен көкөністер тақырыбын қайталадық, ойын ойнадық, жаңа сөздер өттік. Сендер өткен тақырыптарды жақсы меңгеріпсіңдер. Аю сендерге риза болды. Ал, бізге аюдың дайындаған сыйлығы бар екен, соны алайық. Сол үшін аюға рақмет айтамыз. (Аюмен қоштасу)



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ